Informburo_kaz
1.51K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗

Өтінімдер cағат 10:00-ден бастап www.autonesie.kz ресми сайтында қабылданады.

Бағдарлама бойынша бастапқы жарна керек емес. Одан бөлек:
▪️автомобиль құны – 15 млн теңгеге дейін;
▪️қаржыландыру сомасы – 10 млн теңгеге дейін;
▪️қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;

Жеңілдетілген автонесиені кім ала алады? Несиенің шарттары қандай?

📍Өзекті 10 сұраққа жауап

@informburo_kaz
Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны туралы әлі белгісіз.

Кахраманмараша қаласында магнитудасы 7,4 бал, Газиантеп қаласында 6,4 бал жер сілкінісі болды.

Одан бөлек, жер дүмпулері өзге аудандардан да байқалған.

Газиантеп қаласының тұрғындар саны 1 миллионнан асады.

@informburo_kaz
Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢

Аutonesie.kz сайты ашылмай тұр.

Осыған дейін платформада 761 өтініш беруші тіркелгеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылатыны хабарланған еді.
ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты ең маңызды мәліметтерді ұсынды.

Талапкерлерге арналған жадынама

🔻ҰБТ 2023 жылы 5 рет өткізіледі:

• ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында 3 рет;
• грант байқауына арналған ҰБТ – мамырдан бастап маусымға дейін 2 рет.

🔻Кімдер қатыса алады?

• Биылғы мектеп түлектері: қаңтар, наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
• өткен жылғы мектеп түлектері: наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
• колледж түлектері: наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
• қандастар: наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
• шартты түрде оқып жатқан студенттер: қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ-ға;

🔻ҰБТ форматы қандай?

• 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік);
• барлық тест тапсырма саны – 120.
• ең жоғары балл – 140;
• тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут).

• 2 пән (жалпы кәсіптік +арнайы);
• тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
• тест тапсырмалар саны – 60. Жоғары балл саны – 70;
• шекті балл – кемінде 25 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласына – кемінде 35 балл;
• Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.

@informburo_kaz
Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды

Ол бұл тапсырманы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа берді.

Одан бөлек, жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

@informburo_kaz
autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген

Қазақстан даму банкінің хабарлауынша, 18 секундта 761 мың қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге өтінім жіберген.

«Өтінім беру барысында кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты болды» делінген Қазақстан даму банкінің хабарламасында.

Банк келесі өтінімдерді қабылдау наурыз айында болатынын айтты.

@informburo_kaz
👨‍👩‍👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек

Бұл туралы Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігі жариялаған құжат жобасынан белгілі болды.

Оған сәйкес, "Неке және отбасы" кодексіне жаңа 73-1 бап енгізіледі. Онда "Аталар, әжелер, бауырлар, әпкелер және басқа туыстар баламен араласуға құқылы" деп жазылған.

Бапқа сәйкес, егер ата-ана баланың жақын туыстарына онымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беруден бас тартса, дауды ҚР Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді.

@informburo_kaz
Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

«Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

@informburo_kaz
Абай облысында жолаушылардың толық шыққанын күтпей, жүріп кеткен автобус жүргізушісі айыппұл төлейді

Бұл туралы polisia.kz хабарлады. Ол аялдамада жолаушылардың толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған. Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған. Анасының айтуынша, денесі сыртта қалып қойған.

Облыстық полиция басқармасы, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

@informburo_kaz
🗓 7 – 11 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі

Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады.

Онлайн сабақтарды республиканың үздік білім беру орталықтары жүргізеді. Сабақтар білім беру орталықтарының жеке YouTube арнасында өтеді.

