Informburo_kaz
1.54K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
🥩 Алматы мен Астанада ет қаншалықты қымбаттады?

Jusan Analytics жүргізген «Дастарзан индексі» бойынша:

▫️Астанада былтыр мамырда 2934 теңгеге бір келі ет жетсе, желтоқсанда 585 гр ғана болған;

▫️Алматыда 3514 теңгеге бір келі ет жетсе, желтоқсанда тек 920 гр болған.

📸: Jusan Analytics

@informburo_kaz
Әскердегі сарбаздар кредиттік демалысты биылдан бастап ала алады 🫡

Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын зерттеу агенттігі арасында тиісті меморандумға қол қойылған.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы, подполковник Руслан Жангулин Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Кредиттік демалысқа өтініш беру үшін банкке сарбаздың өзі баруы міндетті емес. Ол банктегі жұмысты атқару үшін жақын туыстарының біріне сенімхат бере алады. Сенімхатқа оның әскери бөлімде борышын өтеп жүргені туралы құжат негіз бола алады.

@informburo_kaz
Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамының жүк тасу айналымы 252 миллиард тонна-шақырымға дейін артты. Бұл – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіші. ЖПЭ-мен (жиырма пұттық эквивалентпен) есептегенде, жалпы контейнермен тасымалдау көлемі 1,129 мыңға дейін өсті.

Үш жылда барлығы 1285 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Бұл жүк тасымалының көлемін ұлғайтып, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол құрылысында пайдаланылатын қазақстандық өнімдер мен қызметтердің үлесі – 85 пайыз.

@informburo_kaz
Қазақ әйелдері қалай киінуі қажет? 👠

Бала күннен әдемі киінуге жаны құштар Бұлбұл Қалқанбаева жасы отыздан асқанда кеңседегі жұмысын біржола тастап, стилист кәсібін меңгерді. Ол бүгінде қазақ аудиториясына әдемі әрі үйлесімді киінуді үйретіп, өзі сияқты стилист мамандар дайындап жүр.

"Үйлесімді киіну – жеке тұлға ретінде жетістіктерге апаратын қадамдардың бірі", — дейді Бұлбұл Қалқанбаева.

Бұлбұл Қалқанбаева Информбюро тілшісіне берген сұхбатында киім талғамы туралы әңгімелейді.

📍Стилистпен сұхбат

@informburo_kaz
Әскерден келген жастар университетте тегін оқи алады

Осы мақсатта Қорғаныс министрлігі 42 жоғары оқу орнымен келісімшарт жасаған. Олар мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға 100 пайыз жеңілдікпен 3 мыңдай орын ұсынады.

Сонымен қатар оларға офицер атағын алу үшін әскери кафедраларда тегін оқу мүмкіндігі қарастырылған.

📍Бұл жеңілдіктерге кімдер ие бола алады?

@informburo_kaz
Қазақша үйренейік: сәлемдесуге арналған сөздер 🤗

Қазақ тілін үйренуге арналған жазбамыз көптің көңілінен шықты. Пікір қалдырған оқырмандар арасында күнделікті қолданатын сөздер туралы сұрағандар болды. Ендеше осы аптада қазақша амандасуды үйренейік 🤝

• Сәлеметсіз бе! — здравствуйте

• Сәлем — привет

Сәлем бердік (батыста) — здравствуйте (на западе)

• Армысыздар! — приветствую вас

• Қайырлы таң — доброе утро

• Қайырлы күн — добрый день

• Кеш жарық — добрый вечер

• Амансыз ба? — как ваше здоровье?

• Қалыңыз қалай? — Как ваши дела?
(менде бәрі жақсы — у меня все хорошо)

Жаңа сөздерді есте сақтау үшін бүгін бәрімен қазақша амандасыңыз 😊

@informburo_kaz
Премьер-министр инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынады

«Кейбір өңірлерде инвестиция 1-2%-ға ғана өскен, әкімдіктер оны жетістік деп түсіндіруге тырысты. Бірақ бұл – жақсы көрсеткіш емес, жүйелі жұмыстың жоқтығының белгісі», — деді Әлихан Смайылов.

