— “Өйткені ол маған Мұхаммедтің ﷺ дүниеге келгені туралы сүйінші хабар жеткізген кезде Сувайбаны азат еткен едім және ол Пайғамбарды ﷺ емізген болатын”».
Егер Құранда айыпталған кәпір Әбу Ләһаб Мұхаммедтің ﷺ дүниеге келген түніне қуанғаны үшін, яғни Мәулидке байланысты, Тозақта белгілі бір дәрежеде сыйға ие болып жатса, онда Мұхаммед ﷺ үмбетінің оның дүниеге келгеніне қуанып, оған деген сүйіспеншілігі үшін қолынан келгенін жұмсайтын мұсылманның жағдайы қандай болмақ? Менің жаным қолында болған Алламен ант етемін, оның Жомарт Раббысының сыйы — Өз рақымымен оны нығмет бақтарына кіргізуден басқа нәрсе емес.
Әбу Ләһабтың Сувайбаны азат еткені және осыған байланысты болған оқиға әл-Бұхари, әл-Исмаили және Абдурраззақ тарапынан риуаят етілген.
«Сахих әл-Бұхариде» Уруа былай деген:
«Сувайба Әбу Ләһабтың азат етілген күңі еді. Әбу Ләһаб оны азат еткен болатын және ол Пайғамбарды ﷺ емізген. Әбу Ләһаб қайтыс болғаннан кейін оның отбасы мүшелерінің бірі оны түсінде өте ауыр жағдайда көріп, одан: “Басыңа не түсті?” — деп сұрады.
Әбу Ләһаб:
“Сенен кейін ешқандай жайлылық көрмедім”, — деп жауап берді».
Ал әл-Исмаилидің риуаятында да: «Сенен кейін ешқандай жайлылық көрмедім», — делінеді.
Абдурраззақ → Мағмар → әз-Зуһри арқылы жеткен риуаятта:
«Сенен кейін ешқандай тыныштық көрмедім, тек мына жерден су берілді», — деп, Абдурраззақтың риуаятындағыдай, бас бармақтың астындағы ойықты көрсетті.
Ал әл-Исмаилидің риуаятында ол бас бармақ пен оған жақын саусақтың арасындағы ойықты көрсеткен.
«Сувайбаны азат еткенім үшін», яғни: «Сувайбаны азат еткенім себепті маған сусын берілді», — деген мағынада.
Хафиз Ибн Хажар «Фатх әл-Бари» атты еңбегінде былай дейді:
«Әс-Сухайли әл-Аббас (Алла оған разы болсын) былай дегенін жеткізген:
“Әбу Ләһаб қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң оны түсімде өте ауыр жағдайда көрдім. Әбу Ләһаб: ‘Сенен кейін ешқандай тыныштық таппадым, тек әр дүйсенбі сайын азабым жеңілдетіледі’, — деді”.
Ол, яғни әл-Аббас:
“Мұның себебі — Пайғамбар ﷺ дүйсенбі күні дүниеге келген еді. Ал Сувайба Әбу Ләһабқа оның ﷺ дүниеге келгені туралы сүйінші хабар жеткізген. Сол себепті ол Сувайбаны азат еткен”, — деді».
Алла Тағала бәрін жақсырақ біледі
Пайғамбарымыздың ﷺ дүниеге келуіне қуану және оны еске алу
Шейх Абдуллаһ Сираджуддин

Саубаннан, Аллах оған разы болсын, жеткен хадисте Пайғамбар ﷺ былай дейді:
وإن العبد ليحرم الرزق بالذنب يصيبه
«Шын мәнінде, құл жасаған күнәсіне байланысты ризықтан айырылады».
Ахмад пен Ибн Мәджа риуаят еткен. Ибн Хиббан және әл-Хаким оны сенімді деп атаған.

