ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
38.7K subscribers
5.22K photos
1.82K videos
21 files
4.76K links
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

🎦 t.me/aqorda_resmi
⚜️ БАКУДЕ ХІ ТҮРКІ ӘЛЕМІН ЗЕРТТЕУ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
 
Баку қаласында ХІ Түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті. Іс-шараны Баку Еуразия университеті Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетімен және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырды.
 
Ашылу салтанатында «Түркі әлемінің және Түркітілдес мемлекеттер ұйымының 2040 жылға арналған мақсаттары» тақырыбында өткен симпозиум жұмысына табыс тіледі.
 
QyzPU Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Джумакулов симпозиум бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосатынын атап өтті.
 
«Симпозиум аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Түбі бір түркіміз» фестивалі бауырлас мемлекеттер достығының нығаюы мен қарым-қатынасының артуына, жастарымызға түркілік мұраны сезіндіруге бағытталған маңызы зор іс-шара. Жүргізіп жатқан зерттеулеріміздің түркі әлемінің келешегіне өлшеусіз мұра қалдыратынына сенімдіміз», - деді проректор.
 
🔗Толығырақ
⚜️ В БАКУ ПРОШЕЛ XI МЕЖДУНАРОДНЫЙ СИМПОЗИУМ ПО ИЗУЧЕНИЮ ТЮРКСКОГО МИРА
 
В Баку прошел XI Международный симпозиум по изучению тюркского мира. Мероприятие организовано Бакинским Евразийским университетом совместно с турецким Университетом Нийде Омер Халисдемир и Казахским национальным женским педагогическим университетом.
 
В своем выступлении проректор по научной работе и международному сотрудничеству QyzPU Закир Джумакулов отметил, что симпозиум внесет неоценимый вклад в культурно-духовное сближение братских стран.
 
«Традиционный фестиваль «Түбі бір түркіміз», организованный в рамках симпозиума, является важным мероприятием, направленным на укрепление дружбы и отношений тюркских государств, привитие нашей молодежи чувства тюркского наследия. Мы уверены, что проводимые нами исследования оставят неизмеримое наследие для будущего тюркского мира», – сказал проректор.
 
🔗Подробнее
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌐 ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА АПТАЛЫҚ ШОЛУ

🔻 ҚАЗАҚСТАНДА ФИЛИАЛ АШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЭНЬЧЖЭНЬ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🔻 АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔻 ТҮРКІСТАНДА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ КӨРМЕ ӨТТІ

🔻 BAITURSYNULY UNIVERSITY МЕН UNIVERSITY OF ARIZONA ҒАЛЫМДАРЫ БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫН

🔻 ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨНДІРІЛЕТІН АРАЛАС ВАНАДИЙ ОКСИДТЕРІ АВСТРИЯҒА ЭКСПОРТТАЛУДА

🔻 САУД АРАБИЯСЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ

🔻 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 70 УНИВЕРСИТЕТ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🌐 ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА АПТАЛЫҚ ШОЛУ 🔻 ҚАЗАҚСТАНДА ФИЛИАЛ АШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЭНЬЧЖЭНЬ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 🔻 АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ…
🌐 ЕЖЕНЕДЕЛЬНЫЙ ОБЗОР НОВОСТЕЙ МИНИСТЕРСТВА НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ

🔻 СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ДЕЛЕГАЦИЕЙ ШЭНЬЧЖЭНЬСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ПО ВОПРОСАМ ОТКРЫТИЯ ФИЛИАЛА В КАЗАХСТАНЕ

🔻 ВОПРОСЫ УКРЕПЛЕНИЯ КАЗАХСТАНСКО-КОРЕЙСКОГО НАУЧНО-ТЕХНИЧЕСКОГО СОТРУДНИЧЕСТВА ОБСУДИЛИ В АСТАНЕ

🔻 УЧЕНЫЕ BAITURSYNULY UNIVERSITY И UNIVERSITY OF ARIZONA ГОТОВЫ К СОВМЕСТНОЙ РАБОТЕ

🔻 СМЕШАННЫЕ ОКСИДЫ ВАНАДИЯ, ПРОИЗВЕДЁННЫЕ В КЫЗЫЛОРДЕ, ЭКСПОРТИРУЮТСЯ В АВСТРИЮ

🔻 ДЕЛЕГАЦИЯ ГЕОЛОГИЧЕСКОЙ СЛУЖБЫ САУДОВСКОЙ АРАВИИ ПОСЕТИЛА SATBAYEV UNIVERSITY

🔻 В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛА МАСШТАБНАЯ ВЫСТАВКА ПОПРОГРАММЕ «СЕРПІН»

