🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
693 subscribers
385 photos
62 videos
6 files
126 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
Баршаңызға 🤚🏻🤚🏻🤚🏻🤚🏻

Сіздерді ертеңгі #2 “Development day-ге” шақырып, жұма күнгі бағдарламаны ұсынамыз!
__

Всем 🤚🏻🤚🏻🤚🏻

Друзья, приглашаем вас завтра на “Development day” #2 и представляем вашему вниманию программу на эту пятницу.

#apakz #Developmentday #приглашаем
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ертеңге жоспарланған іс-шараға шақырамыз👍
_____________
Приглашаем на Development Day😉
#apakz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
☺️Қайырлы күн,құрметті әріптестер,магистранттар мен докторанттар!

Сіздерді аптаның әр жұмасы күні өтетін “Development Day” іс-шарасына шақырамыз!

______

Уважаемые,коллеги,магистранты и докторанты. Приглашаем вас на Development Day😊

#apakz #developmentday #DD #академиягосуправления #мемлекеттікбасқаруакадемиясы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа YouTube жоба🥳
“БОЛМЫС”
🗣️Алғашқы қонақ: Зүлфия Сүлейменова - ҚР экология,геология және табиғи ресурстар вице-министрі

https://www.youtube.com/watch?v=jnf3mk1Q_60
❗️❗️❗️
*ХАБАРЛАНДЫРУ*

*РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ* ОРАЙ *20.10.2022* күні
ПАТРИОТТЫҚ ӨЛЕҢ ОҚУ/
ӘН АЙТУ КОНКУРСЫ ӨТЕДІ.

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛАДЫ.

БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДЫ СҰРАЙМЫЗ.

СЦЕНАРИЙ ЖАЗУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАЛАР ҚАЙТАЛАНБАУЫ ҮШІН АЛДЫН-АЛА АҚПАРАТ БЕРУЛЕРІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ.
1) Аты-жөні
2) Мамандығы, курсы
3) Шығарманың аты, авторы

Ақпарат *19.10.2022* сағат *13:00*-ге дейін тіркелуі керек.
📞75-32-70
+7 701 528 5744
Нұргүл Эмертайқызы
306-кабинет

*P/s* Уақыты, өтетін орны қосымша хабарланады.
🇰🇿🇧🇪БРЮССЕЛЬ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫМЕН КЕЛІСІМ ОРНАТЫЛДЫ

Академия Бельгияның Сыртқы істер министрлігінің екіжақты ынтымақтастық дирекциясы бас директоры Йерон КУРЕМАН жетекшілігімен келген Бельгия делегациясын қабылдады. Кездесуге Бельгия тарапынан Бельгияның Қазақстандағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Анри ВАНТИГЕМ, елшілік қызметкерлері, Бельгия және Қазақстан СІМ өкілдері, Академиядан вице-ректор Б.Бокаев, Халықаралық әріптестік секторы және Дипломатия институты қызметкерлері қатысты.

🔸Кездесу барысында вице-ректор Бельгия тарапын Академиямен таныстырып, оқу бағдарламалары туралы айтып өтіп, ынтымақтастық мәселелеріне тоқтатылып өтті. Бельгия тарапы да екі мемлекет арасында оқу-ағарту және мәдени байланыстардың әрі қарай дамуына ниетті екенін білдірді.

🔹Кездесу соңында Брюссель Еркін Университеті жанындағы Брюссель дипломатиялық академиясымен Академиялық және мәдени ынтымақтастық туралы жалпы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Бельгия делегациясына арналып Академияда шағын тур ұйымдастырылды.
«An hour with the Ambassador»

🔸Академияда әр жұма сайын Development Day шеңберінде «An hour with the Ambassador» атты Елшілермен кездесу өткізіледі.

🔹Аталған іс-шараға алғашқы қонақ ретінде Корея Республикасының Елшісі Ку Хонг-Сок мырза қатысты.

🔸Кездесудің бірінші бөлігінде Елші Академия ректоры Ерлан Әбілмен кездесіп, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау, білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Корея тарапымен жасалған меморандумдар мен келісімдерді қайта жаңғырту қажеттілігіне назар аударылды.

🔹Кездесудің жалғасы ретінде Корея Елшісі академияда білім алушыларға арнап еркін форматта қонақ дәріс өткізді.

🔹Дәріс барысында Ку Хонг-сок мырза дипломат ретінде өз тәжірибесімен және конструктивті идеяларымен бөлісіп, Корея мен Қазақстанның даму жолындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерге тоқталып өтті. Сондай-ақ Елші әрбір білім алушымен жеке танысып, сұрақтарына жауап берді.
🇰🇿25 ҚАЗАН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
⠀⠀
🔷Академияда 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ арналған «ҚАЗАҚСТАНЫМ – МАҚТАНЫШЫМ!» тақырыбында патриоттық мазмұнда өлең оқу/ән орындау байқауы өтті.

🔷Байқауға Академия докторанттары мен магистранттары және қызметкерлері қатысып, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан патриоттық мазмұнда жазылған өлеңдерін оқып, әндерін орындады.

🔷Бұл байқауда мемлекетті қызметшілеріміз кәсіби маман, білікті басқарушылық қабілеттерінен бөлек шығармашылық таланттарымен де танылды. Байқауға қатысушылар егеменді елімен, гүлденген астанасымен мақтанатындықтарын, болашақта мемлекетіміздің дамуына үлесін қосуға дайын екендерін өздерінің авторлық шығармалары арқылы жеткізді.

🔷Байқауға қатысқандар Академия басшылығының тағайындаған жүлделерімен марапатталып, Ректордың Алғысхатын иеленді.

🔷Байқаудың мазмұнды өтуіне белсенділік танытқан барлық қатысушыға алғыс білдіреміз. Білім алудағы ізденістеріңізге сәттілік тілейміз.

🟦Егемендігіміз тұғырлы,
Елдігіміз мәңгілік болсын!