Өз ақыретің үшін қалай уайымдап, қалай тырыссаң — ата-анаңның, бауырларыңның, туыстарыңның да ақыреті үшін солай уайымда.
Олардың да тура жолда болуын қалап, сол жолда бар күш-жігеріңді сал. Себебі шынайы жақсы көрген адам жақындарының тек бұл дүниедегі жағдайын емес, ақыреттегі халін де ойлайды.
Егер оларды шынымен жақсы көрсең — намазға, жақсылыққа, Алланы еске алуға шақыр. Бір адамның тура жол табуына себеп болу — дүниедегі көп нығметтен де артық.
Сондықтан өзіңді ғана құтқаруды ойлама. Жақындарыңның да ақыреті үшін әрекет ет. Бәлкім сенің бір сөзің, бір насихатың, бір дұғаң олардың жүрегіне жетіп, тура жолға себеп болар. 🤲

1❤12
📍 Мән берілетін маңызды мәселе:
Намазда қырағат (Құран оқу) барысында сүрелердің тәртібін бұзу — мәкруһ тахриман, яғни харамға жақын құпталмаған амал болып саналады.
🔹 Мысал:
Бірінші рәкағатта «Нәс» сүресін, ал екінші рәкағатта «Фәләқ» сүресін оқу — Құрандағы тәртіпке қайшы келеді.
Ал егер бұл жағдай балаларға Құран жаттату кезінде орын алса, онда рұқсат етіледі. Себебі балаларға сүрелерді қысқалығына қарай жеңілдетіп үйрету — шариғатқа сай амал.
🕌 Ескерту:
Егер намаз оқушы бірінші рәкағатта «Нәс» сүресін ұмытып оқып қойса, онда екінші рәкағатта да сол «Нәс» сүресін қайта оқуы дұрыс болады.
Дерек: Хашия Тахтауи 📚

❤14
Дінде «менің ойымша» деген өлшем жоқ. Өйткені дін – адамның қалауымен немесе жеке пікірмен құрылатын нәрсе емес. Дін – Алланың үкімі, Пайғамбардың ﷺ сүннеті. Адамның ойы бүгін бір жаққа, ертең бір жаққа өзгеруі мүмкін, ал Алланың хақ үкімі ешқашан өзгермейді.
Кейде адам бір мәселеге келгенде: «Менің ойымша бұлай болса керек…», «Меніңше осылай дұрыс…» деп айтуы мүмкін. Бірақ дін мәселесінде бұл сөз қауіпті болуы мүмкін. Өйткені ақиқат біздің ойымызға қарап өзгермейді. Біз ақиқатқа бағынуымыз керек, ақиқатты өз ойымызға бағындыруға емес.
Шынайы мұсылман әрбір ісінде: «Бұл туралы Алла не айтты? Пайғамбар ﷺ қалай үйретті? Ғалымдар қалай түсіндірді?» – деп қарайды. Егер адам дінді өз пікіріне қарай бейімдей бастаса, бірте-бірте ақиқаттан алыстап кетуі мүмкін. Ал ақиқаттан алыстау – жүректің қарайуына себеп болады.
Сондықтан дінге келгенде ең көркем жол – кішіпейілділік. «Менің ойымша» деудің орнына: «Алла мен Оның Елшісі ﷺ қалай бұйырды?» деп іздеу. Себебі құтылу – өз ойымызға еруде емес, уахиға бағынуда.
Кім жүрегін Алланың үкіміне толық тапсырса, сол адам адаспайды. Ал кім өз ойын діннен жоғары қойса, ол байқамай үлкен қателікке түсуі мүмкін.
Сол үшін әр мұсылман жүрегіне мына нәрсені мықтап орнықтыруы керек:
Дін – пікірмен емес, дәлелмен өмір сүреді.
Дін – оймен емес, уахимен өлшенеді.
Ал құтылу – Алла мен Оның Елшісіне ﷺ толық бойсұнуда.

❤13👍4
📍 Намаздың әдептерінен:
Намаз кезінде адам есінеген сәтте, оны барынша тоқтатуға тырысқаны абзал.
Өйткені намаз – Алла Тағалаға толық көңілмен құлшылық ету уақыты.
Егер есінегенін ауызымен тоқтата алмаса, онда қолымен немесе жеңімен ауызын жабуына болады.
Ал егер адам есінегенін ауызымен тоқтата алатын болса, бірақ соған қарамастан қолымен немесе жеңімен жапса – бұл мәкруһ (құпталмаған іс) болып саналады.
📌Есінеген кезде шайтанның әсерінен сақтану үшін адам оны барынша тежеуге тырысқаны жөн.
Хашия Тахтауи 📚

