ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
32.1K subscribers
6.25K photos
2.09K videos
24 files
5.35K links
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Download Telegram
🏆ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

🥇Жарыста 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Айбек Оралбай алтын жүлдені иеленді.
🥈М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Махмуд Сабырхан, Павлодар педагогикалық университетінің студенті Серік Теміржанов пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің студенті Сәкен Бибосынов күміс медаль жеңіп алды.
🥉Қожа Ахмет Ясауи университетінен Сағындық Тоғамбай мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен Нұрбек Оралбай құрама қоржынына қола медальдар әкелді.

Министр Саясат Нұрбек барлық боксшы студенттерді құттықтады.
💬«Азия чемпионатының жүлдегері болу – көп жылдық жаттығулар мен еңбектің нәтижесі. Студенттерімізді кезекті жарқын жетістіктерімен құттықтаймын. Жас спортшыларымыздың алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспін», – деді министр.
🏆КАЗАХСТАНСКИЕ СТУДЕНТЫ СТАЛИ ПРИЗЕРАМИ НА ЧЕМПИОНАТЕ АЗИИ ПО БОКСУ

🥇Золотую медаль завоевал обучающийся Таразского регионального университета им. М.Х.Дулати Айбек Оралбай, который выступил в весовой категории до 92 кг.
🥈Серебро в свой актив записали студенты Южно-Казахстанского университета имени М.Ауезова Махмуд Сабырхан, Павлодарского педагогического университета Серик Темиржанов и Университета имени Ходжи Ахмеда Ясави Сакен Бибосынов.
🥉Сагындык Тогамбай из Университета Ходжи Ахмеда Ясави и Нурбек Оралбай из Таразского регионального университета им. М.Х.Дулати принесли в копилку сборной страны бронзовые медали.

Министр Саясат Нурбек поздравил всех студентов-боксеров.
💬«Стать призером Чемпионата Азии – это итог многолетних тренировок и труда. Поздравляю наших спортсменов с очередным ярким достижением. Желаю им двигаться вперед и покорять все новые и новые пьедесталы», – отметил министр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕТІН БАҒДАРЛАМА ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Бақытгүл Бейсетбаева 13 жылдан бері ұстаздық етеді. Ол өзі жұмыс істейтін Жүрімбек Сыдықов атындағы мектептің 2005 жылғы түлегі. Жоғары білімді Қырғызстанда, ал магистратураны «Болашақ» бағдарламасымен Англияда оқыған білікті маманға кезінде түрлі лауазымды қызмет ұсынылыпты. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі соның бәрінен бас тартып, туған ауылында қалуды жөн санаған.

🔗https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/572956-bolasha-t-legi-a-ylshyn-tilin-jretetin-ba-darlama-zhasap-shy-ardy
Forwarded from Sayasat Nurbek
Алматыдағы жұмыс сапарым Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетін аралаудан басталды.
Ғылымға бет бұрған жастардың тың жаңалық ашуға деген ынтасы сүйсіндірді. ҚазҰАЗУ ғалымдары өндірген терек көшеттері "Элита" санатына жатады, қазақстандық селекционерлер құрған және Республикалық орман селекциялық орталығының питомнигінде тез өсетін будандар биотехнологиялық микроклональды көбею әдісімен алынған. Көшеттер нарығында жаңа теректің баламасы жоқ.

Микроклональды көбеюі әдісімен алынған турангалық көшеттердің артықшылығы: биіктігі 10-16 метр, жайылмалы, шар тәріздес тәжді желекті, тұздану мен құрғақшылыққа төзімді, құмды топырақтарда өсуге қабілетті екен.

90 жылдық тарихы бар іргелі университеттегі заманауи технологиялар мен жаңалықтар нәтижесінде алынған теректің жаңа түріне тәнті болдым.

