🏡 Мемлекет 70 мыңға жуық қазақстандыққа баспананың жалға алу ақысын төлеуге көмектеседі
2023 жылы субсидиялау бағдарламасына 50 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Мемлекет азаматтар жалға алған үй ақысының жартысын төлейді.
Өтініштер Otbasybank.kz сайтқы арқылы қабылданады. Азаматтар жалға берілетін тұрғын үйді өздері іздеп, таңдайды.
Мемлекеттік қолдауға I және II топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және көп балалы отбасылар үміткер болады.
@informburo_kaz

Саясат Нұрбек: 5-10 жылдан соң мемлекет білім гранттарын қаржыландыра алмай қалуы мүмкін
Жоғары білім министрінің айтуынша, Қазақстанда гранттың орташа сомасы 1 миллион теңге шамасында.
"Неге бізде білім беру сапасы артпай отыр? Өйткені, гранттың орташа сомасы – 1 млн теңге немесе 2,2-2,3 мың доллар шамасында. Ал біз білім сапасының Еуропадағы 10-15 мың доллар тұратын білімнің сапасымен бірдей болғанын қалаймыз. Бірақ, оған тек 2 мың доллар ғана төлегіміз келеді. Міне, мәселе осы жерден басталады. Университет 2 мың долларға 10 мың долларлық білім сапасын қамтамасыз ете алмайды", – деді Саясат Нұрбек.
Министрдің айтуынша, білім сапасын арттырудың бір жолы – грант құнын арттыру.

Informburo_kaz
Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды Ол 1991-1994 жылдары премьер-министр қызметін атқарған. @informburo_kaz
✉️ Президент Сергей Терещенконың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
– Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды. Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С.Терещенко еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ерекше сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды, – делінген жеделхатта.

Үкімет қаулысымен Евгений Кочетов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды
@informburo_kaz
@informburo_kaz
Апелляциялық сот Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Бұған дейін, сот бұрынғы денсаулық министрі мен оның орынбасарына бес жыл және төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.

"ҰБТ орнына SIT". Ғылым министрі білімді бағалаудың ең тиімді жүйесін атады
Саясат Нұрбектің айтуынша, ҰБТ форматы жыл сайын жетілдіріліп келеді. Дегенмен, ең тиімдісі – SIT (System integrated test) жүйесіне көшу. Қазақстан бұл жүйеге шамамен үш жылдан соң көшуі мүмкін.
"Қазір ҰБТ фильтр сияқты жұмыс істейді. Талапкерлердің білімін "жақсы" не "нашар" деп қана сұрыптайды. Бірақ, не үшін нашар және не үшін жақсы екенін айтпайды. Сондықтан біз үшін ең дұрысы – SIT жүйесіне өту", – деген жоғары білім министрі.
Оның айтуынша, егер Қазақстан SIT жүйесін қолдануға көшсе, талапкер міндетті ҰБТ тапсырмайды. Оның орнына, оқуға түсу үшін ол авторизацияланған SIT орталықтарында емтихан тапсырып, қажетті балл жинауы керек. Қашан қажетті балл жинай алады, сол кезде сертификатпен оқуға түседі.

✈️ Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді
ТЖМ хабарлауынша, жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.
Гуманитарлық жүк ішінде консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бар.

Таңсәрі, намаздыгер, алагеуім және іңір. Тәуліктегі уақыт атауларын білесіз бе?
Көшпелі елдердің таным-түсінігінде уақыт үлкен рөл атқарады. Көкжиектің батыс жағы өлімді, ал шығыстан атып келе жатқан таң өмірді білдірген. Қазақтың "Таң атты" және "күн батты" деген сөздерінің астарында осындай түсінік жатыр.
Уақыттың түрлі үзігі көшпелілер үшін әртүрлі мағынаға ие болған. Бұл материалда бір тәулік ішінде қолданылатын қазақы ұғымдардың мән-мағынасын баяндаймыз.
📍Қазақша тәулік мезгілінің атаулары

Қазақша үйренейік: Сәлем және Selam!
Кейінгі жаңалықтарға байланысты кезекті тілашар жазбамызды түрік тіліне арнадық. Қазақша-түрікше сөздердің орысша аудармасын жинадық.
Түркі тілдері арасында қазақ тілі мен түрік тілінде мағынасы мен дыбысталуы ұқсас сөздер бар. Енді бір емес, екі тілді қатар үйрене аласыз 🇰🇿🇹🇷🇷🇺
• Сәлем — selam — привет
• Бүгін — bugun — сегодня
• Ана — anne — мама
• Кім? Не? — kim? ne? — кто? что?
• Ұзақ — uzak — далеко
• Жақын — yakin — близко
• Шекер — seker — сахар
• Тұз — tuz — соль
• Ұшақ — uçak — самолет
• Жаз — yaz — лето
• Сағат — saat — время
• Күн — gun — день
• Апта — hafta — неделя
• Байрақ — Bayrak — флаг
Түркия халқына қолдау көмек ретінде, жазбамызды таратып, достарыңызға жібере отырыңыз. Тағы қандай сөздер бар, пікірде жазыңыз ✍️
Парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз 👉 @informburo_kaz

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кәсіби карьерасын аяқтағанын хабарлады
Ол 2008 жылы Бейжің олимпиадасында екінші орын, 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада бірінші орын, 2016 жылы Риода үшінші орын алған еді.
«Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған СЕНІМДЕРІ үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын», — деді спортшы.

Қазақстандағы 64 елдің елшілігінің тоғызы ғана ресми сайтында қазақша ақпарат таратады
Қазақстанда жұмыс істейтін 64 мемлекет елшілігінің ішінде тек тоғызы ғана ресми сайтында қазақша ақпарат таратады. Бұл туралы Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп жазды.
Оның айтуынша, 36 елшіліктің сайтында қазақ тілінде мүлдем ақпарат жоқ. Оларда ақпарат орыс, ағылшын және өз тілдерде берілген. Тағы үш елшілік сайтында қазақша нұсқасы болғанымен, қазақ тіліндегі ақпарат тек ішінара салынған.
16 елдің елшілігінің ресми сайты табылмаған.

Алматыда QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы 6 жылдан 7 жылға дейін сотталды
«QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Компанияның бас офисі Алматы қаласында орналасқан, өңірлерде 12 филиалы жұмыс істеген.
«AMAZON» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған.
Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген. Салдарынан компаниямен 6 млрд теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген.

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттады
Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Үш бала жарақаттанып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Петропавл қаласының баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушы психиатриялық есепте бар. Қазір оқушының үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды.