ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
1.73K subscribers
1.22K photos
171 videos
596 links
Download Telegram
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Облыс соттарының мемлекеттік қызметшілеріне семинар өткізілді

◾️ ҚР Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл Г.Турдыева мемлекеттік қызметшілермен семинар өткізді.

◾️ Г.Турдыева іс-шараны ашып, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Әрі қарай сөз баяндамашыларға берілді.

◾️ Іс-шарада ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы М.Алтыбаев сөз сөйлеп, тараптарға жолданатын сот хабарламаларын дұрыс ресімдеу, сот хабарламаларының қайталануына жол бермеу және бар проблемалық мәселелер туралы айтты.

◾️ Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас маман А.Толентаев баяндама жасай отырып, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде кибер-қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірді. Сондай-ақ, баяндамашы әрбір пайдаланушы өзіне тиесілі деректердің сақталуына дербес жауапты екенін еске салды.

◾️ Қорытындылай келе, Г.Турдыева барлық қатысушыларды мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауға және жұмыста жоғары кісәбилікті көрсетуге шақырды.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Проведен семинар для государственных служащих судов области

◾️ Заместитель руководителя Департамента Судебной Администрации РК по Жамбылской области - уполномоченная по этике Г.Турдыева провела семинар с государственными служащими.

◾️ Г.Турдыева, открыв мероприятие, рассказала о важности соблюдения этических норм и правил поведения государственных служащих в рабочее и внерабочее время. Далее слово было предоставлено докладчикам.

◾️ На мероприятии выступил главный специалист организационно-аналитического отдела М.Алтыбаев, который рассказал о правильном оформлении судебных извещений сторон, недопущении дублирования судебных извещений и об имеющихся проблемных вопросах.

◾️ Выступая с докладом, главный специалист по информационной безопасности А.Толентаев разъяснил о важности соблюдения кибер-безопасности при исполнении должностных обязанностей. Также докладчик напомнил о том, что каждый пользователь несет персональную ответственность за сохранность данных, которыми он владеет.

◾️ Подводя итоги, Г.Турдыева призвала всех участников строго соблюдать нормы Этического кодекса государственных служащих и проявлять высокий профессионализм в своей работе.

Пресс-служба Жамбылского областного суда

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Video
⚜️ Назарларыңызға облыс соттарының мемлекеттік қызметшілеріне өткізілген семинар бойынша бейнеролигін ұсынамыз.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

◾️ ҚР Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс соттарының мемлекеттік қызметшілерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

◾️ Іс-шараға Департамент басшысы А.Әлиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі Қ.Байгебаев, сондай-ақ облыс соттарының мемлекеттік қызметшілері бейне-конференцбайланыс арқылы қатысты.

◾️ Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері және заңда көзделген жауапкершілік талқыланды.

◾️ А.Әлиев Заңды сақтаудың және қызметкерлердің өз міндеттерін адал орындауының маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы мен жоғары жауапкершілігі мемлекеттік қызметке деген сенімді қамтамасыз етуде шешуші фактор болып табылатынын айтты.

◾️ Қ.Байгебаев өз сөзінде барлық мемлекеттік қызметшілерге адалдық, әділеттілік және ашықтық қағидаттарын берік ұстану қажеттігін көрсетті. Бұдан бөлек, статистикалық мәліметтер мен халықаралық тәжірибеден мысалдар келтірілді.

◾️ Кездесу соңында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді. А.Әлиев барлық қатысушыларды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
В Жамбылской области проведен семинар по вопросам противодействия коррупции и ее профилактики

◾️ Департаментом Судебной администрации РК по Жамбылской области проведен семинар с государственными служащими судов области на тему: «Профилактика коррупции».

◾️ В мероприятии приняли участие руководитель Департамента А.Әлиев, представитель департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Жамбылской области К.Байгебаев, а также государственные служащие судов области посредством видео-конференцсвязи.

◾️ В ходе встречи были обсуждены меры профилактики коррупции, вопросы формирования антикоррупционной культуры и ответственность, предусмотренная законом.

