Нұрлыбек Кеңес
1.07K subscribers
131 photos
8 links
Орал медрессе колледж 🇰🇿
Әл - Әзһар университет 🇪🇬

«Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын».
©️ Әлихан Бөкейхан
Download Telegram
📍 Сапар намазында мән берілетін маңызды мәселелер :

1️⃣ Муқим адамның мусафер имамға ұйуы

Егер муқим (сапарда емес) адам сапарда жүрген имамға ұйыса:

• Имам екі рәкағаттан кейін сәлем береді.
• Муқим адам имам сәлем берген соң үшінші және төртінші рәкағаттарды өзі тұрып толықтайды.
• Бұл екі рәкағатта қырағат оқымайды, себебі намаздың басында имамға үлгергендіктен қырағат парызы имам арқылы өтелген болып саналады.

Ал егер ол мәсбуқ болса (яғни бірінші рәкағатқа кешігіп қосылған адам):

• Өзі өтейтін рәкағаттарында қырағат оқиды.

2️⃣ Сапарда жүрген адам тұрғылықты (муқим) имамға ұйыса

• Сапарда жүрген адам тұрғылықты имамға ұйыса, намазын толық (төрт рәкағат) оқиды.

3️⃣ Сапарда және тұрғылықты жерде қазаны өтеу

• Егер адам сапарда жүріп намазын қаза қылса, еліне оралғанда оны екі рәкағат етіп өтейді.

• Ал егер ол елінде (муқим кезінде) намазын қаза қылса, сапарға шыққанда қазаны төрт рәкағат етіп өтейді.


📚 Хашия Тахтауи
8👍4
📍Әйел адамға тән айлық қан келу мәселесінде маңызды мәселе:

Егер әйел адамның хайыз уақыты белгілі болса, яғни әдеттегі күндері бар болса — мысалы, бір әйел әр ай сайын 7 күн хайыз көріп жүрген болса, кейін бір айы 11 күнге созылса, онда:
• Әдеттегі 7 күні — хайыз болып есептеледі;
• Одан асқан 4 күні — истихада, яғни ауру қаны болып саналады.
Себебі хайыздың ең ұзақ мерзімі — 10 күн деп есептеледі.

Хайыз күндерінде әйел адам намаз оқымайды және ол күндерге қаза жоқ.
Алайда әдетінен асқан осы 4 күнде өзін хайыздамын деп ойлап, намаз оқымай қалса, сол күндердің қазасын өтеуі міндетті, өйткені бұл күндер хайыз емес, истихада (ауру қаны) болып есептеледі.

➡️ Біз хайыздың ең ұзақ уақыты он күн екенін айттық. Егер жоғарыдағы мысалға сәйкес, әйел адам әр ай сайын әдеттегідей 7 күн хайыз көріп жүріп, келесі айда 9 күн көріп тоқтаса, онда бұл күндердің барлығы хайыз болып есептеледі. Осылайша әйел адамның әдеті ауысқан болып саналады.

📚 Лубаб фи шархил китаб
12👍2
📍 Каир қаласында жерленген ұлы Сахаба мен Ғұламалар :
Әлі зиярат етіп бармаған ғұламалар қаншама…
Алла тағала әрбір ғұламаның рухына рақым етсін, бізге олардың ізін жалғастыруға күш берсін 🤲
15
🛑 Қатаң ескерту:
Бұл жәй мән бермей өтіп кететін нәрсе емес. Бұл – өте ауыр мәселе.

Кеше интернет желісінен Алланың сөзі болған Құран аяттарын өлеңге қосқан видеоны көзім шалды. Бұл нәрсені тоқтату керек.

Құран — әнге араластыратын сөз емес. Құран — бүкіл әлемнің Раббысының сөзі. Ол жүректерді тірілту үшін түсті, адамдарды тура жолға салу үшін түсті.

Бір сәт ойланып көрейік…
Егер адам баласының сөзі болса да оны қорлап, мазақ етуге ұялушы едік. Ал бұл — Алланың сөзі. Аспандар мен жердің Раббысы түсірген ұлы кітап.

Құран түскен кезде сахабалардың жүректері дірілдейтін, көздерінен жас ағатын. Ал бүгін кейбір адамдар сол аяттарды әуенге қосып, жатыр Бұл жүрекке ауыр тиетін жағдай.

Алланың аяттарын орынсыз қолдану — өте ауыр іс. Ғалымдар мұндай әрекеттен қатты сақтандырған. Өйткені Алланың сөзін құрметтемеу адамның иманына үлкен қауіп. Ал оның азабы да жеңіл болмайды.
29
«Бұл бауырымыздың ниеті жақсы болған шығар. Бәлкім, мұндай іс жасау дұрыс емес екенін білмеген де шығар. Алайда біз мұндай мәселелерде бір-бірімізге ескерту жасап, шариғатқа қайшы істерден сақ болуымыз қажет. Өйткені мұндай амалдар шариғатымызға мүлде сай келмейді.»
17
📍 Мән берілетін маңызды мәселе:
Имамға лұқма беру — яғни имам намаз ішінде қырағат кезінде қателесіп не ұмытып қалғанда, артындағы жамағат сол аятты айтып имамның есіне түсіреді.
Бірақ көпшілік қауым мән бермейтін бір жайт бар:
Жамағат имамға лұқма берген кезде Құран оқу ниетімен емес, тек еске салу мақсатымен айтуы керек. Себебі, имамға ұюшы адамға намаз ішінде Құран оқуға тыйым салынған.

