НКЦЭМ
48 subscribers
82 photos
77 videos
13 links
Download Telegram
🧶 Жылулық — жүректен келген махаббаттың көрінісі!

Мерзімінен ерте туылған нәрестелерге арналған жүннен тоқылған киім — бұл тек қамқорлық қана емес. Ол жылуды сақтап, жанға тыныштық сыйлайды, дамуына әсер етіп, қауіпсіздік сезімін арттырады.

💛«28 петля» еріктілер клубы еліміздің барлық перинаталдық орталықтарына 13 жылдан бері жүн бұйымдарын сыйлап келеді. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Атырау қаласындағы «28 петля» филиалы мен оның жетекшісі Гүлнар Айдарханқызы Ботабаеваға біздің ең кішкентай пациенттерімізге көрсеткен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтады.

Жақсылықтарыңыз мың есе қайтсын! 💫

___

🧶 Тепло, связанное с любовью!

Одежда из шерсти для недоношенных малышей — это больше, чем просто забота. Она помогает сохранить тепло, успокаивает, стимулирует развитие и дарит ощущение безопасности.

💛 Волонтерский клуб «28 петель» уже 13 лет дарит перинатальным центрам по всей стране шерстяные изделия, наполненные добротой. Национальный координационный центр экстренной медицины выражает искреннюю благодарность филиалу «28 петель» в г. Атырау и его руководителю Гульнар Айдархановне Ботабаевой за заботу о наших самых маленьких пациентах.

Пусть ваше добро возвращается сторицей 💫
Бүгін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеевтің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын қолдануға негізделген денсаулық сақтау саласындағы IT-стартаптардың шешімдері таныстырылды.

Сонымен қатар, ұшуларды басқару тиімділігін арттыру мен шұғыл медициналық көмекті үйлестіруге бағытталған медициналық авиацияның ақпараттық жүйесі ұсынылды.

***

Сегодня на базе Национального координационного центра экстренной медицины состоялась рабочая встреча с участием помощника Президента Республики Казахстан Есекеева Куанышбека Бакытбековича, в ходе которой были продемонстрированы решения IT-стартапов в сфере здравоохранения, основанные на применении технологий искусственного интеллекта.

В рамках встречи была представлена информационная система медицинской авиации, направленная на повышение эффективности управления вылетами и координации экстренной медицинской помощи.
🚁 2025 жылғы 15 қазанда Ақмола облысы, Державинсктен бірнеше дене жарақаттары алған, жол-көлік апатынан зардап шеккен пациент ауыр халде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл түрде жеткізілді.

Медициналық авиацияның мобильді бригада құрамында:
—дәрігер Борис Сартаев,
—фельдшер Болат Шарипов,
— травматолог Нұрлан Авганов болды.

Пациентке барған соң травматолог дәрігер сыртқы бекіту аппараты орнатты, бұл зардап шеккеннің жағдайын тұрақтандырып, әрі қарай тасымалдауға мүмкіндік берді.

Медициналық авиация мобильді бригадасына жоғары кәсібилігі, үйлесімді жұмысы және жедел әрекеті үшін алғысымызды білдіреміз!

Пациент әрі қарай емделу және бақылауда болу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының көпжарақаттар департаментіне жатқызылды. Тезірек сауығып кетуін тілейміз!

______

🚁 15 октября 2025 года в Национальный координационный центр экстренной медицины из города Державинск Акмолинской области в тяжёлом состоянии был экстренно транспортирован пациент с множественными телесными повреждениями, полученными в результате дорожно-транспортного происшествия.

В состав мобильной бригады медицинской авиации вошли:
— врач Борис Сартаев,
— фельдшер Болат Шарипов,
— травматолог Нурлан Авганов.

По прибытии к пациенту врачом-травматологом был установлен аппарат внешней фиксации, что позволило стабилизировать состояние пострадавшего для дальнейшей транспортировки.

Выражаем благодарность мобильной бригаде медицинской авиации за высокий профессионализм, слаженные действия и оперативность!

Пациент госпитализирован в Департамент политравмы НКЦЭМ для дальнейшего лечения и наблюдения.
Желаем скорейшего выздоровления!
🎉 16 қазан — Анестезиолог-реаниматологтар күні!

Құрметті әріптестер, сіздердің шеберлігіңіз бен мейірімділігіңіздің арқасында мыңдаған адамдар қауіпсіз оянып, өмірге қайта оралады.

