Нұрлыбек Кеңес
1.21K subscribers
138 photos
1 video
1 file
9 links
Орал медрессе колледж 🇰🇿
Әл - Әзһар университет 🇪🇬

«Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын».
©️ Әлихан Бөкейхан
Download Telegram
Пайғамбарымыз ﷺ жұма күні таң намазында кейде «Сәжде» сүресі мен «Инсән» сүресін оқитын еді. Алайда бұл амалды үнемі жасамаған. Кей кездері осы сүрелерді оқыса, кейде басқа сүрелерді де оқитын болған.

Бұл – өте маңызды тәрбиелік мәні бар іс. Себебі, егер Пайғамбарымыз ﷺ осыны әрдайым тұрақты түрде орындаса, кейбір адамдар оны парыз немесе міндетті амал деп түсініп қалуы мүмкін еді. Сондықтан Ол ﷺ кейде орындап, кейде тастап отырған. Осы арқылы үмметіне жеңілдік пен дұрыс түсінік қалдырды.

📌 Демек, жұма күні таң намазында «Сәжде» және «Инсән» сүрелерін оқу – сүннет амал. Бірақ оны міндетті түрде әрдайым оқу шарт емес, кейде басқа сүрелерді оқу да сүннетке қайшы келмейді.

🤲 Алла Тағала бізге Пайғамбарымыз ﷺ-ның сүннеттеріне шынайы түрде ілесуді, оны дұрыс түсініп, өмірімізде амал етуді нәсіп етсін.

📚 «Хашия Тахтауи» (بتصرف)
17😍2
«Пенденің күнәлары қанша жерден үлкен болса да, Алланың мейірімі одан да үлкен».

©️Ибн Ражаб әл-Ханбали
25❤‍🔥2🔥2😍2
📍 Намазда мән берілетін мәселе :

Намазда екінші рәкағаттағы қырағатты бірінші рәкағаттағы қырағаттан ұзағырақ оқу — мәкруһ. Мысалы, бірінші рәкағатта 10 аят оқып, екінші рәкағатта 14 аят оқу — мәкруһ тахриман, яғни харамға жақын құпталмаған іс болып саналады.

Алайда бұл үкім, екі рәкағаттың арасындағы айырмашылық үш аят немесе одан да көп болған жағдайда қатысты. Ал егер айырмашылық бір немесе екі аят қана болса, онда мәкруһтік жоқ. Мысалы, бірінші рәкағатта 10 аят, ал екінші рәкағатта 11 немесе 12 аят оқу — рұқсат.

📚 Марақил фәләх
19🍓2❤‍🔥1🔥1
«Өтіп кеткен кездерге қайғыру үшін кеткен уақыт — уақытты қайтадан өлтіру.»

📚 قيمة الزمان عند العلماء
😭1410💔5🔥2
«Дүниедегі салиқалы әйелдер хор қыздарынан да абзал әрі сұлу болады».

📚 Имам Абдуллаһ ибн әл-Мубарак «الزهد»
20😍4💋3🔥2😭1
📍 Тәһәжуд пен қиямул-ләйл (түнгі намаз) айырмашылығы:

1️⃣ Тәһәжуд намазы – дұрыс болуы үшін адам түнде аз болса да ұйықтап, кейін оянып оқу керек. Яғни алдымен ұйқы болып, содан кейін түнде тұрып оқылған намаз ғана тәһәжуд деп аталады.

2️⃣ Қиямул-ләйл – түнде оқылатын барлық нәпіл намаздардың жалпы атауы. Мұнда ұйықтап тұру шарт емес. Сондықтан құптан намазынан кейін ұйықтамай-ақ оқылған намаз да қиямул-ләйл болып есептеледі.

