Хадис жазбалары
1.07K subscribers
621 photos
4 videos
37 files
14 links
Download Telegram
Хадиша РА.pdf
275.9 KB
Хадиша анамыз (رضي الله عنها) некеге тұрған кезде қанша жаста еді?
Ислам тарихындағы кең тараған пікір бойынша, Хадиша бинт Хувайлид (رضي الله عنها) Аллаһ Елшісімен (ﷺ) некелескен кезде 40 жаста болған. Алайда классикалық дереккөздерде оның 28 жаста болғанын көрсететін риуаяттар да кездеседі.
Бұл екі пікірдің қайсысы тарихи деректерге көбірек сүйенеді?
Мәселе соңғы жылдары қайта талқыланып, кейбір зерттеушілер биологиялық және тарихи уәждер арқылы дәстүрлі пікірге күмән келтіре бастады. Бірақ бұл мәселеде біз тек кейінгі пікірлерге емес, ерте мұсылман тарихшыларының риуаяттарына, иснадтарына және олардың дереккөздерге қаншалықты жақын екеніне назар аударуымыз керек.
Мен осы мәселені классикалық дереккөздер негізінде салыстырып, 40 жас және 28 жас пікірлерінің тарихи-деректік негізін талдаған мақала дайындадым.
Кейбір нәтижелер, әсіресе ерте дереккөздер арасындағы айырмашылықтар, мәселенің біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі екенін көрсетеді.
Мақалада: Хадиша анамыздың (رضي الله عنها) жасы туралы негізгі риуаяттар, олардың иснадтары және екі пікірдің тарихи салмағы талданады.
❤4🔥1
19. Дәретті аяқтағаннан кейінгі дұғалар
Дәретті аяқтағаннан кейін кәлима-и шәһадатты оқу керек. Егер адам ашық жерде болса, шәһадатты оқыған кезде аспанға қарағаны жөн. Сонымен қатар хадистерде келген басқа да мәснүн дұғаларды оқыған абзал.
Дәреттен кейін оқуға қатысты хадистерде келген бірнеше мәснүн дұға төменде берілген.

Бірінші дұға
Бұл дұғаны оқыған адам үшін Жәннаттың сегіз қақпасы ашылып, оған қалаған қақпасынан кіруге мүмкіндік беріледі.
أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، اَللّٰهُمَّ اجْعَلْنِي مِنَ التَّوَّابِينَ وَاجْعَلْنِي مِنَ الْمُتَطَهِّرِينَ
Мағынасы:
«Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне, Оның жалғыз әрі серігі жоқ екеніне куәлік етемін. Сондай-ақ Мұхаммедтің ﷺ Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін. Уа, Алла! Мені көп тәубе етушілердің және аса таза болғандардың қатарынан ете гөр.»
عن عمر بن الخطاب رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«من توضأ فأحسن الوضوء ثم قال: أشهد أن لا إله إلا الله وحده لا شريك له، وأشهد أن محمدًا عبده ورسوله، اللهم اجعلني من التوابين واجعلني من المتطهرين، فتحت له ثمانية أبواب الجنة يدخل من أيها شاء.»
(Сүнән әт-Тирмизи, №55)
Хазірет Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Кім дәретін көркем әрі толық түрде алып, содан кейін: “Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Мұхаммед ﷺ – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін. Уа, Алла! Мені көп тәубе етушілерден және таза болғандардың қатарынан ете гөр”, – десе, оған Жәннаттың сегіз қақпасы ашылады. Ол қалаған қақпасынан кіре алады.»

