📍 Зекет беру мәселесі :
Зекет беру кезінде адамға екі жол да рұқсат етіледі:
малдың өзін беру немесе оның құнын шығару.
Яғни, кімде-кім Алланың разылығын көздеп, зекетке малының нақ өзін бергісі келсе – бұл сауапты әрі құптарлық амал. Ал егер малдың құнын ақша түрінде беру мұқтаж жанның қажетіне көбірек пайда әкеледі деп есептесе, онда оның құнын беру де шариғатта рұқсат етілген.
Өйткені шариғаттың мақсаты – мұқтаж жандардың қажетін өтеу, қиындықтарын жеңілдету.
Сондықтан зекетті малдың өзімен беру де, құнымен беру де – екеуі де дұрыс. Ең бастысы – ниеттің ықыласты болуы және әділеттілік сақтау.
📚 «әл-Һидая»,

❤4
📍Әйелдердің өзара әурет мәселесі :
Мұсылман әйелдер бір-бірінің алдында қарауына рұқсат етілген мөлшер — кіндік пен тізе арасы әурет болып саналады.
Алайда мұсылман әйелдің өзге дін өкіліндегі әйелдің алдында әуретін ашуы дұрыс емес. Себебі ол мұсылман әйелдің сипаттарын бөгде адамдарға айтып беруі мүмкін.
📚 «Хазр уәл-Ибәха»
Имам Нәһләуи

❤12
📍Парыз намазды үйде жамағатпен оқу – дұрыс. Алайда оның сауабы мешітте жамағатпен оқылған намаздың сауабынан кем болады. Өйткені мешіт – мұсылмандардың басын қосып, бірлігін нығайтатын қасиетті орын.
📚 «Муниятул мусаллин»
📚 «Муниятул мусаллин»
❤14
📍 Жұма намазында имам құтбаға шыққан кезде намаз оқу мәселесі
Имам құтба айту үшін мінберге шыққан кезде намаз оқу тәхриман мәкруһ (яғни харамға жақын мәкруһ). Тіпті ол адам парыз намазын оқып жатқан болса да, құтба кезінде намаз оқу құпталмайды.
Алайда тәртіп иесі (қаза намаздары бар адам) сол уақытта қаза намазын өтесе – рұқсат етіледі.
Егер бір адам имам құтбаға шықпай тұрып нәпіл намазға кірісіп қойған болса:
• Нәпіл намаз болса – екі рәкағат қылып аяқтайды.
• Ал егер жұманың сүннет намазы болса – төрт рәкағат қылып толық аяқтайды.
📌 Ескерту:
Бұл үкімдер адам имам құтбаға шықпай тұрып намазға кіріскен жағдайға ғана қатысты.
Ал имам құтбаға шыққаннан кейін намазды бастау – дұрыс болмайды.
📚 Хашия Тахтауи

❤8👍4
📌 Көп адамдар мән бере бермейтін, біле бермейтін маңызды мәселе. Жақындарыңыз білсін десеңіздер – таратып қойыңыздар.
❤9
Алла сен үшін нені тандаған болса соны береді, сенің өзіне тандағаныңды емес және өзі қалаған уақытта береді,сен қалаған уақытта емес…
Кітап сияқты кітап📚
Кітап сияқты кітап📚
❤15
📍Парыз намаздың алғашқы екі рәкағатында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре оқу мәселесі:
Намаз оқушы, мысалы: шам намазының алғашқы екі рәкағатында «Фатиха» сүресінен кейін зәм сүре оқуды ұмытып кетсе немесе әдейі тастап кетсе,
немесе құптан намазының алғашқы екі рәкағатында да дәл осылай жасаса,
сосын шам намазының үшінші рәкағатында, немесе құптан намазының үшінші не төртінші рәкағатында оқымағаны есіне түссе —
онда шам намазының үшінші рәкағатында фатихадан кейін зәм сүре қосып оқу уәжіп болады.
Бұл — шам намазының бірінші рәкағатында сүре қоспағанының орнын толтырады.
Ал екінші рәкағатында оқымағаны үшін соңында сәһу сәждесін жасау қажет.
Өйткені шам намазы — үш рәкағат,
ал құптан намазының үшінші және төртінші рәкағаттарында фатихадан кейін зәм сүре оқу уәжіп болып табылады. Бұл — егер алғашқы бірінші және екінші рәкағаттарда «Фатиха» сүресінен кейін зәм сүре оқымай тастап кетсе ғана.

❤8👍3
📍 Мән берілетін маңызды мәселе:
Имамға лұқма беру — яғни имам намаз ішінде қырағат кезінде қателесіп не ұмытып қалғанда, артындағы жамағат сол аятты айтып имамның есіне түсіреді.
Бірақ көпшілік қауым мән бермейтін бір жайт бар:
Жамағат имамға лұқма берген кезде Құран оқу ниетімен емес, тек еске салу мақсатымен айтуы керек. Себебі, имамға ұюшы адамға намаз ішінде Құран оқуға тыйым салынған.
Сондай-ақ, имам қателескен сәтте бірден лұқма беру — мәкруһ, яғни шариғатта ұнамсыз, дұрыс емес амал болып саналады. Өйткені, имамның өзі қателігін есіне түсіріп, түзетуі немесе рукуғке баруы мүмкін. Ал имам қателескенде сол аятты оқып тұрып, ұзақ тұрып қалу да мәкруһ, егер ол парыз көлеміндей қырағат оқып қойса, онда басқа сүреге өтуі немесе рукуғке баруы тиіс.

