hafizbol.kz
3.57K subscribers
11 photos
3 videos
7 files
10 links
Download Telegram
Channel created
Channel name was changed to «Hafiz Bol»
Рамазан айы - адамзатты тура жолға бастаушы, айқын ділелдерді һәм ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын өлшемдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ай. Арадарыңнан кімде-кім Рамазан айына аман-есен жетсе, оны ораза ұстап өткізсін. Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Шынында Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы келмейді. Ендеше қаза болған күндердң толықтырып, өздеріңді тура жолға салғаны үшінАлланы құдіреті күшті ұлы Жаратушы деп танып, Рамазан айын (ораза ұстап, намаз оқып, зекет садақа беріп Құран оқып) шүкіршілік етерсіңдер

2:185
Рамазан Шәриф

- Ішінде Қасиетті Құран Кәрім түсе бастаған ең қайырлы ай

- Бұл айда Қадір түні сияқты 1000 айдан қайырлы болған мүбарак түн бар

- Күнәлардың кешіріліп, Шайтандардың шынжырға байланған айы

- Сабыр айы, Исламның 5 парызы болған Ораза ұстау, кешкісін Тарауих оқитын хайырлы әрі берекелі ай

- Құран Кәрімнің хатым етіліп, Мешіттерде Құран оқылып, Мешіттердің мұсылмандармен толатын мейірім, берекелі айы.

- Жәннәт есіктерінің ашылып, Тозақ есіктерінің жабылып, періштелердің жер бетіне түсетін айы
📌Әбу Мас'уд әл-Ғифари жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.у):

"Егер құлдар Рамазан айындағы артықшылықтарды білсе, бүкіл жылдың Рамазан болғанын қалайтын еді."


📖 Сәлмән әл Фариси (р.а) айтқан:

Пайғамбарымыз (с.а.у) Шағбанның соңғы күнінде бізге Хұтба оқыды және:

- "Ей адамдар! Үлкен бір ай жақындады. Ол мүбарак бір ай. Ішінде 1000 айдан хайырлы Қадір түні бар. Алла Тағала бұл айдың оразасын парыз, кешкі құлшылығын нәпіл қылды. Бұл айда бір жақсылық жасаған немесе бір парызды орындаған, Рамазаннан басқа уақытта 70 парызды орындағандай болады" деді.

Ғуния 2/6
Бұл ай сабыр айы. Сабырдың сыйлығы – Жаннат. Бұл ай баршылық айы. Бұл ай Мүміннің рызығы артатын ай. Бұл айда біреу ораза ұстағанға ауызашар берсе, күнәларының кешіріліп, Тозақтан құтылуна себепші болады. Ауызашар ашқан адамның сауабы секілді сауап алады. Ауызашар бергеннің сауабы азаймайды.

Сахабалар (р.а)
- "Я Расулуллаһ, Біздің баршамыздың ауызашар беруге шамамыз жетпейді" деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у):

"Алла Тағала бұл сауапты бір Құрма, бір жұтым су, бір ұртым сүтке де береді" деді.
Рамазан айы сондай бір ай, әуелгісі мейірім, ортасы кешірім, соңы да Тозақ отынан құтылу.

Бұл айда кім әмірінің астындағылардың міндетін жеңілідетсе, Алла Тағала оны кешіреді және Тозақ отынан босатады.

Бұл айда 4 түрлі қызғанышты көбейту керек:

Бұлардың екеуімен Алланы разы етесіз. Қалған екеуі де әрдайым мұқтаж болған қызғаныштарыңыз.

Алланы Разы ететін қызғаныш:

"Лә иләһә иллаллаһ" кәлимасын көп айтуыңыз және Алла Тағалаға тәубе және истиғфар айтуыңыз.

Мұқтаж болған екі қызғаныш болса Алладан Жәннәтті қалағандарыңыз және Тозақтан Аллаға сыйынғандарыңыз.

"Кім бұл айда бір ораза ұстағанның қарнын тойдырса Алла Тағала менің хаузымнан оған ішкізеді жіне ол ешқашан шөлдемейді" деп бұйырған.

Ғуния 2/6