🔻 70 ВУЗОВ РК ОБСУДИЛИ ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ В ИНКЛЮЗИВНОМ ОБРАЗОВАНИИ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИАДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

🧭 Сәтбаев Университетінің Жамбыл облысы Майлы Қаратау жотасының маңында орналасқан полигоны геологтардың тәжірибелік орынға айналды, мұнда бес күн бойы еліміздің 9 жоғары оқу орны мен 1 колледж студенттері өз дағдылары мен Жер туралы ғылым бойынша білімдерін сынады.

🏆 Универсиада қорытындысы бойынша Семей геологиялық барлау колледжінің командасы 1-орынды, Сәтбаев Университетінің командасы 2-орынды иеленсе, үздік үштікке Назарбаев университетінің студенттері енді.

🔎 Универсиада бағдарламасы ғалымдар мен практиктердің жалпы және құрылымдық геология, кристаллография және минералогия, петрография, палеонтология, гидрогеология және геофизика бойынша лекциялары мен кеңестерін қамтыды.

🏕 Қатысушылар үшін шатырлы қосын құрылды. Олар осында түнеп, күндіз нағыз геологтарға лайық, жоспарланған маршруттар бойынша жорыққа шығып, бір-бірімен жарысты, минералды тастар мен пайдалы қазбаларды қағып өтті.

🔗Толығырақ
ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПЕРВОЙ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ГЕОЛОГИЧЕСКОЙ УНИВЕРСИАДЫ

🧭 Учебный полигон Satbayev University, расположенный у хребта Малый Каратау в Жамбылской области, на 5 дней стал местом испытаний практических навыков геолога и знаний науки о Земле для студентов девяти вузов и одного колледжа.

🏆 По итогам Универсиады первое место заняла команда Семипалатинского геологоразведочного колледжа, на втором — команда Satbayev University, тройку лидеров замкнули студенты Nazarbayev University.

📖 Программа Универсиады в себя включала лекции и консультации ученых и практиков по общей и структурной геологии, кристаллографии и минералогии, петрографии, палеонтологии, гидрогеологии и геофизике.

🏕 Для участников разбили палаточный лагерь. Здесь они ночевали, днем, как и положено настоящим геологам, ходили в походы по намеченным для соревнований маршрутам, отбивали горные породы, минералы.

🔗Подробнее
🇰🇿🇰🇷 ҚАЗАҚСТАН МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: WOOSONG УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Woosong» білім беру қорының төрағасы Ким Джон Хенмен кездесті. Кездесуге «Woosong» білім беру қоры мен университетінің, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – Түркістанда Woosong университетінің филиалын ашу, қазақстандық жоғары оқу орындары мен «Woosong» білім беру қорының өкілдерімен бірге университетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Министр ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтіп, Түркістанда филиал ашу үшін бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу қажет екенін атады. Тараптар кездесу барысында жаңа университетті жобалау критерийлерін талқылады. Сондай-ақ министр ішкі модульдерді дайындаудың және бағдарламаны егжей-тегжейлі талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
🇰🇿🇰🇷 СОТРУДНИЧЕСТВО МЕЖДУ КАЗАХСТАНОМ И ЮЖНОЙ КОРЕЕЙ: ОТКРЫТИЕ ФИЛИАЛ УНИВЕРСИТЕТА WOOSONG ОТКРОЕТСЯ В ТУРКЕСТАНЕ

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился с председателем образовательного фонда «Woosong» Ким Джон Хёном. На встрече присутствовали представители Образовательного фонда и университета «Woosong», а также акимата Туркестанской области.

Основным вопросом встречи стало открытие филиала Университета Woosong в Туркестане, обсуждение межвузовского сотрудничества между казахстанскими университетами и с представителями Образовательного фонда «Woosong».

