Перевод матна Исагуджи на русский язык. Прошу содействовать в распространение.
Если нашли ошибку, то прошу сообщить @theapologist23.
Планирую написать шарх Исагуджи в будущем. Сделайте дуаа. Буду признателен.
Қазақша аудармасы ин шәә Алла жақын уақытта шығады.

❤2🔥2👍1
Использованные литературы:
1. Шарх Шейха Хамза Карамали на английском языке
2. Discerning Religious Truth by Sheikh Hamza Karamali
3. Логика Челпанова
4. Формальная логика
5. Русский перевод Исагуджи

❤2
Логикада әрбір аргументтің екі негізгі қасиеті бар: дұрыстық және шынайылық.
Дұрыстық (валидтілік) – аргументтің логикалық құрылымының дұрыс болуы. Егер қорытынды алғышарттардан логикалық түрде қажетті түрде шығып тұрса, онда ол дұрыс аргумент болып есептеледі.
Шынайылық (сенімділік) – аргументтің әрі дұрыс болуы, әрі оның алғышарттарының шындыққа сай келуі. Яғни, мұндай аргумент ақиқат білім береді.
Мысалы:
Егер қазір күндіз болса, онда таң атты.
Қазір күндіз.
Онда, күн атты.
Бұл мысалда аргумент әрі дұрыс, әрі шынайы.
Бірақ кейде аргумент логикалық тұрғыдан дұрыс болғанымен, мазмұны жағынан шын болмауы мүмкін.
Мысалы:
Егер ғылым шынайы болса, онда дін бұрыс.
Ғылым шынайы.
Онда, дін бұрыс.
Бұл аргументтің құрылымы дұрыс, бірақ мазмұны шындыққа сай келмейді. Сондықтан ол дұрыс, бірақ шынайы емес аргумент болып табылады.

🔥5
Логика іліміне пролегоменон
Дәстүрлі ислам ғылымдарының ғалымдары әдетте өздерінің оқу еңбектерін (оқулықтарын) сол ғылымға арналған пролегоменонмен — «муқаддима әл-‘ильм» деп аталатын ғылыми алғы сөзбен бастайды. Бұл алғы сөзде ғылымның анықтамасы беріледі, оны не үшін оқу қажет екені түсіндіріледі және оның зерттеу нысаны мен мәселелері анықталады. Мұндай кіріспе студентке алда не оқитынын ұғындырады, соның арқасында ол өз назарын сол ғылымды меңгеруге бағыттай алады.
Бұл алғы сөздің мазмұны мен құрылымы логиктердің адамдық таным теориясына негізделеді. Олар адамның білімді ой жүгірту мен тұжырым жасау арқылы алатынын айтады. Бұл үшін адам өз ойын сол білімге жеткізетін анықтамалар мен дәлелдерге бағыттай білуі керек. Сондықтан кез келген ғылымды үйренуден бұрын, біз оны аз да болса жалпы түрде елестете алуымыз қажет. Егер бізде мұндай алдын ала түсінік болмаса, ол ғылым біз үшін мүлде беймәлім болар еді, ал адам өз ойын беймәлім нәрсеге бағыттай алмайды.

❤3👍1🔥1
1.1 Білім
Араб тіліндегі ʿилм (ілім) ұғымы келесі мағыналарды білдіруі мүмкін:
Қағидалар (қауāʿид) мен өлшемдер (дауа́бит): мысалы, логикадағы «әмбебап растаушы пікір жекеше растаушыға түрленеді» деген қағида немесе «тек – мәні әртүрлі көптеген заттарға жүктелетін універсал» деген өлшем.
Дағды (малака): бұл – аталған қағидаларды қолдану тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасатын қабілет. Мәселен, логикалық ережелерді қолдану тәжірибесі негізінде дамитын логикалық ойлау дағдысы.
Идрак (қабылдау, түйсіну).
Логиктер ʿилм терминін осы соңғы мағынада, яғни қабылдау (идрак) мағынасында қолданады.
Алайда олар зерттейтін білім – қабылдаудың ең кең түсінігі емес, оның айрықша бір түрі ғана.
Бұл қабылдау түрін анықтау үшін логиктер білімді (немесе қабылдауды) төрт деңгейлі жіктеу арқылы талдап, осы жіктеулер негізінде өздерінің зерттеу объектісі болып табылатын білім түрін айқындайды.
Аталған төрт жіктеу төменде баяндалады.

