Хадис жазбалары
1.06K subscribers
621 photos
4 videos
37 files
14 links
Download Telegram
Хашияның атқаратын қызметі уақыт өте келе дамып отырды: бастапқыда ол негізгі мәтінді айқындау үшін пайдаланылса, хижра жыл санауы бойынша шамамен 1100 жылға қарай ғылыми пікірталас (полемика) алаңына айналды. Суютидің хадис мәтіндеріне жазған түсіндірмесі қарапайым хашия болса, Әбу әл-Хасан әс-Синди (һ. 1138 жылы қайтыс болған) өзінің жазбаларын «ішкі ханафилік сын» жүргізу үшін қолданды.
❤2
ИМАМ_ӘЛ_БҰХАРИДІҢ_ӨМІР_ЖОЛЫНЫҢ_ХРОНОЛОГИЯСЫ.pdf
122.4 KB
ИМАМ ӘЛ-БҰХАРИДІҢ ӨМІР ЖОЛЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ
❤5
Пайғамбарлық (صلى الله عليه وسلم) белгілері мен мұғжизалары туралы ең жақсы кітаптардың бірі:
١ كتاب علامات النبوة: صحيح البخاري
٢ دلائل النبوة: الفريابي، ط صبري
٣ دلائل النبوة: أبو نعيم الاصبهاني،ط النفائس
٤ دلائل النبوة: البيهقي، ط قلعجي
٥ دلائل النبوة: قوام السنة، ط طيبة
❤9
Хамди Б. айтады:
Алланың атымен, Аса Мейірімді, Ерекше Рақымды.

Бұл жазбада, Алланың қалауымен, имам әз-Зәһәбидің «Сияр аълам ән-нубәлә» кітабының ең жақсы басылымдарын қарастырамыз. Бұл мақала кітаптың әртүрлі басылымдарын зерттеу, мамандардың пікірлеріне жүгіну және кітаптың әртүрлі нұсқаларына ие бауырлардан алынған суреттерді салыстыру нәтижесінде дайындалды. Алла осы жазбаны пайдалы етсін.
Бұл мақалада зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ең маңызды басылымдарды таныстырып, әсіресе ең танымал екі басылым арасындағы айырмашылықтарды түсіндірмекпін.
«Сияр аълам ән-нубәләның» ең жақсы басылымы туралы сұрақ қойылған сайын, көптеген ғалымдар мен ізденушілер «әр-Рисәлә» басылымын ұсынады. Бұл дұрыс. Алайда білім ізденуші оның екі түрлі нұсқасына тап болады:
«Муәссәсат әр-Рисәлә Наширун» баспасының 30 томдық басылымы (1);
«Дар әр-Рисәлә әл-Әламия» баспасының 30 томдық басылымы (2).
Көпшілік оларды бірдей деп ойлайды және араларындағы айырмашылықты байқамайды. Шын мәнінде, екі басылым арасында елеулі айырмашылықтар бар.
Екі басылымға ортақ нәрсе – бағасының жоғары болуы. Сондықтан «әр-Рисәлә» басылымын сатып ала алмайтындар үшін төмендегі екі нұсқаны атап өткен жөн:
Дар әл-Фикр басылымы. Бұл баспа «Сиярдың жоғалған бөлігі» деп аталған мәтіннің бір бөлігін алғаш жариялаған.
әт-Тауфиқия басылымы. Негізгі мәтін бойынша «әр-Рисәлә» басылымымен салыстырылған, ал жоғалған бөлігі бойынша «Дар әл-Фикр» басылымына сүйенген.
Дегенмен, бұл екі басылымның деңгейі «әр-Рисәлә» басылымына жетпейтінін және аталғандардан басқа басылымдардың ұсынылмайтынын ескерткен жөн.
Әр-Рисәләның екі басылымының айырмашылықтары
1. Қағаз сапасы мен безендірілуі (3)
«Дар әр-Рисәлә әл-Әламия» басылымы:
Қағазы өте жұқа, кейде арғы бетіндегі жазулар көрініп тұрады.
Бет айналасында жиек (рамка) бар.
Жаңарту: 2019 жылғы және одан кейінгі басылымдарда қағаз сапасы айтарлықтай жақсарған (11).
«Муәссәсат әр-Рисәлә Наширун» басылымы:
Қағазы қалың әрі сапалы.
Бетте рамка жоқ.
Әр беттің жоғарғы жағында өмірбаяны беріліп отырған тұлғаның аты көрсетілген.
Осы тұрғыдан алғанда, бұл басылым «Дар әр-Рисәлә әл-Әламиядан» айқын артық.
