🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
692 subscribers
385 photos
62 videos
6 files
126 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
📌 КЕЙСТІ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

1️⃣ Терең білім. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу және қолдану.

2️⃣ Аналитика. Дәлелдеме және дәлелдер қоры, мәселені шешу бойынша идеяларды жинақтау.

3️⃣ Стандартты емес ойлау. Тапсырмаларды шешудің балама және айрықша жолдары, шығармашылық тәсіл.

4️⃣ Кейстің дәлелді шешімі.

#apakz #мембасқаруакадемиясы #кейстішешу

____________

📌КРИТЕРИИ ПО ОЦЕНИВАНИЮ КЕЙСА

1️⃣ Глубина знаний. Знание и применение стратегических и программных документов.

2️⃣ Аналитика. Аргументация и доказательная база, синтез идей по решению проблемы.

3️⃣ Нестандартность мышления. Альтернативные и оригинальные пути решения задачи, творческий подход.

4️⃣ Аргументационное решение кейса.
📌 СҰХБАТТЫ БАҒАЛАУ

ТЕРЕҢ БІЛІМ. Толық, жан-жақты, дәлелді жауап. Өзінің кәсіби қызметінің бағыттары бойынша жоғары деңгейдегі хабардарлық. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды терең білу және талдау.

ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУҒА ҰМТЫЛУ. Нақты білім мен дағдыларды меңгеруге ынта-жігерінің болуы, бағдарламаны таңдау және Академияға оқуға түсу себептері, өзінің күшті және әлсіз жақтарын білу.
Оқу аяқталғаннан кейін игерген кәсіби құзыреттерді қолдану келешегі туралы ой-пайымы.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОЙЛАУ. Саланың ұзақ мерзімді даму үрдістерін түсіну, мүмкіндіктерге және жетістіктердің сыни факторларына көзқарасы. Тәуекелдерді және оларды жеңу жолдарын анықтау. Белгісіздік деңгейі жоғары жағдайлардағы жұмыс тиімділігі.

КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын). Жүйелілік және логика, баяндаудың дәлелділігі, негізделген тұжырымдар мен практикалық ұсынымдар. Өз көзқарасын қысқаша, көрнекі түрде, толық жеткізе алу. Әңгімелесуші тарапты әңгімеге тарта білу, жағымды әсер қалдыра білу.Эмоционалды жағдайды бақылау
🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
Photo
😉QRT-ді НӘТИЖЕЛІ ТАПСЫРУ ЛАЙФХАКТАРЫ

QRT 4️⃣ бөліктен тұрады: Тыңдалым, лексика-орфография, жазылым және сұхбат;

👤«Тыңдалым» бөлігі бір аудио тапсырмадан және 5 тесттен тұрады, орындау уақыты – 5 минут:
- 1,5-2,5 минуттық бейнені мұқият тыңдаңыз. Сіз сұрақтарға видео материалды тыңдау кезінде немесе одан кейін де жауап бере аласыз, 5 минуттың ішінде барлық сұрақтарға жауап беруіңіз қажет;
- Егер сіз барлық сұрақтарға жауап бере алмасаңыз, ал уақыт аяқталса, тест автоматты түрде жабылады. Сіздің барлық жауаптарыңыз сақталады.

👉🏻 Лексика-орфография бөлігі 10 тесттен тұрады, орындау уақыты – 10 минут:
- Тесттер сөздердің мағынасын, орфографиялық нормаларға сәйкес сауатты жазуды анықтау мақсатында әзірленген. Бұл бөлімде белгіленген уақыт бар, оны орындау уақыты – 10 минут.

✍🏻 Сіз жазылым бөлігінде ұсынылған нақыл сөздермен 5 сөйлемдік ресми мәтін құрастыруыңыз қажет, берілген уақыт – 10 минут:
- Ең алдымен нақыл сөзді мұқият оқып, мазмұнын түсініңіз;
- Мәтіннің 1-сөйлемі нақыл сөздің өзектілігін, 2-4 сөйлемдерде нақыл сөздің талдамасын, 5-сөйлемде нақыл сөз бойынша қорытынды ойды білдіру керек. Мәтін құрастыру барысында әр сөйлемде аргумент (тірек ой) болуын қадағалап отырыңыз. Әр сөйлемде аргумент (тірек сөздер) бар жазылым жақсы бағаланады.