Министр подчеркнул важность сотрудничества и назвал вопросы, которые необходимо решить в первую очередь для открытия филиала в Туркестане. В ходе встречи стороны обсудили критерии проектирования нового университета. Министр также отметил важность подготовки внутренних модулей и детального обсуждения программы.
«1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні» Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен Кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.

Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Бұл ретте оқу орындары мен олардың қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту білім беру ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді.

Бұл кәсіби мереке сондай-ақ Қазақстанның білім беру саласын нығайтуда және оның қызметкерлерінің елдің қоғамдық дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқармақ.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
«1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні» Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен Кәсіби мерекелердің тізбесіне енді. Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін…
Приказом Министерства труда от 11 июня 2024 года «1 октября – День работников высшего образования Республики Казахстан» был включен в Перечень профессиональных праздников.

Сфера высшего образования является движущей силой, оказывающей особое влияние на динамичное развитие науки и образования страны. Празднование этого профессионального праздника учебных заведений и их сотрудников способствует повышению престижа специалистов в области высшего образования, подчеркивая их важность в формировании образовательной среды и развитии науки.

Этот профессиональный праздник также играет важную роль в укреплении образовательной сферы Казахстана и признании вклада его работников в общественное развитие и процветание страны.
UALIKHANOV UNIVERSITY ОҢТҮСТІК КОРЕЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН БІРЛЕСІП КОРЕЙ ТІЛІН ОҚЫТАДЫ

Бүгін Ualikhanov University халықаралық ынтымақтастық аясында Sookmyung Women's University-мен (Оңтүстік Корея) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастық Корея қорының бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және университеттің оқу бағдарламасына корей тілі курстарын біріктіруге бағытталған.

Студенттер корей тілін үйрену арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік алады. Курс дәрістерін Сукмён қыздар университетінің білікті сарапшылары мамандандырылған білім беру платформасы арқылы құрастырады.

Курсты іске қосу келесі күзгі семестрдің басына жоспарланған. Көкшетау университеті ректоратының пікірінше, корей тілін меңгеру студенттердің кәсіби және мәдени көкжиегін айтарлықтай кеңейтіп, Қазақстанда және одан тыс жерлерде халықаралық білім мен мансаптық өсудің жаңа перспективаларын ашады. Сондай-ақ корей тілін үйрену олардың академиялық және кәсіби дамуына айрықша әсер етеді.
UALIKHANOV UNIVERSITY СОТРУДНИЧАЕТ С ЮЖНОКОРЕЙСКИМ УНИВЕРСИТЕТОМ ПО ОБУЧЕНИЮ КОРЕЙСКОГО ЯЗЫКА

В рамках международного партнёрства Ualikhanov University был подписан меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве с Женским Университетом Сукмен, Республика Корея. Данное сотрудничество осуществляется в рамках программы Корейского фонда и направлено на интеграцию курсов корейского языка в учебный план университета.

Студенты получат возможность дополнить своё образование изучением корейского языка. Занятия будут разработаны квалифицированными специалистами со стороны Sookmyung Women's University через специализированную образовательную платформу.

Запуск курса запланирован на начало следующего осеннего семестра. По мнению ректората Кокшетауского вуза, освоение корейского языка значительно расширит профессиональные и культурные горизонты студентов, открывая новые перспективы для международного образования и карьерного роста в Казахстане и за его пределами.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУ ҒИМАРАТЫ БЕРІЛДІ

Болашақ ұстаздарды даярлау мен еліміздегі университеттік ғылымды дамыту мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оқу корпусы берілді.

Ауданы 12 000 шаршы метрден асатын оқу корпусында жаңа форматтағы педагог кадрларды сапалы даярлау және озық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті 40-тан астам оқу кабинеті мен ғылыми зертханаларды іске қосу жоспарланған.

Соңғы рет университетке ғимарат 1986 жылы берілді. Жаңа оқу корпусы университеттің білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге, студенттердің оқу жағдайларын, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Атап өтейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1944 жылы құрылған, қазіргі таңда құрылымында 5 институт, 24 кафедра бар, 8600 студент оқиды.
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ПОЛУЧИЛ УЧЕБНЫЙ КОРПУС

Казахский национальный женский педагогический университет в преддверии 80-летнего юбилея получил учебный корпус в целях подготовки будущих учителей и развития университетской науки.