Екінші дұға
Бұл дұғаны оқыған адамның сауабы Қиямет күніне дейін мөрленген күйде сақталатын жазбаға жазылады.
سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ، أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِلَيْكَ
Мағынасы:
«Уа, Алла! Сен барлық кемшіліктен пәксің әрі барлық мақтау Саған тән. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік етемін. Сенен кешірім тілеймін әрі Саған тәубе етемін.»
عن أبي سعيد الخدري رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«من قرأ سورة الكهف كانت له نورًا يوم القيامة من مقامه إلى مكة، ومن قرأ عشر آيات من آخرها ثم خرج الدجال لم يضره، ومن توضأ فقال: سبحانك اللهم وبحمدك لا إله إلا أنت أستغفرك وأتوب إليك، كتب في رق ثم جعل في طابع فلم يكسر إلى يوم القيامة.»
Хазірет Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Кім “Кәһф” сүресін оқыса, Қиямет күні оған тұрған жерінен Меккеге дейінгі аралықты жарықтандыратын нұр беріледі. Ал кім оның соңғы он аятын оқыса, кейін Дәжжал шықса, ол оған зиян тигізе алмайды. Сондай-ақ кім дәрет алып: “Уа, Алла! Сен барлық кемшіліктен пәксің әрі барлық мақтау Саған тән. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Сенен кешірім тілеймін және Саған тәубе етемін”, – десе, бұл сөздер бір жазбаға жазылып, мөрленеді де, Қиямет күніне дейін мөрі ашылмайды.»
(Бұл хадисті әт-Табарани «әл-Аусатта» риуаят еткен. Оның риуаятшылары – Сахих хадис жинақтарының риуаятшыларынан.)

#sunan #Дәретсүннет
❤2🔥1
Сұрақ:
Кейбір адамдар «الأئمة من قريش» («Имамдар Құрайыштан») деген хадис бар екенін және осы хадистен Құрайыштан болмаған әмірлер мен халифалардың халифалығы дұрыс емес екені түсініледі деп айтады.
Бұл хадистің дұрыс мағынасы қалай?
Бұл хадиске қатысты сын-пікір бар ма, жоқ па?
Жауап:
Иә, кейбір ғалымдар осы хадисті дәлел ретінде келтіріп, ұлы имамат (яғни мұсылмандардың жоғарғы басшылығы) үшін Құрайыштан болу шарт деп айтқан. Бірақ бұл дұрыс емес. Оның дұрыс еместігіне бірнеше себеп бар:
1. Сәйидуна Омар (Алла оған разы болсын) былай деген:
«إن أدركني أجلي و قد مات أبو عبيدة استخلفت معاذ بن جبل»

(Имам Ахмад риуаят еткен, №108 хадис).
Яғни: «Егер менің ажалым жетіп, Әбу Убайда қайтыс болған болса, оның орнына Муаз ибн Жәбәлді халифа етіп тағайындар едім».
Сәйудина Муаз ибн Жәбәл (Алла оған разы болсын) ансарлардың бірі болған. Осыдан Сәйудина Омардың (Алла оған разы болсын) пікірінше, ұлы имамат үшін Құрайыштан болу шарт емес екені аңғарылады.
2. Бұл үкім белгілі бір себепке (علة) негізделген үкімдердің қатарына жатады. Яғни оның себебі — күш-қуаттың болуы. Құрайышқа ұлы имаматтың берілуінің себебі де олардың сол кездегі күш-қуаты болған. Мұның мақсаты — мұсылмандардың өзара соғысып кетуіне жол бермеу еді. Алайда қазіргі кезде Құрайышта бұрынғыдай күш-қуат жоқ.
3. Хадис шарт қою мағынасында емес, хабар беру мағынасында түсіндіріледі. Яғни оның мағынасы: болашақта халифалық Құрайыштың қолында болады деген хабар.
4. "Имамдар" сөзі бұл жерде «жалпы түрде ілесушілер» деген мағынада түсіндіріледі. Пайғамбар ﷺ пайғамбар болып келген кезде арабтардың көпшілігі Құрайыштың жаңа дінді қабылдай ма, жоқ па деп күтті. Бірақ Құрайыштың көпшілігі Исламды қабылдамады. Сондықтан басқа араб тайпалары да Исламды қабылдамады. Кейін Меккенің алынуы кезінде Құрайыштың көпшілігі Исламды қабылдады, содан кейін басқа араб тайпалары да олардың соңынан ерді.
Мұны Имам Ахмадтың мына риуаяты да қуаттайды. Алла Елшісі ﷺ былай деген:
«الناس ‌تبع ‌لقريش في هذا الأمر، خيارهم تبع لخيارهم، وشرارهم تبع لشرارهم»

