Informburo_kaz
1.65K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
Сериалдан туған фильм: "Қаныш" 2 ақпанда көрерменге жол тартады

Фильм алты сериялы "Қаныш. Қазына" телехикасының негізінде ақ-қара форматта жарық көрді.

2 ақпанда қазақтың белгілі ғалымы әрі біртуар геологы Қаныш Сәтбаевтың өмір жолын баяндайтын "Қаныш" фильмі кинотеатрда көрсетіледі. Фильмнің желісіне 1926-1934 жылдарда елсіз Қарсақпай жерінде ғалымның ерекше күш-жігері арқасында әлемдегі ең бай тау-кен инфрақұрылымының қалай ашылғаны жайлы тарихи оқиғалар арқау болған. Көрермен Қаныш Сәтбаевтың мықты геолог қана емес, ондаған баланы аштықтан аман алып қалған ерекше тұлға екенін көре алады.

📍Информбюро тілшісі "Қаныш" фильмнің жабық көрсетілімінде режиссер Ерлан Нұрмұхамбетпен сұхбаттасты.

@informburo_kaz
2,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸

Елде жалдамалы жұмыстардағы азаматтар саны 6,7 млн адамды құрады. Оның ішінде 1,86 миллионнан бастап 2,3 миллионға дейінгі қазақстандықтың жұмысы болса да, тапқан табысы қажеттілігін өтеуге жетпейді.

Осы орайда, ҚХП фракциясының депутаттары премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, "жұмыс істейтін кедейлер" жағдайын жақсарту үшін бірқатар шара қолдануды сұраған.

"Стратегия" әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы жүргізген сауалнама барысында респонденттердің 32,2 пайызы өзін жұмыс істейтін кедейлер қатарына жатқызды.

@informburo_kaz
🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ

Цифрлық даму министрлігі қаражаттың жартысын 531 млрд теңгені республикалық бюджеттен тартуды көздеп отыр.

Жоба 2023-2027 жылы жүзеге асырылып, нәтижесінде кең жолақты интернетке қолжетімділік 100 пайызға жетуі тиіс. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалаларды 5G желісімен 75%, ал облыс орталықтарын 60% қамту көзделген.

Құжат жобасына сәйкес, "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын іске асыруға 1,1 миллиард теңге қажет. Оның ішінде:
2023 жылы – 161 млн теңге;
2024 жылы – 246 млн теңге;
2025 жылы – 252 млн теңге;
2026 жылы – 227 млн теңге;
2027 жылы – 227 млн теңге жұмсамақ.

@informburo_kaz
🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды

Желіде алаяқтар «10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы Банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады» деп жалған ақпарат таратқан.

«Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа "сәлем" сөзін жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», — деп хабарлады Отбасы банк.

@informburo_kaz
Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады

Үкімет олардың табысын азаматтық медицина қызметкерлерінің жалақысымен теңестірмек.

Әлихан Смайылов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында әскер дəрігерлері мен азаматтық денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудегі теңсіздікті жою шаралары қолға алынғанын хабарлады.

Еске салайық, бұл мәселені 2022 жылдың желтоқсанында сенат депутаттары да, мәжіліс депутаттары да көтерген болатын.

"6-7 жыл еңбек өтілі бар әскери дәрігер барлық жәрдемақыларымен қосқанда 200 мың теңгедей ғана жалақы алады. Ал ол кәдімгі дәрігерге қарағанда екі есе аз", – деген еді сол кездегі мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

@informburo_kaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр

Мердігер компания өңірдегі үш бірдей мектеп-интернаттың жөндеу жұмыстарын аяқсыз қалдырған.

Атырау облысының Жылыой ауданында былтыр пайдалануға берілуі тиіс болған үш бірдей мектеп-интернаттың күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Себебі мердігер компания бастаған істі аяқтамай, орта жолдан тастап кеткен, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

@informburo_kaz
Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Ол газға қатысты жобалардың дамуын қадағалайды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» қорының ресми Telegram-каналы.

@informburo_kaz
Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша,
былтыр кәсіпкер жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне шағым түсірген. Әкімдік қызылжар ауданында 2022 жылдың қараша айынан бастап жылыжайды электр қуатына қоспаған.