❤2
Әлсіздік, жалқаулық, қорқақтық және кәрілік әлсіздігінен қорғану дұғасы
Әнас ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын) жеткізілгендей, Алланың Елшісі ﷺ жиі мынадай дұға айтатын:
«Уа, Алла! Расында, мен Сенен әлсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, кәрілік әлсіздігінен және сараңдықтан пана тілеймін. Сондай-ақ қабір азабынан Сенің қорғауыңа сиынамын. Әрі өмір мен өлімнің сынақтарынан Сенің қорғауыңа сиынамын!»
اللَّهُمَّ إنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ العَجْزِ، وَالكَسَلِ، وَالجُبْنِ، وَالهَرَمِ، وَالبُخْلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ القَبْرِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ المَحْيَا وَالمَمَاتِ
Аллаһуммә инни әғузу бикә минәл-ғажзи, уәл-кәсәли, уәл-жубни, уәл-харами уәл-бухли, уә әғузу бикә мин азабил-қабри, уә әғузу бикә мин фитнәтил-махйә уәл-мәмәти.
Мұндағы «әлсіздік» (العجز) — игі істі орындауға қабілетсіз болуды немесе міндетті істі орындаудан бас тарту мен оны кейінге қалдыруды білдіреді.
Ал «сараңдық» (البخل) — адамның өзіне міндет болған нәрсені төлеуден немесе беруден бас тартуы.
Бұл хадистің басқа бір риуаятында Алланың Елшісі ﷺ былай деп те дұға еткені жеткізіледі:
«…қарыздың ауыртпалығынан және адамдардың езгісінен (басым түсуінен) Сенің қорғауыңа сиынамын».
وَضَلَعِ الدَّيْنِ، وَغَلَبَةِ الرِّجَالِ
Уә далағид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижали.
Бұл жерде адамдардың бір-біріне қатысты жағдайы меңзеледі: адам кейде зұлымдық жасаушы, ал кейде зұлымдыққа ұшыраушы болуы мүмкін. Сондықтан Алладан осы екі жағдайдың да жаманшылығынан қорғауын тілеу қажет.
Дереккөздері: «Сахих Муслим», №2706; «Сахих әл-Бұхари», №2823, 6363, 6367.

Хадис Хифз Коран.pdf
225.5 KB
Вопрос о сохранении Корана и забывании выученного волнует практически каждого, кто занимается заучиванием Книги Аллаха.
В связи с этим среди изучающих Коран широко известен рассказ о ‘Али ибн Абу Талибе رضي الله عنه и особом дуа, которому, согласно этому сообщению, его научил Посланник Аллаха ﷺ.
Сам текст хадиса содержит очень важные и вдохновляющие слова о Коране, ночном поклонении и обращении к Аллаху с просьбой облегчить его запоминание. Однако при обращении к наследию мухаддисов возникает другой, не менее важный вопрос: насколько прочно установлена передача этого сообщения от Пророка ﷺ?

❤3
تخريخ حديث علي رضي الله عنه.pdf
210.6 KB
Кому интересен более подробный разбор этого хадиса, предлагаю ознакомиться с тахриджем на арабском языке, где подробно рассматриваются его пути передачи, передатчики и оценки хадисоведов.
❤3
Шариғат_тұрғысынан_бақытты_отбасы_өмірі.pdf
213.2 KB
Кейбір машайхтардың уағыздарынан жинақталған отбасы турасындағы насихаттар топтамасы.
❤3
«Ең жақсы кәсіптің түрі — егіншілік»
[Әбу Бәкр әд-Димьяти әш-Шафиғи былай деп жазады:]
Ең жақсы кәсіптің түрі — егіншілік, өйткені егіншілікпен айналысатын адам Аллаға тәуекел етуге барынша жақын болады әрі егіншілікке деген қажеттілік барлық жерде бар.
Одан кейінгі ең жақсы кәсіп — қолөнер, өйткені бұл кәсіпте табыс адамның қол еңбегі арқылы жүзеге асады.
Одан кейін сауда келеді. Себебі сахабалардың (Алла оларға разы болсын) саудамен айналысқаны және сол арқылы ризық тапқаны анықталған.
(Әбу Бәкр Усман ибн Мұхаммад Шатта әд-Димьяти, «И‘анат ат-Талибин»)
Иллюстрациялар:
1. Палестиналық фаллах Хеврон маңындағы өз егістігінде намаз оқып тұр, 1937 жылғы 8 желтоқсан.
2. Палестиналық әйелдер Хеврон маңында жер жыртып жатыр, 1937 жылғы 8 желтоқсан.

Ибн Асакирдің رحمه الله өз жұбайына ілім үйретуге деген ынтасы ерекше болған.
Ибн Асакир رحمه الله Айша бинт Али ас-Саламияға үйленді. Ол — Ибн Асакирдің барлық балаларының анасы.
Ибн Асакир رحمه الله жұбайына Фатима бинт Али әл-Акбариден хадис тыңдатқан. Ал Айша бинт Али ас-Саламия кейін өзі естіген хадистерді балаларына жеткізіп, оларды хадис іліміне үйреткен.
تاريخ دمشق ج ٦٩/ص ٢٦٠

Audio
Бір төменгі сыныпта оқитын талапкер «Мәбәди’ әл-Усул» кітабын бірге өтейік деп сұраған еді.
Сол себепті осы кітапты аудио түрде түсіндіріп, жазып шығуды бастап жатырмын.
Алла қаласа, усул әл-фиқһты енді бастап жүрген студенттерге пайдалы болады деген үміттемін.