📍7 ақпан:

Сағат 16.00. Дүниежүзі тарихы. Білім беру орталығы мен педагог: Educon & Dostyq, Алтынай Тауыпалдиева;

📍8 ақпан:

Сағат 16.00. География. Білім беру орталығы мен педагог: Joo.kz, Бағила Садықова;
Сағат 20.00. Ағылшын тілі. Білім беру орталығы мен педагог: Qazbilim, Мөлдір Дәуренбекқызы.
...
толығырақ

@informburo_kaz
Үкіметінің қаулысымен Азамат Бейісбеков индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

@informburo_kaz
СҚО, Түркістан, Жамбыл облыстарында әйелдер ерлерден артық табыс табады 💸

Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық қысқарып келеді, деп хабарлады Jusan Analytics.

Ресми статистика бойынша, 2022 жылы ерлер мен әйелдердің жалақысындағы алшақтық орта есеппен 18,5% болды (одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 21,7%).

"Қазір жұмыспен толық қамтылған ерлердің орташа жалақысы 299 605 теңгені құраса (өткен жылмен салыстырғанда +6.5%-ға жоғары), ал әйелдерде – 244 276 теңге (+11.0%-ға жоғары)", – дейді аға талдаушы Клара Сейдахметова.

👩Оның айтуынша, Қазақстанның тек 3 өңірінде әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жоғары:

• Жамбыл облысы (6,31%-ға):
• Солтүстік Қазақстан облысы (5,91%-ға):
• Түркістан облысы (0,45%-ға).

👨🏽Ал ерлер әйелдерге қарағанда ең көбірек жалақы алатын өңірлер келесілер:

• Атырау облысы (41,08%-ға);
• Маңғыстау облысы (37,07%-ға);
• Қарағанды облысы (29,9%-ға) жоғары.

@informburo_kaz
Ипотекалық депозит иелеріне 122 520 теңге сыйлықақы түсті 💰

Отбасы банкінің 1 905 484 клиентінің шоттарына демалыс күндері 122 520 теңге мемлекеттік сыйлықақы түсті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 75 млрд теңге аударылды.

🤔 Оны қалай тексеруге болады?

Мемлекеттік сыйлықақының түскенін Otbasy Bank қосымшасына кіріп, басты беттегі "Менің депозиттерім" бөлімінен көре аласыз.

Отбасы банкінде 2,5 млн жинақ шоты бар. Депозиттік қордың өсіумен қатар мемлекеттік сыйлықақының мөлшері де артып келеді.

💸 2023 жылы ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы көлемі 138 мың теңгеге тең болады. Оны алу үшін Отбасы банкіндегі шотқа кемінде 690 мың теңге жинақтау қажет. Ол үшін салымшылар ай сайын шамамен 57 мың теңге салып отыруы керек.

❗️Салымшы 3 жылға жетпей банкпен шартты бұзса, мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады.

@informburo_kaz
Informburo_kaz
Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны туралы әлі белгісіз. Кахраманмараша қаласында магнитудасы 7,4 бал, Газиантеп қаласында 6,4 бал жер сілкінісі болды. Одан бөлек, жер дүмпулері өзге аудандардан…
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 500-ге жуық адам қаза тапқан

Түркия вице-президенті Фуат Октайтың мәлімдеуінше, Түркияда 284 адам көз жұмған.

Ал Сирия билігі 230-дан аса адам қаза тапқанын хабарлады.

Одан бөлек, Түркияның Газиантеп қаласында ЮНЕСКО тізіміне кірген тарихи қамал қираған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі: Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен не қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

@informburo_kaz
Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды 🇰🇿🇹🇷

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

@informburo_kaz
«Автонесиеге бар-жоғы 10 секунд ішінде өтініш бердім»Өнеркәсіпті дамыту қорында IT-департаментінің басшысы

Қор басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров өтініш беруде бот қолдану туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның сөзінше, сайтқа "антибот" орнатылған. Бот ЭЦҚ кілтпен кіре алмас еді.

Ал IT-департаментінің басшысы Сәкен Сәбиев тесттік өтінім беру кезінде 10-15 секунд жұмсағанын айтады. Ол ең алғашқы өтінімін 14 секунд ішінде жіберген.

@informburo_kaz