Ғылымдағы осындай жаңалықтар мен бірегей қадамдар бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылығы саласына, экологияға орасан зор көмегін тигізеді
АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ӘЛЕМДІК СПОРТ АРЕНАЛАРЫН БАҒЫНДЫРДЫ

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері оқу жылын спорт саласындағы озық жетістіктермен бастады. Инновациялық білім беру факультеті дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және таңдаған спорт түрінен жаттықтырушы мамандығының 1 курс студенті Қаршыға Абдрахим Испания елінің Понтеведра қаласында өткен UWW грэпплинг күресінен Әлем Чемпионатына қатысып, Әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, Чехияның Кардубица қаласында өткен каратэден әлем чемпионатында дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Нұрбек Кенжебай да Әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Бұдан бөлек, аталған факультеттің дене шынықтыру мамандығының 1 курс студенті Аңсаған Қазбек пен 2 курс студенті Аружан Жандарбай самбо күресінен жастар арасында Арменияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Жеңімпаздарды университет ректоры Саламат Идрисов құттықтап, Қаршыға Абдрахим мен Нұрбек Кенжебайға университет грантын табыстап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
АТЫРАУСКИЕ СТУДЕНТЫ ПОКОРЯЮТ СПОРТИВНЫЕ АРЕНЫ МИРА

Студенты Атырауского университета им. Халела Досмухамедова начали учебный год с отличных достижений в области спорта. Студент 1 курса специальности «Учитель физической культуры и тренер по выбранному виду спорта» факультета инновационного образования Каршыга Абдрахим принимал участие в чемпионате мира по спортивной борьбе грепплингу UWW, проходившем в Испании в городе Понтеведра, и стал чемпионом мира. Студент 2 курса специальности «Физическая культура и спорт» Нурбек Кенжебай завоевал чемпионский титул на чемпионате мира по каратэ, который состоялся в Чехии в городе Пардубице.

Студент 1 курса специальности «Физическая культура» данного факультета Ансаган Казбек и студентка 2 курса Аружан Жандарбай стали бронзовыми призерами чемпионата мира по самбо среди молодежи, проходящем в Армении.

Победителей поздравил ректор вуза Саламат Идрисов, который вручил Каршыге Абдрахиму и Нурбеку Кенжебаю университетские гранты и пожелал молодым спортсменам удачи.
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Логистика және көлік академиясына барып, профессор-оқытушылармен және студенттермен кездесті.

Оқытушылар министрге жоғары оқу орнында әзірленген «Master of Technical Administration» (MTA) және «Doctor of Technical Administration (DTA)» бағдарламалары туралы айтып берді.

Министр Логистика және көлік академиясының профессор-оқытушылары мен білім алушыларының зияткерлік әзірлемелерімен, оқу корпустарымен және аудиторияларымен, ғылыми зертханаларымен, оқу орталықтарымен және оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Саясат Нұрбек бәсекеге қабілетті мамандықтарды дамыту мен енгізудің және білім және ғылым саласындағы жаңа технологиялық шешімдердің маңыздылығы туралы айтты.

🔗Толығырақ.
МИНИСТР САЯСАТ НУРБЕК ПОСЕТИЛ АКАДЕМИЮ ЛОГИСТИКИ И ТРАНСПОРТА

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек посетил Академию логистики и транспорта и встретился с профессорско-преподавательским составом и студентами вуза.

Преподаватели рассказали министру о программах «Master of Technical Administration» (MTA) и «Doctor of Technical Administration (DTA)», которые разработаны в вузе.

Также министр ознакомился с интеллектуальными разработками профессорско-преподавательского состава и обучающихся АЛТ, учебными корпусами и аудиториями, научными лабораториями, учебными центрами и материально-технической базой вуза.

По итогам встречи Саясат Нурбек рассказал о важности развития и внедрения конкурентоспособных специальностей и новых технологических решениях в сфере образования и науки.