Сондай-ақ, имам қателескен сәтте бірден лұқма беру — мәкруһ, яғни шариғатта ұнамсыз, дұрыс емес амал болып саналады. Өйткені, имамның өзі қателігін есіне түсіріп, түзетуі немесе рукуғке баруы мүмкін. Ал имам қателескенде сол аятты оқып тұрып, ұзақ тұрып қалу да мәкруһ, егер ол парыз көлеміндей қырағат оқып қойса, онда басқа сүреге өтуі немесе рукуғке баруы тиіс.

📚 Хашия Тахтауи
11🙏1
Шейх Шаннар ұстазымыздың әрқашан айтып жүруге кеңес берген зікірлерінің ішіндегі құнды зікірлердің бірі.
Бұл дұғаны әрқашан таң намазы мен ақшам намазынан соң айтып жүрген абзал.

Арабша:

بِسْمِ اللَّهِ الَّذِي لَا يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
(3 рет)

Оқылуы:
Бисмилләһилләзии лә ядурру ма‘асмиһи шай’ун фил-ард, уә лә фис-сәмә, уә һуәс-сәми‘ул-‘алим.

Мағынасы:
«Алланың атымен бастаймын. Оның аты аталғанда жердегі де, көктегі де ешбір нәрсе зиян тигізе алмайды. Ол – бәрін Естуші, бәрін Білуші.» 🤲
14
🛑 Маңызды мәселе :

Ханафи мәзһабының таңдаулы пәтуесіне сәйкес:
1. Өз-өзіне әдейі қол жұмсаған адам

• Жуылып, жаназасы шығарылады.
• Бірақ қалалық немесе облыстық бас имамдар шығармайды.
• Көмекші немесе ауылдық имамдар шығарады.
• Себебі – кейінгі адамдарға ескерту, сөгіс ретінде.

2. Өз-өзін қателесіп өлтірген адам

• Бір ауыздан жуылып, жаназасы оқылып шығарылады.

📚 Хашия Ибн Абидин, Хашия Тахтауи
9
📍 Намаздың дұрыс болу шарттарынан – парызды тағайындау

Намаз оқушы қандай парыз намазын оқитынын нақты тағайындауы шарт. Мысалы, бесін намазының парызын оқуға деген ниет.

Алайда рәкағаттарын айту міндетті емес. Егер сол уақыттағы парыз деп те кіріссе, намаз дұрыс болады.

Ал егер «парыз оқуға ниет еттім» деп кіріссе, бұл дұрыс саналмайды.

📚 Хашия Тахтауи
9
©️ Алла жақсырақ білуші. Бәлкім бүгін оқыған парақтарың аз көрінер, бәлкім шаршаған жүрегің ауырлық сезер, бәлкім еңбегіңді ешкім бағаламас. Бірақ бір күні сол парақтар – ілімге айналады, сол ілім жүректерге нұр шашатын шамға, адасқан жанға тура жол көрсететін жарық болады. Ілім жолында жүрген жүрек – ерекше жүрек, өйткені ол дүниенің соңынан емес, ақиқаттың соңынан жүреді. Ол жүрек шаршаса да тоқтамайды, талса да бас тартпайды, себебі оның мақсаты – Алланың разылығы мен жүректің тыныштығы. Кейде сенің еңбегіңді ешкім көрмесе де, көзге көрінбейтін нұр сені Алла үшін жарық етеді. Әрбір түнгі оқылған парақ, әрбір қайталау бір күні өміріңді, жүрегіңді, басқалардың жүрегін жарыққа толтырады. Алла ілім іздеген жүректерді бос қайтармасын, алған білімімізді пайдаға, амалымызды ықыласқа, жүрегімізді сабырға толтырсын. 🤲
20
📍 Жаназа мәселесі :

Егер кішкентай сәби тірі туылса, яғни тірі екеніне ишарат ететін белгілер байқалса (мысалы: қимылдауы, дауыс шығаруы, түшкіруі немесе есінеуі), онда ол сәби тірі туған болып есептеледі.

Егер сәби туылу кезінде:
• бас жағымен туылып, көкірегіне дейін шықса,
немесе
• аяқ жағымен (терісінен) туылып, кіндігіне дейін шықса,

онда оған ат қойылады, жуындырылады, кебінделеді және жаназа намазы оқылады. Сондай-ақ ол мирас алады және мирас қалдырады.

📚 Хашия Тахтауи
3
📍 Пітір садақасы мәселесі:

Пітір садақасын айт күні айт намазы оқылмастан бұрын беру — мұстахап. Өйткені айт намазына келгенде кедей-міскіндердің ойы тұрмыс қамымен алаңдамай, қуанышқа ортақ болуы үшін.

Сондай-ақ пітір садақасын айттан бұрын, тіпті Рамазан айы кірмей тұрып беруіне де рұқсат етіледі.

Ал егер бір адам пітір садақасын айт намазынан кейінге қалдырса, онда ол оның мойнынан түспейді. Мұндай кешіктіру тәнзиһан мәкруһ (яғни халалға жақын, бірақ құпталмаған іс) болып саналады. Сондықтан ол адамға пітір садақасын мүмкін болған кез келген уақытта беру уәжіп болады.

📚 «Лубаб фи шархил Китаб»
3
📍 Келіп түскен сұрақтарға байланысты жауап:

1️⃣ Пітір садақасын емге ақша жинап жатқан адамдарға беруге бола ма?
Иә, егер олар шын мәнінде мұқтаж, кедей адамдар болса, пітір садақасын оларға беруге болады.

Ал пітір садақасын және зекетті мешіт немесе медресе құрылысына беруге болмайды.
Өйткені мұндай жерлерде «тамлик» (яғни нақты бір мұқтаж адамның иелік етуі) жүзеге аспайды.

Шариғатта пітір садақасы мен зекеттің дұрыс болуы үшін, ол нақты бір мұқтаж адамның иелігіне берілуі шарт.

📚 Фиқһ кітаптарынан алынды
3👍1