📝Сұхбаттың сұрақтарына нақты, аргументті жауап беруге тырысыңыз. Жазылым мен Сұхбат бөліктері бір-бірімен байланысты. Жазылымда берілген нақыл сөздің бізге қандай ақпарат жеткізіп тұрғандығы, нақыл сөздің өзектілігі, нақыл сөз бойынша өз көзқарасыңызды білдіріп, компьютер арқылы қойылған сұрақтарға жауап бересіз. Сұхбаттың 3 сұрағына жауап беруге 5 минут уақыт беріледі.

QAZAQ RESMI ТЕСТІЛЕУІНЕН ӨТУДЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ❗️
📌Конкурсный отбор: RESEARCH PROPOSAL

Третий этап для претендентов, поступающих на программы докторантуры: оценивание проекта Плана исследовательской работы (research proposal).

В проекте Плана исследовательской работы излагается актуальность, критический анализ, предположительные методы исследования и возможные пути решения проблемы/вопроса.

Проект должен включать только ту информацию, которая необходима для раскрытия темы, иметь грамотное композиционное построение, быть логичным, чётким по структуре;

Проект должен показывать, что его автор знает и осмысленно использует теоретические понятия, термины, обобщения, мировоззренческие идеи, а также содержать аргументацию позиции по заявленной проблеме/вопросу;

📝Объем проекта исследовательской работы – не более 1️⃣5️⃣0️⃣0️⃣ слов на одном из языков: государственном, русском или английском.

Результаты проекта Плана исследовательской работы экспертами выставляются в Личном кабинете Претендента.
🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
Photo
💫ВЫПУСКНИК ОБ АКАДЕМИИ

Госслужба пожалуй одно из немногих мест, где есть возможность не только карьерного роста, но и профессионального развития.

Ежегодно Академия государственного управления при Президенте распахивает свои двери для сотен госслужащих, желающих пройти обучение по программам магистратуры и докторантуры👍

Мое желание поступить в Академию зародилось давно под впечатлением от рассказов старших товарищей, уже имевших диплом АГУ.

Непросто было совмещать работу и подготовку к поступлению, но мотивация была выше любых трудностей.
Один год в Национальной школе государственной политики пролетел как один день.

Но даже за столь короткое время я приобрёл уникальные знания, пережил массу эмоций, познакомился с госслужащими абсолютно разных отраслей, с которыми мы поддерживаем дружеские отношения и после окончания.

Атмосферу в Академии нельзя передать словами, ее можно только прочувствовать🔥

Еще не прошел год с момента вручения диплома, а в моем профессиональном развитии произошли кардинальные изменения: я перешел на работу с территориального департамента в центральный аппарат, а буквально на днях по результатам конкурса назначен в Министерство культуры и спорта.
 
Конечно поступить и закончить Академию было непросто, но оно того стоило. И если кто-то еще находится в раздумьях насчёт поступления, то мой совет: не стоит тратить время на сомнения – лучше испытать возможности.

Бахриразиев Рамиль, MPM-2020          @bakhriraziev
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💫Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік қызметшінің болмысы

15 маусымда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік қызметшінің болмысы» атты ашық форматта пікір алмасу алаңы өтті.

Іс-шара мақсаты - Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жолындағы мемлекеттік қызметшінің болмысын талқылау мен түсінуге бағытталған.

Сарапшылар мемлекеттік қызметшінің халыққа адал әрі кәсіби қызмет көрсетуі, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту, БАҚ тарапынан қолдау арқылы мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік тілдің мәртебесі, оқыту бағдарламаларына тарихи тұлғалардың өнегесін енгізу туралы сөз қозғады.
Кездесуде мемлекеттік қызметшінінің халық алдында ашық болуы, қызметтік міндеттерін орындап қана қоймай қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өзгелерге үлгі болу керектігі айтылды.

Кездесу барысында сарапшылар өз ұсыныстарын ортаға салып, мемлекеттік қызметшінің болмысына қатысты пікірлермен бөлісті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💫 АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ТҮС!