Яғни: «Бұл істе адамдар Құрайышқа ереді. Олардың жақсылары Құрайыштың жақсыларына ереді, ал жамандары Құрайыштың жамандарына ереді».
5. Бұл жерде айтылған шарт дұрыстықтың шартына емес, кемелдіктің шартына қатысты деп түсіндіріледі.
6. Қазіргі кезде Құрайыштан болу мәселесінің өзі бұрынғыдай анық емес, өйткені адамдар өздерінің шежірелерін жоғалтып алған.
Бұл хадистің иснадында Ибраһим ибн Сағд есімді бір риуаятшы бар. Кейбір ғалымдардың ойынша әлсіз риуаятшы болған
Алайда Хафиз Ибн Хаджар (Алла оны рақым етсін) «لذة العيش فى طرق حديث الأئمة من قريش» атты кітап жазған. Ол осы хадистің барлық риуаят жолдарын жинақтаған. Оның ішінде Сәйидуна Әбу Һурайра, Сәйидуна Ибн Омар, Сәйидуна Жәбир, Сәйидуна Жубайр ибн Мутъим және басқа да сахабалардың риуаяттары бар. Жалпы алғанда, шамамен 40 сахабаның аты аталады.
Осыдан бұл хадистің басқа куәгер риуаяттары (шауаһид) мен қосымша риуаяттары (тауабиъ) болғандықтан, оны әлсіз хадис деп санауға болмайтыны белгілі болады.
🔥1
Менің ойымша, талапкердің тек мутааххир (кейінгі) ғалымдардың еңбектерімен шектелуі — хадисті дұрыс түсіну тұрғысынан белгілі бір апорияға алып келеді. Себебі мутааххирин қалыптастырған терминология мен дефиницияларды алып, оларды мутақаддимин (бұрынғы) ғалымдардың мәтіндеріне тікелей утилизация және оны экстраполяциялау әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес. Бұл — кейінгі кезеңде қалыптасқан ұғымдар мен анықтамаларды бұрынғы кезеңдегі авторлардың мәтіндеріне телу болып шығады. Мұндай тәсіл, түптеп келгенде, анахронизмге және абсурдты қорытындыларға алып келуі мүмкін.
🔥1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
20. Дәретті ретімен алу
Дәреттің мүшелерін ретімен жуу керек. Яғни, алдымен қолдар, кейін ауыз бен мұрын, одан соң бет, қолдар, басқа мәсіх жасау және соңында аяқтарды жуу тәртібі сақталады.
21. Оң жақ мүшелерді сол жақ мүшелерден бұрын жуу
Дәрет кезінде алдымен оң жақ мүшелерді, содан кейін сол жақ мүшелерді жуған жөн.
عن أبي هريرة قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«إذا لبستم وإذا توضأتم فابدؤوا بأيامنكم.»
(Сүнән Әбу Дәуд, №4141)
Хазірет Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Киім кигенде және дәрет алғанда оң жақтарыңнан бастаңыздар.»
عن عائشة رضي الله عنها قالت:
«كان النبي صلى الله عليه وسلم ليعجبه التيمن في تنعله وترجله وطهوره وفي شأنه كله.»
(Сахих әл-Бұхари, №168)
Хазірет Айша (р.а.) былай дейді:
«Пайғамбар ﷺ аяқ киімін кигенде, шашын тарағанда, дәрет алғанда және барлық істерінде оң жақтан бастағанды ұнататын.»
Яғни, құрмет пен әдепті қажет ететін игі істерде оң жақтан бастауға мән беретін. Мысалы, мешітке немесе Қағбаға оң аяқпен кіру, киім киюді оң жақтан бастау, бір нәрсені оң қолмен алу немесе беру және т.б.
22. Әр мүшені мұқият ысқылап жуу
Дәрет мүшелерін жуған кезде әрбір мүшені мұқият ысқылап, судың оның барлық бөлігіне толық жетуін қамтамасыз ету керек.
23. Дәрет мүшелерін бірінен кейін бірін кідіріссіз жуу
Дәрет кезінде барлық мүшелерді бірінен кейін бірін, олардың арасында ұзақ үзіліс жасамай жуу керек. Яғни, алдыңғы жуылған мүшенің құрғап кетуіне жеткілікті ұзақ кідіріс жасамай, келесі мүшені жуған жөн.