Сіздер көзге көрінбейтін батырларсыздар — адам тағдыры сіздердің кәсіби білімдеріңіз бен шешім қабылдау қабілеттеріңізге байланысты.
Қиын сәттерде сенімді қолдарыңызбен өмірді сақтап, үміт пен тыныштық сыйлайсыздар.

Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, сақтап қалған өмірлеріңіз сізге үлкен қуаныш әкелсін.
Сіздерге зор денсаулық, шабыт пен табыстар тілейміз!

___

🎉 16 октября — День анестезиолога-реаниматолога!

Уважаемые коллеги, благодаря вашему профессионализму, чуткости и ответственности тысячи пациентов просыпаются в безопасности и возвращаются к жизни.

Вы — те, кто остаётся за кадром, но именно от ваших знаний и решительности зависят судьбы людей.
В самые сложные моменты вы поддерживаете жизнь своей уверенной рукой и дарите надежду.

Пусть ваша работа будет признана и ценима, а каждый день приносит чувство удовлетворения от спасённых жизней.
Желаем вам крепкого здоровья, вдохновения и профессиональных успехов!
🚒 2025 жылғы 16 қазанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, құралдарымен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт туындаған жағдайда персоналдың іс-қимылдары пысықталды. Дыбыстық сигнал берілгеннен кейін мекеме қызметкерлерінің мүмкіндігінше толық эвакуациясы ұйымдастырылды.
Пациенттер медициналық персоналдың бақылауында палаталарда қалды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы жоспарға сәйкес, ұйымдасқан түрде жүзеге асты. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде персонал мен ТЖД бөлімшелерінің өзара іс-қимылын пысықтауы толық орындалды.

___

🚒 16 октября 2025 года в Национальном координационном центре экстренной медицины состоялось пожарно-тактическое занятие с привлечением сил и средств Департамента по чрезвычайным ситуациям города Астаны.

В ходе тренировки были отработаны действия персонала при возникновении условного возгорания. После подачи звукового сигнала была организована максимально возможная эвакуация сотрудников учреждения. Пациенты оставались в палатах под наблюдением медицинского персонала.

Пожарно-тактическое занятие прошло организованно, в соответствии с планом. Цель учений — отработка взаимодействия персонала и подразделений ДЧС при чрезвычайных ситуациях достигнута.
2025 жылдың 14 қазанында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының гинекология департаментіне ауыр жағдайда пациент шұғыл түрде жеткізілді. Орталық мамандары тарапынан күрделі операция сәтті жасалып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты әрі қанағаттанарлық.

Өмірін сақтап қалған дәрігерлерге терең алғысын білдірген ол барлық медициналық қызметкерлерге кәсібилігі, қамқорлығы мен мейірімі үшін шын жүректен ризашылығын жеткізді.

______

14 октября 2025 года в департамент гинекологии Национального координационного центра экстренной медицины была экстренно госпитализирована пациентка в тяжёлом состоянии. Специалистами центра была успешно проведена сложная операция и оказана вся необходимая медицинская помощь.

В настоящее время состояние пациентки стабильное и удовлетворительное.
Выразив глубокую благодарность врачам, спасшим её жизнь, она искренне поблагодарила весь медицинский персонал за высокий профессионализм, внимание и заботу.
2025 жылғы 29 қазанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың инсульттің қауіп факторлары мен оның алдын алу тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Бағдарлама аясында тегін экспресс-диагностика, қан құрамындағы холестерин мен глюкоза деңгейін және артериялық қысымды өлшеу, инсульт қаупін бағалау, сондай-ақ невропатолог, терапевт, кардиолог және салауатты өмір салты бойынша мамандардың кеңестері ұсынылды. Сонымен қатар, инсульттің қауіп факторлары мен салауатты өмір салты қағидаттары туралы ақпараттық материалдар таратылды.
_____

29 октября 2025 года в Национальном координационном центре экстренной медицины прошёл День открытых дверей, приуроченный ко Всемирному дню борьбы с инсультом.

Организаторами мероприятия выступили Национальный координационный центр экстренной медицины и Национальный научный центр развития здравоохранения имени Салидат Каирбековой при поддержке Всемирной организации здравоохранения (ВОЗ).

Цель мероприятия — повышение осведомлённости населения о факторах риска инсульта, методах его профилактики и формирование ответственного отношения к собственному здоровью.

Программа Дня открытых дверей включала бесплатную экспресс-диагностику, измерение уровня холестерина и глюкозы в крови, артериального давления, оценку риска инсульта, консультации невролога, терапевта, кардиолога и специалиста по здоровому образу жизни. Кроме того, участникам мероприятия были представлены информационные материалы о факторах риска и принципах ведения здорового образа жизни.