Хадис жазбалары
1.07K subscribers
621 photos
4 videos
37 files
14 links
Download Telegram
12. Оң және сол қолды шынтақпен қоса үш рет жуу
Екі алақанға су алып, алдымен оң қолды саусақ ұшынан бастап шынтақпен қоса үш рет жуыңыз. Содан кейін дәл осылай сол қолды шынтақпен қоса үш рет жуыңыз.
Қолды жууда саусақтардан бастап шынтаққа қарай жуу – сүннет. Егер шынтақтан бастап саусақтарға қарай жуылса, дәрет дұрыс болады, бірақ бұл сүннетке қайшы келеді.
عن عبد الله بن زيد بن عاصم المازني ثم الأنصاري رضي الله عنه أنه أرى رسول الله صلى الله عليه وسلم توضأ … ثم غسل وجهه ثلاثًا ويده اليمنى ثلاثًا والأخرى ثلاثًا
(Сахих Мүслім, №236)
Хазірет Абдуллаһ ибн Зәйд ибн Асым әл-Мәзәни әл-Ансари (р.а.) риуаят етеді:
Ол Алла Елшісінің ﷺ дәрет алғанын көрсетті. Пайғамбар ﷺ алдымен бетін үш рет жуды. Содан кейін оң қолын шынтағымен қоса үш рет, одан соң сол қолын шынтағымен қоса үш рет жуды.
13. Саусақтардың арасын хиләл жасау
Дәретте қол саусақтарының арасын хиләл жасау – сүннет.
Алдымен оң қолдың саусақтарына, содан кейін сол қолдың саусақтарына хиләл жасалады.
Мұны екі түрлі тәсілмен орындауға болады:
Сол қолды оң қолдың үстіне қойып, сол қолдың саусақтарын оң қолдың саусақтарының арасынан өткізу. Кейін оң қолды сол қолдың үстіне қойып, оң қолдың саусақтарын сол қолдың саусақтарының арасынан өткізу.
Немесе екі қолдың саусақтарын бір-біріне айқастырып (өріп), саусақтардың арасын тазалау.
عن عاصم بن لقيط بن صبرة عن أبيه رضي الله عنه قال قال النبي صلى الله عليه وسلم:
«إذا توضأت فخلل الأصابع.»
(Сүнән әт-Тирмизи, №38)
Хазірет Ләқит ибн Сабира (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Дәрет алғанда саусақтардың арасын хиләл жасауды ұмытпа.»

#sunan #Дәретсүннет
👍2
Болашақ мақаладан үзінді

Хадиша бинт Хувайлидтің (رضي الله عنها) жас болғанын жақтайтындар 40 жастан кейін әйелдің бірнеше бала дүниеге әкелуі екіталай деген уәж келтіреді. Алайда бұл тұжырым қазіргі биологиялық зерттеулермен де, тарихи деректермен де расталмайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (WHO) мәліметіне сәйкес, әйелдердегі менопаузаның орташа жасы 45 пен 55 жас аралығында болады. Сондықтан елу жасқа дейінгі әйелдің жүкті болуы биологиялық тұрғыдан мүмкін.
Зерттеулер көрсеткендей, генетикалық ерекшеліктер, әлеуметтік-экономикалық жағдай және басқа да факторлар менопаузаның басталу мерзіміне елеулі ықпал етеді.
Тарихи деректер де бұл уәжді жоққа шығарады:
әл-Хатиб әл-Бағдади Һинд бинт Әбу Убайданың алпыс жастан асқаннан кейін жүкті болғанын жеткізеді. Бұл туралы әз-Зубайр ибн әл-Баккар Құрайыш әйелдері арасында мұндай жағдайдың ерекше құбылыс болмағанын атап өтеді.
Тарихшылардың бірауызды пікірі бойынша, Хадиша бинт Хувайлид (رضي الله عنها) Құрайыш қоғамындағы ең ауқатты әрі жоғары әлеуметтік мәртебеге ие әйелдердің бірі болған. Мұндай әлеуметтік жағдай әйелдің менопаузаға кешірек жету ықтималдығын арттыратын факторлардың бірі болып саналады. Сондықтан оның қырық жастан кейін бала сүю мүмкіндігін жоққа шығаратын ғылыми немесе тарихи негіз жоқ.
14. Бастың толық бөлігіне бір рет мәсіх жасау
Басқа бір рет толық мәсіх жасау – сүннет.
Мәсіх жасау тәсілі: екі қолды суландырып, маңдай жағынан бастап бастың үстімен артқы жағына дейін жүргізеді.
عن سلمة بن الأكوع رضي الله عنه قال:
«رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم توضأ فمسح رأسه مرة.»
(Сүнән Ибн Мәжа, №437)
Хазірет Сәләма ибн Әкуағ (р.а.) былай дейді:
«Мен Алла Елшісінің ﷺ дәрет алғанын көрдім. Ол басына бір рет мәсіх жасады.»
15. Құлақтарға мәсіх жасау
Басқа мәсіх жасағаннан кейін құлақтарға мәсіх жасау – сүннет.
Мәсіх жасау тәсілі:
сұқ саусақтармен құлақтың ішкі жағына мәсіх жасау;
бас бармақтармен құлақтың сыртқы жағына (құлақтың артына) мәсіх жасау;
содан кейін шынашақ немесе сұқ саусақты құлақтың ішіне жеңіл енгізіп мәсіх жасау.
عن عمرو بن شعيب عن أبيه عن جده (عبد الله بن عمرو بن العاص) رضي الله عنهما قال:
«إن رجلاً أتى النبي صلى الله عليه وسلم فقال: يا رسول الله، كيف الطهور؟ ... ثم مسح برأسه وأدخل إصبعيه في أذنيه، ومسح بإبهاميه على ظاهر أذنيه وبالسباحتين باطن أذنيه.»
(Сүнән Әбу Дәуд, №135)
Хазірет Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) риуаят етеді:
Бір кісі Алла Елшісіне ﷺ келіп:
«Уа, Алланың Елшісі! Дәрет қалай алынады?» – деп сұрады.
Сонда Алла Елшісі ﷺ су әкелуді бұйырып, дәреттің орындалу тәртібін көрсетті. Ол басына мәсіх жасап, кейін саусақтарын құлағына енгізді. Бас бармақтарымен құлақтың сыртқы жағына, ал сұқ саусақтарымен ішкі жағына мәсіх жасады.
16. Желкеге мәсіх жасау
Бастың артқы жағындағы желкеге (мойынның артқы бөлігіне) қолдың сыртқы жағымен мәсіх жасау – мустәхәбб.
Тамақтың алдыңғы жағына (көмей тұсына) мәсіх жасалмайды.
عن ابن عمر رضي الله عنهما أن النبي صلى الله عليه وسلم قال:
«من توضأ ومسح بيديه على عنقه وقي الغل يوم القيامة.»
(әт-Талхис әл-Хабир, 1/136)
Хазірет Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Кім дәрет алып, желкесіне мәсіх жасаса, Қиямет күні мойнына оттан жасалған қарғы тағылудан сақталады.»