📍 Бесін намазының сүннетін реттілікпен орындау мәселесі:
Егер адам бесін намазының алғашқы төрт рәкәт сүннетіне үлгермей, бірден парыз намазына кіріссе, парызды тәмамдағаннан кейін сол сүннетті өтеуі қажет.
Өтеу тәртібі бойынша алдымен парыздан кейінгі екі рәкәт сүннетті оқиды. Одан кейін бесін намазының алғашқы төрт рәкәт сүннетін қаза ретінде өтейді. Осылай істеу абзал болып саналады.
📚 әл-Һидая, Фатхул-Қади

🛑 Маңызды ескерту:
Иғтикафқа кіргісі келген адам ертең ақшам намазына дейін мешітке кіріп үлгеруі керек. Өйткені Рамазанның соңғы он күндігі ақшамнан бастап басталады.

❤13
📌 Хайыз кезінде әйел адамға қосылу мәселесі
Ханафи ғалымдарының кітаптарында келгендей, егер бір адам хайыз (етеккір) кезінде әйелмен қатынас жасау халал деп сенсе – онда күпірлікке түсу қаупі бар. Өйткені бұл – Құранда анық келген үкімді жоққа шығару болып саналады.
Ал егер адам оның харам екенін біле тұра сол іске барса, онда ол үлкен күнә жасаған болады. Мұндай жағдайда оған тәубе етіп, истиғфар айту міндет. Бұл іс үшін арнайы белгіленген кәффарат жоқ.
📚 «Әл-Мухит»

Жүрекке ең ауыр тиетін сәттердің бірі – сен алыста жүріп, жақындарыңнан жырақ болсаң да, отбасында болып жатқан қиындықтарды білетін кезде. Сол біліп тұру – ішкі жібіңді байлап, әрекетсіздік сезімін туғызады. Қолыңнан ештеңе келмейтініне көз жеткізіп, жүрегіңнің сынықтай сезінуі – нағыз ауыртпалық. Сол сәтте жүрек тек сезіммен ғана әрекет етеді, бірақ сол сезімнің өзі жүректі өртей береді, әр сәт сайын ауыртқынын арттыра түседі.
❤13
📍 Мән берілетін маңызды мәселе:
Мешіттің есігін құлыптап қою — мәкруһ, яғни құпталмаған амал болып есептеледі.
Өйткені мұндай әрекет адамдарды намаздан тосуға ұқсап қалады.
Алайда ең дұрыс және фәтуа берілген пікір бойынша,
егер мешітке зиян тиюі мүмкін болса немесе
заттардың ұрлануынан қауіп етілсе
құлыптап қоюда еш әбестік жоқ.
Тек бұл іс намаз уақыттарынан тыс кезде ғана рұқсат етіледі.
📚 Һидая

Өз ақыретің үшін қалай уайымдап, қалай тырыссаң — ата-анаңның, бауырларыңның, туыстарыңның да ақыреті үшін солай уайымда.
Олардың да тура жолда болуын қалап, сол жолда бар күш-жігеріңді сал. Себебі шынайы жақсы көрген адам жақындарының тек бұл дүниедегі жағдайын емес, ақыреттегі халін де ойлайды.
Егер оларды шынымен жақсы көрсең — намазға, жақсылыққа, Алланы еске алуға шақыр. Бір адамның тура жол табуына себеп болу — дүниедегі көп нығметтен де артық.
Сондықтан өзіңді ғана құтқаруды ойлама. Жақындарыңның да ақыреті үшін әрекет ет. Бәлкім сенің бір сөзің, бір насихатың, бір дұғаң олардың жүрегіне жетіп, тура жолға себеп болар. 🤲

1❤12
📍 Мән берілетін маңызды мәселе:
Намазда қырағат (Құран оқу) барысында сүрелердің тәртібін бұзу — мәкруһ тахриман, яғни харамға жақын құпталмаған амал болып саналады.
🔹 Мысал:
Бірінші рәкағатта «Нәс» сүресін, ал екінші рәкағатта «Фәләқ» сүресін оқу — Құрандағы тәртіпке қайшы келеді.
Ал егер бұл жағдай балаларға Құран жаттату кезінде орын алса, онда рұқсат етіледі. Себебі балаларға сүрелерді қысқалығына қарай жеңілдетіп үйрету — шариғатқа сай амал.
🕌 Ескерту:
Егер намаз оқушы бірінші рәкағатта «Нәс» сүресін ұмытып оқып қойса, онда екінші рәкағатта да сол «Нәс» сүресін қайта оқуы дұрыс болады.
Дерек: Хашия Тахтауи 📚