2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,1 трлн теңге болған.

Үкімет басшысының сөзінше, ең төмен көрсеткіш өңірлер арасында Ұлытау (75,6%), Атырау (84,2%) және Жамбыл (86,5%) облыстарында.

Ұлытау облысында құны 27,1 млрд теңге болатын бес ірі жоба іске аспаған. Атырау облысында да өңірдің зор әлеуеті мен қорлары толық іске қосылмаған. Инвестициялардың 60%-дан астамы Теңізшевройл және KPI ірі жобаларына тиесілі.

@informburo_kaz
Павлодар облысының әкімі Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеуді тапсырды

Асайын Байханов алынбаған қызмет үшін толық төлемді есептеуді қолайсыз деп санайды, сондықтан «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС ЭЖЭО-ның нақты жұмысын ескере отырып, жаңа есептеулер ұсынуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Екібастұзда қаланы жылумен жабдықтау жағдайы бойынша жедел штабтың отырысында айтқан.

Қазір станция жабдықтары мен жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

@informburo_kaz
📚 Ұлттық академиялық кітапхана басшысы: Бізде кітапхана туралы заң жоқ

2022 жылы 24 қазанда Қазақстанда кітапханашылар күні тұңғыш рет мерекеленді.

Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Ғазиза Құдайберген Aiqyn басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы кітапханашылардың мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Қазақстанда кітапхана туралы заңның болмауы кітапханашылардың мәртебесін көтеру мәселесінде үлкен кедергі болып отыр.

"Кітапхана туралы заң қабылданса немесе "Мәдениет туралы" заңның ішіндегі кітапхана туралы бөлікке өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, кітапханашының мәртебесі көтерілер еді. Мәртебе көтерілуі үшін ең бірінші жалақысы жоғары болуы керек", – деді Ғазиза Құдайберген.

@informburo_kaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«LV FORCE» қаржы пирамидасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Сот Е.Лишконы кінәлі деп танып, оған тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігі.

2018 жылдан бастап Лишко Е.Е. Степногорск қаласының аумағында жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан кіріс алу мақсатында «LV FORCE» компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржылық пирамида қызметін ұйымдастырды.

Нәтижесінде осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асады.

@informburo_kaz
2023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылады

Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы қоғам талқысына ұсынылды.

Еске салайық, 2022 жылы да 1500 азаматты әскери жиындарға шақыру хабарланып, тамыз – қазан айлары аралығында әскери жиындарға 300-ден астам адам тартылды. Олар Алматы, Қарағанды, Жетісу облыстарында заманауи қару-жарақтар мен әскери техникаларды қолдану тәсілдерін меңгерді.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери жиын кезінде оған шақырылған азаматтың жұмыс орны, лауазымы, орташа айлық еңбекақысы сақталады. Ал әскери жиын ақталған соң, азаматтар біліктілігін растау үшін емтихан тапсырады.

@informburo_kaz
🏸 Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің топ-10 үздік теннисшілер қатарына кірді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінде қазақстандық спортшы 25-тен 10-орынға көтерілді.
Елена Рыбакина Аустралияда өткен ашық чемпионаттың финалисі атанған.

Бұған дейін жерлестерімізден ешкім ондыққа кірмеген еді.

@informburo_kaz
Былтыр Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғадан 203 адам қаза тапты

1465 жұмыскер зардап шекті, деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Өңірлер бойынша, Қарағанды облысында — 180 адам, ШҚО-да – 169 адам, Қостанай облысында – 142 адам, Павлодар облысында – 112 адам, Ақтөбе облысында – 103 адам, Алматы қаласында – 114 адам зардап шекті.

Ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия өнеркәсіптерінде – 16,2 % және құрылыс саласында – 15 %.