#sunan #Дәретсүннет
❤1
Нұруддин Итр өзінің «Адамзаттың Құран алдындағы міндеттері» атты еңбегінде былай дейді:
Құранның адамзатқа, әсіресе әрбір мұсылманға қатысты ең әуелгі әрі ең маңызды хақысы – оның шын мәнінде Алланың сөзі екеніне ешбір күмәнсіз, нық сеніммен иман келтіру. Ол – Алла Тағаланың шынайы әрі аманатшыл Елшісі Мұхаммедтің ﷺ жүрегіне түсірілген уахи. Сонымен қатар, Құран – Мұхаммедтің ﷺ Қиямет күніне дейін бүкіл адамзатқа жіберілген Алланың Елшісі екендігін және оның пайғамбарлардың соңғысы (Хатам ән-Нәбийин) екенін дәлелдейтін айқын мұғжиза әрі кесімді айғақ.
Алла Тағала былай дейді:
«Айт: «Уа, адамдар! Шын мәнінде, мен сендердің барлығыңа Алланың Елшісімін»» (Ағраф сүресі, 158-аят).
Сондай-ақ былай дейді:
«Бұл Құран маған сендерді және ол жеткен әрбір жанды ескертуім үшін уахи етілді» (Әнғам сүресі, 19-аят).
Тағы да былай дейді:
«Мұхаммед сендердің ер кісілеріңнің ешқайсысының әкесі емес. Алайда ол – Алланың Елшісі әрі пайғамбарлардың соңғысы» (Ахзаб сүресі, 40-аят).⁧
❤1
Сұрақ:
Әлхамдулиллаһ, денсаулығым өте жақсы. Осы уақытқа дейін ешқандай елеулі ауруға шалдыққан емеспін. Алайда, «өмірінде ешқашан ауырмайтын адам – Алланың ұнатпайтын құлы» деген бір хадис естідім. Осы сөзден кейде қорқамын. Рас, ауру күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Бірақ денсаулық та – Алланың үлкен нығметі, оған шүкіршілік ету де құлшылық әрі бақыт. Сондықтан көңілімдегі осы күмәнді сейілтіп, мәселені түсіндіріп берсеңіздер.
Жауап:
Үнемі дені сау әрі ауру-сырқаудан аман болуды даттау жайында екі-үш риуаят келген.
Бірінші риуаятта тек мынадай мазмұн бар: «Кімде-кім ешқашан қандай да бір сынаққа ұшырамаған болса, ол біздің жолымызда емес», яғни біздің хәлімізге ұқсамайды. Себебі пайғамбарлар (аләйһимус-сәләм) түрлі сынақтар мен қиыншылықтарға ұшыраған. Бұл риуаятта денсаулықтың өзі айыпталып тұрған жоқ.
Екінші риуаятта:
«Егер Алла оны ауруға шалдықтырғанда, сол арқылы оның күнәлары кешірілер еді»
делінген. Мұнда аурудың күнәлардың кешірілуіне себеп болатыны баяндалған. Алайда бұл риуаят мурсәл болып табылады.
Үшінші риуаятта:
«Расында, Алла баласынан да, мал-мүлкінен де ешбір зиян көрмеген аса қуатты, өркөкірек адамды ұнатпайды»
делінген. Бұл риуаяттың сыртқы мағынасында расында денсаулық пен бақуатты өмірдің сөгілуі байқалады. Алайда бұл да мурсәл риуаят. Ал мурсәл риуаят белгілі бір имамнан жеткізілмеген жағдайда, басым пікір бойынша дәлел ретінде қабылданбайды. Бұған қарама-қарсы, денсаулыққа, амандыққа және бақуаттылыққа шүкір етушіні мадақтайтын көптеген риуаяттар келген. Сондықтан дәл сол риуаяттар артықшылыққа ие.
Бірінші риуаят
Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Мүмін ауырса, кейін Алла оған шипа берсе, ол оның өткен күнәларына кәффарат әрі алдағы өміріне насихат болады. Ал мұнафық ауырса, кейін айықса, ол байлап қойылып кейін босатылған түйе секілді: не үшін байланғанын да, не үшін босатылғанын да білмейді».
Сонда отырғандардың бірі:
— Уа, Алланың Елшісі! Ауру деген не? Аллаға ант етейін, мен ешқашан ауырған емеспін, — деді.
Сонда Алла Елшісі ﷺ:
«Біздің жанымыздан тұр да кет, сен бізден емессің», — деді.
(Сүнән Әбу Дәуд, №3091)
Бұл хадистің иснадында аты аталмаған бір риуаятшы бар.
Екінші риуаят
Яхия ибн Саидтен риуаят етіледі:
Бір адам Пайғамбар ﷺ заманында қайтыс болды. Сонда бір кісі:
— Қандай бақытты! Ол ешбір ауру көрмей дүниеден өтті, — деді.
Сонда Алла Елшісі ﷺ:
«Өкінішті! Оның жағдайын қайдан білесің? Егер Алла оны ауруға шалдықтырғанда, сол арқылы оның күнәларын кешірер еді», — деді.
(Имам Мәлик, әл-Мууатта, «Науқастың сауабы» тарауы)
Үшінші риуаят
Әбу Осман ән-Нәһдиден риуаят етіледі:
Денелі бір бәдәуи Пайғамбар ﷺ-ның алдына келді. Сонда Пайғамбар ﷺ:
— Соңғы рет қашан қызбаға шалдықтың? — деп сұрады.
Ол:
— Қызбаның не екенін білмеймін, — деді.
Пайғамбар ﷺ:
— Басың ауырып көрді ме? — деді.
Ол:
— Бас ауруының не екенін де білмеймін, — деді.
Пайғамбар ﷺ:
— Мал-мүлкіңнен шығын көрдің бе? — деді.
— Жоқ.
— Балаңнан айырылдың ба?
— Жоқ.
Сонда Пайғамбар ﷺ:
«Расында, Алла баласынан да, мал-мүлкінен де ешбір қайғы көрмеген аса қуатты, өркөкірек адамды ұнатпайды», — деді.
(Мүснәд әл-Харис, №247)
Бұл – мурсәл риуаят.
Сахих Ибн Хиббандағы риуаят
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі:
