🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
676 subscribers
383 photos
59 videos
6 files
123 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
🇰🇿25 ҚАЗАН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
⠀⠀
🔷Академияда 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ арналған «ҚАЗАҚСТАНЫМ – МАҚТАНЫШЫМ!» тақырыбында патриоттық мазмұнда өлең оқу/ән орындау байқауы өтті.

🔷Байқауға Академия докторанттары мен магистранттары және қызметкерлері қатысып, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан патриоттық мазмұнда жазылған өлеңдерін оқып, әндерін орындады.

🔷Бұл байқауда мемлекетті қызметшілеріміз кәсіби маман, білікті басқарушылық қабілеттерінен бөлек шығармашылық таланттарымен де танылды. Байқауға қатысушылар егеменді елімен, гүлденген астанасымен мақтанатындықтарын, болашақта мемлекетіміздің дамуына үлесін қосуға дайын екендерін өздерінің авторлық шығармалары арқылы жеткізді.

🔷Байқауға қатысқандар Академия басшылығының тағайындаған жүлделерімен марапатталып, Ректордың Алғысхатын иеленді.

🔷Байқаудың мазмұнды өтуіне белсенділік танытқан барлық қатысушыға алғыс білдіреміз. Білім алудағы ізденістеріңізге сәттілік тілейміз.

🟦Егемендігіміз тұғырлы,
Елдігіміз мәңгілік болсын!
ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ АЯҚТАЛДЫ


📍Бүгінгі күні Орталықта 520 тындаушы аттестациядан өтті, оның 400-і орталық мемлекеттік органдардың, 120-сы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері.

📍Курстарды оқыту үшін Академия жобалық менеджмент саласында сертификатталған мамандардың жаттықтырушылар құрамын дайындады.
Оқу сағаттарының саны – 72 академиялық сағатты құрайды. Оқыту үш аптаға созылады және өндірістен қол үзбей жүргізілді.

📍Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар тыңдалған курсы туралы сертификат алады, ол жобалық менеджмент бойынша кәсіби сертификаттаудан өтуге құқық береді. Жобалық қызметке тартылған 619 мемлекеттік қызметші үшін сертификаттау емтихандарын оқыту және өткізу бекітілген кестеге сәйкес жеті ағымға бөлінген.

📍 Іс-шара біліктілікті арттыру курстары шеңберінде жобалау қызметіне тартылған мемлекеттік қызметшілерді оқытуды және сертификаттауды көздейді.
Баршаңызға қайырлы күн🤚🏻 Күндеріңіз сәтті өтсін😊. Ертеңге жоспарланған #development #day іс-шарасына белсенді қатысуға шақырамыз.
_____

Доброго дня,друзья🤚🏻 Приглашаем Вас принять активное участие на #Developmenday


#apakz #мемлекеттікбаақаруакадемиясы #академиягосупраления
AN HOUR WITH THE AMBASSADOR

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Солтүстік Македония Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Сали Лимани мырзамен кездесу өтті.

🔸Әдеттегі дәстүр бойынша, ректор Ерлан Қуанышұлы Әбіл Солтүстік Македония Елшісін арнайы қабылдады. Кездесу барысында ректор Академияның тарихына, миссиясына қысқаша шолу жасап, білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Қазақстан мен Солтүстік Македония арасында білім беру саласы бойынша байланыстарды дамыту жолдарына ерекше назар аударылды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін Македонияның жекелеген оқу орындарымен екі жақты келісім жасасып, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске қосу және ортақ зерттеу жобаларын жүргізу мүмкіндігі талқыланды.  

🔹Сонымен қатар, Академия ректоры екі ел арасында ынтымақтастық орнатуда Астана Мемлекеттік қызмет хабының рөліне тоқталып, хабқа мүше ел ретінде Македония тарапы да жыл сайын бөлінетін грант мүмкіндігін пайдалана алатынын жеткізді.

 
🔹Сегодня в Международном финансовом центре «Астана» состоялось очередное заседание дискуссионной площадки клуба «Экономист+» Академии на тему «Новые тренды в государственном управлении».

🔸В заседании клуба приняли участие представители профессорско-преподавательского состава Института управления, а также магистранты и докторанты Академии.
В ходе мероприятия выступил глава департамента по международному бизнесу «Международного финансового центра «Астана» Сембинов Т., который ознакомил участников дискуссионной площадки с деятельностью центра.

🔹Учитывая тематическую направленность клуба «Экономист+», на дискуссионную площадку в качестве спикера был приглашен руководитель управления Департамента государственных доходов по г.Астане А.Медетов, который ознакомил с принимаемыми налоговыми органами мерами по пресечению незаконного вывоза капитала за рубеж, с действиями налоговых органов в части обнаружения и выявления экономических нарушении в лице юридических и физических лиц.
«ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ: ӨКІЛДІК БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

🔸Ақтөбе өңірінің 22 мәслихат депутаты 2 апта бойы 80 академиялық сағат көлемінде 10 сарапшы-тренерден қазіргі сын-қатерлер жағдайында тиімді қызмет ету үшін жаңа білім игеріп, біліктіліктерін арттырды.

🔹Семинар қатысушылары өңірлерде бюджеттік саясатты іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады, қоғаммен өзара іс-қимыл барысында ашықтық пен айқындықты, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін зерделеді, жергілікті өзін-өзі басқарудың даму үрдістеріне талдау жасады.

🔸Қарқынды оқу барысында практикалық кейстер шешіліп, депутаттық қызметті тиімді ұйымдастырудың жолдарына да баса мән берілді.

🔹Оқу нәтижесі бойынша Академия ректоры Ерлан Әбіл @abilyerlan қатысушыларға семинарды табысты аяқтағаны туралы сертификаттарды табыс етті.