🔥3
من قرأ القرآن لم يخرق
«Құран оқыған адам қартайғанда ақылынан айырылмайды.»
Имам Әбу Бәкр ибн Абид Дунья (рахимахулла) бұл риуаятты Имам Ша’бидің (рахимахулла) сөзі ретінде жеткізген.
Имам Ша’би (рахимахулла) былай деген:
«Кім Құранды жиі оқыса, қартайғанда әлсіреп, ақылын жоғалтпайды.»
(«әл-‘Умру уа-ш-Шайб», 79-бет)
#hadith@araaabiclan

❤9
Сұрақ:
Мен мына риуаяттың дәлелін іздеп жүрмін:
«Ілім – мүминнің жоғалған қазынасы. Оны кәпірдің қолынан болса да ал» – Біздің мырзамыз Әли (радияллаһу ‘әнһу).
Жауап:
Имам Ибн ‘Абдил Барр (рахимахуллаһ) бұл сөзді Біздің мырзамыз Әли (радияллаһу ‘әнһу)-дан иснадсыз келтірген.
Біздің мырзамыз Әли (радияллаһу ‘анҳу) былай деген:
«Ілім – мүминнің жоғалған мүлкі. Оны мүшріктердің қолынан болса да алыңдар. Даналықты кімнен естісеңдер де, оны менсінбей тастамаңдар.»
(جامع بيان العلم وفضله 621)
جامع بيان العلم وفضله
(٦٢١) – وروينا عن علي رحمه الله أنه قال في كلام له: العلم ضالة المؤمن فخذوه ولو من أيدي المشركين ولا يأنف أحدكم أن يأخذ الحكمة ممن سمعها منه

❤8
ХАЙР АД-ДИН АР-РАМЛИ ӘЛ-ХАНАФИДІҢ (х. 1081 ж. қ.) НАН ТАБУ ЖОЛЫ ТУРАЛЫ СИПАТТАМА
«Ол өз қолымен еккен жүзім бұталары мен жеміс ағаштарының өнімін жеп күн көретін. Ол өз қолымен әртүрлі мыңдаған жеміс ағаштарын отырғызған. Сондай-ақ ол өзі салған мүліктер мен жерлерді иеленді; әрі ол вакыфтардан немесе қайырымдылық қорларынан ешнәрсе алған емес.»
— Мұхаммад ибн Абд әл-Бақи әл-Ханбали әл-Бағли әд-Димашқи (х. 1126 ж. қ.) Машайхат Әби әл-Мәуәһиб әл-Ханбали еңбегінен
وَكانَ يَأْكُلُ مِن غِراسِ كُرُومِهِ وَما غَرَسَهُ فِيها بِيَدِهِ مِن أَشْجارِ الفَواكِهِ، غَرَسَ أُلوفًا مِنَ الأَشْجارِ المُختَلِفَةِ مِنَ الفَواكِهِ باشَرَ غَرْسَها بِيَدِهِ، وَحَصَّلَ أَمْلَاكًا وَعَقاراتٍ غالِبُها مِن بِنائِهِ، وَلَمْ يَتَعَرَّض مِنَ الأَوقافِ وَالجِهاتِ لِشَيءٍ
#fiqh@araaabiclan

❤3👍1
МӘТІНДЕР, ЖАТТАУ ЖӘНЕ МЕҢГЕРУ
Тоғызыншы ғасырдың басына қарай Мысыр мен Шам аймағындағы кейбір ханафилер Хафиз ад-Дин ән-Насафидің (ө. 710) еңбектеріне соншалықты ғашық болғаны сонша, олар оның үш негізгі кітабын — ақидадағы «Умдат әл-Ақаидті», усулдағы «Манар әл-Анварды» және фиқһтағы «Кәнз әд-Дақаиқты» — сөзбе-сөз жаттап алатын! Соңғысы кейде басқа мәтіндермен алмастырылатын, бірақ негізгі шығармаларды жаттау шәкірттердің білім алудағы орныққан тәжірибесі еді.
Мысал ретінде Бадр әд-Дин Ибн Салама (~850 ж. ө.) мен Абд әл-Халиқ ибн әл-Уқабты (941), олар үш еңбекті де жаттап алған; сондай-ақ әл-Хусейн ибн Фиша (895 ж. ө.) мен Абд әл-Аууәл әл-Муршидиді (872), олар алғашқы екеуін жаттап, «Кәнзді» басқа мәтінмен алмастырған. Әрине, бұл басқа кітаптарды және Құранды жаттаумен қатар жүретін.
Өткен замандарда айтылатын бір сөз бар: «Кім мәтінді жаттаса — ғылымды меңгереді» (مَن حَفِظَ المُتُون حَازَ الفُنُون).
Ал мәселелерді дәл еске түсіру қабілеті де кейде жаттаудың орнын баса алады