❤6🔥6👍4
Сұрақ
Бұл хадис сахих па және оны дәйексөз ретінде келтіруге бола ма?
Нәби ﷺ былай деген:
«Тәһәжжуд күндіз адамның жүзіне нұр (аспандық жарық) пен жарқырау береді».
(Ибн Мәжаһ)
Жауап
Имам Ибн Мәжаһ (Алла оны рақымына алсын) бұл риуаятты өзінің кітабына енгізген. Риуаяттағы сөздер мынадай:
«Кім түнде көп намаз (тәһәжжуд) оқыса, күндіз оның жүзі көркем әрі ажарлы болады».
(«Сунан Ибн Мәжаһ», хадис №1333)
Алайда мухаддистер бұл хадисті ойдан шығарылған (маудуғ) хадис деп бағалаған. Бұл хадис әдейі емес, шәкіртінің ұстазын дұрыс түсінбеуінің салдарынан қате түрде Нәби ﷺ-ге телінген.
(«әл-Кәмил фи-д-Дуғәфа», 2-том, 580–581-б.; «әл-Кәфи әш-Шәфи», 263-б., хадис №1052; «әл-Мақасид әл-Хасана», хадис №1169; «әл-Әсрар әл-Марфуға», хадис №522.)
Сондықтан бұл сөздерді Нәби ﷺ-нің хадисі ретінде емес, Шарик ибн Абдуллаһтың (Алла оны рақымына алсын) сөзі ретінде келтірген дұрыс.

Хадис ілімінің білгірі Ибн Ражаб (р.а.) былай деген:
❝Адамдардың ең абзалы — Пайғамбардың ﷺ және оның таңдаулы сахабаларының жолын ұстанғандар.
Олар:
(а) сыртқы құлшылықтарында ұстамды әрі теңгерімді болып,
(ә) сонымен бірге жүректерінің хәлін түзетуге бар күшін салады.
Ақыретке сапар тәнмен емес, жүрекпен жасалады.❞
فأفضل الناس من سلك طريق النبي صلى الله عليه وسلم وخواص أصحابه في الاقتصاد في العبادة البدنية، والاجتهاد في الأحوال القلبية، فإن سفر الآخرة يقطع بسير القلوب لا بسير الأبدان.
«Әл-Махажжа фи Сайр әд-Дулжа», 56-бет.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шейх Әууәма бұл шортста Бұхараға Ислам дінінің қалай келгені туралы айтып өтеді.
Шейхтің айтқан мына бір сөзі ерекше назар аударуға тұрарлық:
ما من موطئ قدم إلا وفيها قدم عالم وإمام
«Аяқ басқан әрбір жерде бір ғалымның немесе имамның ізі бар».
Шейх сонымен қатар Мәсжид Кәлән туралы тарихи дерек келтіреді. Сондай-ақ Имам Бұхаридің өзінен жеткен дерек бойынша, осы мешітте 90 000 ғалым «Сахих әл-Бұхариді» тыңдағаны туралы айтылады.
Бұдан бөлек, Шейх тағы бір тарихи деректі атап өтеді.
Чокардиза қабірстаны туралы естігенсіз бе?
Чокардиза — қазіргі Өзбекстанның Самарқанд қаласында, Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің қабірі орналасқан тарихи аймақтағы көне қабірстан.
Бұл қабірстанда көптеген ұлы ғалымдар мен имамдар жерленген. Олардың арасында Имам Матуриди, Әбу Ләйс әс-Самарқанди және басқа да Мәуараннаһрдың әйгілі ғұламалары бар.
Шейхтің айтпағы да осы:
Бұл жерлердің әрбір топырағында Ислам ғылымына қызмет еткен ғалымдардың ізі қалған.
Самарқанд пен Бұхара — жай ғана тарихи қалалар емес. Олар ғасырлар бойы хадис, фиқһ, ақида және басқа да ислам ғылымдарының ірі орталықтары болған.

