ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
1.7K subscribers
1.41K photos
199 videos
689 links
Download Telegram
Жоғарғы Сотта ШМБ және ЖА туралы өтінішхаттар бойынша цифрландыру рәсімдері талқыланды
 
◾️ Жоғарғы Сотта сотталғандардың жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) және жазаны ауыстыру (ЖА) туралы өтінішхаттарын беру және қарауға байланысты рәсімдерді цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

◾️ Іс-шараға Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Сот әкімшілігінің, Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің басшылығы, сондай-ақ цифрлық шешімдер саласындағы сарапшылар қатысты.

◾️ Отырысты ашқан Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина сот жүйесін цифрлық трансформациялау – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты екенін атап өтті.

◾️ Сотталғандардың құқықтарымен бостандықтарына қатысты процестерді автоматтандыру, сондай-ақ мұндай рәсімдердің ашықтығын, тиімділігін және болжамдылығын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылады.

◾️ Кеңесте цифрлық платформаның алгоритмі ұсынылды, ол мыналарды қамтамасыз етеді:

✔️ сотталған адамның цифрлық құжатын жүргізу;

✔️ ШМБ және ЖА туралы өтінішхаттарын электронды түрде беру;

✔️ ҚАЖ, прокуратура және сот арасында материалдарды цифрлық бағыттау;

✔️ сотталғанның және процеске басқа да қатысушылардың бейнебайланыс арқылы қашықтан қатысуы;

✔️ сот шешімін мүдделі тараптарға автоматты түрде тарату;

✔️ сот шешімдерінің цифрлық талдауы.

◾️ Кеңеске қатысушылар жобаны пилоттық іске қосу идеясын қолдады, сонымен қатар жобаны нормативтік қолдау, соттар мен басқада мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру, ақпараттық қауіпсіздіктіқамтамасыз ету және жеке деректерді қорғау қажеттілігіне назар аударды.

◾️ Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев өз сөзінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға және жазаны ауыстыруға қатысты процестерді цифрландыру тек технологиялық қадам ғана емес, сонымен қатар әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайта түсетін маңызды әлеуметтік-құқықтық бағдар екеніне тоқталды.

◾️ Жобаны бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар мен құқық қорғау ұйымдарының қатысуымен жүзеге асыру жоспарлануда.
В Верховном Суде обсудили цифровизацию процедур по ходатайствам об УДО и ЗМН
 
◾️ В Верховном Суде состоялось рабочее совещание по вопросам цифровизации процедур, связанных с подачей и рассмотрением ходатайств осужденных об условно-досрочном освобождении (УДО) и замене меры наказания (ЗМН).

◾️ В мероприятии приняли участие руководство Верховного Суда, Генеральной прокуратуры, Министерства внутренних дел, Судебной администрации, Комитета уголовно-исполнительной системы, Комитета по правовой статистике и специальным учетам, а также эксперты в области цифровых решений.

◾️ Открывая совещание, председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Назгуль Рахметуллина отметила, что цифровая трансформация судебной системы – это стратегическое направление государственной политики, инициированное Главой государства.

◾️ Особый акцент сделан на необходимости автоматизации процессов, касающихся прав и свобод осужденных, а также повышения прозрачности, эффективности и предсказуемости таких процедур.

◾️ На совещании представлен алгоритм работы цифровой платформы, которая обеспечит:

✔️ ведение цифрового досье осужденного;

✔️ электронную подачу ходатайств об УДО и ЗМН;

✔️ цифровую маршрутизацию материалов между учреждениями УИС, прокуратурой и судом;

✔️ удаленное участие осужденного и других участников процесса в судебных заседаниях по видеосвязи;

✔️ автоматическую рассылку решения суда заинтересованным сторонам;

✔️ цифровую аналитику судебных решений.

◾️ Участники совещания поддержали идею пилотного запуска проекта, а также обратили внимание на необходимость нормативной поддержки проекта, интеграции информационных систем судов и других государственных органов, обеспечения информационной безопасности и защиты персональных данных.

◾️ В своем выступлении заместитель руководителя Судебной Администрации Жантемир Шакиев подчеркнул, что цифровизация связанных с УДО и ЗМН процессов – это не только технологический шаг, но и важный социально-правовой ориентир, который позволит укрепить принципы справедливости и верховенства закона.

◾️ Проект планируется реализовать в сотрудничестве с профильными государственными органами, а также с участием независимых экспертов и правозащитных организаций.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Жоғарғы Сотта ШМБ және ЖА туралы өтінішхаттар бойынша цифрландыру рәсімдері талқыланды

🎥 В Верховном Суде обсудили цифровизацию процедур по ходатайствам об УДО и ЗМН
Жамбыл облысының ҚІжМАС-да алқабилердің қатысуымен істі қарау бойынша сот тәжірибесі талқыланды

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау барысында туындаған өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы Н.Қадірбек, облыс прокуратурасының 2-ші басқармасының прокуроры М.Дурумбетов, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Е.Манкеев және судьялар қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау кезінде жіберілетін қателіктер, алқабилерді іріктеу, сот тергеуі және сот жарыссөзі, алқабилер алқасымен шешілуге жататын сұрақтарды тұжырымдау бойынша мәселелерді талқылады.

Іс-шара барысында сот төрағасы Н.Қадірбек алқабилер соты – республикалық сот жүйесіне деген сенімді жақсартудың және қалпына келтірудің бірден бір мүмкіндігі екеніне қатысушылардың назарын аударды.

«Сот отырысын алқабилердің қатысуымен жүргізу сот отырысының барлық қатысушыларының бәсекелестігін ынталандырады», - деді өз сөзінде Н.Қадірбек.

Прокуратура өкілі алқабилер институтының ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Біздің мемлекетіміздің құқықтық саясаты алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санын ұлғайтуға бағытталған. Сонымен қатар, мүдделі тараптардың тек жақсы үйлестірілген саналы жұмысы ғана еліміздегі алқабилер институтын тиісті деңгейге жеткізеді», - деп Н.Қадірбек өз ойын қосты.

Сонымен қатар, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау тәжірибесі және алқабиге кандидаттардың тізімі бойынша дұрыс ақпараттардың берілуі жөнінде атқарылған іс-шаралар туралы сот жүйесінің, прокуратура және адвокатура өкілдері өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша құқық қолдану тәжірибесінің кейбір мәселелерін шешу жолдарын талқылады.


Жамбыл облысының ҚІжМАС баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary
В СМУС Жамбылской области обсуждена судебная практика рассмотрения дел с участием присяжных заседателей

В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Жамбылской области проведен круглый стол по обсуждению проблемных вопросов, возникающих при рассмотрении уголовных дел с участием присяжных заседателей.

В работе круглого стола приняли участие председатель суда Н.Қадірбек, прокурор 2-го управления прокуратуры области М.Дурумбетов, адвокат областной коллегии адвокатов Е.Манкеев и судьи.

Участниками круглого стола обсуждены допускаемые ошибки при рассмотрении уголовных дел с участием присяжных заседателей, вопросы по отбору присяжных заседателей, производству судебного следствия и прений, формулированию вопросов, подлежащих разрешению коллегией присяжных заседателей.

В ходе мероприятия председатель суда Н.Қадірбек обратил внимание участников на то, что суд присяжных – это одна из возможностей оздоровления и восстановления доверия к судебной системе республики.

«Проведение судебных разбирательств с участием присяжных стимулирует состязательность всех участников процесса», - отметил Н.Қадірбек.

Представитель прокуратуры подчеркнул особую значимость института присяжных заседателей.

«Правовая политика нашего государства направлена на увеличение количества дел, рассматриваемых с участием присяжных заседателей. При этом только слаженная и добросовестная работа заинтересованных сторон может поднять на надлежащий уровень институт присяжных заседателей в нашей стране», - дополнил Н.Қадірбек.

Также о судебной практике по рассмотрению уголовных дел с участием присяжных заседателей и проводимых мероприятиях по предоставлению достоверных сведений по спискам кандидатов в присяжные заседатели выступили представители судебной системы, адвокатуры и прокуратуры.

В завершении мероприятия участниками были намечены пути разрешения определённых проблем, правопримирительной практики по уголовным делам с участием присяжных заседателей.


Пресс-служба СМУС Жамбылской области

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүріс қағидаларын бұзу фактісі бойынша К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 345-бабының 4-бөлігі).

Сотта анықталғаны
2024 жылдың сәуірінде К., «Газ-322132» маркалы эвакуаторды басқара отырып, Қордай ауданында «Ташкент-Алматы» автожолында жол жүріс қағидаларын бұза отырып, жолдың қарама-қарсы қозғалыс бөлігіне шығып кетті. Бұл «Audi 100», «Mercedes Benz S350» және «Mercedes-Benz S320» маркалы автокөліктердің соқтығысуына әкеліп соқты.