◾️ А.Әлиев подчеркнул важность соблюдения Закона и добросовестного выполнения сотрудниками своих обязанностей. Он отметил, что профессиональная этика и высокая ответственность государственных служащих являются решающим фактором в обеспечении доверия к государственной службе.

◾️ В своем выступлении К.Байгебаев отметил, что всем государственным служащим необходимо твердо придерживаться принципов честности, справедливости и открытости. Кроме того, были приведены статистические данные и примеры из международного опыта.

◾️ В завершение встречи были показаны тематические видеоролики, на вопросы участников были даны исчерпывающие ответы. А.Әлиев призвал всех участников неукоснительно соблюдать требования законодательства.

Пресс-служба Жамбылского областного суда

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Video
⚜️ Назарларыңызға облыс соттарының мемлекеттік қызметшілеріне "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбына өткізілген семинар бойынша бейнеролигін ұсынамыз.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Ер азамат қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін сотталды

◾️ Мойынқұм аудандық соты ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша азамат Е.-ге қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 287-бабының 2-бөлігі).

Сотпен анықталғаны:

◾️ 2024 жылдың маусым айында сотталушы Е. Алматы қаласында базарға барған. Базардың батыс жағында, ашық жерде ол целлофанға оралған затты көріп, ол жерден «ОСА-Лазер ПБ-4-1» тапаншасын және 98 дана оқ-дәріні тапқан. Бұл заттардың қоғамға қауіпті екенін ұғына отырып, ол табылған заттарды құқық қорғау органына өз еркімен тапсырмады.

◾️ Сотталушы Е. ешкімге көрсетпей және ешқайда қолданбай, оны үйінің жатын бөлмесінде жасырын тығып, заңсыз сақтады.

◾️ Сотталушының кінәсі сотталушы мен куәлердің айғақтарымен, іс жүргізу құжаттарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы:

◾️ Прокурор бас бостандығынан айыруды сұрады.

◾️ Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтып, соттан айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Жаза:

◾️ ҚК 287-бабы 2-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 2000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру түріндегі жазаны көздейді.

◾️ Сот кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

◾️ Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

◾️ Сот үкімімен сотталушы ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК - 738 мың теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

◾️ Үкім заңды күшіне енді.

Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Мужчина осужден за незаконное хранение оружия и боеприпасов

◾️ Мойынкумским районным судом рассмотрено уголовное дело в отношении гражданина Е. по факту по факту незаконного приобретения, хранения и перевозки огнестрельного бесствольного оружия, а равно патронов к ним (ст.287 ч.2 УК).

Судом установлено:

◾️ В июне 2024 года подсудимый Е. отправился на рынок в городе Алматы. С западной стороны рынка, на открытой местности, он увидел завернутый в целлофан пакет, в котором обнаружил пистолет модели «ОСА-Лазер ПБ-4-1» и 98 единиц боеприпасов. Понимая, что эти предметы представляют опасность для общества, он не сдал найденные предметы правоохранительным органам добровольно.

◾️ Подсудимый Е., никому не показывая и нигде не применяя находку, тайно спрятал ее и хранил в спальне своего дома.

◾️ Вина подсудимого доказана показаниями подсудимого и свидетелей, процессуальными документами, заключениями экспертиз и другими материалами уголовного дела.

Позиция сторон:

◾️ Прокурор просил назначить наказание в виде лишения свободы.

◾️ Подсудимый признал свою вину, заявил, что искренне сожалеет о своих действиях, просил суд назначить наказание в виде штрафа.

Наказание:

◾️ Санкция ст.287 ч.2 УК предусматривает наказание в виде штрафа в размере до 2000 МРП либо исправительных работ в том же размере, либо привлечения к общественным работам на срок до 600 часов, либо ограничения либо лишения свободы на срок до 2-х лет, с конфискацией имущества или без таковой.

◾️ Суд признал в качестве смягчающих обстоятельств признание вины и искреннее раскаяние.