❤10
📍Шейх Шаннар Ұстазымыздың Рамазанның соңғы он күндігіне арналған насихаты :
🌙 Рамазанның соңғы он күні — ең қадірлі күндер. Бұл күндері құлшылықты көбейтіп, жүректі зікірмен тірілтейік.
1. Астағфирулла – 100 рет
2. Аллаһумма салли ‘ала саййидина Мухаммадин уа ‘ала әлиһи уә сәллим – 100 рет
3. Ләә иләәһә иллАллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ, ләһул-мүлку уә ләһул-хамду уа һуа ‘ала кулли шәйин қадир – 100 рет
4. Субханаллаһи уә бихамдиһи – 100 рет
5. Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллаһил-‘азим, астағфируллаһ – 100 рет
6. Ләә хаулә уә ләә қууата иллә билләһ – 100 рет
7. Ләә иләәһә иллАллаһ әл-мәликул-хаққул-мубин – 100 рет
8. Субханаллаһ, уәлхәмду лилләһ, уә ләә иләәһә иллАллаһ, уАллаһу әкбар – 100 рет
9. Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражи‘ун – 100 рет
10. Хасбуналлаһу уә ни‘мал-уәкил, ‘алАллаһи тәуәккәлнә – 100 рет
11. Кешкі зікірлерді оқу
12. Садақа беру
13. Құран оқу (кемінде бір пара)
🤲 Алла Тағала осы берекелі күндерді қадірлеп, құлшылықта өткізуімізді нәсіп етсін.
🌙 Соңғы он күндікті бос жібермейік!

❤13
🌙 Имам Ағзам Әбу Ханифа — р.а.:
📖 Рамазан айында Құранды 61 мәрте хатым еткен.
Күндіз бір хатым, түнде бір хатым — осылайша бір айда 60 хатым, ал тарауих намазындағы хатыммен бірге 61 хатым толықталған.
🕌 Сонымен қатар, ол кісі екі ракағат намазда түгел Құранды хатым ететін.
✨ Және құптанда алған дәретімен қырық жыл бойы таң намазын үзбей оқыған.
Алла Тағала ол кісіден разы болсын!
📚 Хашия Тахтауи

❤21
📍 Құбылаға ниет ету мәселесі :
Намаз оқушы намазға кірісер кезде:
«Құбылғаға қарадым» деп айту шарт емес.
Өйткені құбылаға беттеу өзі ниет етуге мұқтаж емес.
Марақил Фәләх📚

❤8👍2
📍Зекет мәселесі:
Төрт түліктің зекеті жайында шариғатымызда бекітілген белгілі бір шарттар бар. Солардың бірі – малдың жайылымда бағып-күтілуі. Егер мал жылдың басым бөлігінде еркін жайылып, табиғи өрісте шөп шауып жесе, онда ол малдан зекет беру уәжіп болады. Ал егер төрт түлік жыл бойы арнайы жем-шөппен, қорада қамалып асыралса, онда ол малдан зекет берілмейді. Бұл – шариғаттағы әділет пен мейірімнің көрінісі.
📚 Хидая

❤12
📍 Жұма намазында имам құтбаға шыққан кезде намаз оқу мәселесі :
Имам құтба айту үшін мінберге шыққан кезде намаз оқу тәхриман мәкруһ (яғни харамға жақын мәкруһ). Тіпті ол адам парыз намазын оқып жатқан болса да, құтба кезінде намаз оқу құпталмайды.
Алайда тәртіп иесі (қаза намаздары бар адам) сол уақытта қаза намазын өтесе – рұқсат етіледі.
Егер бір адам имам құтбаға шықпай тұрып нәпіл намазға кірісіп қойған болса:
• Нәпіл намаз болса – екі рәкағат қылып аяқтайды.
• Ал егер жұманың сүннет намазы болса – төрт рәкағат қылып толық аяқтайды.
📌 Ескерту:
Бұл үкімдер адам имам құтбаға шықпай тұрып намазға кіріскен жағдайға ғана қатысты.
Ал имам құтбаға шыққаннан кейін намазды бастау – дұрыс болмайды.

📍 Сапар намазында мән берілетін маңызды мәселелер :
1️⃣ Муқим адамның мусафер имамға ұйуы
Егер муқим (сапарда емес) адам сапарда жүрген имамға ұйыса:
• Имам екі рәкағаттан кейін сәлем береді.
• Муқим адам имам сәлем берген соң үшінші және төртінші рәкағаттарды өзі тұрып толықтайды.
• Бұл екі рәкағатта қырағат оқымайды, себебі намаздың басында имамға үлгергендіктен қырағат парызы имам арқылы өтелген болып саналады.
Ал егер ол мәсбуқ болса (яғни бірінші рәкағатқа кешігіп қосылған адам):
• Өзі өтейтін рәкағаттарында қырағат оқиды.
2️⃣ Сапарда жүрген адам тұрғылықты (муқим) имамға ұйыса
• Сапарда жүрген адам тұрғылықты имамға ұйыса, намазын толық (төрт рәкағат) оқиды.
3️⃣ Сапарда және тұрғылықты жерде қазаны өтеу
• Егер адам сапарда жүріп намазын қаза қылса, еліне оралғанда оны екі рәкағат етіп өтейді.
• Ал егер ол елінде (муқим кезінде) намазын қаза қылса, сапарға шыққанда қазаны төрт рәкағат етіп өтейді.