Бір бәдәуи Пайғамбар ﷺ-ның алдына келді. Пайғамбар ﷺ:
— «Сені "Умм Мүлдам" (қызба) ұстады ма?» — деп сұрады.
Ол:
— Ол не? — деді.
Пайғамбар ﷺ:
— «Тері мен еттің арасында пайда болатын қызу», — деді.
Ол:
— Мұндайды ешқашан сезген емеспін, — деді.
Пайғамбар ﷺ:
— «Басың ауырып көрді ме?»
Ол:
— Бас ауруы деген не? — деді.
Пайғамбар ﷺ:
— «Ол – адамның басындағы тамырдың соғуы», — деді.
Ол:
— Оны да ешқашан сезген емеспін, — деді.
Ол кетіп бара жатқанда Пайғамбар ﷺ:
«Кім тозақ тұрғындарының бірін көргісі келсе, мына адамға қарасын», — деді.
(Сахих Ибн Хиббан, №2916)
Әбу Хатим былай дейді:
Пайғамбардың ﷺ: «Кім тозақ тұрғындарының бірін көргісі келсе, мына адамға қарасын» деген сөзі бұл жағдайға сүйеніп қалудан және оның қарама-қарсысына сабырсыздық танытудан сақтандыру мақсатында айтылған. Өйткені Алла Тағала бұл дүниедегі ауруларды, қайғы-қасіреттерді және мұңдарды мұсылмандардың күнәларына кәффарат еткен. Пайғамбар ﷺ үмбетіне адам күнәдан толықтай аман болмайтынын, ал мұндай сынақтардың сол күнәлардың бір бөлігін осы дүниеде жуып-шаятынын білдіргісі келді. Бұл хадис дені сау адамның міндетті түрде тозақтық екенін білдірмейді.
Қорытындылай айтқанда, бұл хадистердің мақсаты денсаулық пен амандықты жамандау емес. Керісінше, мұсылмандарды жұбату. Өйткені бұл дүние – қайғы-қасірет пен сынақтардың мекені. Қандай да бір қиындық келген сайын мүмін Алла Тағаладан күнәларының кешірілуі мен дәрежесінің көтерілуі сияқты сый алады. Сондықтан сынақтар кезінде үрейленіп, шамадан тыс күйзелудің қажеті жоқ. Кейін келетін хадистерден де иманнан кейінгі ең үлкен нығметтің толық амандық пен денсаулық екені аңғарылады. Ал егер адамның өмірінде иман мен ізгілік болмаса, онда мұндай амандық оның пайдасына емес, зиянына айналуы мүмкін.
Пайғамбарларға сынақ көбірек келеді
Мусғаб ибн Сағд әкесінен риуаят етеді:
Бірде:
— Уа, Алланың Елшісі! Адамдардың ішінде ең қатты сыналатын кімдер? — деп сұралды.
Пайғамбар ﷺ:
«Пайғамбарлар, содан кейін дәрежесіне қарай ең абзал адамдар. Құл дінінің беріктігіне қарай сыналады. Сынақтар оны жер бетінде күнәсіз жүрген күйге жеткізгенше жалғаса береді», — деді.
(Сахих Ибн Хиббан, №2900; Сүнән әт-Тирмизи, №2398)
Денсаулық пен амандықтың қадірі туралы хадистер
Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі. Пайғамбар ﷺ:
«Адамдардың көбі қадірін білмейтін екі нығмет бар: денсаулық пен бос уақыт», — деді.
(Сахих әл-Бұхари, №6412)
Әнас ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі:
Бір кісі:
— Уа, Алланың Елшісі! Қай дұға ең абзал? — деп сұрады.
Пайғамбар ﷺ:
«Раббыңнан дүниеде де, ақыретте де амандық пен саулық сұра», — деді.
Ол келесі күні тағы сұрады, сонда да дәл осылай жауап берді. Үшінші күні де сол сұрақты қойған кезде:
«Егер саған дүниеде де, ақыретте де амандық берілсе, сөзсіз құтылдың», — деді.
(Сүнән әт-Тирмизи, №3512; Мүснәд Ахмад, №12291)
Ибн Омардан (Алла екеуіне де разы болсын) риуаят етіледі:
«Алладан сұралған нәрселердің ішінде Оған амандықтан сүйіктірек ештеңе жоқ.»
(Сүнән әт-Тирмизи, №5348)
Му'аз ибн Рифа'а әкесінен риуаят етеді:
Әбу Бәкір әс-Сыддық (Алла оған разы болсын) мінберге шығып жылады да:
«Алладан кешірім мен амандық сұраңдар. Өйткені иманнан кейін ешкімге амандықтан артық нығмет берілмеген», — деді.
(Сүнән әт-Тирмизи, №3558; Мүснәд Ахмад, №34)
Пайғамбар ﷺ түрлі жағдайларда денсаулық пен амандық сұрап көптеген дұғалар жасаған. Солардың кейбірі:
Абдуллаһ ибн Амрдан (Алла екеуіне де разы болсын):
«Уа, Алла! Сенен денсаулықты, пәктікті, аманатқа беріктікті, көркем мінезді және тағдырыңа разылықты сұраймын.»
(Шу'аб әл-Иман, №8181; әл-Әдәб әл-Муфрад, №307)
Айшадан (Алла оған разы болсын):
«Уа, Алла! Денеме саулық бер, көзіме саулық бер және оны менен кейін де сақтай көр...»
(әл-Мустадрак, №1941)
Ибн Омардан (Алла екеуіне де разы болсын):
Пайғамбар ﷺ таңертең және кешке мына дұғаны тастамайтын:
«Уа, Алла! Сенен дүниеде де, ақыретте де амандық сұраймын. Уа, Алла! Дінімде, дүниемде, отбасымда және мал-мүлкімде кешірім мен амандық сұраймын. Айыптарымды жасыра гөр, қорқыныштарымды қауіпсіздікке айналдыра гөр. Мені алдымнан, артымнан, оң жағымнан, сол жағымнан және үстімнен қорға. Ұлылығыңа сыйынамын, астымнан келетін апаттан да Өзің сақтай гөр.»
(Сүнән Әбу Дәуд, №5076; Сахих Ибн Хиббан, №961)
Алла Тағала бәрін жақсырақ біледі.

