Хадис жазбалары
1.06K subscribers
621 photos
4 videos
37 files
14 links
Download Telegram
«Ад-дурар аль-камина» еңбегіне ол қайтыс болғаннан кейін енгізілген толықтыруда ас-Сахауи өзінің ұстазы Ибн Хаджардың ханафилерден мін іздеп, оларды түйреп отыруға бейімі болғанын ашық мойындайды. Айтпасаң да түсінікті.
❤1
Нағыз айлакердің құрығына түскенде осындай болады!

Алты хадис жинақтаушысының ұстазы болған Наср әл-Жаһдами (һижра бойынша 250 ж. қайтыс болған) өз көршісі әрі кәсіби «тегін тамақ ішуші» (шақырусыз қонақ) болған адамды тоқтатпақ болып, одан жеңіліп қалған екен.

Ал мына өлең жолдары соған меңзейді:

«Соғысқа қатыса тұра, жарақат алмаймын деп ойлайтын адам — нағыз дәрменсіздіктің (ақымақтықтың) ойын ойлаған адам».
❤2
Хашияның атқаратын қызметі уақыт өте келе дамып отырды: бастапқыда ол негізгі мәтінді айқындау үшін пайдаланылса, хижра жыл санауы бойынша шамамен 1100 жылға қарай ғылыми пікірталас (полемика) алаңына айналды. Суютидің хадис мәтіндеріне жазған түсіндірмесі қарапайым хашия болса, Әбу әл-Хасан әс-Синди (һ. 1138 жылы қайтыс болған) өзінің жазбаларын «ішкі ханафилік сын» жүргізу үшін қолданды.
❤2
ИМАМ_ӘЛ_БҰХАРИДІҢ_ӨМІР_ЖОЛЫНЫҢ_ХРОНОЛОГИЯСЫ.pdf
122.4 KB
ИМАМ ӘЛ-БҰХАРИДІҢ ӨМІР ЖОЛЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ
❤5
Пайғамбарлық (صلى الله عليه وسلم) белгілері мен мұғжизалары туралы ең жақсы кітаптардың бірі:
١ كتاب علامات النبوة: صحيح البخاري
٢ دلائل النبوة: الفريابي، ط صبري
٣ دلائل النبوة: أبو نعيم الاصبهاني،ط النفائس
٤ دلائل النبوة: البيهقي، ط قلعجي
٥ دلائل النبوة: قوام السنة، ط طيبة
❤9
Хамди Б. айтады:
Алланың атымен, Аса Мейірімді, Ерекше Рақымды.

Бұл жазбада, Алланың қалауымен, имам әз-Зәһәбидің «Сияр аълам ән-нубәлә» кітабының ең жақсы басылымдарын қарастырамыз. Бұл мақала кітаптың әртүрлі басылымдарын зерттеу, мамандардың пікірлеріне жүгіну және кітаптың әртүрлі нұсқаларына ие бауырлардан алынған суреттерді салыстыру нәтижесінде дайындалды. Алла осы жазбаны пайдалы етсін.
Бұл мақалада зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ең маңызды басылымдарды таныстырып, әсіресе ең танымал екі басылым арасындағы айырмашылықтарды түсіндірмекпін.
«Сияр аълам ән-нубәләның» ең жақсы басылымы туралы сұрақ қойылған сайын, көптеген ғалымдар мен ізденушілер «әр-Рисәлә» басылымын ұсынады. Бұл дұрыс. Алайда білім ізденуші оның екі түрлі нұсқасына тап болады:
«Муәссәсат әр-Рисәлә Наширун» баспасының 30 томдық басылымы (1);
«Дар әр-Рисәлә әл-Әламия» баспасының 30 томдық басылымы (2).
Көпшілік оларды бірдей деп ойлайды және араларындағы айырмашылықты байқамайды. Шын мәнінде, екі басылым арасында елеулі айырмашылықтар бар.
Екі басылымға ортақ нәрсе – бағасының жоғары болуы. Сондықтан «әр-Рисәлә» басылымын сатып ала алмайтындар үшін төмендегі екі нұсқаны атап өткен жөн:
Дар әл-Фикр басылымы. Бұл баспа «Сиярдың жоғалған бөлігі» деп аталған мәтіннің бір бөлігін алғаш жариялаған.
әт-Тауфиқия басылымы. Негізгі мәтін бойынша «әр-Рисәлә» басылымымен салыстырылған, ал жоғалған бөлігі бойынша «Дар әл-Фикр» басылымына сүйенген.
Дегенмен, бұл екі басылымның деңгейі «әр-Рисәлә» басылымына жетпейтінін және аталғандардан басқа басылымдардың ұсынылмайтынын ескерткен жөн.
Әр-Рисәләның екі басылымының айырмашылықтары
1. Қағаз сапасы мен безендірілуі (3)
«Дар әр-Рисәлә әл-Әламия» басылымы:
Қағазы өте жұқа, кейде арғы бетіндегі жазулар көрініп тұрады.
Бет айналасында жиек (рамка) бар.
Жаңарту: 2019 жылғы және одан кейінгі басылымдарда қағаз сапасы айтарлықтай жақсарған (11).
«Муәссәсат әр-Рисәлә Наширун» басылымы:
Қағазы қалың әрі сапалы.
Бетте рамка жоқ.
Әр беттің жоғарғы жағында өмірбаяны беріліп отырған тұлғаның аты көрсетілген.
Осы тұрғыдан алғанда, бұл басылым «Дар әр-Рисәлә әл-Әламиядан» айқын артық.
2. Жоғалған бөлімнің мазмұны
Алғашқы 28 томның мазмұны екі басылымда да бірдей. Себебі олар баспаның бөлінуінен бұрын дайындалған.
Алайда баспа екіге бөлінгеннен кейін «жоғалған бөлім» жеке түрде қосылып, соңғы екі томның мазмұны мүлде өзгеше болып шықты.
Мазмұны төмендегідей болды:
«Муәссәсат әр-Рисәлә Наширун»
Жоғалған бөлім соңғы екі томда «Татиммат Сияр аълам ән-нубәлә» деген атпен жарияланған және «Тарих әл-Исламнан» алынған өмірбаяндарды қамтиды. Олардың «Сияр аълам ән-нубәләға» қатысы жоқ (4).
Осы мәселеге «Дар әр-Рисәлә әл-Әламия» өз басылымының алғысөзінде де назар аударған (5).
«Дар әр-Рисәлә әл-Әламия»
Жоғалған бөлім соңғы екі томда «Такмилат Сияр аълам ән-нубәлә» деген атпен жарияланған (6).
29-томда «Дар әл-Фикр» басылымындағы жоғалған бөлімнің мазмұны берілген (7), бірақ мәтін нақтыланып, кей жерлері қайта реттелген.
30-томда «Зәйл Тарих әл-Ислам» кітабының «Дар әл-Муғни» басылымындағы мәтіні енгізілген (8). Ол екі қолжазбамен салыстырылып тексерілген.
Редакторлардың пікірінше, бұл еңбек «Тарих әл-Исламға» емес, «Сияр аълам ән-нубәләға» жазылған толықтырма болып табылады.
Бұл бөлімде Шейхул-Ислам Ибн Таймия туралы өмірбаян да қамтылған.
Осыған қарап, жоғалған бөлім мәселесінде дұрысырақ ұстаным «Дар әр-Рисәлә әл-Әламия» жағында деп айтуға болады.
Қорытынды
«Сияр аълам ән-нубәләның» ең жақсы басылымын алғысы келген адам үшін екі негізгі таңдау бар:
Егер қағаз сапасы мен безендірілуі қанағаттандырса, «Дар әр-Рисәлә әл-Әламияның» 2019 жылдан кейінгі басылымын алу.
Қағаз сапасы мен басылым көркемдігі маңызды болса, «Муәссәсат әр-Рисәлә Наширун» басылымын алып, оған қоса:
«Такмилат Сияр аълам ән-нубәлә» (29 және 30-томдар) жинағын алу;
немесе «Дар әл-Фикр» басылымындағы жоғалған бөлімді (9) және «Дар әл-Муғни» басылымындағы «Зәйл Тарих әл-Исламды» (10) алу.
Осы тақырып бойынша қолымнан келгені осы. Егер дұрыс айтқан болсам – ол Алладан, ал қателессем – ол өзімнен және шайтаннан.
❤5