Informburo_kaz
1.53K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады

Сондай-ақ, имамдар діни және ұлттық құндылықтарды ел арасында белсенді түрде насихаттауға шақырды.
Астанада өткен V республикалық имамдар форумының қорытындысында үндеу қабылданды.

Үндеу үш мақсатты көздейді:

• ата-бабадан келе жатқан діни және ұлттық құндылықтарды ел арасында белсенді түрде насихаттау;
• Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты барлық мешіттерде бес уақыт намаз, екі айт, қасиетті жұма және тарауық намазы сынды құлшылықтарды бірізділікпен өткізу, жамағат арасында түсініспеушілікке жол бермеу және бабалар салған діни мектепті дамыту;
• қажылық құлшылығын өтеп келген қазақстандықтардың қоғамда көркем мінезімен, өнегелі істерімен үлгі көрсетуі және қажы деген құрметке лайықты болуы.

Форум аясында, сондай-ақ, "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі", "Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі", "Қажының рухани келбеті" құжаттары қабылданды.

@informburo_kaz
🏦 Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап зейнетақы жинағының жартысын инвесткомпанияларға бере алады

Бірақ, зейнетақы қорынан аударылған қаржыға мемлекет кепіл болмайды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтары сомасының 50 пайызына дейін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға бере алады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді.

Жинағын жеке басқарушы компанияға аударған адам оны кейін басқа компанияға не қайтадан зейнетақы қорына аудара алады.

Бұл ретте ескерту: Мемлекет тек зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді.

@informburo_kaz
🏔 Жыл соңына дейін қазақстандықтар тағы 9 елге ұшақпен қатынай алады. Олар қай елдер?

Жыл басынан бері халықаралық бағыттағы 9 рейс іске қосылған.
Биыл Қазақстаннан халықаралық бағыттарға 18 жаңа авиамаршрут ашу жоспарланып отыр, деп баяндады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында. Бүгінгі күнге дейін оның 9-ы ашылған.

Жаңартылған бағыттар:

Астана – Пекин (Air Astana);
Алматы – Самарқан (FlyArystan);
Астана – Баку (AZAL);
Астана – Үрімші, Алматы – Сиань (China Southern Airlines).
Жаңадан ашылған бағыттар:

Алматы – Шарм-эль-Шейх (Air Cairo);
Астана – Шарм-эль-Шейх (Air Cairo-2, Red Sea-2);
Астана – Сиань – Пекин (Air China);
Шымкент – Дели (FlyArystan).
Жоспар бойынша, жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады.

Ал 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейс ашу жоспары бар.

Атай кетейік, бүгінгі күні Қазақстаннан 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды.

@informburo_kaz
😱🏥 Қазақстанда АИТВ жұқтырған еркектердің саны әйелдерден 2 есе көп

Вирус жұқтырғандардың 82 пайызы – 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін 30 558 адам тұрады, деп баяндады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

"Былтыр 3 877 жаңа жағдай тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 20,3 құрады. Бұл ретте еркектер әйелдерге қарағанда 2 есе көп екені (67,2%/32,8%) анықталды", – деді министр.

Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырғандардың 82 пайызы – 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар.

"Вирустың жыныстық жолмен берілуі басым. Ол 75 пайызды құрайды. Содан кейін инъекциялық жолмен берілу тұр. Ол 20 пайызды құрайды", – деді министр.

Сонымен қатар Ажар Ғиният 6 өңірде вирустың таралу көрсеткіші жоғары екенін атап өтті.

"Саралау нәтижелері Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында бес негізгі көрсеткіштің төртеуі инфекцияның таралуының неғұрлым жоғары деңгейін және облыстардың аумағында АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді", – деді ол.

@informburo_kaz
🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы

Әлихан Смайылов бұл мәселені авиакомпаниялардың жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениетінің төмендігімен байланыстырды.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Үкімет кулуарында ұшақ билетінің құны неге демалыс күндері қымбаттап кететініне қатысты пікір білдірді.