Мурсәл - егер табиғи "قال رسول الله" деп айтса, сонда хадисті мурсәл дейміз
❤1🥰1
17. Аяқтарды тобықпен қоса үш рет жуу
Екі аяқты тобықтарымен қоса үш рет жуу керек. Алдымен оң аяқтан бастау – мұстахаб.
Аяқтарды жуған кезде суды аяқ саусақтарынан бастап тобыққа қарай жеткізіп жуу – сүннет.
عن حمران مولى عثمان أن عثمان بن عفان رضي الله عنه دعا بوضوء فتوضأ … ثم غسل رجله اليمنى إلى الكعبين ثلاث مرات ثم غسل اليسرى مثل ذلك ثم قال: «رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم توضأ نحو وضوئي هذا.»
(Сахих Мүслім, №226)
Хумран (р.а.), Хазірет Османның (р.а.) азат етілген құлы, былай риуаят етеді:
Хазірет Осман (р.а.) дәрет алу үшін су әкелуді бұйырды. Ол дәрет алып жатып алдымен оң аяғын тобықтарымен қоса үш рет, кейін дәл солай сол аяғын үш рет жуды.
Содан кейін:
«Мен Алла Елшісінің ﷺ дәл осылай дәрет алғанын көрдім», – деді.
18. Аяқ саусақтарының арасын хиләл жасау
Аяқ саусақтарының арасын сол қолдың шынашағымен хиләл жасау – сүннет.
Хиләл жасау оң аяқтың шынашағынан басталып, сол аяқтың шынашағымен аяқталады.
عن المستورد بن شداد رضي الله عنه قال:
«رأيت النبي صلى الله عليه وسلم إذا توضأ دلك أصابع رجليه بخنصره.»
(Сүнән әт-Тирмизи, №40)
Хазірет Мұставрид ибн Шаддад (р.а.) былай дейді:
«Мен Алла Елшісінің ﷺ дәрет алып жатқанда аяқ саусақтарының арасын сол қолының шынашағымен хиләл жасағанын көрдім.»