Апат салдарынан «Аudi 100» маркалы автокөліктің жүргізушісі Т., жолаушылар К. және Б. Оқиға орнында қайтыс болып, ал «Газ-322132» жолаушысы, «Mercedes-Benz S350» жүргізушісі және жолаушылар О., Д. түрлі дене жарақаттарымен Қордай ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Сотталушы К.-ның кінәсі жәбірленушілердің және куәлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Тараптардың позициясы
Прокурор сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленуші тараптар сотталушыға заңда көзделген жазаны тағайындауды сұрады.

Сотталушы К. кінәсін толық мойындады.

Сот үкімі
ҚК 345-бабы 4-бөлігінің санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот сотталушының кәмелетке толмаған балаларының және 3-ші топтағы мүгедек анасының болуын, шын ниетпен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

ҚК 55-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес, егер ауырлығы орташа қылмыс жасағанда, жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан асыруға болмайды.

Сот үкімімен К. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.


Жамбыл облысының ҚІжМАС баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Специализированным межрайонным судом по уголовным делам Жамбылской области рассмотрено уголовное дело в отношении К. по факту нарушения ПДД, повлекшее по неосторожности смерть двух или более лиц (ст.345 ч.4 УК).

Судом установлено
В апреле 2024 года К., управляя эвакуатор «Газ-322132», на автотрассе Ташкент-Алматы в Кордайском районе, нарушил ПДД и выехал на полосу встречного движения. Это привело к столкновению автомашин марки «Аudi 100», «Mercedes Benz S350» и «Mercedes-Benz S320».

В результате ДТП водитель автомашины марки «Аudi 100» Т., пассажиры К. и Б. скончались на месте происшествия, а пассажир «Газ-322132», водитель «Mercedes-Benz S350» и пассажиры О., Д. с разными телесными повреждениями были госпитализированы в центральную больницу Кордайского района.

Вина подсудимого К. доказана показаниями потерпевших и свидетелей, заключениями экспертов и другими вещественными доказательствами.

Позиции сторон
Прокурор просил назначить 5 лет лишения свободы.

Потерпевшая сторона просила суд назначить наказание по закону.

Подсудимый К. вину признал полностью.

Приговор суда
Санкция ст.345 ч.4 УК предусматривает наказание в виде лишения свободы на срок от 5 до 10 лет.

Суд признал в качестве смягчающих обстоятельств наличие у подсудимого несовершеннолетних детей и матери с инвалидностью 3-группы, чистосердечное раскаяние.

Отягчающих обстоятельств – не установлено.

В соответствии с п.1) ч.2 ст.55 УК, при совершении преступления средней тяжести, наличии смягчающих обстоятельств, не предусмотренных в качестве признака совершенного преступления, и отсутствии отягчающих обстоятельств срок или размер основного вида наказания не может превышать половины максимального срока или размера, предусмотренных соответствующей статьей Особенной части настоящего Кодекса.

Приговором суда К. признан виновным по ст.345 ч.4 УК, и ему назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 5 лет, с лишением права управления транспортными средствами на 7 лет.

Приговор вступил в законную силу.


Пресс-служба СМУС Жамбылской области

https://t.me/jambyl_sottary
Меркі аудандық соты кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг) фактісі бойынша азаматша К.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 127-2-бабының 3-бөлігі).

2025 жылдың сәуірінде орта мектептің 9 сынып оқушысы – 15 жасар кәмелетке толмаған О. өзінен төмен сыныпта оқитын Н.-ды әр түрлі жұмыс түрлеріне мәжбүрлеп, жүйелі түрде оны жәбірлеген (буллинг).

Сот отырысында заңды өкіл К. кінәні мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, алдағы уақытта мұндай оқиғаға жол бермейтінін түсіндірді.

Жәбірленушінің заңды өкілі Н. балалары және өздері де өзара табысып, бір мәмілеге келгендерін айтты.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған О.-ның өзі сотта кінәсін мойындады.

Құқық бұзушының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полицияның оқиға туралы баянатымен, жәбірленушінің өтінішімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандар О және Н.-ның және олардың ата-аналарының түсіндірмелерімен расталады.

ӘҚБтК-нің 127-2-бабы 3-бөлігінің санкциясы ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасау немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Сот айыппұл сомасын 30%-ға қысқартты.