"Халық арасында ұшақ билетінің құнына қатысты шағым көп. Әсіресе, демалыс күндері билеттің бағасы қымбат болады. Оның себебі неде? Бұны қалай реттейсіздер?", – деп сұрады журналистер комитет төрағасынан.

Толығырақ - мұнда
🚴‍♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?

Алматыда электр самокатын тізгіндейтіндердің орташа жасы – 16 мен 25 жас аралығы.
Республика өңірлерінің жергілікті атқарушы органы жүргізген аудит нәтижесінде велоинфрақұрылыммен жақсы жабдықталған өңірлер белгілі болды. Түркістан облысы елді мекендерінде веложолақтардың жалпы ұзындығы 105 шақырымды құраса, Астанада 80,4 км, Алматыда 70 км, Атырау облысында 24,2 км веложолақ бар. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабынан белгілі болды.

"Ақтөбе (52 км), Атырау (34,7 км) Павлодар (40 км) облыстары мен Алматы қаласында (30,9 км) велоинфрақұрылым салу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр. Ал Алматы қаласында 30,9 шақырым веложолақ салу жобасының сметалық құжаттары биыл жыл соңына дейін дайын болады", – делінген Роман Склярдың жауабында.

Сондай-ақ, жауапта электр самокаттарға арналған тұрақтарды ұйымдастыру бойынша да айтылған. Атап айтқанда, 2022 жылы кикшеринг компанияларының есебінен электр самокаттарына арналған 700 тұрақ әзірленген.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, қалада электр самокатын қолданатындардың орташа жасы –
16 мен 25 жас аралығы.

@informburo_kaz
💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді

Министр қазақстандықтарды зейнетақы жинағын ерте шешіп алмай, болашаққа қалдыруға шақырды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтары сомасының 50 пайызына дейін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға бере алады. Осыған байланысты журналистер үкімет кулуарында премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың пікірін сұрады.

Толығырақ - мұнда
👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?

Мерекеге орай Астанада балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады.
1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай Астанада 50-ден астам іс-шара өтеді. Атап айтқанда, балаларға конкурс, ойын-сауық бағдарламалары, зияткерлік ойындары ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, шеберлік сыныптары, челлендждер, шығармашылық жұмыстарға арналған көрмелер, музыкалық-театрландырылған фестивальдар мен көрмелер-презентациялар, ата-аналар қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырылады.

Толығырақ - мұнда
🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады

2027 жылдың соңына қарай қазақстандықтардың 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады.
Елімізге "Қазақтелеком" АҚ жеті мыңнан астам 5G станциясын орнатады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының қоғамдық кеңес отырысында компания басшылығы мәлімдеді.

Компания басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында "МТ-S" ЖШС және "Kcell" АҚ ұсынған операторлар консорциумы 5G енгізу бойынша жиілік аукционында жеңіске жеткен.

"2027 жылға қарай компаниялар еліміз бойынша 7000-нан астам 5G базалық станцияларын орнатуы керек. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 390 базалық станция пайдалануға беріледі", – деді компания басшысы.

"Қазақтелеком" мамандарының айтуынша, 2027 жылдың соңына қарай Қазақстан азаматтарының 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады.

@informburo_kaz
📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?

Тапсырмалардың мазмұны бойынша аппеляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеуде аппеляцияға өтініш тест тапсырмаларының мазмұны немесе техникалық себептері бойынша беріледі. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Аппеляция нәтижелері 30 жұмыс күн ішінде қарастырылады.

"Талапкер тапсырмалардың мазмұны туралы аппеляцияға өтінішті тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді. Ал техникалық себептер бойынша өтінішті тестілеу кезінде береді. Аппеляция нәтижелері 30 жұмыс күн ішінде қарастырылады және оның нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі" – делінген хабарламада.

@informburo_kaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр

Мұндай апатты үйлерде мыңға жуық адам тұрады.

Павлодарда жетпіс жыл бұрын салынған екі қабатты үйлер құлаудың алдында тұр. Тұрғындардың айтуынша, тіпті ағаш баспаналардан бірнеше рет өрт те шыққан, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы. 

@informburo_kaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген

Құрылысына бюджеттен 8 миллиард 300 миллион теңге бөлінген төрт үй сапасыз салынған.