2. Жоғалған бөлімнің мазмұны
Алғашқы 28 томның мазмұны екі басылымда да бірдей. Себебі олар баспаның бөлінуінен бұрын дайындалған.
Алайда баспа екіге бөлінгеннен кейін «жоғалған бөлім» жеке түрде қосылып, соңғы екі томның мазмұны мүлде өзгеше болып шықты.
Мазмұны төмендегідей болды:
«Муәссәсат әр-Рисәлә Наширун»
Жоғалған бөлім соңғы екі томда «Татиммат Сияр аълам ән-нубәлә» деген атпен жарияланған және «Тарих әл-Исламнан» алынған өмірбаяндарды қамтиды. Олардың «Сияр аълам ән-нубәләға» қатысы жоқ (4).
Осы мәселеге «Дар әр-Рисәлә әл-Әламия» өз басылымының алғысөзінде де назар аударған (5).
«Дар әр-Рисәлә әл-Әламия»
Жоғалған бөлім соңғы екі томда «Такмилат Сияр аълам ән-нубәлә» деген атпен жарияланған (6).
29-томда «Дар әл-Фикр» басылымындағы жоғалған бөлімнің мазмұны берілген (7), бірақ мәтін нақтыланып, кей жерлері қайта реттелген.
30-томда «Зәйл Тарих әл-Ислам» кітабының «Дар әл-Муғни» басылымындағы мәтіні енгізілген (8). Ол екі қолжазбамен салыстырылып тексерілген.
Редакторлардың пікірінше, бұл еңбек «Тарих әл-Исламға» емес, «Сияр аълам ән-нубәләға» жазылған толықтырма болып табылады.
Бұл бөлімде Шейхул-Ислам Ибн Таймия туралы өмірбаян да қамтылған.
Осыған қарап, жоғалған бөлім мәселесінде дұрысырақ ұстаным «Дар әр-Рисәлә әл-Әламия» жағында деп айтуға болады.
Қорытынды
«Сияр аълам ән-нубәләның» ең жақсы басылымын алғысы келген адам үшін екі негізгі таңдау бар:
Егер қағаз сапасы мен безендірілуі қанағаттандырса, «Дар әр-Рисәлә әл-Әламияның» 2019 жылдан кейінгі басылымын алу.
Қағаз сапасы мен басылым көркемдігі маңызды болса, «Муәссәсат әр-Рисәлә Наширун» басылымын алып, оған қоса:
«Такмилат Сияр аълам ән-нубәлә» (29 және 30-томдар) жинағын алу;
немесе «Дар әл-Фикр» басылымындағы жоғалған бөлімді (9) және «Дар әл-Муғни» басылымындағы «Зәйл Тарих әл-Исламды» (10) алу.
Осы тақырып бойынша қолымнан келгені осы. Егер дұрыс айтқан болсам – ол Алладан, ал қателессем – ол өзімнен және шайтаннан.
❤5
Сахих әл-Бұхаридің» қолжазбалары
«Сахих әл-Бұхаридің» бүгінгі күнге дейін сақталған қолжазбаларының нақты санын анықтау қиын. Қазіргі таңда біршама ескірген Муассасат Әл әл-Бәйттің хадис қолжазбалары каталогында «Сахихтың» 2327 қолжазбасы көрсетілген болса, бір зерттеуші тек Стамбұлдың өзінен ғана 971 қолжазбаны анықтаған. Бұл мыңдаған қолжазбалар һижраның IV ғасырынан бастап қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтиды және әртүрлі аймақтар мен дәуірлерге таралған.
Әрбір қолжазбаның ғылыми құндылығы оның шығу тегі, жазылған уақыты, басқа нұсқалармен сәйкестігі және шеткі жазбалар (маргиналиялар) сияқты көптеген факторларға байланысты өзгереді. Мұнда біз оқырмандарды «Сахихтың» мәтіндік тұтастығын бағалауға көмектесетін әрі оны зерттеу мен жеткізу жолындағы ғалымдардың еңбектерін көрсететін бірнеше маңызды қолжазбамен таныстырғымыз келеді.
«Сахих әл-Бұхаридің» қолжазба дәстүрін зерттеуге жылдар жұмсауға болады. Қазіргі мақсатымыз – тереңірек зерттеуге қызығушылық танытқан оқырмандар үшін бастапқы қадам ретінде бес қолжазба мен екі баспа нұсқасын таныстыру.
Маруази нұсқасындағы қолжазба
«Сахих әл-Бұхаридің» бүгінгі күнге дейін жеткен ең көне қолжазбасы — екі бөліктен тұратын үзінді нұсқа. Ол Әбу Зәйд әл-Маруазидің (қ.ж. 371 һ.) риуаяты бойынша, әл-Фарабриден, ал ол өз кезегінде имам әл-Бұхариден жеткізген мәтінге негізделген.
