🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
679 subscribers
385 photos
62 videos
6 files
126 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
1️⃣2️⃣ сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні құтты болсын!

🔸Құрметті әріптестер, ғылыми қызметкерлер, магистранттар және докторанттар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Еліміздің ғылым саласының дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Ғылыми жаңалықтарыңыз, алар асуларыңыз көп болcын!

🔸Бүгінгі таңда Академияда және филиалдарда 16 ғылым докторы, 31 PhD, 41 ғылым кандидаты еңбек етіп жатыр.

🔸Қазір Академия ғалымдары гранттық қаржыландыру аясында 3 жоба және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында 1 жобаны іске асырып жатыр.

🔸Айта кету керек, Академия ғылыммен айналысатын қызметкерлерін қолдап, «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен 2022 жылы 11 маманды шет мемлекеттерге тағылымдамаға жіберді. Оның 9-ы АҚШ-та, біреуі Ұлыбританияда және тағы 1 қызметкер Польшада тағылымдамадан өтті. Бүгінде олардың 8-і елге оралып, алған білімдері мен тәжірибесін іс жүзінде қолданып жатыр. 3 қызметкер АҚШ-тағы тағылымдамасын жалғастырып жатыр.
🔹Қасиетті Рамазан айында Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы қайырымды іс жасап, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетті. Бүгін Академия делегациясы «Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігіне балалардың еміне қажетті спорттық велотренажер сыйлады.

🔹«Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» 2018 жылы Астана қаласында әлеуметтік халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету мақсатында құрылды. Орталық церебральды сал ауруымен, даун синдромымен ауыратын және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектеседі. Қазір орталықта мүмкіндігі шектеулі 250 балаға тегін қызмет көрсетіледі.

🔹Балаларға Академия ұжымының атынан зор денсаулық, бақыт тілейміз. Аңсаған армандары орындалуына тілектеспіз. Ерекше балаларға қамқорлық көрсетіп, білім беріп отырған жандарға алғыс айтамыз!
Басқару институтының оқытушы құрамымен таныс болыңыздар🤩
Ораза айт құтты болсын!
Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстанның көпұлтты халқы арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Тәуелсіз еліміздің осындай деңгейге көтерілуі – ұлттар арасындағы достықтың, сыйластықтың арқасы. Осы бейбітшілігіміз, егемендігіміз мәңгілік болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, қуаныш тілейміз!

🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Уважаемые соотечественники!

От всей души поздравляем Вас с Днем единства народа Казахстана – праздником дружбы, понимания и согласия.

Все успехи и достижения независимого Казахстана — это, прежде всего, результат великой и нерушимой дружбы всех казахстанцев независимо от их национальной и религиозной принадлежности.

Желаем всем крепкого здоровья, благополучия, мира и процветания каждому дому!
🗣️ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВ:

Ашықтық пен әріптестік жаңа басқару мәдениетінің өзегіне айналуы маңызды.
Бірінші кезекте басшылар қоғам тарапынан айтылатын сын-ескертпелерді жанашырлықтың белгісі деп түсінуі абзал. Яғни, жетістікті көрмеу соқырлық болса, кемшілікті көрмеу - жаны ашымағандықтың белгісі екенін түсінгеніміз жөн.

Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовтің «Ашық үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөйлеген сөзінен.