Сот қаулысымен заңды өкіл К. ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі таңда әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.

Сот актісі заңды күшіне енді.


Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
В Меркенском районном суде рассмотрено дело в отношении гражданки К. по факту травли (буллинг) несовершеннолетнего (ст.127-2 ч.3 КоАП).

В апреля 2025 года ученик 9 класса средней школы - 15-летний несовершеннолетний О. принуждал на разного вида работу, систематически совершал действия унизительного характера (буллинг) в отношении младшеклассника Н.

В судебном заседании законный представитель К. признала вину и подтвердила обстоятельства, указанные в протоколе, пояснив, что в дальнейшем не допустит такого инцидента.

Законный представитель потерпевшего Н. пояснила, что дети и сами помирились между собой и пришли к обоюдному соглашению.

Также сам несовершеннолетний О. в суде признал свою вину.

Вина правонарушителя подтверждается протоколом об административном правонарушении, рапортом о происшествии полиции, заявлением потерпевшей, а также объяснительными несовершеннолетних О и Н. и их родителей.

Санкцией ст.127-2 ч.3 КоАП предусмотрено предупреждение или штраф в размере 10 МРП на родителей или лицам, их заменяющим.

Суд сократил сумму штрафа на 30%.

Постановлением суда законный представитель К. признана виновной по ст.127-2 ч.3 КоАП, и на неё наложен штраф в размере 27 тыс. тенге.

В настоящее время административный штраф полностью оплачен.

Судебный акт вступил в законную силу.


Пресс-служба Меркенского районного суда

https://t.me/jambyl_sottary
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣 Құрметті көрермендер!

⚖️ Назарларыңызға «Сот жүйесінің үздіктері» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз.

🎬 Бүгінгі шығарылым сот қызметкерінің кәсіби жолын, сот жүйесіне деген үлесін, адамгершілік болмысын көрсету мақсатында, 37 жылдық еңбек өтілі бар Тараз қалалық соты әкімшісінің бас маманы - Бағила Аманжолқызы Уалиеваға арналады.
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Тұрар Рысқұлов аудандық соты көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, масаң күйде көлік құралын басқарған А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 346-бабының 1-бөлігі).

Сотта анықталғаны
Сотталушы А. Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 2021 жылғы 22 қарашадағы қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған (ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі).

Алайда, 2025 жылдың сәуірінде оны Құлан ауылында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізу кезінде ұстап алып, медициналық куәландыруға жеткізген.

Сотталушының кінәсі оның өзінің мойындау айғақтарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы
Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотта А. кінәсін толық мойындады.

Сот үкімі
ҚК 346-бабы 1-бөлігінің санкциясы 5000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін, тұрғылықты жері бойынша жағымды мінезделетінін және асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуын таныды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен А. ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.


Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
В суде района Турара Рыскулова рассмотрено уголовное дело в отношении А., управлявшего транспортным средством, будучи лишенным права управления им и находящимся в состоянии алкогольного опьянения (ст.346 ч.1 УК).

Судом установлено
Подсудимый А., постановлением суда района Турара Рыскулова от 22 ноября 2021 года был лишён права управления транспортными средствами на срок 7 лет (ст.608 ч.1 КоАП).

Однако, в апреле 2025 года он был задержан сотрудниками полиции в селе Кулан при управлении автомобилем в состоянии алкогольного опьянения и доставлен на медицинское освидетельствование.

Вина подсудимого доказана его признательными показаниями и другими собранными доказательствами по делу.

Позиция сторон
Прокурор просил по совокупности преступлений назначить наказание в виде 1 года лишения свободы.

В суде А. признал вину полностью.

Приговор суда
Санкция ст.346 ч.1 УК предусматривает наказание в виде штрафа в размере до 5000 МРП либо исправительных работ в том же размере, либо привлечения к общественным работам на срок до 1200 часов, либо ограничения либо лишения свободы на срок до 5 лет.

Обстоятельствами, смягчающими ответственность и наказание судом признаны чистосердечное раскаяние, положительная характеристика по месту жительства и наличие на иждивении несовершеннолетних детей.

Отягчающих обстоятельств – не установлено.

Приговором суда А. признан виновным в совершении уголовного правонарушения по ч.1 ст.346 УК, и ему назначено наказание в виде 1 года лишения свободы, с пожизненным лишением права управления транспортным средством.

Приговор вступил в законную силу.


Пресс-служба суда района Турара Рыскулова

https://t.me/jambyl_sottary