#sunan #Дәретсүннет
❤1
Нұруддин Итр өзінің «Адамзаттың Құран алдындағы міндеттері» атты еңбегінде былай дейді:

Құранның хақыларының бірі – оған барынша зор құрмет пен тағзым көрсету. Бұл – ең алдымен оның Иесі әрі Сөйлеушісі болған Ұлы Алла Тағалаға деген құрметтің белгісі. Сондай-ақ Құранның қамтыған ақиқаттары мен теңдессіз шешендігін мойындаудың және оның адамзатқа жасаған ұлы нығметі үшін шүкіршілік етудің көрінісі. Егер Құран болмағанда, арабтар ешқашан надандықтың қараңғылығынан білімнің, өркениеттің және көшбасшылықтың нұрына шықпас еді. Сол сияқты, бүкіл адамзат та қараңғылықтың тұңғиығынан өркениет пен шынайы танымның жарығына жете алмас еді.

Құранның хақыларының тағы бірі – әрбір адамның, әсіресе әрбір мұсылманның, оны лайықты түрде оқуы. Бұл Құранды қырағат қағидаларына сай оқу, әрбір әріпті дұрыс әрі анық айту, оны оқығанда және тыңдағанда ықылас пен кішіпейілділік таныту, сондай-ақ оны жаттап, жүректің төрінде сақтауды қамтиды.
❤3
Хадиша РА.pdf
275.9 KB
Хадиша анамыз (رضي الله عنها) некеге тұрған кезде қанша жаста еді?
Ислам тарихындағы кең тараған пікір бойынша, Хадиша бинт Хувайлид (رضي الله عنها) Аллаһ Елшісімен (ﷺ) некелескен кезде 40 жаста болған. Алайда классикалық дереккөздерде оның 28 жаста болғанын көрсететін риуаяттар да кездеседі.
Бұл екі пікірдің қайсысы тарихи деректерге көбірек сүйенеді?
Мәселе соңғы жылдары қайта талқыланып, кейбір зерттеушілер биологиялық және тарихи уәждер арқылы дәстүрлі пікірге күмән келтіре бастады. Бірақ бұл мәселеде біз тек кейінгі пікірлерге емес, ерте мұсылман тарихшыларының риуаяттарына, иснадтарына және олардың дереккөздерге қаншалықты жақын екеніне назар аударуымыз керек.
Мен осы мәселені классикалық дереккөздер негізінде салыстырып, 40 жас және 28 жас пікірлерінің тарихи-деректік негізін талдаған мақала дайындадым.
Кейбір нәтижелер, әсіресе ерте дереккөздер арасындағы айырмашылықтар, мәселенің біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі екенін көрсетеді.
Мақалада: Хадиша анамыздың (رضي الله عنها) жасы туралы негізгі риуаяттар, олардың иснадтары және екі пікірдің тарихи салмағы талданады.
❤4🔥1
19. Дәретті аяқтағаннан кейінгі дұғалар
Дәретті аяқтағаннан кейін кәлима-и шәһадатты оқу керек. Егер адам ашық жерде болса, шәһадатты оқыған кезде аспанға қарағаны жөн. Сонымен қатар хадистерде келген басқа да мәснүн дұғаларды оқыған абзал.
Дәреттен кейін оқуға қатысты хадистерде келген бірнеше мәснүн дұға төменде берілген.

Бірінші дұға
Бұл дұғаны оқыған адам үшін Жәннаттың сегіз қақпасы ашылып, оған қалаған қақпасынан кіруге мүмкіндік беріледі.
أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، اَللّٰهُمَّ اجْعَلْنِي مِنَ التَّوَّابِينَ وَاجْعَلْنِي مِنَ الْمُتَطَهِّرِينَ
Мағынасы:
«Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне, Оның жалғыз әрі серігі жоқ екеніне куәлік етемін. Сондай-ақ Мұхаммедтің ﷺ Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін. Уа, Алла! Мені көп тәубе етушілердің және аса таза болғандардың қатарынан ете гөр.»
عن عمر بن الخطاب رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«من توضأ فأحسن الوضوء ثم قال: أشهد أن لا إله إلا الله وحده لا شريك له، وأشهد أن محمدًا عبده ورسوله، اللهم اجعلني من التوابين واجعلني من المتطهرين، فتحت له ثمانية أبواب الجنة يدخل من أيها شاء.»
(Сүнән әт-Тирмизи, №55)
Хазірет Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Кім дәретін көркем әрі толық түрде алып, содан кейін: “Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Мұхаммед ﷺ – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін. Уа, Алла! Мені көп тәубе етушілерден және таза болғандардың қатарынан ете гөр”, – десе, оған Жәннаттың сегіз қақпасы ашылады. Ол қалаған қақпасынан кіре алады.»

Екінші дұға
Бұл дұғаны оқыған адамның сауабы Қиямет күніне дейін мөрленген күйде сақталатын жазбаға жазылады.
سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ، أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِلَيْكَ
Мағынасы:
«Уа, Алла! Сен барлық кемшіліктен пәксің әрі барлық мақтау Саған тән. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік етемін. Сенен кешірім тілеймін әрі Саған тәубе етемін.»
عن أبي سعيد الخدري رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«من قرأ سورة الكهف كانت له نورًا يوم القيامة من مقامه إلى مكة، ومن قرأ عشر آيات من آخرها ثم خرج الدجال لم يضره، ومن توضأ فقال: سبحانك اللهم وبحمدك لا إله إلا أنت أستغفرك وأتوب إليك، كتب في رق ثم جعل في طابع فلم يكسر إلى يوم القيامة.»
Хазірет Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Кім “Кәһф” сүресін оқыса, Қиямет күні оған тұрған жерінен Меккеге дейінгі аралықты жарықтандыратын нұр беріледі. Ал кім оның соңғы он аятын оқыса, кейін Дәжжал шықса, ол оған зиян тигізе алмайды. Сондай-ақ кім дәрет алып: “Уа, Алла! Сен барлық кемшіліктен пәксің әрі барлық мақтау Саған тән. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Сенен кешірім тілеймін және Саған тәубе етемін”, – десе, бұл сөздер бір жазбаға жазылып, мөрленеді де, Қиямет күніне дейін мөрі ашылмайды.»
(Бұл хадисті әт-Табарани «әл-Аусатта» риуаят еткен. Оның риуаятшылары – Сахих хадис жинақтарының риуаятшыларынан.)

#sunan #Дәретсүннет
❤2🔥1
Сұрақ:
Кейбір адамдар «الأئمة من قريش» («Имамдар Құрайыштан») деген хадис бар екенін және осы хадистен Құрайыштан болмаған әмірлер мен халифалардың халифалығы дұрыс емес екені түсініледі деп айтады.
Бұл хадистің дұрыс мағынасы қалай?
Бұл хадиске қатысты сын-пікір бар ма, жоқ па?
Жауап:
Иә, кейбір ғалымдар осы хадисті дәлел ретінде келтіріп, ұлы имамат (яғни мұсылмандардың жоғарғы басшылығы) үшін Құрайыштан болу шарт деп айтқан. Бірақ бұл дұрыс емес. Оның дұрыс еместігіне бірнеше себеп бар:
1. Сәйидуна Омар (Алла оған разы болсын) былай деген:
«إن أدركني أجلي و قد مات أبو عبيدة استخلفت معاذ بن جبل»