Академияға құжат тапсырсам ба әлде жоқ па деп ұзақ ойланып жүрсіз бе?🤔

Ойланғаныңыз жетер, енді әрекет ету керек!

Неге Академияны таңдау қажет? Ол несімен ерекше? деген сұрақтарыңызға жауаптар осында👇🏻

📌АКАДЕМИЯДА ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Кәсіби және тұлғалық құзыреттерді арттыру
👨🏻‍🏫 Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы
📍Халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндігі
📚2 дипломдық білім алу мүмкіндігі
🧑🏻‍🎓Жұмыс орнының, лауазымының сақталуы
👍Лауазымдық жалақы мөлшеріндегі стипендия
🏠Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үйде тұру мүмкіндігі

🌐 Құжаттарды біздің www.apa.kz сайтында ОНЛАЙН тапсыруға болады!
ЖАЗЫҢЫЗДАР! ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗДАР! БІЗ СІЗДЕРГЕ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСУГЕ ҚАШАНДА ДАЙЫНБЫЗ!

8(7172) 753395; 8(7172) 753443; 8(7172) 753143
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💫ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР, СІЗДЕРДІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Бәріне сәлем 🙌🏻

Осы сенбі, 25 маусым күні сағат 10:30-да Академияда осы қабылдау науқанының соңғы Ашық есік күні өтеді, онда Сіздерге Академия, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары туралы толығырақ ақпарат беріледі. Сондай-ақ, КЕЙСТІ ШЕШУ іріктеу кезеңінің барлық қыр-сырын білуге мүмкіндік аласыздар!

Келіп, Академияға оқуға түсуге қатысты сұрақтарыңызға Институт директорларынан толық жауаптар алыңыздар.

‼️Тіркелу сілтемесі️ біздің парақшамыздың профильінде☝️

📍Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 33а
🕙Басталуы: 10.30-да
‼️Академияға кіру жеке куәлікті көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Сіздерді Академияда күтеміз🤗

Оқуға түсуге қатысты сұрақтар бойынша:
📲 +7 7172 75 33 95;
+7 7172 75 34 43;
+7 7172 75 31 43
💫ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің түлегі Раслана Салманованы және “Өңірлік даму” білім беру бағдарламасының магистранты Мирас Жұмаділовті 2022 жылғы “Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі” республикалық конкурсындағы
жеңістерімен құттықтаймыз!👏

📌Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу қарсаңында 2022 жылғы “Үздік мемлекеттік қызметші” жыл сайынғы конкурсы өткізілді. Конкурс келесідей 2 кезеңнен тұрды:

өңірлік іріктеу, оның аясында “Патриотизм құндылықтарын дәріптеу” тақырыптық кейсін шешу қарастырылды, сондай-ақ “Мемлекеттік қызметті бюрократиядан арылту” тақырыбы бойынша идеялар немесе іске асырылған жобалар ұсынылды;

республикалық кезеңде құрамында саяси мемлекеттік қызметшілер бар комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысушылармен әңгімелесуі өткізілді.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының онлайн дауыс беруіне бағытталған 30 жоба іріктелді.

Әртүрлі номинациялар бойынша барлығы 10 жеңімпаз анықталды 🥳
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 БҮГІН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ!

Барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.

Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер.

Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, халыққа арналған игілікті еңбектеріңізге жетістік және кәсіби шеберліктеріңіздің артуына шын жүректен тілектеспіз!

___

🇰🇿 СЕГОДНЯ – ДЕНЬ ГОСУДАРСТВЕННОГО СЛУЖАЩЕГО!

Поздравляем всех государственных служащих с профессиональным праздником!

Несение государственной службы-это знак особого доверия со стороны общества и государства.

Потому что государственный служащий-это связуещее звено между обществом и властью.

Уважаемые коллеги, от всей души желаем вам крепкого здоровья, счастья, семейного благополучия, успехов в благородном труде и профессионального роста!
📣 Назар аударыңыздар, БОС ЛАУАЗЫМДАР КОНКУРСЫ!

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
https://www.apa.kz/bos-oryndar/ бөлімінде Сіз ұмтылып отырған лауазым талаптарымен таныса аласыз.