Дінде «менің ойымша» деген өлшем жоқ. Өйткені дін – адамның қалауымен немесе жеке пікірмен құрылатын нәрсе емес. Дін – Алланың үкімі, Пайғамбардың ﷺ сүннеті. Адамның ойы бүгін бір жаққа, ертең бір жаққа өзгеруі мүмкін, ал Алланың хақ үкімі ешқашан өзгермейді.
Кейде адам бір мәселеге келгенде: «Менің ойымша бұлай болса керек…», «Меніңше осылай дұрыс…» деп айтуы мүмкін. Бірақ дін мәселесінде бұл сөз қауіпті болуы мүмкін. Өйткені ақиқат біздің ойымызға қарап өзгермейді. Біз ақиқатқа бағынуымыз керек, ақиқатты өз ойымызға бағындыруға емес.
Шынайы мұсылман әрбір ісінде: «Бұл туралы Алла не айтты? Пайғамбар ﷺ қалай үйретті? Ғалымдар қалай түсіндірді?» – деп қарайды. Егер адам дінді өз пікіріне қарай бейімдей бастаса, бірте-бірте ақиқаттан алыстап кетуі мүмкін. Ал ақиқаттан алыстау – жүректің қарайуына себеп болады.
Сондықтан дінге келгенде ең көркем жол – кішіпейілділік. «Менің ойымша» деудің орнына: «Алла мен Оның Елшісі ﷺ қалай бұйырды?» деп іздеу. Себебі құтылу – өз ойымызға еруде емес, уахиға бағынуда.
Кім жүрегін Алланың үкіміне толық тапсырса, сол адам адаспайды. Ал кім өз ойын діннен жоғары қойса, ол байқамай үлкен қателікке түсуі мүмкін.
Сол үшін әр мұсылман жүрегіне мына нәрсені мықтап орнықтыруы керек:
Дін – пікірмен емес, дәлелмен өмір сүреді.
Дін – оймен емес, уахимен өлшенеді.
Ал құтылу – Алла мен Оның Елшісіне ﷺ толық бойсұнуда.

❤13👍4
📍 Намаздың әдептерінен:
Намаз кезінде адам есінеген сәтте, оны барынша тоқтатуға тырысқаны абзал.
Өйткені намаз – Алла Тағалаға толық көңілмен құлшылық ету уақыты.
Егер есінегенін ауызымен тоқтата алмаса, онда қолымен немесе жеңімен ауызын жабуына болады.
Ал егер адам есінегенін ауызымен тоқтата алатын болса, бірақ соған қарамастан қолымен немесе жеңімен жапса – бұл мәкруһ (құпталмаған іс) болып саналады.
📌Есінеген кезде шайтанның әсерінен сақтану үшін адам оны барынша тежеуге тырысқаны жөн.
Хашия Тахтауи 📚

❤10
📍Шейх Шаннар Ұстазымыздың Рамазанның соңғы он күндігіне арналған насихаты :
🌙 Рамазанның соңғы он күні — ең қадірлі күндер. Бұл күндері құлшылықты көбейтіп, жүректі зікірмен тірілтейік.
1. Астағфирулла – 100 рет
2. Аллаһумма салли ‘ала саййидина Мухаммадин уа ‘ала әлиһи уә сәллим – 100 рет
3. Ләә иләәһә иллАллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ, ләһул-мүлку уә ләһул-хамду уа һуа ‘ала кулли шәйин қадир – 100 рет
4. Субханаллаһи уә бихамдиһи – 100 рет
5. Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллаһил-‘азим, астағфируллаһ – 100 рет
6. Ләә хаулә уә ләә қууата иллә билләһ – 100 рет
7. Ләә иләәһә иллАллаһ әл-мәликул-хаққул-мубин – 100 рет
8. Субханаллаһ, уәлхәмду лилләһ, уә ләә иләәһә иллАллаһ, уАллаһу әкбар – 100 рет
9. Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражи‘ун – 100 рет
10. Хасбуналлаһу уә ни‘мал-уәкил, ‘алАллаһи тәуәккәлнә – 100 рет
11. Кешкі зікірлерді оқу
12. Садақа беру
13. Құран оқу (кемінде бір пара)
🤲 Алла Тағала осы берекелі күндерді қадірлеп, құлшылықта өткізуімізді нәсіп етсін.
🌙 Соңғы он күндікті бос жібермейік!

🌙 Имам Ағзам Әбу Ханифа — р.а.:
📖 Рамазан айында Құранды 61 мәрте хатым еткен.
Күндіз бір хатым, түнде бір хатым — осылайша бір айда 60 хатым, ал тарауих намазындағы хатыммен бірге 61 хатым толықталған.
🕌 Сонымен қатар, ол кісі екі ракағат намазда түгел Құранды хатым ететін.
✨ Және құптанда алған дәретімен қырық жыл бойы таң намазын үзбей оқыған.
Алла Тағала ол кісіден разы болсын!

❤21
📍 Құбылаға ниет ету мәселесі :
Намаз оқушы намазға кірісер кезде:
«Құбылғаға қарадым» деп айту шарт емес.
Өйткені құбылаға беттеу өзі ниет етуге мұқтаж емес.
Марақил Фәләх📚

❤8👍2