🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
661 subscribers
382 photos
59 videos
6 files
123 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚀🚀Development day

1️⃣ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
📍🕒 9:30, Коворкинг

2️⃣ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ
📍🕒 11:00, Кітапхана

3️⃣ ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ: ШЫНЫМЕН ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?
📍🕒 12:00, Қызыл зал холлы

4️⃣ INTRODUCTION TO QUALITATIVE RESEARCH METHODS IN SOCIAL SCIENCES
📍🕒 12:00, 705 ауд.

5️⃣ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ PROJECT MANAGEMENT: КӘСІБИ СЕРТИФИКАТТАУ
📍🕒 14:00, Коворкинг

6️⃣ BOOK DATING: КЕМЕЛ АДАМ
📍🕒 15:00, Кітапхана

7️⃣ JEOPARDY – ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫ ОЙЫНЫ
📍🕒 15:15, Қызыл зал холлы

8️⃣ TOPICS, VIEWS, APPROACHES:
NEW RESEARCH AGENDA FOR KAZAKHSTAN AND THE EURASIAN REGION
📍🕒 16:00, Coworking
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Осыдан бір жыл бұрын мен Академияның магистратура бағдарламасын “Адами ресурстарды басқару” мамандығы бойынша аяқтадым.

Таңдаған мамандығым мемлекеттік қызметте енді-енді дамып келе жатыр. Адами ресурстарды басқару саласындағы үздік мамандармен ой бөлісіп, тәжірибе алмасқан біздің кәсіби дамуымызға үлесін тигізді.

Академияны аяқтаған соң мен бірден салалық бөлімшеге ауысып, міндеттерімді атқара бастадым. Бүгінгі күні 13 адамнан құралған тобымыздың жартысының қызметтері өсіп, ел игілігі үшін еңбектенуде.

Академияның 2021 жылғы түлектерінің атынан баға жетпес білім мен тәжірибе үшін алғыс білдіремін.

Барлық әріптестерімді өз мүмкіндіктеріңізді сынап, Акакдемияға оқуға түсуге шақырамын.

Алтынай Закарья - Академия түлегі, 2021
📌Құзыреттілікті бағалау орталығын пайдаланудың артықшылықтары

👉🏻Ұйым үшін
• Қызметкердің немесе кандидаттың әлеуетін объективті тәуелсіз бағалау.
• Ұйымның нақты қажеттіліктеріне байланысты әрбір қатысушының құзыреттілігін бағалау.
• Ұйымның ағымдағы және болашақ мақсаттарына жету үшін қызметкерлерді дамыту мүмкіндігі.
• Жоғары әлеуеті бар қызметкерлерді анықтау және табысқа жету ықтималдығы жоғары менеджерлердің талантты қорын қалыптастыру.

👉🏻Қызметкер үшін
• Бағалау кезінде атқарған міндеттеріне қарамастан әрбір қызметкер/кандидат үшін тең бағалау шарттары.
• Ұйымның иерархиясындағы орнына қарамастан жеке әлеуеттің көріну мүмкіндігі.
• Бағалау нәтижелеріне негізделген мансаптық қызығушылықтарыңыз бен үміттеріңізді дәлелді түрде білдіру мүмкіндігі.
• Дұрыс пайдаланған кезде өзін-өзі дамытуға ықпал ететін кәсіби кері байланыс алу.
 
Құзыреттілікті бағалау орталығының барлық сұрақтары бойынша +7 717 2 75 35 05 телефоны арқылы хабарласуға болады
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇹🇷ТҮРІК ТІЛІ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекеттік басқару академиясының білім алушылары мен қызметкерлеріне түрік тілінің базалық курсын аяқтағаны үшін сертификаттар табыстау рәсімі өтті.

Академияда үшінші жыл қатарынан Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен түрік тілі курстары өтуде. Аталған курста Академияның білім алушылары мен қызметкерлері түрік халқының мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

* Егер сіз Академияға оқуға түсуді жоспарласаңыз, онда түрік тілі курсы сізге қосымша бонус ретінде ұсынылады.

#академия #академиягосуправления #apakz
📌Конкурсный отбор: РЕШЕНИЕ КЕЙСА

КЕЙС представляет собой письменную работу, претенденту предлагают осмыслить ситуацию, описание или иллюстрация которой одновременно отражает какую-либо практическую проблему, актуализирует определенный комплекс знаний и умений, который необходимо применить при разрешении данной проблемы. Претенденты должны проанализировать ситуацию, изложить собственное видение вопроса и предложить возможные пути решения, выбрать лучший из них.

Кейсы решаются в онлайн формате, сопровождаются видеозаписью,
а также обеспечен «прокторинг».

ВРЕМЯ: 40 минут
📝ЯЗЫК: на выбор (казахский, русский или английский)

Повторное прохождение данного этапа не допускается❗️

Кейсу присуждается идентификационный номер, который в случайном порядке попадает двум экспертам для оценивания. Итоговая оценка кейса представляет собой средневзвешенную оценку двух экспертов. Результаты решения кейса экспертами выставляются в Личном кабинете Претендента на следующий день после прохождения этапа конкурсного отбора.
Уважаемые претенденты! Напоминаем о том, что одним из документов, требуемых при подаче заявления на поступление в Академию, является сертификат, подтверждающий уровень владения государственным языком не ниже В1, за исключением иностранных граждан.

Обращаем ваше внимание, что согласно пп.4) п.10 утвержденных Правил приёма на обучение в Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан, Академия принимает только сертификат организаций QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) или ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz).

Сертификаты, выданные организациями, подведомственными управлениями Местных исполнительных органов и не имеющие отношения к НЦТ МОН РК или QAZAQ RESMI TEST – НЕ ПРИНИМАЮТСЯ.

☎️При возникновении дополнительных вопросов можете обращаться по номерам: +7 7172 75 34 43, 75 31 43, 75 33 95

#академия #академиягосуправления #apakz
🤝Ынтымақтастық аясындағы кездесу

2022 жылдың 30 мамырында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі Женгиз Томармен халықаралық ынтымақтастығы аясында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Академия ректоры Ерлан Әбіл мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.Соның ішінде, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, олардың біліктілігін арттыру және Академия студенттері мен қызметкерлерінің тағылымдамадан өту мүмкіндігі кездесудің басты назарында болды.

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі Женгиз Томар аталған сұрақтарға жан-жақты қолдау көрсететінін атап кетті.

Кездесу соңында тараптар бауырлас екі ел арасындағы тығыз, жүйелі қарым-қатынасты дамытуға қатысты қадамдарды қолдайтынын жасырмады.


🤝Плодотворная встреча в рамках сотрудничества

30 мая 2022 года Академия госуправления при Президенте РК провела рабочую встречу с представителем ректора Международного казахского-турецкого университета имени Ахмета Ясауи господином Женгизом Томаром в рамках международного сотрудничества.

В ходе встречи ректор Академии Ерлан Абил озвучил ряд вопросов в рамках повышения квалификации государственных служащих. В частности, в центре внимания встречи было обучение государственных служащих, повышение их квалификации и возможность прохождения стажировок студентами и сотрудниками Академии в Турецкой Республике.

Представитель ректора Международного казахско-турецкого университета имени Ахмета Ясауи Женгиз Томар отметил, что окажет всестороннюю поддержку в данных вопросах.

В завершение встречи стороны выразили обоюдное мнение о необходимости развития более тесных, системных отношений между нашими странами.
📌Конкурстық іріктеу: СҰХБАТ

СҰХБАТ - бұл үміткерлердің кәсіби және тұлғалық құзыреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік басқару жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілерді және заңнаманы білуін анықтау мақсатындағы әңгімелесу.

Сұхбат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, ауызша жүргізіледі және процесс бейнежазбаға жазылады.

🗓Күні: 27 шілде - 10 тамыз

Сұхбат үміткердің жеке кабинетінде көрсетілген кестеге сәйкес онлайн/офлайн форматта өткізіледі.

УАҚЫТЫ: 20 минут
📝ТІЛІ: қазақ, орыс немесе ағылшын
Осы кезеңнен қайта өтуге жол берілмейді

Сұхбатты конкурстық комиссия мүшелері жеке бағалайды. Сұхбаттың нәтижелері үміткердің жеке кабинетінде орташа алынған баға түрінде қойылады.

#академия #apakz #мемлекеттікбасқаруакадемиясы

_______

📌Конкурсный отбор: ИНТЕРВЬЮ

ИНТЕРВЬЮ – это собеседование на определение уровня профессиональных и личностных компетенций претендентов, мотивации к обучению, знаний стратегических и программных документов системы государственного управления, нормативно-правовых актов и законодательства.

Интервью проводится на государственном, русском и английском языках, в устной форме и сопровождается видеозаписью.

🗓Дата: 27 июль - 10 август

Интервью проводится в онлайн/офлайн формате, согласно расписанию, указанным в личном кабинете претендента.

ВРЕМЯ: 20 минут
📝ЯЗЫК: казахский, русский или английский
Повторное прохождение данного этапа не допускается❗️

Интервью оценивается членами конкурсной комиссии индивидуально. Результаты интервью выставляются в виде средневзвешенной оценки в Личном кабинете претендента.

#академия #apakz #академиягосуправления
💫МАГИСТРАНТТАР ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

Академияның магистранттары Mohammed bin Rashid School of Government (Дубай қ., БАӘ) мектебінде оқу тағылымдамасынан өтті.

Бұл Мектепті 2005 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті және Премьер-Министрі және Дубай билеушісі шейх Mohammed bin Rashid Al Maktoum құрған.

Бүгінгі таңда аталмыш Мектеп мемлекеттік басқару саласындағы білім ордасы болып табылады, онда БАӘ-нің мемлекеттік қызметшілері де, бүкіл әлемнің студенттері де білім алады.

Мектеп деканы Prof. Raed Awamleh қазақстандықтарды құттықтап, өз сөзінде Академияның магистранттарымен тәжірибе және білім алмасудың маңызды екенін атап өтті.

Жеті күндік тағылымдамада біздің Академияның өкілдері практикалық, зерттеу және кәсіби дағдыларын дамытты. Сондай-ақ, олар мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы нақты мысалдар негізінде БАӘ-нің саяси даму тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеді.

Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық магистранттарға сертификаттар берілді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💫МАГИСТРАНТЫ ПРОШЛИ ЗАРУБЕЖНУЮ СТАЖИРОВКУ

Магистранты Академии прошли учебную стажировку в Школе Mohammed bin Rashid School of Government (г.Дубай, ОАЭ).

Данная школа основана в 2005 году шейхом Mohammed bin Rashid Al Maktoum, Вице-президентом и Премьер-министром Объединенных Арабских Эмиратов и правителем Дубая.

На сегодняшний день эта Школа является кузницей знаний в сфере государственного управления, в ней получают знания как государственные служащие ОАЭ, так и студенты со всего мира.

Декан Школы Prof. Raed Awamleh поприветствовал казахстанцев и в своей речи отметил о важности обмена опытом и знаниями с магистрантами нашей Академии.

На семидневной стажировке представители нашей Академии развивали практические, исследовательские и профессиональные навыки. Также они детально изучили опыт политического развития ОАЭ на основании реальных примеров в сфере государственного управления и государственной политики.

По итогам стажировки всем магистрантам были выданы сертификаты об успешном окончании.
📎Академияның қабылдау науқаны туралы нені білу керекпіз

Құжаттарды тапсыру процессі мен конкурстық іріктеу кезеңдері қалай жүзеге асырылады?

Осы және Академияға оқуға түсуге қатысты басқа да сұрақтарға Білім алушылар мен түлектерді қабылдау және қолдау секторының меңгерушісі Абжаков Асет жауап береді.

_____

📎Что нужно знать о приемной кампании Академии

Как проходит процесс сдачи документов и этапы конкурсного отбора

На эти и другие вопросы касательно поступления в Академию ответит заведующий Сектором приема и поддержки обучающихся и выпускников Абжаков Асет

#АГУ #академиягосуправления #apakz #прямойэфир
📌 КЕЙСТІ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

1️⃣ Терең білім. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу және қолдану.

2️⃣ Аналитика. Дәлелдеме және дәлелдер қоры, мәселені шешу бойынша идеяларды жинақтау.

3️⃣ Стандартты емес ойлау. Тапсырмаларды шешудің балама және айрықша жолдары, шығармашылық тәсіл.

4️⃣ Кейстің дәлелді шешімі.

#apakz #мембасқаруакадемиясы #кейстішешу

____________

📌КРИТЕРИИ ПО ОЦЕНИВАНИЮ КЕЙСА

1️⃣ Глубина знаний. Знание и применение стратегических и программных документов.

2️⃣ Аналитика. Аргументация и доказательная база, синтез идей по решению проблемы.

3️⃣ Нестандартность мышления. Альтернативные и оригинальные пути решения задачи, творческий подход.

4️⃣ Аргументационное решение кейса.
📌 СҰХБАТТЫ БАҒАЛАУ

ТЕРЕҢ БІЛІМ. Толық, жан-жақты, дәлелді жауап. Өзінің кәсіби қызметінің бағыттары бойынша жоғары деңгейдегі хабардарлық. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды терең білу және талдау.

ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУҒА ҰМТЫЛУ. Нақты білім мен дағдыларды меңгеруге ынта-жігерінің болуы, бағдарламаны таңдау және Академияға оқуға түсу себептері, өзінің күшті және әлсіз жақтарын білу.
Оқу аяқталғаннан кейін игерген кәсіби құзыреттерді қолдану келешегі туралы ой-пайымы.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОЙЛАУ. Саланың ұзақ мерзімді даму үрдістерін түсіну, мүмкіндіктерге және жетістіктердің сыни факторларына көзқарасы. Тәуекелдерді және оларды жеңу жолдарын анықтау. Белгісіздік деңгейі жоғары жағдайлардағы жұмыс тиімділігі.

КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын). Жүйелілік және логика, баяндаудың дәлелділігі, негізделген тұжырымдар мен практикалық ұсынымдар. Өз көзқарасын қысқаша, көрнекі түрде, толық жеткізе алу. Әңгімелесуші тарапты әңгімеге тарта білу, жағымды әсер қалдыра білу.Эмоционалды жағдайды бақылау
🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
Photo
😉QRT-ді НӘТИЖЕЛІ ТАПСЫРУ ЛАЙФХАКТАРЫ

QRT 4️⃣ бөліктен тұрады: Тыңдалым, лексика-орфография, жазылым және сұхбат;

👤«Тыңдалым» бөлігі бір аудио тапсырмадан және 5 тесттен тұрады, орындау уақыты – 5 минут:
- 1,5-2,5 минуттық бейнені мұқият тыңдаңыз. Сіз сұрақтарға видео материалды тыңдау кезінде немесе одан кейін де жауап бере аласыз, 5 минуттың ішінде барлық сұрақтарға жауап беруіңіз қажет;
- Егер сіз барлық сұрақтарға жауап бере алмасаңыз, ал уақыт аяқталса, тест автоматты түрде жабылады. Сіздің барлық жауаптарыңыз сақталады.

👉🏻 Лексика-орфография бөлігі 10 тесттен тұрады, орындау уақыты – 10 минут:
- Тесттер сөздердің мағынасын, орфографиялық нормаларға сәйкес сауатты жазуды анықтау мақсатында әзірленген. Бұл бөлімде белгіленген уақыт бар, оны орындау уақыты – 10 минут.

✍🏻 Сіз жазылым бөлігінде ұсынылған нақыл сөздермен 5 сөйлемдік ресми мәтін құрастыруыңыз қажет, берілген уақыт – 10 минут:
- Ең алдымен нақыл сөзді мұқият оқып, мазмұнын түсініңіз;
- Мәтіннің 1-сөйлемі нақыл сөздің өзектілігін, 2-4 сөйлемдерде нақыл сөздің талдамасын, 5-сөйлемде нақыл сөз бойынша қорытынды ойды білдіру керек. Мәтін құрастыру барысында әр сөйлемде аргумент (тірек ой) болуын қадағалап отырыңыз. Әр сөйлемде аргумент (тірек сөздер) бар жазылым жақсы бағаланады.

📝Сұхбаттың сұрақтарына нақты, аргументті жауап беруге тырысыңыз. Жазылым мен Сұхбат бөліктері бір-бірімен байланысты. Жазылымда берілген нақыл сөздің бізге қандай ақпарат жеткізіп тұрғандығы, нақыл сөздің өзектілігі, нақыл сөз бойынша өз көзқарасыңызды білдіріп, компьютер арқылы қойылған сұрақтарға жауап бересіз. Сұхбаттың 3 сұрағына жауап беруге 5 минут уақыт беріледі.

QAZAQ RESMI ТЕСТІЛЕУІНЕН ӨТУДЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ❗️
📌Конкурсный отбор: RESEARCH PROPOSAL

Третий этап для претендентов, поступающих на программы докторантуры: оценивание проекта Плана исследовательской работы (research proposal).

В проекте Плана исследовательской работы излагается актуальность, критический анализ, предположительные методы исследования и возможные пути решения проблемы/вопроса.

Проект должен включать только ту информацию, которая необходима для раскрытия темы, иметь грамотное композиционное построение, быть логичным, чётким по структуре;

Проект должен показывать, что его автор знает и осмысленно использует теоретические понятия, термины, обобщения, мировоззренческие идеи, а также содержать аргументацию позиции по заявленной проблеме/вопросу;

📝Объем проекта исследовательской работы – не более 1️⃣5️⃣0️⃣0️⃣ слов на одном из языков: государственном, русском или английском.

Результаты проекта Плана исследовательской работы экспертами выставляются в Личном кабинете Претендента.