📆 Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 22 шілдесі күні сағат 18.30-ға дейін қабылданады.

📨 Құжаттарды қабылдау: Академияның hr@apa.kz электрондық поштасына немесе пошта немесе қолма-қол беру арқылы жүзеге асырылады («ПОҚ конкурсына» белгісімен).

📣 Внимание, КОНКУРС!!!

Академия государственного управления при Президенте РК объявляет конкурс на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава.
В разделе https://www.apa.kz/ru/vakansii/ Вы можете ознакомиться с требованиями на претендуемую должность.

📆 Документы на конкурс принимаются до 18:30 часов 22 июля 2022 года.

📨 Прием документов осуществляется: на электронную почту hr@apa.kz или почтой или нарочно (с пометкой «На конкурс ППС»).
💫ОТЗЫВ ВЫПУСКНИКА

Окончив университет и получив диплом юриста, я не предполагал, что передо мной снова возникнет вопрос обучения. Со временем я пришел к осознанию того, что необходимо расширять свои возможности, кругозор и наращивать, как это принято сейчас говорить, свои «skills».

Известно, что единственным высшим учебным заведением в Казахстане в сфере государственной службы является Академия государственного управления при Президенте РК. Долго не задумываясь, я принял твердое решение «поступать!».
Испытав на себе все прелести от учебного процесса, знакомства с новыми людьми, встреч с авторитетными политическими деятелями, понимания как строится наше общество и как формируется политика нашего государства, я с уверенностью могу сказать, что все полученное в Академии принесет вам мультипликативный успех.

📌Особого внимания заслуживают «дни развития», которые проходят на еженедельной основе в Академии. Иначе они именуются как «Development day». Каждую пятницу обучающиеся имеют возможность послушать лекции отечественных и международных экспертов, принять участие в дебатах, показать свои творческие способности, улучшить свое ментальное и физическое состояние.

❗️Для всех, кто сейчас читает этот текст и до сих пор сомневается поступать или нет в Академию, я бы хотел дать один совет. Да, учиться тяжело и скучно, но если бы было легко, имело бы все это и наше будущее такую огромную цену?!  Нам не придется больше учиться, это все случается только один раз, поэтому так важно один раз получить качественное образование, чтобы потом эти знания вернулись к нам успехом, хорошей работой и благополучием.
Чтобы каждый житель нашей страны почувствовал позитивные изменения, нужно привлечь в ряды государственных служащих подготовленные молодые кадры.
А такие молодые кадры готовятся в Академии государственного управления при Президенте РК.

Абильдин Мадияр -выпускник Академии,MPP 2017

#apakz #академия #госуправление#отзыв #магистратура #докторантура
🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
Photo
💫DECIDE жобасы аясындағы жұмыс

2022 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Еуропалық Одақтың Эразмус+ [DECIDE] «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қызметтерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде серіктестер әзірлеген «Қажеттіліктерді қанағаттандыру – қарым-қатынас және өзара іс-қимыл» 6 оқу модулі таныстырылды.

Іс-шара аясында Академияға Шеннон технологиялық университетінен: Мидлендс, Орта Батыс (Ирландия) Джеральд Кавана, Моника Буковска мен Падрайг Кирби және Дрезден техникалық университетінен (Германия) Джерард Каллен мен Свен Ридделл келді. Жұмыс тобының мүшелері Жаңыл Бекмұрзаева, Эльмира Жолдыбаева, Айслу Сулейманова және Айдана Алдиярова жоба жұмысының нәтижелерін ұсынды.    

6 модульді Академия оқытушысы, жұмыс тобының мүшесі Әсел Кенжетаева таныстырды. Модульдің мақсаты – ЖОО тыңдаушыларының инклюзивті білім беруге оң көзқарасын қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істей білу, қиын жағдайларда бағдарлай білу, мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларын шешу.

Одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру аясында Қолданбалы зерттеулер институтының директоры Айгүл Көшербаевамен кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер мен ҮЕҰ өкілдері арасында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру бойынша DECIDE жобасы аясында орындалатын іс-шараның маңыздылығы атап өтілді.

#apakz #докторантура #магистратура