#sunan #Дәретсүннет
❤1👍1🔥1
Нұруддин Итр (رحمه الله عز وجل) өзінің «Адамзаттың Құран алдындағы міндеттері» атты еңбегінде былай дейді:

Құранның хақыларының бірі
– жалпы адамдардың, әсіресе мұсылмандардың оны терең әрі жан-жақты зерттеуі, оны Құранды тәпсірлеуде мойындалған қағидаларға сәйкес түсінуі, оның мағынасын бұрмалап түсіндірушілердің бұрмалаушылықтарын жоққа шығаруы және Құранның мағыналарына, түпнұсқалығына, хабарына немесе шариғи үкімдеріне нұқсан келтіруге ұмтылатын адасушылықтарды қабылдамауы.
Құранның хақыларының тағы бірі – әрбір мұсылманның, тіпті әрбір адамның, оның шешендігінің көркемдігі мен баяндауындағы мұғжизалық сипатын бағалай білуі; ондағы мысалдардан, қиссалардан және насихаттардан ғибрат алуы; сондай-ақ таусылмас қазыналары туралы терең ой жүгіртіп, оларды зерттеуге барынша ден қоюы. Өйткені Құранның ғажайыптары ешқашан таусылмайды.
Құранның хақыларының тағы бірі – әрбір мұсылманның Құран ғылымдарын үйренуі, оның үкімдерін түсінуі, өмірін сол үкімдерге сай қалыптастыруы және оларды өзінің іс-әрекетінде, көркем мінез-құлқында әрі шынайы адамгершілігінде жүзеге асыруы. Осы арқылы ол адамгершілік кемелдіктің ең жоғары дәрежесіне жетеді.
24. Дәрет алып жатқанда дүниелік мәселелер туралы сөйлеспеу
Дәрет алып жатқан кезде дүниелік істер туралы сөйлеспеген жөн.
25. Дәрет кезінде суды ысырап етпеу
Дәрет алу барысында суды ысырап етпеу керек. Суды қажет мөлшерден артық пайдаланудан сақтану қажет.
عن عبد الله بن عمرو رضي الله عنهما أن رسول الله صلى الله عليه وسلم مر بسعد وهو يتوضأ فقال:
«ما هذا السرف؟»
قال: أفي الوضوء إسراف؟
قال:
«نعم، وإن كنت على نهر جار.»
(Сүнән Ибн Мәжа, №425)
Хазірет Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят етеді:
Алла Елшісі ﷺ Хазірет Сағд (р.а.) дәрет алып жатқан кезде оның жанынан өтіп бара жатып:
«Бұл қандай ысырап?» – деді.
Сағд (р.а.):
«Дәрет алуда да ысырап болуы мүмкін бе?» – деп сұрады.
Алла Елшісі ﷺ:
«Иә, тіпті сен ағып жатқан өзеннің жағасында дәрет алып отырсаң да (суды ысырап етпе)», – деді.
26. Дәретте жуылуы парыз болған мүшенің бір бөлігі құрғақ қалмауы керек
Егер дәрет кезінде жуу парыз болған мүшенің қандай да бір бөлігі құрғақ қалып қойса, дәрет толық болмайды.
عن عمر بن الخطاب رضي الله عنه أن رجلاً توضأ فترك موضع ظفر على قدمه فأبصره النبي صلى الله عليه وسلم فقال:
«ارجع فأحسن وضوءك.»
(Сахих Мүслім, №243)
Хазірет Омар (р.а.) риуаят етеді:
Бір адам дәрет алды, бірақ аяғының тырнақтай ғана бір жерін жумай, құрғақ қалдырды. Алла Елшісі ﷺ оның құрғақ қалған жерін көріп:
«Қайта барып, дәретіңді жақсылап толық ал», – деді.

#sunan #Дәретсүннет
❤2
Нұруддин Итр (رحمه الله عز وجل) өзінің «Адамзаттың Құран алдындағы міндеттері» атты еңбегінде былай дейді:

Құранның хақыларының бірі
– әрбір мұсылманның Құранға деген иманды бүкіл адамзатқа жеткізуі. Бұл – адамдарды Аллаға шақыру жөніндегі иләһи міндетті орындау болып табылады. Аталған міндет Алланың Кітабы арқылы бекітілген, жалпы мұсылман үмбетіне, ал әсіресе арабтарға жүктелген және олардың басқа халықтар арасындағы абыройы, қадір-қасиеті мен беделінің қайнар көзі етілген. Алла Тағала былай дейді:
«Ақиқатында, бұл – сен үшін және қауымың үшін бір ескерту. Әрі сендер ол туралы міндетті түрде сұраласыңдар» (Зухруф сүресі, 44-аят).
Сондай-ақ әл-Бұхари (№3641) және басқа да хадис жинақтарында Пайғамбарымыз ﷺ-ның былай дегені риуаят етіледі:
«Менен жеткізіңдер, тіпті бір ғана аят болса да».
Бұл әрбір мұсылманды шамасы келгенше үлес қосуға ынталандырады. Тіпті Алланың Кітабынан бір ғана аятты жеткізу арқылы қызмет етудің өзі жеткілікті. Адам осы істі тұрақты әрі үздіксіз жалғастырса, игілік көбейіп, һидаят кеңінен таралады.
Уа, Алла! Бізге Өзіңнің Кітабыңды оны лайықты түрде оқуға, оны лайықты түрде түсінуге, оның талаптарына лайықты түрде амал етуге және оның үндеуіне Өзің разы болатын жолмен қызмет етуге мүмкіндік бере гөр.
Бүкіл әлемдерге рақым ретінде жіберілген ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ мол салауат пен сәлем болсын. Оның рақымы мәңгі әрі жалғасымды, ал һидаяты толық және күллі адамзатқа ортақ еді. Сондай-ақ оның әулетіне, сахабаларына және Қиямет күніне дейін оларға көркем түрде ілескен барша жандарға да салауат пен сәлем болсын.
Барлық елшілерге сәлем болсын. Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән.
❤3
27. Дәреттен кейін қалған суды ішу
Егер дәрет ыдыстан алынса, дәрет аяқталғаннан кейін ыдыста су қалса, оны түрегеп тұрып ішу – мұстахаб. Мұның хадисте негізі бар.
عن أبي حية قال:
«رأيت عليًا رضي الله عنه توضأ فغسل كفيه حتى أنقاهما، ثم مضمض ثلاثًا واستنشق ثلاثًا، وغسل وجهه ثلاثًا وذراعيه ثلاثًا، ومسح برأسه مرة، ثم غسل قدميه إلى الكعبين، ثم قام فأخذ فضل طهوره فشربه وهو قائم، ثم قال: أحببت أن أريكم كيف كان طهور رسول الله صلى الله عليه وسلم.»
(Сүнән әт-Тирмизи, №48)
Әбу Хайя (р.а.) былай дейді:
Мен Хазірет Әлидің (р.а.) дәрет алғанын көрдім. Ол екі қолын мұқият жуды, кейін аузын үш рет шайып, мұрнына үш рет су тартты. Бетін үш рет, екі қолын шынтақтарымен қоса үш рет жуды. Басына бір рет мәсіх жасады. Содан кейін екі аяғын тобықтарымен қоса жуды. Кейін орнынан тұрып, дәреттен артылған суды алып, оны түрегеп тұрып ішті де:
«Сендерге Алла Елшісінің ﷺ қалай дәрет алғанын көрсеткім келді», – деді.
28. Дәреттен кейін мүшелерді сүлгімен құрғатуға болады
Егер дәреттен кейін дене мүшелерін сүлгімен құрғату қажет болса, бұған рұқсат етіледі. Хадистерде Алла Елшісінің ﷺ кейде сүлгі қолданғаны, ал кейде қолданбағаны баяндалған.
عن ابن عباس رضي الله عنهما عن خالته ميمونة رضي الله عنها قالت:
«وضعت للنبي صلى الله عليه وسلم غسلاً يغتسل من الجنابة ... فناولته المنديل فلم يأخذه وجعل ينفض الماء عن جسده.»
(Сүнән Әбу Дәуд, №245)
Хазірет Ибн Аббас (р.а.) өзінің нағашысы Хазірет Мәймунадан (р.а.) риуаят етеді:
Мен Пайғамбар ﷺ үшін ғұсыл алуға су дайындадым. Ол ғұсыл алды. Мен оған сүлгі ұсындым, бірақ ол оны алмады. Оның орнына денесіндегі суды қолымен қағып түсірді.
Бұл хадис кей жағдайда сүлгі қолданбағанын көрсетеді; ал басқа риуаяттарда оның ﷺ сүлгі қолданғаны да келген.
Хазірет Салман әл-Фариси (р.а.) риуаят етеді:
«Алла Елшісі ﷺ дәрет алды. Үстінде болған жүннен тоқылған жәббаны (сырт киімді) теріс айналдырып, онымен бетін сүртті.»
(Сүнән Ибн Мәжа, №468)
29. Дәретпен жүруге тырысу
Егер дәретті сақтап жүруге мүмкіндік болса, әрдайым дәретті күйде болуға тырысқан абзал. Дәретті сақтауға тұрақты түрде мән беру – иманның белгілерінің бірі.
عن عبد الله بن عمرو رضي الله عنهما قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«استقيموا ولن تحصوا، واعلموا أن من أفضل أعمالكم الصلاة، ولا يحافظ على الوضوء إلا مؤمن.»
(Сүнән Ибн Мәжа, №278)
Хазірет Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Туралықты ұстаныңдар. Сендер мұны толық орындай алмайсыңдар. Біліңдер, амалдарыңның ең абзалының бірі – намаз. Ал дәретті үнемі сақтауға тек мүмін ғана мән береді.»
30. Дәреттен кейін екі ракағат «Тахиятул-уду» намазын оқу
Дәрет алғаннан кейін екі ракағат Тахиятул-уду намазын оқу – мұстахаб. Дәреттен кейін екі ракағат намаз оқудың үлкен сауабы бар.
عن أبي هريرة رضي الله عنه قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم لبلال عند صلاة الغداة:
«يا بلال، حدثني بأرجى عمل عملته عندك في الإسلام منفعة، فإني سمعت الليلة خشف نعليك بين يدي في الجنة.»
قال بلال:
«ما عملت عملاً في الإسلام أرجى عندي منفعة من أني لا أتطهر طهورًا تامًا في ساعة من ليل ولا نهار إلا صليت بذلك الطهور ما كتب الله لي أن أصلي.»
(Сахих Мүслім, №2458)
Хазірет Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді:
Алла Елшісі ﷺ таң намазы кезінде Билалға (р.а.):
«Уа, Билал! Исламда өзің үшін ең үмітті әрі пайдалы деп санайтын қандай амалды істегеніңді айтып берші. Өйткені бүгін түнде Жәннатта сенің аяқ киіміңнің дыбысын алдымнан естідім», – деді.
Билал (р.а.):
«Мен үшін Исламдағы ең үмітті амал – түнде немесе күндіз қай уақытта да толық дәрет алсам, сол дәретпен Алла маған намаз оқуды нәсіп еткен мөлшерде намаз оқитынмын», – деп жауап берді.
Бұл риуаят дәреттен кейін намаз оқудың артықшылығын көрсетеді.