Атырау облысында көпбалалы аналар екі жыл бұрын қолданысқа берілуі тиіс баспаналарын әлі күнге дейін алмаған. Айтуларынша, қазір жалдамалы пәтер жағалап жүр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

@informburo_kaz
🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады

Қызмет бүгін, яғни 30 мамырдан бастап қолжетімді.
Қазақстандықтар eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында автокөлікке VIP нөмірлерге тапсырыс бере алады. мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінің (МТНБ) қарапайым нөмірлері бұл санатқа кірмейді, олар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

VIP нөмірге тапсырыс беру үшін келесі шарттарды орындау керек:

●eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;
●МТНБ жөғары сұраныс нөмірін іздеу (егер көрсетілген нөмір бос болмаса, басқасын енгізу керек. Ал бос болса, құны АЕК және теңгемен көрсетіледі);
●Облысты, ХҚКО, МТНБ түрін таңдау;
●төлем енгізу;
●қол қою.

Қызмет нәтижесі туралы жауап жеке кабинетке келеді. Дайын нөмірде өзіңіз таңдаған Халыққа қызмет көрсету орталығынан аласыз.

@informburo_kaz
🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді

Президент мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз екенін еске салды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, твит жариялады.

"Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе. Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

@informburo_kaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж

Былтыр дүниежүзі бойынша шемішкенің бағасы екі есе төмендеп кеткен.  

Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар банкрот болудың алдында тұр. Айтуларынша, көбі былтыр алған өнімдерін әлі күнге дейін сата алмаған. Кәсіпкерлер мұны шикізат бағасының екі есеге төмендеп кетуімен түсіндіреді, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

@informuro_kaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр

Тіпті кейбір автобекеттер газ сатпайды, мүлде жабық.

Маңғыстаулық жүргізушілер үш күннен бері автогаз тапшылығын сезіп жатыр. Әсіресе, Ақтау мен оған іргелес ауылдардағы бекеттердің алдында тұрған адам көп, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

@informburo_kaz
🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады

Бұл – биылғы үшінші лек.
5 маусымда "Болашақ" бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлады Халықаралық бағдарламалар орталығы.

2023 жылы "Болашақ" бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде:

●магистратура және резидентураға – 395;
●докторантураға – 50,
●тағылымдама бағдарламаларына – 110 стипендия.

Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты көздейді.

"Биыл "Болашақ" стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Бұл ретте, "Болашақ" бағдарламасы тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейтін болады. Сондай-ақ, еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады", – деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Еске салайық, бұдан кейін өтінімдер 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында қабылданады.

@informburo_kaz
💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі

Биыл жергілікті бюджет есебінен 3828 азаматқа біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Биыл 1 шілдеден бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар адамдар және зейнеткерлерге 1,23 АЕК (2023 жылы – 4244 теңге) көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленетін болады. Бұл туралы еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Толығырақ - мұнда
👨🏻‍🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер

Тоғызыншы сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамадады.
Елімізде 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 172 мың түлек он бірінші сынып бітірді, оның ішінде 6800 оқушы "Алтын белгі" үміткерлері.

"Тоғызыншы сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамадады. 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3 пайызы, 2 млн 800 мың бала жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар" – делінген хабарламада.

Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс жасайтын болады.

"Сонымен қатар "Этноауыл", "Жаздық жолдама" жобалары іске асырылады. Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдайды" – делінген хабарламада.

@informburo_kaz
🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA дүниежүзілік рейтингінің Live форматында үшінші орынға көтерілді

Рейтингтегі көшті белорусиялық Арина Соболенко бастаса, польшалық Ига Швентек екініш орынға жайғасты.

Еске салайық, "Ролан Гаррос" турнирінің бірінші айналымында Елена Рыбакина чехиялық Бренда Фрухвиртованы жеңген. Ал үшініш айналымға шығу үшін тағы бір чехиялық теннисші Линда Носковамен сынға түседі.

@informburo_kaz
Informburo_kaz pinned «🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады Бұл – биылғы үшінші лек. 5 маусымда "Болашақ" бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады,…»