Informburo_kaz
1.51K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
Былтыр Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғадан 203 адам қаза тапты

1465 жұмыскер зардап шекті, деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Өңірлер бойынша, Қарағанды облысында — 180 адам, ШҚО-да – 169 адам, Қостанай облысында – 142 адам, Павлодар облысында – 112 адам, Ақтөбе облысында – 103 адам, Алматы қаласында – 114 адам зардап шекті.

Ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия өнеркәсіптерінде – 16,2 % және құрылыс саласында – 15 %.

Жазатайым оқиғаларының негізгі себептері:

▪️жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,9%);
▪️өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (29%);
▪️жол қозғалысы ережелерін бұзу (9,4%);
▪️қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

@informburo_kaz
30 қаңтар – 4 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі

Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады.

Онлайн сабақтарды республиканың үздік білім беру орталықтары жүргізеді. Сабақтар білім беру орталықтарының жеке YouTube арнасында өтеді.

📍Сабақ кестесі

@informburo_kaz
АҚШ-тың қарызы 31 трлн доллардан асты. Оның Қазақстанға әсері қандай?

Ол жалпы ішкі өнімнің 136 пайызын құрайды. Мемлекеттік қарыз – АҚШ федерал үкіметінің қарызы.

Үкімет қарызға алған ақшаны бюджет тапшылығын жабу және түрлі шығындарды, мысалы денсаулық сақтау, инфрақұрылым, қорғаныс және тағы басқа сала шығындарын өтеу үшін жұмсайды. Яғни, мемлекеттік қарыз бюджет тапшылығы (шығыстардың кірістерден асып кетуі) салдарынан болады.

📍Макроталдаушы Аякөз Ханетова АҚШ-та дефолт болса, әлем елдерінің экономикасында рецессия басталады деп есептейді.

@informburo_kaz
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Жоғары сот кеңесі төрағасының айтуынша, судьялар корпусының құрамын қайта жаңарту мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде былтыр судьялық қызметке ұсынылған адамдардың саны сот жүйесінен кеткен судьялардың санынан асып түскен.

Мемлекет басшысының сот жүйесіне нақты сала мамандарын тарту жөнінде берген тапсырмасын орындау үшін алғаш рет жекелеген құқық салаларындағы заңгерлер арасында конкурс өткізілді. Конкурс жеңімпаздары аудандық деңгейді айналып өтіп, бірден облыстық соттың судьялары бола алады.

@informburo_kaz
@informburo_kaz оқырмандарының 45%-ы шетел асып көрмеген ✈️

3 апта бұрын телеграм каналымызда, саяхаттау туралы сауалнама жүргізген едік. Соның нәтижесін біле отырыңыз:

▪️Жауап бергендердің 45 %-ы шетелге мүлде шықпаған.

▪️23 %-нда тіпті төлқұжаты да жоқ.

▪️20 %-ы 1-2 елде болғанын және тек 2 %-ы 10-нан аса елді көргенін белгілеген.

*сауалнамаға жалпы 193 адам жауап берген.

@informburo_kaz
"7-20-25", "Бақытты отбасы" және өңірлік ипотекалар. 2023 жылы қалай баспана алуға болады?

Қазақстандағы 18 ипотекалық бағдарламаға шолу. Тұрғын үй бағдарламалары нарығындағы басты жаңалықтар:

▫️"7-20-25" бағдарламасы 2029 жылға дейін ұзарды;
▫️Жастарға арналған өңірлік бағдарламалар көбейді;
▫️Отбасы банкінің бірқатар ипотекалық бағдарламаларының шарттары жаңарды.

📍Бұл материалда осы және өзге де жаңалықтарды қамтитын 18 тұрғын үй бағдарламаның шарттарымен таныстырамыз.

@informburo_kaz
Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы қанша? 💸

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған "Өркен" білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды.

2023 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы жатақхана ақысын қосқанда 3 миллион теңгеден асады:

▪️грант сомасы: 2 172 539 теңге;
▪️жатақхана ақысын қосқандағы грант сомасы: 3 070 221 теңге.

2023-2025 жылдары НЗМ мектептерінің оқу гранттарына республикалық бюджеттен 100 млрд теңге қарастырылмақ:

2023 жылы – 32 874 165 мың теңге;
2024 жылы – 33 971 483 мың теңге;
2025 жылы – 33 604 084 мың теңге.

@informburo_kaz
23 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️

Билет құны 43 465 теңгеден басталады.

FlyArystan әуекомпаниясы Астанадан Анкараға аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері ұшатынын хабарлады.

«Әуе компанияның мынадай артықшылықтары бар: төмен тарифтер, заманауи ұшақтар, қосымша қызметтерді таңдау», деп атап өтті FlyArystan.

@informburo_kaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды

Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, одан «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты; кокаин және каннобиноидты есірткі табылып, тәркіленді.

«Жалпы айналымы 4,6 млрд теңгені құрайтын және 27 мыңнан астам сатып алушыны құрайтын 22 интернет-дүкен әшкереленді», делінген агенттік хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

@informburo_kaz
7 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Партия төрағасы Ерлан Қошанов қаулыға қол қойды.

"Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады", делінген партия хабарламасында.

@informburo_kaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған

Бастауыш мектепте асхана мен спорт алаңы жоқ.