#sunan #Дәретсүннет
❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
ҒҰСЫЛ
Ғұсыл алудың сүннет тәсілі
1. Ғұсыл кезінде құбылаға қарамау
Ғұсыл алып жатқан кезде құбылаға қарамаған жөн.
2. Ғұсылды ешкім көрмейтін жерде алу
Ғұсылды адамды ешкім көрмейтін жерде алған жөн. Мүмкіндік болса, әурет жерлерін жауып тұрып ғұсыл алған абзал.
Алайда адам жабық жерде, мысалы, ваннада болса және әурет жерін жаппай ғұсыл алса, бұған рұқсат етіледі.
عن يعلى أن رسول الله صلى الله عليه وسلم رأى رجلاً يغتسل بالبراز بلا إزار فصعد المنبر فحمد الله وأثنى عليه ثم قال:
«إن الله عز وجل حيي يستحيي، يحب الحياء والستر، فإذا اغتسل أحدكم فليستتر.»
(Сүнән Әбу Дәуд, №4012)
Хазірет Яғла (р.а.) былай риуаят етеді:
Бірде Алла Елшісі ﷺ ашық жерде төменгі киімсіз, яғни әурет жерлері ашық күйде ғұсыл алып жатқан бір адамды көрді. Кейін Пайғамбар ﷺ мінберге көтеріліп, Алланы мадақтап, Оны ұлықтады. Содан соң былай деді:
«Расында, Алла Тағала өте ұятты (яғни құлдарына өте жоғары дәрежеде әдеп пен құрметпен қарайды) және жасырын. Ол ұят пен әуретті жабуды жақсы көреді. Сондықтан сендердің бірің ғұсыл алса, денесін жапсын.»
3. Мүмкіндігінше шелекпен ғұсыл алу
Ғұсыл алған кезде мүмкіндігінше шелекпен су алып жуынған абзал.
4. Душпен ғұсыл алғанда суды ысырап етпеу
Егер душ арқылы ғұсыл алсаңыз, суды ысырап етпеуге ерекше мән беру керек.
Су ағып тұрған кезде сабынданып тұру, қажетсіз түктерді алып тастау және соған ұқсас істермен айналыспаған жөн. Мұндай жағдайда суды қажетсіз ағызу ауыр ысырап болып табылады және үлкен күнәға себеп болуы мүмкін.