📚 Хашия Ибн Абидин
(بتصرف)
11🔥9🍓3😍1
Хасан әл-Басри (Алла оны мейіріміне бөлесін) өзінің бір сөзінде былай деген:

«Алладан кешірім тілеуден жалықпаңдар. Үйлеріңде, дастархан басында, жолда, базарда, жиындарда тіпті қайда болсаңдар да истиғфарды көбейтіңдер. Расында, Алланың кешірімі қай кезде жауатынын қайдан білеміз?!».

📚الجامع لشعب الإيمان
Имам Бәйһақи (رحمه الله تعالى)
29❤‍🔥4🔥4
Раббыңды тек қиындыққа түскен сәтте ғана еске алып, жалбарынып, ал қуаныш пен кеңшілік келген уақытта ұмытып кетпе.

Қиындықта жасалған дұға қандай шынайы болса, тыныштықтағы шүкір де дәл сондай шынайы болуы керек.
Себебі сені қиындықтан құтқарған да, қуанышқа бөлеген де — бір Алла.
24🔥3👍2😍2💯1💋1
Әлеуметтік желі шынайылық мекені емес. Олай болғанда емес.
“Елім, халқым, мұсылман бауырлар” деп сан соғып, пост жазып, өзінің қолдауын білдіріп жүрген адам шын мәнінде: “Мені батыр деп айтсын… Мынау неге үндемей қалды деп айтпасын…” деген оймен ғана шырылдап жүрген болуы әбден мүмкін.
Дәл сол секілді әрбір хайпқа толы жаңалыққа ешқандай реакция білдірмей, үнсіз көрінген адам — шынайы жанашыр болып, ешкімге білдірмей-ақ көптеген пайдалы істер жасап жүруі де әбден мүмкін.
Өйткені шынайылық — әрдайым сториске сыймайды. Кейбір көз жасы камерасыз төгіледі. Кейбір дұғалар ешкім естімейтін түндерде жасалады. Ал кейбір жүректер халық көрмесе де, үмметтің қайғысымен үнсіз ауырады…
Сол себепті біреудің жанашырлығы, патриоттығы немесе мұсылмандығына әлеуметтік желімен ғана баға бермеңіз.
Кей үнсіздік — риядан таза болуы мүмкін. Ал кейбір айқай — тек адамдарға естілу үшін ғана шығар…
Адамның шынайы болмысын адамдар емес, Алла біледі.
23🔥7💯2😭2❤‍🔥1🙉1
«Қиямет күні есеп-қисабы ең көп болатындар – дені сау және уақыты бос болғандар».

©️Тәбиғин Муғауия ибн Қурра

📚 Әл-мужаласа уә жәуәһир әл-ғилм
23😭6💔5🔥1
📍Намазда сүрелерді тәртіппен оқу

Намазда бірінші рәкағатта бір сүре оқып, екінші рәкағатта одан кейін бір ғана сүрені тастап, келесі сүрені оқу — мәкруһ тәхриман, яғни харамға жақын мәкруһ болып саналады.

Мысалы: бірінші рәкағатта «Мәсәд» сүресін оқып, екінші рәкағатта «Фәлақ» сүресін оқу. Бұл жағдайда арада «Ықылас» сүресі қалып қойған болады.

Ғалымдар мұның мәкруһ болу себебін:
«Кейбір сүрелерді өзгесінен артық көргендей мағына сезілуі мүмкін» деп түсіндірген.

📌 Бұл үкім арада тек бір сүре қалып қойған жағдайда ғана болады.
Ал егер екі немесе одан да көп сүре тасталса, онда мәкруһ болмайды.

Кейбір ғалымдар:
Егер арада қалып қойған сүре ұзын сүре болса, онда мәкруһтік жоқ деген. Өйткені бір ұзын сүре бірнеше қысқа сүренің орнын қамтиды.

Мысалы: бірінші рәкағатта «Нәбә» сүресін оқып, екінші рәкағатта «Нәзиғат» сүресін тастап «Абаса» сүресін оқу — мәкруһ емес. Себебі «Нәзиғат» сүресі ұзын сүре болып, бірнеше қысқа сүренің орнын басады.