❤8👍5
📍Әйел адамға тән айлық қан келу мәселесінде маңызды мәселе:
Егер әйел адамның хайыз уақыты белгілі болса, яғни әдеттегі күндері бар болса — мысалы, бір әйел әр ай сайын 7 күн хайыз көріп жүрген болса, кейін бір айы 11 күнге созылса, онда:
• Әдеттегі 7 күні — хайыз болып есептеледі;
• Одан асқан 4 күні — истихада, яғни ауру қаны болып саналады.
Себебі хайыздың ең ұзақ мерзімі — 10 күн деп есептеледі.
Хайыз күндерінде әйел адам намаз оқымайды және ол күндерге қаза жоқ.
Алайда әдетінен асқан осы 4 күнде өзін хайыздамын деп ойлап, намаз оқымай қалса, сол күндердің қазасын өтеуі міндетті, өйткені бұл күндер хайыз емес, истихада (ауру қаны) болып есептеледі.
➡️ Біз хайыздың ең ұзақ уақыты он күн екенін айттық. Егер жоғарыдағы мысалға сәйкес, әйел адам әр ай сайын әдеттегідей 7 күн хайыз көріп жүріп, келесі айда 9 күн көріп тоқтаса, онда бұл күндердің барлығы хайыз болып есептеледі. Осылайша әйел адамның әдеті ауысқан болып саналады.
📚 Лубаб фи шархил китаб

❤12👍3
📍 Каир қаласында жерленген ұлы Сахаба мен Ғұламалар :
Әлі зиярат етіп бармаған ғұламалар қаншама…
Алла тағала әрбір ғұламаның рухына рақым етсін, бізге олардың ізін жалғастыруға күш берсін 🤲

❤16
🛑 Қатаң ескерту:
Бұл жәй мән бермей өтіп кететін нәрсе емес. Бұл – өте ауыр мәселе.
Кеше интернет желісінен Алланың сөзі болған Құран аяттарын өлеңге қосқан видеоны көзім шалды. Бұл нәрсені тоқтату керек.
Құран — әнге араластыратын сөз емес. Құран — бүкіл әлемнің Раббысының сөзі. Ол жүректерді тірілту үшін түсті, адамдарды тура жолға салу үшін түсті.
Бір сәт ойланып көрейік…
Егер адам баласының сөзі болса да оны қорлап, мазақ етуге ұялушы едік. Ал бұл — Алланың сөзі. Аспандар мен жердің Раббысы түсірген ұлы кітап.
Құран түскен кезде сахабалардың жүректері дірілдейтін, көздерінен жас ағатын. Ал бүгін кейбір адамдар сол аяттарды әуенге қосып, жатыр Бұл жүрекке ауыр тиетін жағдай.
Алланың аяттарын орынсыз қолдану — өте ауыр іс. Ғалымдар мұндай әрекеттен қатты сақтандырған. Өйткені Алланың сөзін құрметтемеу адамның иманына үлкен қауіп. Ал оның азабы да жеңіл болмайды.

❤30👍1
«Бұл бауырымыздың ниеті жақсы болған шығар. Бәлкім, мұндай іс жасау дұрыс емес екенін білмеген де шығар. Алайда біз мұндай мәселелерде бір-бірімізге ескерту жасап, шариғатқа қайшы істерден сақ болуымыз қажет. Өйткені мұндай амалдар шариғатымызға мүлде сай келмейді.»
❤18
📍 Мән берілетін маңызды мәселе:
Имамға лұқма беру — яғни имам намаз ішінде қырағат кезінде қателесіп не ұмытып қалғанда, артындағы жамағат сол аятты айтып имамның есіне түсіреді.
Бірақ көпшілік қауым мән бермейтін бір жайт бар:
Жамағат имамға лұқма берген кезде Құран оқу ниетімен емес, тек еске салу мақсатымен айтуы керек. Себебі, имамға ұюшы адамға намаз ішінде Құран оқуға тыйым салынған.
Сондай-ақ, имам қателескен сәтте бірден лұқма беру — мәкруһ, яғни шариғатта ұнамсыз, дұрыс емес амал болып саналады. Өйткені, имамның өзі қателігін есіне түсіріп, түзетуі немесе рукуғке баруы мүмкін. Ал имам қателескенде сол аятты оқып тұрып, ұзақ тұрып қалу да мәкруһ, егер ол парыз көлеміндей қырағат оқып қойса, онда басқа сүреге өтуі немесе рукуғке баруы тиіс.

❤12🙏1