🔥7❤5👍1
КӘУСӘРИДІҢ ЗЕЙІН МЕН МАМАНДАНУ ЖАЙЛЫ ӨСИЕТІ
Өз қабілетіңіз ашылып, табиғи таланттарыңыз бой көрсететін, бейімділігіңіз қалыптасатын, сондай-ақ оның мәселелерін зерттегенде жүрегіңіздің қызығушылығын оятатын ғылымға немесе өнер саласына маманданыңыз. Сонда ғана сіз сол саланың шыңына шығып, тереңіне бойлай аласыз.
Әрбір ғылымды толық меңгеруге талпынбаңыз; бұл — мүмкін емес іс, дәуірі өтіп кеткен арман. Біз қазір бір ғылымның өзінде арнайы мамандану кезеңінде өмір сүріп жатырмыз, тіпті сол ғылымның бір тармағының өзінде терең білім талап етілетін замандамыз.
Мынаны менен өсиет етіп алыңыздар: мені жылдар қажытты, тәжірибе сынап өтті.
— «Фи Сухбат аш-Шайхайн: Шайх ул-Ислам Мустафа Сабри уа уәкили Имам Мұхаммад Захид әл-Кәусәри»

👍5❤2
Мадақталатын және айыпталатын фиқһ
әл-Хадимий «әл-Бариқатта» былай дейді:
«Зүһд пен хикметтен (яғни рухани тазалық пен даналықтан) ажыратылған фиқһ мақталатын емес, керісінше айыпталатын нәрсе. Өйткені ол жүректің ғафыл болуына себеп болады. Мүмкін, “Кім тек (осы дүниелік) фиқһқа берілсе — пасықтыққа беріледі” деген сөздің мәні осы шығар»

👍7
✅ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚИЫНДЫҚ ТУҒЫЗҒАН ҮШ АРАБ СӨЗІ
Араб тілінде үш сөз бар (шын мәнінде одан да көп), олар еркек жынысында жақсы мағынаға ие, бірақ әйел жынысында жаман мағынаға ие болады.
Бірінші сөз — حَيٌّ (хайи), ол «тірі» дегенді білдіреді. Әйел жынысында «тірі» деп айту үшін, әрине, та марбутa (ة) қосылады, сонда حَيَّةٌ болады, бірақ мәселе мынада, бұл сөз сондай-ақ «жылан»🐍 дегенді білдіреді.
Екінші сөз — ٌمُصِيب (мусыб), ол «мақсатқа жеткен» дегенді білдіреді. Әйел жынысында «мақсатқа жеткен» деп айту үшін, әрине, та марбутa (ة) қосылады, сонда مُصِيبة болады, бірақ мәселе мынада, бұл сөз сондай-ақ «қайғы, бақытсыздық»😭 дегенді білдіреді.
Үшінші сөз — قَاضٍ (кады), ол «сот төрешісі» дегенді білдіреді. Әйел жынысында «сот төрешісі» деп айту үшін, әрине, та марбутa (ة) қосылады, сонда قَاضية болады, бірақ мәселе мынада, бұл сөз сондай-ақ «өлімге әкелетін қайғы»💀 дегенді білдіреді.

😁15👍4🤯4❤2
Фиқһты оқу және меңгеру туралы ескерту
Фиқһ ілімі – барлық ғылымдардың ішіндегі ең қиын да кең саласы. Бұл – ижтихад жасай алатын имамдардың кеңістігі және ғалымдарға шын мәнінде қажет білімнің басым бөлігін қамтиды. Ол — терең әрі толқынды теңіз; оған тек ерекше зерек және оның негіздерін (усулін) жетік меңгерген адам ғана бойлай алады.
Оның лайықты үлесіне адамның ұзақ уақыт бойы табанды еңбектенуімен, биік мақсат қоюымен, әсіресе әл-Һидая сияқты еңбектерді және оған жазылған әл-Иная (Акмал әд-Дин әл-Бабырти) секілді түсіндірмелерді оқумен ғана жетуге болады.
Ал оны толық меңгеру — адамның дерлік бүкіл ғұмырын талап ететін нәрсе. Оның күрделі мәселелерін шеше алатын кісі — қызыл күкірттен де сирек. Ғалымдарды сансыз рет тығырыққа тіреген фиқһ мәселелерінің өзі есепсіз.
Сондықтан кейбір талапкерлердің оны елемей, аз күш жұмсап-ақ оңай игеремін деп ойлауы — таңғаларлық жағдай.