📚 «Хашия әт-Тахтауи» (بتصرف)
18🔥5😍3
Алланың мейірімі неткен кең еді…

Алла елшісі ﷺ өзінің бір хадисінде:
«Алла Тағала бір құлы күнә жасағаннан кейін, жүрегін өкініш кернегенін байқаса, құлы Одан кешірім тілеместен бұрын, Алла оны кешіріп жібереді», — деген.
Қанша күнә жасасаң да, тәубеге апарар өкініш — Алланың саған деген мейірімінің белгісі. Өйткені жүрегі өлген адам күнәсі үшін қайғырмайды…

📚 «әл-Мустадрак» 7646, «Шуғәбул-Иман» 4069
21❤‍🔥7🔥2
📍Әйел адамға тән айлық қан келу мәселесінде маңызды мәселе:

Егер әйел адамның хайыз уақыты белгілі болса, яғни әдеттегі күндері бар болса — мысалы, бір әйел әр ай сайын 7 күн хайыз көріп жүрген болса, кейін бір айы 11 күнге созылса, онда:
• Әдеттегі 7 күні — хайыз болып есептеледі;
• Одан асқан 4 күні — истихада, яғни ауру қаны болып саналады.
Себебі хайыздың ең ұзақ мерзімі — 10 күн деп есептеледі.

Хайыз күндерінде әйел адам намаз оқымайды және ол күндерге қаза жоқ.
Алайда әдетінен асқан осы 4 күнде өзін хайыздамын деп ойлап, намаз оқымай қалса, сол күндердің қазасын өтеуі міндетті, өйткені бұл күндер хайыз емес, истихада (ауру қаны) болып есептеледі.

➡️ Біз хайыздың ең ұзақ уақыты он күн екенін айттық. Егер жоғарыдағы мысалға сәйкес, әйел адам әр ай сайын әдеттегідей 7 күн хайыз көріп жүріп, келесі айда 9 күн көріп тоқтаса, онда бұл күндердің барлығы хайыз болып есептеледі. Осылайша әйел адамның әдеті ауысқан болып саналады.

📚 Лубаб фи шархил китаб
15🔥5
Шүкір – шынайы мүмін құлдардың сипаты…

Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

«Мүміннің ісі неткен ғажап! Оның барлық ісі өзіне хайырлы. Бұл нығмет тек шынайы мүмінге ғана берілген.

Егер оған қуаныш жетсе — Аллаға шүкір етеді, әрі бұл оның үшін хайырлы болады.

Ал егер оған қайғы-қасірет тисе — сабыр етеді, әрі бұл да оның үшін хайырлы болады».

📚 Сахих Муслим
20🔥3😍1
Кімде-кім Аллаға шүкір етуді жалғастыра берсе, оған берілетін нығметтер де толассыз жалғаса бермек.

Ал кімде-кім истиғфарды үздіксіз тілінен тастамаса, оның алдында жабық болған есіктер де бірінен соң бірі ашыла бермек…

©️ Ибн Әби Бәкр (رحمه الله)

📚 روضة العقلاء ونزهة الفضلاء
21😍3💔2
🛑 Жаназа мәселесі :

Ханафи мәзһабының таңдаулы пәтуесіне сәйкес:

1. Өз-өзіне әдейі қол жұмсаған адам
(мысалы: асылып қалу,өзіне пышақ салу, әдейі биіктен секіру т.б)

• Жуылып, жаназасы шығарылады.
• Бірақ қалалық немесе облыстық бас имамдар шығармайды.
• Көмекші немесе ауылдық имамдар шығарады.
• Себебі – кейінгі адамдарға ескерту, сөгіс ретінде.