(Имам Ахмад риуаят еткен, №108 хадис).
Яғни: «Егер менің ажалым жетіп, Әбу Убайда қайтыс болған болса, оның орнына Муаз ибн Жәбәлді халифа етіп тағайындар едім».
Сәйудина Муаз ибн Жәбәл (Алла оған разы болсын) ансарлардың бірі болған. Осыдан Сәйудина Омардың (Алла оған разы болсын) пікірінше, ұлы имамат үшін Құрайыштан болу шарт емес екені аңғарылады.
2. Бұл үкім белгілі бір себепке (علة) негізделген үкімдердің қатарына жатады. Яғни оның себебі — күш-қуаттың болуы. Құрайышқа ұлы имаматтың берілуінің себебі де олардың сол кездегі күш-қуаты болған. Мұның мақсаты — мұсылмандардың өзара соғысып кетуіне жол бермеу еді. Алайда қазіргі кезде Құрайышта бұрынғыдай күш-қуат жоқ.
3. Хадис шарт қою мағынасында емес, хабар беру мағынасында түсіндіріледі. Яғни оның мағынасы: болашақта халифалық Құрайыштың қолында болады деген хабар.
4. "Имамдар" сөзі бұл жерде «жалпы түрде ілесушілер» деген мағынада түсіндіріледі. Пайғамбар ﷺ пайғамбар болып келген кезде арабтардың көпшілігі Құрайыштың жаңа дінді қабылдай ма, жоқ па деп күтті. Бірақ Құрайыштың көпшілігі Исламды қабылдамады. Сондықтан басқа араб тайпалары да Исламды қабылдамады. Кейін Меккенің алынуы кезінде Құрайыштың көпшілігі Исламды қабылдады, содан кейін басқа араб тайпалары да олардың соңынан ерді.
Мұны Имам Ахмадтың мына риуаяты да қуаттайды. Алла Елшісі ﷺ былай деген:
«الناس ‌تبع ‌لقريش في هذا الأمر، خيارهم تبع لخيارهم، وشرارهم تبع لشرارهم»

Яғни: «Бұл істе адамдар Құрайышқа ереді. Олардың жақсылары Құрайыштың жақсыларына ереді, ал жамандары Құрайыштың жамандарына ереді».
5. Бұл жерде айтылған шарт дұрыстықтың шартына емес, кемелдіктің шартына қатысты деп түсіндіріледі.
6. Қазіргі кезде Құрайыштан болу мәселесінің өзі бұрынғыдай анық емес, өйткені адамдар өздерінің шежірелерін жоғалтып алған.
Бұл хадистің иснадында Ибраһим ибн Сағд есімді бір риуаятшы бар. Кейбір ғалымдардың ойынша әлсіз риуаятшы болған
Алайда Хафиз Ибн Хаджар (Алла оны рақым етсін) «لذة العيش فى طرق حديث الأئمة من قريش» атты кітап жазған. Ол осы хадистің барлық риуаят жолдарын жинақтаған. Оның ішінде Сәйидуна Әбу Һурайра, Сәйидуна Ибн Омар, Сәйидуна Жәбир, Сәйидуна Жубайр ибн Мутъим және басқа да сахабалардың риуаяттары бар. Жалпы алғанда, шамамен 40 сахабаның аты аталады.
Осыдан бұл хадистің басқа куәгер риуаяттары (шауаһид) мен қосымша риуаяттары (тауабиъ) болғандықтан, оны әлсіз хадис деп санауға болмайтыны белгілі болады.
🔥1
Менің ойымша, талапкердің тек мутааххир (кейінгі) ғалымдардың еңбектерімен шектелуі — хадисті дұрыс түсіну тұрғысынан белгілі бір апорияға алып келеді. Себебі мутааххирин қалыптастырған терминология мен дефиницияларды алып, оларды мутақаддимин (бұрынғы) ғалымдардың мәтіндеріне тікелей утилизация және оны экстраполяциялау әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес. Бұл — кейінгі кезеңде қалыптасқан ұғымдар мен анықтамаларды бұрынғы кезеңдегі авторлардың мәтіндеріне телу болып шығады. Мұндай тәсіл, түптеп келгенде, анахронизмге және абсурдты қорытындыларға алып келуі мүмкін.
🔥1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
20. Дәретті ретімен алу
Дәреттің мүшелерін ретімен жуу керек. Яғни, алдымен қолдар, кейін ауыз бен мұрын, одан соң бет, қолдар, басқа мәсіх жасау және соңында аяқтарды жуу тәртібі сақталады.
21. Оң жақ мүшелерді сол жақ мүшелерден бұрын жуу
Дәрет кезінде алдымен оң жақ мүшелерді, содан кейін сол жақ мүшелерді жуған жөн.
عن أبي هريرة قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«إذا لبستم وإذا توضأتم فابدؤوا بأيامنكم.»
(Сүнән Әбу Дәуд, №4141)
Хазірет Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Киім кигенде және дәрет алғанда оң жақтарыңнан бастаңыздар.»
عن عائشة رضي الله عنها قالت:
«كان النبي صلى الله عليه وسلم ليعجبه التيمن في تنعله وترجله وطهوره وفي شأنه كله.»
(Сахих әл-Бұхари, №168)
Хазірет Айша (р.а.) былай дейді:
«Пайғамбар ﷺ аяқ киімін кигенде, шашын тарағанда, дәрет алғанда және барлық істерінде оң жақтан бастағанды ұнататын.»
Яғни, құрмет пен әдепті қажет ететін игі істерде оң жақтан бастауға мән беретін. Мысалы, мешітке немесе Қағбаға оң аяқпен кіру, киім киюді оң жақтан бастау, бір нәрсені оң қолмен алу немесе беру және т.б.
22. Әр мүшені мұқият ысқылап жуу
Дәрет мүшелерін жуған кезде әрбір мүшені мұқият ысқылап, судың оның барлық бөлігіне толық жетуін қамтамасыз ету керек.
23. Дәрет мүшелерін бірінен кейін бірін кідіріссіз жуу
Дәрет кезінде барлық мүшелерді бірінен кейін бірін, олардың арасында ұзақ үзіліс жасамай жуу керек. Яғни, алдыңғы жуылған мүшенің құрғап кетуіне жеткілікті ұзақ кідіріс жасамай, келесі мүшені жуған жөн.