Жазатайым оқиғаларының негізгі себептері:

▪️жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,9%);
▪️өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (29%);
▪️жол қозғалысы ережелерін бұзу (9,4%);
▪️қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

@informburo_kaz
30 қаңтар – 4 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі

Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады.

Онлайн сабақтарды республиканың үздік білім беру орталықтары жүргізеді. Сабақтар білім беру орталықтарының жеке YouTube арнасында өтеді.

📍Сабақ кестесі

@informburo_kaz
АҚШ-тың қарызы 31 трлн доллардан асты. Оның Қазақстанға әсері қандай?

Ол жалпы ішкі өнімнің 136 пайызын құрайды. Мемлекеттік қарыз – АҚШ федерал үкіметінің қарызы.

Үкімет қарызға алған ақшаны бюджет тапшылығын жабу және түрлі шығындарды, мысалы денсаулық сақтау, инфрақұрылым, қорғаныс және тағы басқа сала шығындарын өтеу үшін жұмсайды. Яғни, мемлекеттік қарыз бюджет тапшылығы (шығыстардың кірістерден асып кетуі) салдарынан болады.

📍Макроталдаушы Аякөз Ханетова АҚШ-та дефолт болса, әлем елдерінің экономикасында рецессия басталады деп есептейді.

@informburo_kaz
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Жоғары сот кеңесі төрағасының айтуынша, судьялар корпусының құрамын қайта жаңарту мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде былтыр судьялық қызметке ұсынылған адамдардың саны сот жүйесінен кеткен судьялардың санынан асып түскен.

Мемлекет басшысының сот жүйесіне нақты сала мамандарын тарту жөнінде берген тапсырмасын орындау үшін алғаш рет жекелеген құқық салаларындағы заңгерлер арасында конкурс өткізілді. Конкурс жеңімпаздары аудандық деңгейді айналып өтіп, бірден облыстық соттың судьялары бола алады.

@informburo_kaz
@informburo_kaz оқырмандарының 45%-ы шетел асып көрмеген ✈️

3 апта бұрын телеграм каналымызда, саяхаттау туралы сауалнама жүргізген едік. Соның нәтижесін біле отырыңыз:

▪️Жауап бергендердің 45 %-ы шетелге мүлде шықпаған.

▪️23 %-нда тіпті төлқұжаты да жоқ.

▪️20 %-ы 1-2 елде болғанын және тек 2 %-ы 10-нан аса елді көргенін белгілеген.

*сауалнамаға жалпы 193 адам жауап берген.

@informburo_kaz
"7-20-25", "Бақытты отбасы" және өңірлік ипотекалар. 2023 жылы қалай баспана алуға болады?

Қазақстандағы 18 ипотекалық бағдарламаға шолу. Тұрғын үй бағдарламалары нарығындағы басты жаңалықтар:

▫️"7-20-25" бағдарламасы 2029 жылға дейін ұзарды;
▫️Жастарға арналған өңірлік бағдарламалар көбейді;
▫️Отбасы банкінің бірқатар ипотекалық бағдарламаларының шарттары жаңарды.

📍Бұл материалда осы және өзге де жаңалықтарды қамтитын 18 тұрғын үй бағдарламаның шарттарымен таныстырамыз.

@informburo_kaz
Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы қанша? 💸

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған "Өркен" білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды.

2023 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы жатақхана ақысын қосқанда 3 миллион теңгеден асады:

▪️грант сомасы: 2 172 539 теңге;
▪️жатақхана ақысын қосқандағы грант сомасы: 3 070 221 теңге.

2023-2025 жылдары НЗМ мектептерінің оқу гранттарына республикалық бюджеттен 100 млрд теңге қарастырылмақ:

2023 жылы – 32 874 165 мың теңге;
2024 жылы – 33 971 483 мың теңге;
2025 жылы – 33 604 084 мың теңге.

@informburo_kaz