Ұзақ мерзімді ұстазбен оқу туралы ескерту
Шейх Абд әл-Фаттах Әбу Ғудда (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген:
«Алдыңғы буындарда шәкірттердің ғалымдарға шәкірт болуы осындай еді: қырық жыл, жиырма жыл, он жыл… Сонда ғана шәкірт нағыз ғалым болып шығатын. Дәріс бір күн бойы, немесе күннің көп бөлігі, немесе ең азы – төрттен бірі көлемінде өтетін — қырық-елу минут қана емес! Осылайша олар имамдарды жанынан тастамай еріп жүріп, өздері де имам дәрежесіне жететін.
Ал бүгінгі күні оқу бірнеше аймен, санаулы минуттармен шектелді; үнсіз парақтар мен шағын кітапшалардан ғана алынады — талқылаусыз, түсінусіз, жүрекке сіңірусіз. Ғалымдардың алдында отыру дәстүрі жоғала бастады; ал талап пен айқай көп, атақ-лауазым одан да көп — бірақ сол атауларға телінген білімнің өзі Жоғары Аллаға шағымданады: оны өзіне теліп, саудасын жасаған талай адамға.»
— «Сафахат мин сабр әл-уләмә», 107-бет

👍12❤5😢2
الفقيه الحنفي القاضي أبو نصر أحمد بن منصور الأسبيجابي ، أحد شراح مختصر الطحاوي.
«وُجد بعد وفاته صندوق، له فيه فتاوى كثيرة، كان فقهاء عصره أخطأوا فيها، فوقعت عنده، فأخفاها في بيته؛ لئلا يظهر نُقصانهم، وما تركها في أيدي المُستفتين؛ لئلا يعملوا بغير الصواب، وكتب سؤالاتهم ثانيا وأجاب على الصواب».
الجواهر المضية ١ / ٣٣٦
Ханафи фақиһ және қазы Әбу Наср Ахмад ибн Мансур әл-Асбижаби – Тахауидің «Мұхтасарына» түсіндірме жазған ғалымдардың бірі.
«Оның қайтыс болғанынан кейін бір сандық табылды. Оның ішінде ол кісінің көптеген пәтуалары бар екен. Замандастары болған фақиһтар ол мәселелерде қателескендіктен, сұрақтар өзіне түскенде, ол олардың кемшілігі ашылып қалмасын деп, ол пәтуаларды үйінде жасырып қойған. Сондай-ақ олар сұраушылардың қолында қате пәтуалар қалып, қате амал жасап қоймауы үшін, ол жазбаларды да қалдырмаған. Сұрақтарын қайта көшіріп жазып, дұрыс жауабын берген».
«Ал-Жауахир ал-Мудийя», 1/336

❤6👏3
АДАБ ТАЛАБ АЛ-ʿИЛМНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Шәкірттің көзқарасы, мінез-құлқы, жолдастары мен ұстаздарымен қарым-қатынасындағы адабы – тек қосымша амалдар емес екенін ескеру маңызды. Керісінше, ол өз ісіне шын ниетті болып, табыс пен тəуфиқты қалаған адам үшін – міндетті амалдар. Мәселен, хат жазатын өнерпаз қаламды қағазға тигізерден бұрын белгілі бір дайындықтарды жасайды; оны «адаб» деуге болады, бірақ шын мәнінде сол дайындықсыз шыққан нәтиже құнсыз.
Осы тұрғыдан алғанда, ғалымдар белгілі бір амалдың қажеттілігі (вужубы) туралы айтқанда, оны фиқһтағы арнайы құқықтық мағынасында емес, «осыны дұрыс орындау үшін міндетті түрде осылай істеу керек» деген мәнде қолданады. Қажетті болып саналатын көптеген нәрселер басқа, онша міндетті емес істердің арасында да айтыла береді, өйткені талаптың шеңберлері қабат-қабат: уәжіп болған нәрсе – адаб та, бірақ әрбір адаб уәжіп емес.
Алла Тағала бізге тəуфиқ беріп, адаб үйретсін. Әмин!

❤7