🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
670 subscribers
383 photos
59 videos
6 files
123 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

📚Магистратураның бір және екі жыл оқу мерзімімен, өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламаларына түсу үшін:
1️⃣ кейсті шешу;
2️⃣ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сұхбат.

📔Магистратураның бір жыл оқу мерзімімен, негізгі кәсіптік қызметті біріктіре отырып, модульдік оқыту принципі бойынша білім беру бағдарламаларына түсу үшін:
1️⃣ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сұхбат.

📝Докторантураның үш жыл оқу мерзімімен, өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламаларына түсу үшін:
1️⃣ кейсті шешу;
2️⃣ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сұхбат.
3️⃣ зерттеу жұмысы (research proposal) жоспарының жобасын бағалау.

_

ЭТАПЫ КОНКУРСНОГО ОТБОРА ДЛЯ ПОСТУПЛЕНИЯ В АКАДЕМИЮ

📚Для поступления на образовательные программы магистратуры с отрывом от производства со сроком обучения один и два года:
1️⃣ решение кейса;
2️⃣ интервью на государственном, русском и английском языках.

📔Для поступления на образовательные программы магистратуры со сроком обучения один год по принципу модульного обучения с совмещением с основной профессиональной деятельностью:
1️⃣ интервью на государственном, английском и русском языках.

📝Для поступления на образовательные программы докторантуры со сроком обучения три года с отрывом от производства:
1️⃣решение кейса;
2️⃣интервью на государственном, русском и английском языках.
3️⃣ оценка проекта плана исследовательской работы (research proposal).

#академиягосуправления #академия #apakz #магистратура #докторантура
🤝АКАДЕМИЯНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев пен Академия ректоры Ерлан Әбілдің Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының профессорлық-оқытушылық құрамымен және қызметкерлерімен кездесу өтті.

Қызметкерлер Агенттіктің “халық үніне құлақ асатын”, тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі бастамалары туралы хабардар етілді.

Кездесуде өңірдің мемлекеттік органдарымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру мәселелері талқыланды.

#apakz #мемлекеттікбасқаруакадемиясы #академия #МҚІА
QRT тапсыру талаптары

🌞Сәлем достар!

Бүгін сағат 1️⃣4️⃣:3️⃣0️⃣ apa.kz парақшасында Qazaq Resmi Test тапсыру бойынша тікелей эфир өтеді.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар! Өз сауалыңызды қойып,жауабын алыңыз.

#академиягосуправления #академия #apakz #прямойэфир #тікелейэфир