🔗Подробнее.
ПЕТРОПАВЛДА 155 СТУДЕНТ АМЕРИКА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫП ЖАТЫР

Аризона университетімен қос дипломдық оқыту бағдарламасы Қозыбаев университетінде жүзеге асырылуда. Оқыту гранттар бойынша үш тілде: ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

💬«Серіктестіктің арқасында алғашқы студенттер оқуларын бастады. Бүгінде бірлескен бағдарлама бойынша білім алушылардың 2 тобы бар. Бірінші топта 50-ге жуық студент қос диплом бағдарламасы аясында оқуда. Яғни, олар оқуларын аяқтағаннан кейін Америка университетінің дипломын алады. Мұнда оқыту тек ағылшын тілінде. Екінші топта 100-ге жуық студент Аризона университетінің қолдауымен құрылған Қозыбаев университетінің халықаралық бағдарламасында оқиды. Мұнда екі диплом қарастырылмаған, бірақ академиялық сапа стандарттары бойынша құрылған бағдарлама. Оқыту негізінен мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі», – деп атап өтті ректор Ерлан Шұланов.

🔗Толығырақ.
В ПЕТРОПАВЛОВСКЕ 155 СТУДЕНТОВ ОБУЧАЮТСЯ ПО ПРОГРАММЕ ТОПОВОГО АМЕРИКАНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА

Программа двойных дипломов с Университетом Аризоны (входит в топ-100 лучших вузов мира) реализуется в Кozybayev University. Обучение предусмотрено по грантам на трех языках: английском, казахском и русском.

💬«Благодаря партнерству первые студенты уже начали свою учебу. Итого у нас есть 2 когорты обучающихся по совместной программе. Первые – это около 50 студентов – в рамках программы двойного диплома. То есть, по окончанию они получат второй настоящий диплом американского университета. Тут обучение строго на английском языке. Вторые – это еще порядка 100 студентов – обучаются на международной программе Козыбаев университета, созданной при поддержке Университета Аризоны. Это программа, без второго диплома, но созданная по их академическим стандартам качества. Обучение ведется в основном на государственном и русском языках», – отмечает ректор Ерлан Шуланов.

🔗Подробнее.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
САЯСАТ НҰРБЕК: ҚАЗҰУ ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ОРЫН ТАПШЫЛЫҒЫН ТИІМДІ ШЕШЕ БАСТАДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жатақханаларға күрделі жөндеу жүрізіп, бөлмелерді кеңейту арқылы орын тапшылығын шеше бастады. Осы тәсіл арқылы оқу орны алдағы уақытта жатақханалардағы орын санын 2000-ға көбейтуді көздеп отыр.

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен күрделі жөндеуден өткен №10 жатақхана қайта ашылып, студенттерге пайдалануға берілді.

Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек жаңарған жатақхана бөлмелерін аралап, студент жастармен пікірлесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының жатақхана тапшылығын шешу тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстарды атап өтіп, жатақхананың жөндеуге дейінгі және кейінгі жай-күйімен таныстырды.

🔗Толығырақ.
САЯСАТ НУРБЕК: КАЗНУ НАЧАЛ ЭФФЕКТИВНО РЕШАТЬ ПРОБЛЕМУ НЕХВАТКИ ОБЩЕЖИТИЙ

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби решили проблему нехватки мест в общежитиях путем проведения капитального ремонта и перепланировки помещений. Таким образом планируется увеличить жилищную площадь общежитий вуза на 2000 койко-мест.

Сегодня общежитие №10, которое было капитально отремонтировано в рамках начавшейся системной реновации кампуса, вновь открыто и введено в эксплуатацию для студентов. В открытии принял участие Министр науки и высшего образования РК Саясата Нурбека.

В ходе встречи Саясат Нурбек осмотрел обновленные комнаты общежития и пообщался со студенческой молодежью.

Председатель Правления – Ректор КазНУ им. аль-Фараби Жансеит Туймебаев отметил проделанную работу, направленную на решение вопроса с дефицитом общежитий в соответствии с поручениями Главы государства. Ректор вуза продемонстрировал министру фотографии, на которых отображено состояние помещений до и после ремонта.

