Informburo_kaz
1.54K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
Астанадағы республикалық бас мешітте балалар алаңы ашылды

Балалар алаңы арнайы ойын құрылғысымен, ойыншықтармен жабдықталған.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық бас мешітте "Дін мен дәстүр" орталығы мен балалар алаңының ашылуына қатысты.

Жартылай киіз үй тігіліп, түрлі ұлттық жәдігерлермен жабдықталған орталық бөлмесі бір мезетте 120 адамға дастархан жайып, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуге арналған.

@informburo_kaz
Жаңарған Сенат: Қай сенатор қандай қызмет тізгінін ұстады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент сенатының отырысы өтті.

2023 жылғы 26 қаңтарда ҚР парламент сенатында жасырын дауыс беру арқылы палата төрағасы мен бірқатар комитет жетекшісі сайланды. Оларға сенаторлар бірауыздан дауыс берді.

Барлық сенатордың қолдауымен ҚР парламенті сенатының төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаев сайланды.

📍Толығырақ ОҚУ

@informburo_kaz
"Самұрық-Қазынада" 10 шетелдік басшының орнын отандық мамандар басты

Бір жылда директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің құрамындағы шетелдіктердің саны 40 пайызға қысқарды.

"Самұрық-Қазына" қорында топ-менеджерлердің саны 2 есе қысқарып, 5 басқарушы директордың үшеуі ауысты. Бір жылдың ішінде 12 ірі өндірістік компанияның 8-іне жаңа басшы тағайындалған. Олар – "ҚазМұнайГаз", QazaqGaz, "Қазатомөнеркәсіп", "Самұрық-Энерго", "Қазпошта", Qazaq Air, "Тау-Кен Самұрық", "Самұрық-Қазына Өндеу" компаниялары.

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" алаңында қордың қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов баспасөз мәслихатында хабарлады.

@informburo_kaz
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

Биыл банк елімізге 1,1 миллиард доллардан аса қаржы құюға және халықаралық инвестициялардың қазақстандық жобаларға тартылуына ықпал етуге ниетті. Көлік инфрақұрылымы және логистика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су ресурстары секілді салаларға басымдық беріледі.

Николай Подгузов былтыр Еуразиялық даму банкі Қазақстанға құйылған инвестиция мөлшерін 2021 жылмен салыстырғанда 5 есе өсіріп, 1,2 милиард долларға жеткізгенін, барлық жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындағанын айтты.

@informburo_kaz
Қазақстанда медресе-колледж оқушылары "Алаштану" және "Тұлғатану" пәндерін оқиды

Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады. Оның айтуынша, мұндағы мақсат – болашақ дін мамандарын ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу.

"Заманауи білім беру жүйесін, діни кадр даярлау мен дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру – біздің басты міндетіміз. Осы орайда "Білімді ұрпақ" жобасын жүзеге асырамыз", – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту бағытында көптеген жобалар жүзеге асып жатыр.

@informburo_kaz
🇰🇿Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында финалға шықты

Отандасымыз жартылай финалда беларус теннисшісі Виктория Азаренконы 7:6 және 6:3 есебімен жеңді.

@informburo_kaz
Мемлекет басшысы "Президент жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" жарлыққа қол қойды

Кеңестің құрылуы ұлттық ғылыми жүйені басқару ісін жетілдіруге және Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеуге ықпал етеді.

Кеңес құрамына халықаралық деңгейде танылған, ғылыми-зерттеу белсенділігі жоғары, ғылымның басым бағыттарында еңбек ететін академиктер мен ғалымдар енді.

Сондай-ақ кеңес құрамына Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Фицджеральд Джордж Смут III (АҚШ), сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бірқатар отандасымыз кірді.

@informburo_kaz
Жол не жолақ, көше не даңғыл, кент не қала. Айыра білесіз бе? 👀

Географиялық және әкімшілік-аумақтық жер атауларына шолу жасаймыз.

Көше мен даңғыл, қала мен кент, қыстақ пен ауыл, түбек пен шығанақ, көл мен теңіз, өзен мен канал, жол мен жолақтың айырмашылығы қандай?

📍Информбюро порталы танымдық топтама әзірледі.

@informburo_kaz
🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Иран ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджадпен кездесу өткізді.

Былтыр қаңтар-қараша айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 20%-ға өсіп, 500 млн долларға жеткен.

«Ауыл шаруашылығы қазіргі таңда даму перспективасы өте жоғары сала болып отыр. Оның өзара саудадағы үлесі – шамамен 80%. Біздің елдерімізде АӨК өнімінің тауар айналымын $1 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік бар», — деді Әлихан Смайылов.

@informburo_kaz
🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады

Ол 2048 жылға дейін жұмыс істейді деп жоспарланған.

Индустрия және инновациялық даму министрлігі Алматы облысында құрылатын G4 City арнайы экономикалық аймағы туралы ереже жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы тасжол бойында төрт заманауи аудан бой көтереді. Олар Gate District, Golden District, Growing District и Green District атауларына ие.

G4 City арнайы экономикалық аймағын құрудың мақсаты – облыстың жаңа аудандарына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалмен қамтамасыз ету.

@informburo_kaz
Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды

Алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылған, деп хабарлады сенат баспасөз қызметі.

