Informburo_kaz
1.6K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті

Құтқару жасағы екі топқа бөлініп, олардың әрқайсысы қираған тұрғын объектілерді тексеріп жатыр.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар үйінді астынан бір мәйітті тапқан. Жергілікті тұрғындар қираған үйінді астында тағы да адамдар болуы мүмкін екенін айтқан.

Құтқарушылар екі объектіде де адамдардың болу фактісі толық жойылғанға дейін жұмыс істемек.

📸: ҚР ТЖМ

@informburo_kaz
🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған

ІІМ мәліметінше, ел бойынша 18 мыңнан астам стационар камера орнатылған.

«Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Polisia.kz.

Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 60% автоматты режимде анықталады

Құқық бұзушы туралы барлық ақпарат камералардан Жедел басқару орталығының операторына және жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерінің планшетіне жіберіледі. Яғни, көлікті тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені жүйенің өзі полицияға жүргізушілердің қайсысы жолда «қауіпті» екенін көрсетеді.

@informburo_kaz
Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады

Олар да Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылады. ТЖМ мәліметінше, жалпы Түркияға 100 құтқарушы жіберілмек.

Екінші топта жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

📸: ҚР ТЖМ

@informburo_kaz
Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды

Оқиға 7 ақпан Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында 8 автокөліктің қатысуымен болған, деп хабарлады polisia.kz

Апат салдарынан 34 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Ұзынағаш ауылының ауруханасына үш адам жеткізілді, олардың екеуі автобус жолаушысы.

Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелді.

@informburo_kaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Целиноград ауданының ТКШ бөлім басшысы мен «РемСтройСервис ПВ», «MS-Energy» ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлады қаржы мониторинг агенттігі.

Олар Қызылсуат ауылында электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Қылмыстық істің барлық қатысушысына нақты жаза, бас бостандығынан айыру тағайындалды.

@informburo_kaz
Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?

Тағайындалған әлеуметтік төлемнің 10 пайызы зейнетақы қорына аударылады.

Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны есептеу кезінде соңғы 24 айдағы орташа айлық кіріс мөлшері ескеріледі. Бұл туралы "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты.

📍Орташа айлық кірісті есептеу формуласы

@informburo_kaz
Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы артылған соманы қандай мақсатта пайдаланатынын және жыл басынан бері қанша өтінішті орындағанын жариялады.

Биыл біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 2,3 млн теңгені құрады.

Салымшылардың 3061 өтініші орындалды. Біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 2,3 млн теңгені құрады.

📍толығырақ ОҚУ

@informburo_kaz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

Ол бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.

@informburo_kaz
Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады

Мамандар зілзаладан зиян шеккендердің саны бұдан да көп екенін айтады.

Түркия — 5894, Сирия — 1932 адамның қайтыс болғанын растады, алайда соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 8 мың адамға жуықтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағамдауынша, жер сілкінісі кезінде қайтыс болғандар саны 20 мың адамға жетеді.

"180 мыңдай немесе одан да көп адам үйінділердің астында қалған болуы мүмкін, олардың барлығы қаза тапқан да шығар", – деді жер сілкінісі бойынша маман Овгун Ахмет Эркан The Economist басылымына берген сұхбатында.

@informburo_kaz
Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр

Қала әкімі Ерболат Досаев Wildberries негізін қалаушы Татьяна Бакальчукпен кездесті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олар логистикалық орталықтың құрылысын талқылады. Халықаралық маркетплейс жоба құрылысына шамамен 100 миллион АҚШ доллары инвестиция салмақ.

Жоба аясында мегаполис кәсіпкерлері интернет арқылы сату нарығында бизнесін кеңейте алады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

@informburo_kaz
🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек

ҚР ІІМ бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Шетелдік паспорттың жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрауы тиіс.

Көші-қон келісімі бар елдердің азаматтары Қазақстанға ішкі құжаттармен кіре алады, шыға алады, транзитпен өтеді, жүре және уақытша тұрақтай алады.

❗️Алайда шетелдіктің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесін растайтын шетелдік паспорт қажет.

Мұнымен қатар, рұқсатты ресімдеген кезде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуы тиіс.

@informburo_kaz
📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев журналистермен кездесуінде 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз негізде жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін берілетін мемлекеттік грант туралы айтты. Қаражат кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында бөлінеді.

💰 Биыл мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге.

Республика бойынша бірінші ағында 2,5 мың грант беру жоспарланған. Биыл өтінімдер төрт рет қабылданып, соның шеңберінде 9 мың грант беріледі.

Мемлекеттік грант алуға кімдер үміткер бола алады?

@informburo_kaz
Түркия ЖОО-да 8 мыңнан астам Қазақстан студенті оқиды

Оның ішінде 11-і «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары және академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының 190 студенті бар, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Министрліктің мәлімдеуінше, қазір отандық жоғары оқу орындары ел азаматтары мен қандастарды қабылдауға дайын.

@informburo_kaz