◾️ Отягчающих обстоятельств не установлено.

◾️ Приговором суда подсудимый признан виновным по ст.287 ч.2 УК, и ему назначен штраф в размере 200 МРП - 738 тыс. тенге.

◾️ Приговор вступил в законную силу.

Пресс-служба Мойынкумского районного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Жеке кәсіпкер «APPLE» сауда белгісін заңсыз пайдаланған

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша (Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану) Е. жеке кәсіпкеріне қатысты іс қаралды.

2025 жылдың наурыз айында жоспардан тыс тексеру барысында, келіп түскен арызға сәйкес, Әділет департаментінің қызметкерлері жалпы сомасы 111 мың теңгеге 33 дана қап, USB Adapter – 3 дана, Air Pods Copia – 3 дана сату мақсатында «Apple Inc.» компаниясының тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

Жеке кәсіпкер Е. тиісті хабарламаға қарамастан сот отырысына келмеді, алайда ол кінәсін мойындады.

Құқық бұзушылық фактісі тауарларды тәркілеу хаттамасымен, тауар таңбасы иесінің арызымен және тексеруді тағайындау туралы актімен дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 158-бабының санкциясымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тауар тәркіленіп, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сот кінәсін мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде анықтап, айыппұл мөлшерін 30%-ға қысқартты.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Е. кінәлі деп танылып, тауарлар тәркіленіп, 82 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тараз қаласының ӘҚБжМС баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
ИП незаконно использовала товарный знак «APPLE»

В специализированном суде по административным правонарушениям г.Тараз рассмотрено дело ст.158 КоАП (Незаконное использование чужого товарного знака) в отношении ИП Е.

В марте 2025 года, в ходе внеплановой проверки, согласно поступившему заявлению, сотрудниками Департамента юстиции был установлен факт незаконного использования товарного знака компании «Apple Inc.» с целью продажи чехлов в количестве 33 штук, USB Adapter - 3 штук, Air Pods Copia также в количестве – 3 штук, на общую сумму 111 тыс. тенге.

В судебное заседание ИП Е. не явилась, несмотря на надлежащее извещение, однако ею было выражено признание вины.

Факт правонарушения доказан протоколом конфискации товаров, заявлением владельца товарного знака и актом о назначении проверки.

Санкцией ст.158 КоАП предусмотрен штраф на субъектов малого предпринимательства в размере 30 МРП с конфискацией товара.

Суд признал в качестве смягчающих обстоятельств признание вины и сократил размер штрафа на 30%.

Постановлением суда ИП Е. признана виновной и на нее наложено административное взыскание в виде штрафа в размере 82 тыс. тенге с конфискацией товаров.

Постановление суда вступило в законную силу.

Пресс-служба ССпАП г.Тараз

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Ағаш көлікке құлады: сот әкімдікті залалды өтеуге міндеттеді

Тараз қалалық соты қала тұрғынының Тараз әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты материалдық залалды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотқа жүгіну себебі ағаштың жартысының тұраққа қойылған 3 көлікке құлауы болды. Нәтижесінде көліктерге әртүрлі механикалық зақым келтірілген. Қалған екі жүргізуші зақымданудың аздығына байланысты арыз жазудан бас тартты.

Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қалалық полиция басқармасы азаматқа сотқа жүгінуді ұсынды.

Талап қоюшының шағымына жауапкер залалды өтеу үшін бюджеттен қаражат қарастырылмағанын хабарлады.

Сот коммуналдық мекеме ағаш құлаған жол төсемін ұстауға жауапты екенін анықтады.

Туындаған залал мен жауапкердің әрекеттері не әрекетсіздігі арасындағы себеп-салдарлық байланыстың, сондай-ақ ұсынылған дәлелдемелердің, куәның айғақтарының және прокурордың қорытындысының болуын ескере отырып, сот талап қоюды толық көлемде қанағаттандырды.

Жауапкерден талап қоюшының пайдасына жалпы сомасы 550 мың теңгеге материалдық залал мен сот шығыстары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary