ҰБТ 2026 | ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 👩‍🏫📚
7 subscribers
1 photo
2 links
Бұл канал ҰБТ-ға дайындықты жеңілдетеді! Әр күн сайын қазақ тілі мен әдебиеті бойынша тест сұрақтары, қысқаша теориялық материалдар, мотивациялық сөздер және оқушыларға арналған пайдалы кеңестер.
Download Telegram
Құрметті оқушылар, бұйырса 2026 түлектері ! ❤️
Бұл каналға тіркелу арқылы өздеріңіздің қазақ әдебиетінен дайындық жүйелеріңізді күшейте аласыздар. Мұнда әдебиеттің қыр-сырын меңгересіздер.
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті таңдап қателестім деп ойламаңыздар! Өздеріңізге сеніңіздер. Бұл пәні жәй таңдау пәні емес,шын жүрекпен сүйіп таңдау қажет.Сонда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Қиындық барлық жерде болады,төтеп беретін адам аз. Мен сіздерге сенемін, бар ынта-жігерімізбен құлшына кірісейік!
СӘТТІЛІК!🫂
ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЙЫНША екінші канал👉🏻👉🏻👉🏻

📌https://t.me/qazaqtili2025📌

тіркеліп,бақылап отырыңыздар!❤️
Қайырлы күн оқушылар!
Ең бірінші би-жыраулардан бастаймыз
Төле Әлібекұлы (1663–1756) — қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. “Жеті жарғыны” жасаушылардың бірі.
Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765)
көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Әйтеке Би Байбекұлы (1644–1700)
Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады.
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады.
14 жасар Қазыбектің қалмақ ханына айтқаны🗣
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!”