В учебном корпусе площадью более 12 000 квадратных метров планируется открыть более 40 учебных кабинетов и научных лабораторий, необходимых для качественной подготовки педагогических кадров нового формата и проведения передовых научных исследований.

В последний раз университет получал здание в 1986 году. Новый учебный корпус позволит расширить образовательную инфраструктуру университета, улучшить условия обучения студентов, а также работу профессорско-преподавательского состава.

Отметим, Казахский национальный женский педагогический университет был основан в 1944 году, в настоящее время в его структуре 5 институтов, 24 кафедры, обучается 8600 студентов.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
HERIOT-WATT UNIVERSITY-МЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА АЛ!

🎓 Қымбатты талапкер, Ұлыбританияның жетекші техникалық университетінің Ақтөбедегі кампусы Сізді шақырады!

📖 Сіздерге мемлекеттік грант+стипендия, сұранысқа ие мамандықтар, қос диплом және ең үздік профессор-оқытушылар құрамы ұсынылады!

📚 21 маусым күні Шымкент, Ақтау, Атырау, Орал, Қызылорда қалаларында өтетін ағылшын тілінен ТЕГІН емтиханға келіңіз!

📲 Байланыс үшін: 8 747 518 35 83
Болашағың өз қолыңда!

🔹 🔹 🔹 🔹 🔹 🔹 🔹

ПОЛУЧИТЕ ПУТЕВКУ В СВЕТЛОЕ БУДУЩЕЕ С HERIOT-WATT UNIVERSITY!

🎓 Дорогой абитуриент, поступай в кампус ведущего технического университета Великобритании в Актобе!

📖 Государственный грант+стипендия, востребованные специальности, двойной диплом и лучший профессорско-преподавательский состав!

📚 Ждем вас 21 июня на БЕСПЛАТНОМ экзамене по английскому языку, который пройдёт в Шымкенте, Актау, Атырау, Уральске и Кызылорде!

📲 Телефон для связи: 8 747 518 35 83.
Ваше будущее в ваших руках!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
САЯСАТ НҰРБЕК EPAM SYSTEMS ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің төрағалығымен «EPAM Systems» компаниясымен екіжақты ынтымақтастық жөніндегі кеңес өтті. Кеңес қорытындысы бойынша министр мен мемлекеттік технологиялар жөніндегі өңірлік вице-президент Ю.Антонюк арасында 7 техникалық ЖОО базасында LLL-академияларын ашу шеңберінде өңірлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселелері пысықталды.

Бүгінгі таңда EPAM Education еншілес компаниясы Қазақстандағы 7 өңірлік ЖОО-мен LLL-курстар бойынша (Қазақстан-Британ техникалық университеті, Satbayev University, AlmaU, Халықаралық бизнес университеті, Turan University, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті) ынтымақтасады.

EPAM Systems – бүкіл әлем бойынша 50-ден астам кеңселері және айтарлықтай қызметкерлері бар бағдарламалық қамтамасыз ету және цифрлық трансформация саласындағы жетекші әлемдік компания.

🔗Толығырақ
САЯСАТ НУРБЕК ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ EPAM SYSTEMS

Под председательством Министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбека прошло совещание по двухстороннему сотрудничеству с компанией «EPAM Systems». По итогам совещания между министром и региональным вице-президентом по государственным технологиям Ю.Антонюком проработаны вопросы по возможному сотрудничеству с региональными вузами в рамках открытия LLL-Академий на базе 7 технических вузов.

На сегодняшний день, дочерняя компания EPAM Education сотрудничает с 7 региональными вузами в Казахстане по LLL-курсам (Казахстанско-Британский технический университет, Satbayev University, AlmaU, Университет Международного Бизнеса, Turan University, КазНПУ имени Абая и Международный университет информационных технологий).

EPAM Systems – это ведущая мировая компания в области разработки программного обеспечения и цифровой трансформации, с более чем 50 офисами по всему миру и значительным числом сотрудников.

🔗Подробнее