Қолжазба Мысырдан шыққан және ғасырлар бойы сол жерде сақталып, тек XX ғасырдың басында Ұлыбританияға жеткізілген. Папирустың палеографиялық және химиялық сараптамаларына сүйенсек, ол шамамен 360–390 һ./970–1000 жж. аралығына жатады.
Көпшілік зерттеушілер бұл қолжазбаны әл-Маруазидің шәкірті болған андалусиялық Әбу Абдуллаһ әл-Асыли (қ.ж. 392 һ.) көшірген деп есептеген. Алайда қолжазбаның материалдық ерекшеліктері мен жазу стиліне (палеографиясына) жүргізілген зерттеулер оның әл-Маруазидің аты белгісіз мысырлық шәкіртінің қолымен көшірілгенін көрсетеді.
Көшірілгеннен кейін бұл нұсқа «Сахихты» оқу (самағ) мәжілістерінде және мәтіндік салыстыруларда белсенді түрде қолданылған. Соның нәтижесінде оның шеттеріне көптеген ескертпелер мен түзетулер жазылған. Қолжазба Александрия мен Каирде һижраның IX ғасырына дейін пайдаланылып келген.
Оның оқу жазбаларының (reading notices) бірінде Александрияда 464 һижра жылы Рамазан айында оқылғаны көрсетілген.
1929 жылы Альфонс Мингана (қ.ж. 1937) осы қолжазбаның бір бөлігін тапқан. Ол тек үш кітапты қамтыған: Ораза (Саум), Зекет және Қажылық (Хажж) бөлімінің бір бөлігі. Бұл үзінді қазір Бирмингемдегі Мингана жинағында сақтаулы.
Жақында осы қолжазбаның көлемі одан төрт есе үлкен тағы бір бөлігі анықталды. Ол он сегіз кітапты қамтиды және қазіргі уақытта Британ кітапханасында сақтаулы.
❤2
Ұлы хадис ғалымы әл-Хафиз Ибн Хажар әл-Асқаләнидің қызы оның еңбегінде кейбір шимайлар қалдырған деп айтылады. (бірақ бұл нақты түрде расталмаған😅)
😁3🤔1
«Сунан Әбу Дәуіт» (жинақтаушысы: Имам Сүлейман ибн әл-Ашғас әл-Азди әс-Сижистани)
1.Әр-Райян қоры және Дар әл-Қибла баспасы шығарған нұсқа, редакциялаған: Мұхаммад Аууама, 1-басылым, 1419 һ.
2.Дар әл-Минһәж және Дар әл-Юср баспасы шығарған нұсқа, редакциялаған: Мұхаммад Аууама, 3-басылым, 2010 ж.
3.Әр-Рисәлә әл-‘Аламия баспасы шығарған нұсқа, редакциялаған: Шуғайб әл-Арнаут және басқалар, 1-басылым, 1430 һ.
4.Дар әс-Сыддық баспасы шығарған нұсқа, редакциялаған: Исам Хади, 1-басылым, 1437 һ.
5.Әр-Рисәлә Нәширун баспасы шығарған нұсқа, редакциялаған: Зерттеулер орталығы, 1-басылым, 2022 ж.
6.Дар әс-Сәләм шығарған нұсқа, бақылаушысы: Салих Әл әш-Шәйх, 1421 һ.
7.Әл-Мәктәбә әл-Мәкнизә баспасының нұсқасы, Мұхйиддин Абдулхамидтің басылымына негізделген және әд-Ду‘ас пен басқа да басылымдармен салыстырылып тексерілген.
8.Дар әт-Тәсил баспасы шығарған нұсқа, редакциялаған: Дар әт-Тәсилдің Ғылыми-зерттеу орталығы, 1-басылым, 2015 ж.
Ең үздік басылым — Дар әт-Тәсил баспасының Зерттеу және ақпараттық технологиялар орталығы әзірлеген нұсқасы. Одан кейін Мұхаммад Аууаманың Дар әр-Райян және Дар әл-Минһәж баспаларынан шыққан басылымдары (әсіресе кейінгі басылымдары) келеді. Бір томдық нұсқалардың ішіндегі ең жақсысы — Дар әс-Сыддық баспасынан Исам Хадидің тахқиқымен шыққан басылым. Ал иснадтар мен дереккөз сілтемелерін барынша мұқият көрсету тұрғысынан әр-Рисәлә әл-‘Аламия басылымы ерекшеленеді.
🔥1