🔗Подробнее.
АЛМАТЫДА ABAI STUDENT CENTER АШЫЛДЫ

Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінің жанынан Студенттер орталығы ашылды.

Енді осында оқитын 16 мыңнан аса студент қосымша дағдыларын дамыта алады. Атап айтқанда, бұл жерде театр үйірмесі, ақындар және SMM орталығы, пікірталас алаңы жұмыс істейді. Одан өзге де бірнеше қызмет түрі көрсетіледі. Нысанды атақты ұстаз Григорий Умановтың ұлы Борис Уманов өз қаржысына жөндетіп, университетке сыйға тартты. Ол әкесіне, жалпы ұстаздар қауымына деген құрметін осылай білдірді.

🔗https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/573312-almatyda-abai-student-center-ashyldy
В АЛМАТЫ ДЛЯ СТУДЕНТОВ КАЗНПУ ОТКРЫЛИ КОВОРКИНГ-ЦЕНТР

В Алматы для студентов Казахского национального педагогического университета имени Абая открыли коворкинг-центр.

Министр науки и высшего образования страны Саясат Нурбек поздравил педагогов и студентов и поблагодарил семью основателя казахстанской педагогики Григория Уманова, на средства которой был создан этот центр. Профессор Уманов много десятилетий возглавлял кафедру педагогики в этом университете. Выпустил 20 докторов и 100 кандидатов наук. В центре «Абай» студентов обеспечат комфортными условиями для обучения и саморазвития.

🔗https://24.kz/ru/news/obrazovanie-i-nauka/item/573329-v-almaty-dlya-studentov-kaznpu-otkryli-kovorking-tsentr
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Алматы – ғылым мен білімнің ордасы. Отандық ғылымды дамыту мәселесі – үнемі менің жеке назарымда. Бұл саланың еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі. Өкінішке қарай, бізде ғылымды басқару ісі жолға қойылмаған. Мен бұл туралы Ұлттық академияның 75 жылдығына арналған жиында айттым.

Бүгінде отандық ғылымда жас ғалымдардың саны көп емес. Дамуға серпін беретін әлеуетті ғылыми институттар да өте аз. Егер әлемдік дамуда көш соңында қалмаймыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек. Сондықтан, ұлттық ғылымды жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Жасыратыны жоқ, қазір ғылыми атағы бар, бірақ ілім-білімге мүлде қатысы жоқ адамдар көбейіп кетті. Елімізге өмір жолын ғылымға арнаған, нақты ғылыми жетістігі бар адамдар керек.

Отандық ғалымдар құрамын жаңарту қажет. Бұл – уақыт талабы. Нағыз ғылымға мүлдем қатысы жоқ адамдардан арылуымыз қажет. Олардан ешқандай пайда жоқ, ғылымға кері әсері тиеді. Сондықтан, Ғылым академиясына ғылымға жаны ашитын, ғылыми әлеуеті зор азаматтарды ғана көптеп тарту қажет»

t.me/bort_01
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Біз ғылым мен өндірісті ұштастыру туралы жиі айтамыз. Бірақ ондай байланыс әлі де орныққан жоқ. Ащы болса да, мұны мойындауымыз керек. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми инновациялар, жаңалықтар қажет. Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға немесе өндірісті тиімді етуге тиіс. Сонда ғана экономикамыз дамиды.

Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама – Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру жөнінде шешім қабылдадым. Оған еңбектері жұртшылыққа кең танымал, ғылыми ортада өте беделді ғалымдарымыз мүше болады. Бұл құрылым ғылым мен технология саласындағы саясаттың басымдықтарын айқындайды. Президент Әкімшілігі, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі тиісті жұмысты ұйымдастыруы қажет. Бұл мәселе менің жіті назарымда»

t.me/bort_01