#sunan #Дәретсүннет
❤1👍1🔥1
Нұруддин Итр (رحمه الله عز وجل) өзінің «Адамзаттың Құран алдындағы міндеттері» атты еңбегінде былай дейді:

Құранның хақыларының бірі
– жалпы адамдардың, әсіресе мұсылмандардың оны терең әрі жан-жақты зерттеуі, оны Құранды тәпсірлеуде мойындалған қағидаларға сәйкес түсінуі, оның мағынасын бұрмалап түсіндірушілердің бұрмалаушылықтарын жоққа шығаруы және Құранның мағыналарына, түпнұсқалығына, хабарына немесе шариғи үкімдеріне нұқсан келтіруге ұмтылатын адасушылықтарды қабылдамауы.
Құранның хақыларының тағы бірі – әрбір мұсылманның, тіпті әрбір адамның, оның шешендігінің көркемдігі мен баяндауындағы мұғжизалық сипатын бағалай білуі; ондағы мысалдардан, қиссалардан және насихаттардан ғибрат алуы; сондай-ақ таусылмас қазыналары туралы терең ой жүгіртіп, оларды зерттеуге барынша ден қоюы. Өйткені Құранның ғажайыптары ешқашан таусылмайды.
Құранның хақыларының тағы бірі – әрбір мұсылманның Құран ғылымдарын үйренуі, оның үкімдерін түсінуі, өмірін сол үкімдерге сай қалыптастыруы және оларды өзінің іс-әрекетінде, көркем мінез-құлқында әрі шынайы адамгершілігінде жүзеге асыруы. Осы арқылы ол адамгершілік кемелдіктің ең жоғары дәрежесіне жетеді.
24. Дәрет алып жатқанда дүниелік мәселелер туралы сөйлеспеу
Дәрет алып жатқан кезде дүниелік істер туралы сөйлеспеген жөн.
25. Дәрет кезінде суды ысырап етпеу
Дәрет алу барысында суды ысырап етпеу керек. Суды қажет мөлшерден артық пайдаланудан сақтану қажет.
عن عبد الله بن عمرو رضي الله عنهما أن رسول الله صلى الله عليه وسلم مر بسعد وهو يتوضأ فقال:
«ما هذا السرف؟»
قال: أفي الوضوء إسراف؟
قال:
«نعم، وإن كنت على نهر جار.»
(Сүнән Ибн Мәжа, №425)
Хазірет Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят етеді:
Алла Елшісі ﷺ Хазірет Сағд (р.а.) дәрет алып жатқан кезде оның жанынан өтіп бара жатып:
«Бұл қандай ысырап?» – деді.
Сағд (р.а.):
«Дәрет алуда да ысырап болуы мүмкін бе?» – деп сұрады.
Алла Елшісі ﷺ:
«Иә, тіпті сен ағып жатқан өзеннің жағасында дәрет алып отырсаң да (суды ысырап етпе)», – деді.
26. Дәретте жуылуы парыз болған мүшенің бір бөлігі құрғақ қалмауы керек
Егер дәрет кезінде жуу парыз болған мүшенің қандай да бір бөлігі құрғақ қалып қойса, дәрет толық болмайды.
عن عمر بن الخطاب رضي الله عنه أن رجلاً توضأ فترك موضع ظفر على قدمه فأبصره النبي صلى الله عليه وسلم فقال:
«ارجع فأحسن وضوءك.»
(Сахих Мүслім, №243)
Хазірет Омар (р.а.) риуаят етеді:
Бір адам дәрет алды, бірақ аяғының тырнақтай ғана бір жерін жумай, құрғақ қалдырды. Алла Елшісі ﷺ оның құрғақ қалған жерін көріп:
«Қайта барып, дәретіңді жақсылап толық ал», – деді.

#sunan #Дәретсүннет
❤2
Нұруддин Итр (رحمه الله عز وجل) өзінің «Адамзаттың Құран алдындағы міндеттері» атты еңбегінде былай дейді:

Құранның хақыларының бірі
– әрбір мұсылманның Құранға деген иманды бүкіл адамзатқа жеткізуі. Бұл – адамдарды Аллаға шақыру жөніндегі иләһи міндетті орындау болып табылады. Аталған міндет Алланың Кітабы арқылы бекітілген, жалпы мұсылман үмбетіне, ал әсіресе арабтарға жүктелген және олардың басқа халықтар арасындағы абыройы, қадір-қасиеті мен беделінің қайнар көзі етілген. Алла Тағала былай дейді:
«Ақиқатында, бұл – сен үшін және қауымың үшін бір ескерту. Әрі сендер ол туралы міндетті түрде сұраласыңдар» (Зухруф сүресі, 44-аят).
Сондай-ақ әл-Бұхари (№3641) және басқа да хадис жинақтарында Пайғамбарымыз ﷺ-ның былай дегені риуаят етіледі:
«Менен жеткізіңдер, тіпті бір ғана аят болса да».
Бұл әрбір мұсылманды шамасы келгенше үлес қосуға ынталандырады. Тіпті Алланың Кітабынан бір ғана аятты жеткізу арқылы қызмет етудің өзі жеткілікті. Адам осы істі тұрақты әрі үздіксіз жалғастырса, игілік көбейіп, һидаят кеңінен таралады.
Уа, Алла! Бізге Өзіңнің Кітабыңды оны лайықты түрде оқуға, оны лайықты түрде түсінуге, оның талаптарына лайықты түрде амал етуге және оның үндеуіне Өзің разы болатын жолмен қызмет етуге мүмкіндік бере гөр.
Бүкіл әлемдерге рақым ретінде жіберілген ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ мол салауат пен сәлем болсын. Оның рақымы мәңгі әрі жалғасымды, ал һидаяты толық және күллі адамзатқа ортақ еді. Сондай-ақ оның әулетіне, сахабаларына және Қиямет күніне дейін оларға көркем түрде ілескен барша жандарға да салауат пен сәлем болсын.
Барлық елшілерге сәлем болсын. Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән.
❤3
27. Дәреттен кейін қалған суды ішу
Егер дәрет ыдыстан алынса, дәрет аяқталғаннан кейін ыдыста су қалса, оны түрегеп тұрып ішу – мұстахаб. Мұның хадисте негізі бар.
عن أبي حية قال:
«رأيت عليًا رضي الله عنه توضأ فغسل كفيه حتى أنقاهما، ثم مضمض ثلاثًا واستنشق ثلاثًا، وغسل وجهه ثلاثًا وذراعيه ثلاثًا، ومسح برأسه مرة، ثم غسل قدميه إلى الكعبين، ثم قام فأخذ فضل طهوره فشربه وهو قائم، ثم قال: أحببت أن أريكم كيف كان طهور رسول الله صلى الله عليه وسلم.»
(Сүнән әт-Тирмизи, №48)
Әбу Хайя (р.а.) былай дейді:
Мен Хазірет Әлидің (р.а.) дәрет алғанын көрдім. Ол екі қолын мұқият жуды, кейін аузын үш рет шайып, мұрнына үш рет су тартты. Бетін үш рет, екі қолын шынтақтарымен қоса үш рет жуды. Басына бір рет мәсіх жасады. Содан кейін екі аяғын тобықтарымен қоса жуды. Кейін орнынан тұрып, дәреттен артылған суды алып, оны түрегеп тұрып ішті де:
«Сендерге Алла Елшісінің ﷺ қалай дәрет алғанын көрсеткім келді», – деді.
28. Дәреттен кейін мүшелерді сүлгімен құрғатуға болады
Егер дәреттен кейін дене мүшелерін сүлгімен құрғату қажет болса, бұған рұқсат етіледі. Хадистерде Алла Елшісінің ﷺ кейде сүлгі қолданғаны, ал кейде қолданбағаны баяндалған.
عن ابن عباس رضي الله عنهما عن خالته ميمونة رضي الله عنها قالت:
«وضعت للنبي صلى الله عليه وسلم غسلاً يغتسل من الجنابة ... فناولته المنديل فلم يأخذه وجعل ينفض الماء عن جسده.»
(Сүнән Әбу Дәуд, №245)
Хазірет Ибн Аббас (р.а.) өзінің нағашысы Хазірет Мәймунадан (р.а.) риуаят етеді:
Мен Пайғамбар ﷺ үшін ғұсыл алуға су дайындадым. Ол ғұсыл алды. Мен оған сүлгі ұсындым, бірақ ол оны алмады. Оның орнына денесіндегі суды қолымен қағып түсірді.
Бұл хадис кей жағдайда сүлгі қолданбағанын көрсетеді; ал басқа риуаяттарда оның ﷺ сүлгі қолданғаны да келген.
Хазірет Салман әл-Фариси (р.а.) риуаят етеді:
«Алла Елшісі ﷺ дәрет алды. Үстінде болған жүннен тоқылған жәббаны (сырт киімді) теріс айналдырып, онымен бетін сүртті.»
(Сүнән Ибн Мәжа, №468)
29. Дәретпен жүруге тырысу
Егер дәретті сақтап жүруге мүмкіндік болса, әрдайым дәретті күйде болуға тырысқан абзал. Дәретті сақтауға тұрақты түрде мән беру – иманның белгілерінің бірі.
عن عبد الله بن عمرو رضي الله عنهما قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
«استقيموا ولن تحصوا، واعلموا أن من أفضل أعمالكم الصلاة، ولا يحافظ على الوضوء إلا مؤمن.»
(Сүнән Ибн Мәжа, №278)
Хазірет Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Туралықты ұстаныңдар. Сендер мұны толық орындай алмайсыңдар. Біліңдер, амалдарыңның ең абзалының бірі – намаз. Ал дәретті үнемі сақтауға тек мүмін ғана мән береді.»
30. Дәреттен кейін екі ракағат «Тахиятул-уду» намазын оқу
Дәрет алғаннан кейін екі ракағат Тахиятул-уду намазын оқу – мұстахаб. Дәреттен кейін екі ракағат намаз оқудың үлкен сауабы бар.
عن أبي هريرة رضي الله عنه قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم لبلال عند صلاة الغداة:
«يا بلال، حدثني بأرجى عمل عملته عندك في الإسلام منفعة، فإني سمعت الليلة خشف نعليك بين يدي في الجنة.»
قال بلال:
«ما عملت عملاً في الإسلام أرجى عندي منفعة من أني لا أتطهر طهورًا تامًا في ساعة من ليل ولا نهار إلا صليت بذلك الطهور ما كتب الله لي أن أصلي.»
(Сахих Мүслім, №2458)
Хазірет Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді:
Алла Елшісі ﷺ таң намазы кезінде Билалға (р.а.):
«Уа, Билал! Исламда өзің үшін ең үмітті әрі пайдалы деп санайтын қандай амалды істегеніңді айтып берші. Өйткені бүгін түнде Жәннатта сенің аяқ киіміңнің дыбысын алдымнан естідім», – деді.
Билал (р.а.):
«Мен үшін Исламдағы ең үмітті амал – түнде немесе күндіз қай уақытта да толық дәрет алсам, сол дәретпен Алла маған намаз оқуды нәсіп еткен мөлшерде намаз оқитынмын», – деп жауап берді.
Бұл риуаят дәреттен кейін намаз оқудың артықшылығын көрсетеді.

#sunan #Дәретсүннет
❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4