#sunan #Ғұсылсүннет
❤2
Хадис жазбалары
Ең абзалы — Пайғамбарымызды ﷺ еске алуды бір ғана аймен шектемей, жылдың әр айында, әр күнінде Оның ﷺ өмірін, өнегесін және сүннетін еске алып жүру ин шәә Аллаһул-'Әзиз
❤4
Әл-Қасталләни (923 һ.ж. қайтыс болған) «әл-Мәуәһиб әл-Ләдүнния фи әл-Минах әл-Мұхаммадия (Мұхаммедтік сыйларда берілген иләһи тартулар)» атты еңбегін жазған болса, оның жұбайы «әл-Фатх әл-Мубин фи Мадхи әл-Әмин (Әл-Әминді ﷺ мадақтаудағы айқын жеңіс)» атты қасиданы жазған.

Олардың шаңырағы Пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілікке және Оның ﷺ мақтауын жырлауға деген ортақ ынта-жігерге толы еді.

Алла Тағала бізге ізгі де білімді жарлар нәсіп етіп, шаңырақтарымызды біліммен, иманмен және Оның Елшісіне ﷺ деген сүйіспеншілікпен толтырсын. Әмин.
❤3
Пайғамбарымыз ﷺ-дың өмірбаянына (Сира) қатысты әдебиетке әйел ғалымдардың қосқан үлестерінің бірі — «Әл-Мәурид әл-Әһна фи әл-Мәулид әл-Әсна» атты еңбек. Оның авторы — Сәйида Айша бинт Юсуф әл-Бәғунния (922 һ.ж. қайтыс болған).

Ол — Сахих әл-Бұхариға жазылған түсіндірменің авторы әрі Пайғамбарымыз ﷺ-дың Сирасы, қасиеттері мен артықшылықтары жайындағы ең танымал еңбектердің бірі болған «Әл-Мәуәһиб әл-Ләдүнния» кітабының авторы Шиһабуддин әл-Қасталләнидің (923 һ.ж. қайтыс болған) жұбайы.

Бұл еңбек алғаш рет 1301 һижри жылы Дамаскіде басылып шыққан. Кейін 2018 жылы Мансура қаласындағы «Мәктәбат ар-Рахма әл-Мухда» баспасынан қайта жарық көрген.
❤3
Зәйд ибн Сәбиттен (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі:

Бір топ адам Зәйд ибн Сәбитке келіп: «Бізге Алла елшісінің ﷺ хадистерінен айтып беріңіз», – деді.

Сонда ол: «Сендерге не айтып берейін? Мен оның ﷺ көршісі едім. Ол кісіге уахи түскен кезде, мені шақырып, уахиды жаздыратынмын. Біз дүние туралы сөз етсек, ол да бізбен бірге дүние жайында сөз қозғайтын. Ақырет туралы сөз етсек, ол да бізбен бірге ақырет жайында сөз ететін. Тамақ туралы сөз етсек, ол да бізбен бірге тамақ жайында сөз ететін. Міне, осының бәрін сендерге Алла елшісінен ﷺ жеткізіп отырмын», – деді.

Әбу Иса әт-Тирмизи, әш-Шәмәил әл-Мұхаммадия, №344, 284-бет
❤3
Әнас ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі:

Бір әйел Пайғамбарымызға ﷺ келіп:

«Менің сізге айтар бір қажетім бар», – деді.

Сонда Пайғамбарымыз ﷺ:

«Мәдина жолдарының қайсысында қаласаң, сол жерде отырып мені күт. Мен де сол жерде сенімен бірге отырамын», – деді.

Дерек: Әш-Шәмәил әл-Мұхаммадия, №332
❤3
«Шыншыл әрі аманатқа берік бизнесмен пайғамбарлармен, шыншылдармен және шәһидтермен бірге болады».

(Тирмизи риуаят еткен.)
❤3