❤4👍4🥰3
Шейх ‘Әли ат-Тантауи (р.а.) былай дейді:
«Ата-аналары оларды оқуын аяқтаудан немесе табиғатынан қызығушылығы ауған әрі туа біткен қабілеті бар саламен айналысудан бұрғандықтан, ерекше дарын-қабілеттері зая кеткен қаншама балаларды көрдік».
«Әл-Бауәкир», 50-бет.
Кейде бұған ата-аналар себеп болады. Кейде мұғалімдер себеп болады. Екеуі де өздеріне артылған аманатқа қиянат жасайды.

❤6👍5
Хафиз ибн Хәджәр.
Науажи — ол кісі туралы маған жеткен мәліметке қарағанда — былай деп әңгімелейді:
«Бірде мен сирек кездесетін, ерекше бір кітапқа тап болдым. Оны Хафиз ибн Хәджәрға алып келдім. Ол кітапты менен алып, оның ерекшелігіне таңғалды.
Науажи былай дейді: “Мен ішімнен қатты қуандым. Өйткені өзім оған ол бұрын көрмеген кітапты көрсеттім деп ойладым. Ал ол болса кітапты мұқият парақтап, зер салып қарап отырды. Көп ұзамай ол:
“Мына жерде менің өз қолтаңбам тұр ғой, мен оған ескерту жазғанмын немесе соған ұқсас нәрсе қалдырғанмын”, — деді.
Мен: “Бұл оның көптеген кітаптарды оқып, ұзақ уақыт өткеннен кейін бұрынғы жазбаларын ұмытып қалуынан болса керек. Екі рет қарағанының арасында қанша уақыт өтті десеңізші! Бұдан артық не болуы мүмкін?” — дедім.
Кемшіліктен пәк болған Алла қандай ұлы! Ол ешқашан ұмытпайды».
الجواهر والدرر ١/٣٧٧

❤4
Ахмад Санобардың «السلطة السياسية وحركة رواية الحديث ونقده» атты кітабын оқып шықтым. Кітапта хадистің риуаят етілуі мен сыналуына саяси биліктің ықпалы мәселесі кеңінен қарастырылады. Меніңше, кітаптағы ең маңызды тұстардың бірнешеуі мыналар:
1. Аббасилер дәуірінде Аббаси халифтері ақындар мен шуғараларды өз сарайларына жинап, Аббаси халифатын мадақтайтын өлеңдер айтқызатын болған. Осы тарихи құбылысты негізге алған кейбір ориенталистер хадистер саласында да осыған ұқсас саяси ықпал болған болуы мүмкін деген тұжырым жасаған.
2. Шейх Ахмад Санобардың негізгі зерттеу тақырыптарының бірі — фадаил (فضائل), яғни белгілі бір тұлғаның, әулеттің немесе топтың артықшылықтары мен қасиеттері туралы хадистер. Ол мұндай хадистердің саяси билікті, әсіресе белгілі бір халифаттың легитимділігін күшейтетін құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін деген мәселені қарастырады.
Автор бірнеше хадистің тахрижін жасап, олардың риуаят жолдары мен дереккөздерін зерттейді. Атап айтқанда, Муғауияға, Аббасқа және Әлиге қатысты риуаяттарды талдайды. Сонымен қатар белгілі бір хадистің қай кезеңде және қай халифат тұсында көбірек таралғанына ерекше назар аударады. Яғни хадистің тек иснадын ғана емес, оның тарихи контекстін де зерттейді.
3. Тарихта жалған хадистердің болғаны — даусыз мәселе. Алайда сол кезеңдегі хадис сыншыларының бәрін саяси биліктің айтқанын тарата берген адамдар ретінде көрсету дұрыс емес. Әли ибн әл-Мәдини, Яхъя ибн Мағин, Ахмад ибн Ханбал секілді хадис саласының алып ғалымдары әлсіз әрі жалған риуаяттарды анықтап, олардың таралуына қарсы тұрған.
4. Кітаптағы маңызды мәселелердің бірі — кейбір ориенталистердің тарихи деректермен жұмыс істеу әдісіне қатысты сын. Автор олардың белгілі бір деректерді контекстен бөліп алу, кейінгі кезеңдегі мәліметтерді ертеректегі жағдайға қолдану немесе қарама-қайшы деректерді елемеу сияқты әдістемелік қателіктерге барғанын көрсетеді.
Қорыта айтқанда, кітаптың негізгі құндылығы — хадистің саяси тарихпен байланысын біржақты қарастырмай, риуаят, иснад, хадис сыншыларының еңбегі және тарихи-саяси контексті қатар зерттеуге тырысуында.

❤5