Қызылорда облысының Арал ауданында бастауыш сынып оқушылары 40 жыл бұрын салынған балықшылар жатақханасында білім алып жатыр. Ал жоғары сынып оқушылары, тіпті, білім ордасына өзен арқылы қайықпен қатынауға мәжбүр болған, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

@informburo_kaz
Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды

Бұл жөнінде үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

"Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашан да дайын. Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне, бірінші кезекте, мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінуі керек", – деді үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайыға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

@informburo_kaz
Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобаға сәйкес, мектеп оқулықтарының тізіміне келесі кітаптар қосылады:

• 5, 6, 7 сыныптарға арналған "Француз тілі";
• 6, 7, 8 сыныптарға арналған "Неміс тілі";
• 9 сыныпқа арналған "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер;
• 7, 8, 9, 10 сыныптарға арналған "Алгебра", "Геометрия", "Биология" қостілді оқулықтары;
• көзі көрмейтін білім алушыларға арналған Брайль қарпімен әзірленген 4, 6 сыныптарға арналған оқулықтар;
• көзі нашар көретін білім алушылар үшін үлкейтілген қаріпті 10, 11 сыныптарға арналған оқулықтар;
• 1-11 сыныптарға арналған жаңа цифрлық оқу басылымдары.

Жаңа оқулықтар 2023-2024 оқу жылынан бастап қолданысқа енгізілмек.

@informburo_kaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды

Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда алимент төлейтін 80 мыңнан астам адам бар. Ал арасында уақытылы төлемегендердің қарызы 14 млрд теңгеге жетіп отыр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

@informburo_kaz
Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз

Үкімет кулуарында журналистер ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліден "Масс медиа туралы" заң жобасындағы баспасөз картасының неге енгізіліп отырғанын сұрады.

"Баспасөз картасы журналистің мәртебесін айқындау, оларды блогерлерден айыру үшін беріледі. Жалпы, Еуроодақтың біраз мемлекетінде және Түркияда біраз жылдардан бері кеңінен қолданылады. Сондықтан, баспасөз картасын тәжірибесін шетелден алып отырмыз", – деп түсіндірді министр.

Министрдің айтуынша, блогерлер қызметі "Масс медиа туралы" заңымен емес, енді қолға алынған онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заңмен реттеледі.

Ал баспасөз картасын министрлік емес, журналистік қауымдастық тарапынан құрылатын комиссия береді.

@informburo_kaz
Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет кулуарында Ұлттық қордан балаларға ақша аудару ережелері қашан бекітілетінін айтты.

"2024 жылдан бастап осы тетік іске асырылады. Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балаларға тиісті инвестициялық кірістің 50 пайызы түседі. Осы 50 пайызы жылдың қорытынды бойынша әр балаға үлестірілетін болады. Жалпы Қазақстанда 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады", – деп түсіндірді министр.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бала 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырса, шоттағы ақшасын ала алмайды.

@informburo_kaz
Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады

Қазақстанда "Азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа түзету енгізу жоспарланып отыр.

Аталған түзетуге сәйкес, әуе кемесін құстар мен жануарлардан қорғау мақсатында комитет пен арнайы кеңес құрылады.

📍Кеңестің міндеттері

@informburo_kaz
Қасым-Жомар Тоқаев президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті

Ұлттық арнаның хабарлауынша, комиссия құрамына кіргендер:

Алауханов Есберген – «Наука и жизнь Казахстана» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы;

Бейсембаев Ғани – білім министрі;

Есқараев Азамат – әділет министрі;

Артур Ластаев – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;

Нұрбек Саясат – ғылым және жоғары білім министрі;

Асхат Оралов – мәдениет және спорт министрі;

Ударцев Сергей – конституциялық сот судьясы;

Хасанова Шахноза – «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры.

@informburo_kaz
Үкімет қаулысымен Галидулла Азидуллин экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

@informburo_kaz
Мемлекет басшысының төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы басталды

«Жалпы, елорданың даму барысы жаман емес. Былтыр әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсті. Ел өмірінде елордамыздың орны ерекше. Оған қойылатын талап та жоғары. Бұл – тек экономикаға байланысты емес, архитектуралық, урбанистикалық, рухани және әлеуметтік салаға қатысы бар мәселе.

Қазір шаһарда жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар. Біраз жерде интернеттің сапасы нашар. Мұны ашық айтуымыз керек. Яғни, өзекті мәселе аз емес. Астана – үлкен қала, көшіп келіп, тұрып жатқан азаматтар көп. Сол себепті, әлеуметтік инфрақұрылымға ауыртпалық түседі. Сондықтан, алдағы жұмыс барысында мынадай мәселелерге айрықша назар аудару қажет»,
— деді Тоқаев.

@informburo_kaz
Тоқаев: Астанадағы 200 үй тұруға жарамсыз

«Соңғы кезде ескі және апатты жағдайда тұрған үйлерді сүріп тастауға қатысты жұмыс тоқтап қалды. Оның орнына берілетін жаңа баспана саны 70 пайызға азайып кетті.

Қазір Астанадағы 200 үй тұруға жарамсыз. Қаланың Асан Қайғы көшесін жаңарту бағдарламасы бар. Бірақ 5 жылдың ішінде осы көшедегі ескі үйлердің небәрі 14 пайызы ғана бұзылған. Жұрт ғимараттардың тығыз салынып жатқанына наразы. Құрылысы тоқтап тұрған үйлер әлі де бар. Үлескерлердің шағымы да көп.

Кейбір тұрғын үйлерге орталықтан жылу беру мәселесі шешілмеген. Соның кесірінен адамдар дайын тұрған баспанасына көше алмай отыр. Сондай-ақ 360 астам үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу қажет»

@informburo_kaz