Антикор желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екенін анықтаған. Қазір электр энергиясына қосылуға рұқсат берілді.

@informburo_kaz
Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасын іске қосады. Өтінімдер www.autonesie.kz ресми сайтында қабылданады.

❗️ Платформада 761 өтініш беруші тіркелгеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.

Өтінім беру үшін ЭЦҚ талап етіледі, сондай-ақ автоөндірушілерді алдын ала таңдау шарт. Платформада тек Қазақстан аумағында тіркелуге болады.

📍Толығырақ ОҚУ

@informburo_kaz
Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Банк төрағасы Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.

@informburo_kaz
Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Тараз қаласындағы өртеніп кеткен ескі гараждардың бірінен қапқа оралған қарулар мен оқ-дәрілер анықталған.

«Аталған орыннан тіркелген және криминалды қару есебінде жоқ калибрі 16 мм бір ауызды тегіс ұңғылы ИЖ-3К аңшы мылтығы, қаңтар оқиғасы кезінде ПД ғимаратынан ұрланған калибрі 9 мм Макаров тапаншасы, дыбысты граната, калибрі 9 мм 151 дана оқ-дәрі алынды», деп хабарлады Polisia.kz.

Сондай-ақ, Б.Момышұлы ауылында орналасқан ескі бос ғимарат ішінен қапшыққа салынып, жасырылған қарулар анықталды. Қапшықтан тегіс ұңғылы 16-калибрлі қос ауызды ТОЗ нөмері өшірілген шолақ мылтық және 5,45-калибрлі 15 дана оқ-дәрі бар.

Барлық қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

@informburo_kaz
Мемлекет басшысы SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдады

Ол президентке әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.

@informburo_kaz
"Болашақ" стипендиясын еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарды

Алайда, ол үшін стипендиатта шетелдік университет, жұмыс беруші немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты болуы керек. Бұл туралы халықаралық бағдарламалар орталығы хабарлады.

Жетекші шетелдік ЖОО-да оқуға гранты бар үміткерлер "Болашақ" бағдарламасының конкурсына қатысу үшін шетелдік университетке өтеусіз негізде қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуы керек. Грант бүкіл оқу кезеңі ішінде академиялық оқу ақысын өтеуге тиіс.

Еске салайық, "Болашақ" стипендиаттарының оқу ақысын еңбекпен өтеу мерзімін кейінгі шегеруге мүмкіндік беретін тізім кеңейетінін жазған едік.

@informburo_kaz
⚡️Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі жабылмақ

Бұл туралы үкімет басшысы 24 қаңтарда тапсырма берген. Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесін тарату жоспарланып отыр.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігінің таратылуына сәйкес, ҚР Үкіметінің бірқатар шешімдеріне өзгертулер енгізіледі.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігінің ресми сайтында бұл туралы ақпарат жоқ.

@informburo_kaz
Қымбат Досжан «Balapan» телеарнасының директоры қызметінен кетті

Оның орнына журналист әрі продюсер Индира Тұрсынбай тағайындалды, деп хабарлады Ұлттық арна.

«Қазір «Balapan» телеарнасының алдында тұрған негізгі міндет — балалар контентін өндірушілер арасындағы бәсекелестікте алда болу, анимация өндірісін кеңейту. Ол үшін ең алдымен өнімдер сапасын бұдан әрі арттыру мақсаты тұр.

…Бұл бағытта нарықтағы жаңашыл маман ретінде Индира Тұрсынбайдың тәжірибесі балалар арнасы үшін пайдалы болады деп сенеміз»,
— деді Корпорацияның басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Индира Тұрсынбай 2003 жылдан бері «Qazaqstan», «Астана», «Евразия», «Almaty» телеарналарында жүргізуші, журналист, жаңалықтар тілшісі болып еңбек еткен.

@informburo_kaz
Былтыр халық саны 261 мың адамға өскен 🇰🇿

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны — 19 765 004 адам, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Оның ішінде:
🏙 қала тұрғындарының саны – 12,2 млн;
🏞 ауыл тұрғындарының саны – 7,5 млн адамға жеткен.

Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – 6 946.

@informburo_kaz