@informburo_kaz
"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады

Өңірлік "Атырау жастары" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау 1 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Бағдарламаның шарттары қандай?

▪️Бастапқы жарна – 10%;
▪️Несие мөлшерлемесі – 5%;
▪️Несие мерзімі – 19 жыл;
▪️Атырау қаласы бойынша максималды сумма – 18 млн тенге (өңір аудандарында – 13 млн тенге);

Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Бұл ипотека бағдарламасына 18-35 жас (қоса алғанда) аралығындағы келесі сала мамандары қатысады.

@informburo_kaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?

Әлеуметтік желіде танымал болу үшін қауіпті трюктер жасайтындар көп. Әдетте, мұндай трюктерді кәсіби не әуесқой акробаттар не өзге мамандар жасайды да, желі қолданушылары оны қайталап жатады.

Алайда, дәрігерлер дайындық жасалған трюктер денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

@informburo_kaz
Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌

Зерттеуге алынған киік төлдері жартылай ерікті жағдайда ұсталады.

Бұл туралы бұйрықтың жобасын Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Ашық НҚА" порталына орналастырған болатын.

Экология министрлігі бұл бұйрықтың мәнін ақбөкендерге көп уақыттан бері зерттеу жүргізілмегенімен түсіндіреді.

Осыған байланысты Зоология институтына ақбөкен популяциясының негізгі параметрлерін – популяциясын, жыныстық-жас құрылымын, өлімін, өсуін, тіршілік ету ортасын шектейтін факторларды анықтау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу көзделген.

@informburo_kaz
💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады

Мәдениет және спорт министрлігі 3 жылға 16,5 млн теңге сұрап отыр.

Үстемеақы қазір базалық лауазымдық жалақының 50 пайызын құрайды, жоба қабылданса, ол 100 пайызға дейін өседі. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

Бұған дейін ол базалық лауазымдық жалақының 50 пайызын құрайтын еді.

Бұл өзгерістер өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалау, олардың кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіру, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыру мақсатында енгізіліп отыр.

@informburo_kaz
Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️

2023 жылы Kids go free бағдарламасымен ұшақпен тегін ұша алатын балалар саны 500 мыңға артады, деп мәлімдеді мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

"Биыл 2000 балаға ұшақпен тегін қатынауы үшін жағдай жасаймыз. Бұл отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндік. Мұнымен қатар, Kids go free бағдарламасын туроператорлар да пайдалана алады", – деді Асхат Оралов.

Бұдан өзге министр өтінім мен төлем қарау мерзімі қысқаратынын айтты.

@informburo_kaz
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президентке қаланың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және осы жылға арналған жоспары туралы баяндалды.

Жеңіс Қасымбек «Жайлы мектеп» жобасының іске асырылу барысы туралы есеп берді. Ұлттық жоба аясында жаңа форматтағы 100 мың орындық 25 мектептің жобасы жасалып жатыр. Мектептердің құрылысы биыл басталады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына ауызсу станциясы (ССС-3), жылу электр орталықтары, газ жылу станциялары құрылыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, ССС-3 станциясының қуаты тәулігіне 100 текше метрден астам суды тазалап, жеткізуге жетеді. «Тұран» газ жылу станциясы 8 миллион шаршы метр тұрғын үйді жылытуға қауқарлы. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

@informburo_kaz
Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді

"Жаңа баспана 8/15" тұрғын үй бағдарламасына 2022 жылғы мамырда 700, маусымда 360 және шілде-тамыз айларында 935 адамнан өтінім қабылданған. Олар 15% бастапқы жарна және 8% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй ипотекасын алады.

❗️Бірақ, бұл үшін үміткердің Отбасы банкінде алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде жинағы болуы шарт. Алайда, жылдық пайыздық мөлшерлемесі біршама төмен – 6%.

Осы орайда, Отбасы банкі Іnstagram желісінде бұл бағдарламаға үлгермеген қазақстандықтар үшін кезекке тұрмай-ақ және конкурсқа қатыспай-ақ ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді.

@informburo_kaz
🚗 Шетелдік автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу басталды

2023 жылғы 27 қаңтардан бастап міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы Қазақстанның барлық аумағында шетелдік автокөлік құралдарына техникалық тексеруден өткізеді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстанда 1815 техникалық тексеру орталығы бар. Бұл орталықтардың мекенжайы мен жұмыс уақытын miid@miid.gov.kz сайтынан көруге болады.

Жүргізушілер көлігін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін заңдастыра алады. Өтінішті еGov және eGov Mobile арқылы беруге болады.

@informburo_kaz
🥳 Екі дүркін чемпион Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

Мәскеуде «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнир өтіп жатыр.

Ресейлік шахматшы Сергей Карякин әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі.

@informburo_kaz
🥩 Алматы мен Астанада ет қаншалықты қымбаттады?

Jusan Analytics жүргізген «Дастарзан индексі» бойынша:

▫️Астанада былтыр мамырда 2934 теңгеге бір келі ет жетсе, желтоқсанда 585 гр ғана болған;

▫️Алматыда 3514 теңгеге бір келі ет жетсе, желтоқсанда тек 920 гр болған.

📸: Jusan Analytics

@informburo_kaz