2. Өз-өзін қателесіп өлтірген адам
(мысалы: абайсызда оқ тиіп кету, дәріні мөлшерден асырып қою, апатқа себеп болу т.б)

• Бір ауыздан жуылып, жаназасы оқылып шығарылады.

📚 Хашия Ибн Абидин, Хашия Тахтауи
14😭4💔2
«Ешбір парыз, ешбір сүннет, ешбір нәпіл намазға селқос қарамау қажет.

Өйткені, кейбір күнәлар бар. Оларды тек қана таң намазының сүннеті жуып-шаяды.

Кейбір күнәлар бар. Оларды тек бесіннің соңғы сүннеті жуып-шаяды.

Кейбірін тек духа намазы, кейбірін тек аср намазы, кейбірін тек тахажуд намазы, кейбірін тек тарауих намазы және т.с.с.

Дәл солай әрбір жеке дара парыз-сүнет намаздың әрқайсысын өзіне тән каффарат күші бар.

Ешқайсысына селқостық танытуға болмайды».

©️Шейх Әбдуссәләм Шаннар (хафизаһулла)
23👍4🔥2
📚📌 ЖҰМА НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

📌 1. Намаз барысында имамның дәреті бұзылса

Жұма намазы жамағатпен басталып кеткеннен кейін бас имамның дәреті бұзылып қалса, ол артында тұрған имамдыққа лайықты бір адамды белгі беріп, өз орнына шығарады.

Сондықтан имамның артында имамдыққа жарайтын, наиб имам секілді адам тұруы маңызды.

📌 2. Құтпа айтқан бас имамның дәреті құтпадан кейін, бірақ намазға кірмей тұрып бұзылса

Бұл жағдайда оның орнына шығатын наиб имамға қатысты шарт бар:— ол құтпаның кем дегенде бір бөлігін тыңдаған болуы қажет.

Егер құтпаны мүлде тыңдамаған болса, оның имамдыққа шығуы дұрыс саналмайды.

📌 Ескерту

Бұл шарттар имамдыққа өтетін адамға қатысты.

Ал жамағаттың жұма намазының дұрыстығы үшін құтпаға қатысу міндетті емес.

📚 «Хашия Тахтауи»
82❤‍🔥1🔥1
Күндердің күні күтпеген жерден сынаққа тап болғаныңдай, күтпеген жерден үлкен қуанышты ризыққа да тап боласың.

©️Ибраһим әл-Фиқи
25🔥4🍓2❤‍🔥1
📌 Шариғат үкімінде, малды бауыздауда қанды ағызуға қабілетті кез келген өткір құралды қолдану арқылы сою дұрыс саналады. Қолдағы пышақ, балта немесе қылыш секілді аспаптармен бауыздалған мал — халал болады.

🛑 Ал егер адам малды өзінің тісімен тістеп, не тырнағымен жаралап өлтірсе, бұл шариғат талабына қайшы келеді. Кейбір аңшылар кептердің басын тіспен жұлу арқылы осылайша бауыздайды. Алайда мұндай жол дұрыс деп есептелмейді.

Ислам жануарға да мейіріммен қарауды бұйырған. Сол себепті бауыздау азаптамай, тез әрі жеңіл түрде орындалуы қажет.

📚 «Қудури», «Лубаб».
15👍3🔥3🍓1
📌Нәпіл намаздарды маңызды емес құлшылық деп санауға болмайды.

Мүміннің қиямет күні ең мұқтаж болатын нәрселерінің бірі — нәпіл құлшылықтар.

Өйткені адам қиямет күні ең алдымен намазынан сұралады.

Егер намазы толық әрі кемел болса — құтылды.
Ал намазында кемшілік болса — үлкен қасіретке ұшырайды…

Егер оның нәпіл құлшылықтары көп болса, намазындағы кемшіліктер сол нәпіл намаздарымен толықтырылып, үлкен азаптан аман қалады.

©️ Мухаммад Аууама (حفظه الله)
14💔2🔥1🍓1