ELORDAEDU/NEWS
1.08K subscribers
2.69K photos
767 videos
68 files
2.93K links
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие «Методический центр» акимата города Астаны»
Download Telegram
Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша ақпарат

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Информация о приеме документов на специальную программу по
привлечению лучших педагогов в регионы с дефицитом учителей

https://www.gov.kz/memleket/entities/kdso/documents/details/316365?lang=kk
​​ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫҢ БІРІНШІ МАУСЫМЫНДА САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІНДЕ 1 МЛН-НАН АСТАМ ОҚУШЫ ДЕМАЛЫП ЖАТЫР

Жазғы демалыстың бірінші маусымында 1 миллионнан астам қазақстандық оқушы сауықтыру лагерьлерінде демалып жатыр. Балаларға арналған қала сыртындағы, мектеп жанындағы, киіз үй және шатыр лагерьлері жұмыс істейді.

Балаларды сауықтыру мекемелерінде ең алдымен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, яғни мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін демалады. Сондай-ақ жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға тегін жолдамалар беріледі. Балалардың қала сыртындағы лагерьлерде демалуын және сауықтырылуын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

«Әр балалар лагерінің өз бағдарламасы бар, бірақ барлығының тақырыбы бірдей болады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жазғы демалыста балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасын әзірлеп, өңірлерге жіберді. Тұжырымдамада әр түрлі апталық тақырыптар мен бағыттар бар. Балалар үшін сауықтыру, білім беру, экологиялық, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағытындағы бағдарламалар әзірленді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Балалар мен ата-аналарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында биыл bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы, сайт және мобильді қосымша іске қосылды.
​​БОЛЕЕ 1 МЛН КАЗАХСТАНСКИХ ШКОЛЬНИКОВ ОТДЫХАЮТ В ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫХ ЛАГЕРЯХ В ПЕРВОМ ЛЕТНЕМ СЕЗОНЕ

Более 1 миллиона казахстанских школьников отдыхают в оздоровительных лагерях в первый сезон летнего отдыха. Для них работают загородные, пришкольные, юрточные и палаточные лагеря.

Отметим, что, в первую очередь, в детских оздоровительных учреждениях бесплатно отдыхают дети из семей, которые получают государственную адресную социальную помощь, среднедушевой доход которых ниже величины прожиточного минимума. Также бесплатные путевки выдаются детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, и детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций. Финансирование отдыха и оздоровления детей в загородных лагерях проводится из средств местного бюджета.

«Каждый детский лагерь имеет свою программу, но тематика у всех одна. Для выработки единых подходов к организации летнего отдыха детей Комитет по охране прав детей разработал и направил в регионы концепцию организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей в период летних каникул. Концепция состоит из различных недельных тематик и направлений. Для ребят разработаны оздоровительные, образовательные, экологические, творческие, спортивные, лидерские программы», – отметил председатель Комитета по охране прав детей Министерства просвещения РК Есенгазы Имангалиев.

Для максимального информирования детей и родителей в этом году запущены интерактивная карта детских оздоровительных лагерей bala-demalys.kz, сайт и мобильное приложение.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жазғы демалыстың бірінші маусымында 1 миллионнан астам оқушы сауықтыру лагерлерінде демалып жатыр. Толығырақ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының бас сарапшысы Ақмарал Мақұлбекова айтып берді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Более 1 миллиона казахстанских школьников отдыхают в оздоровительных лагерях в первый сезон летнего отдыха. Подробнее рассказывает главный эксперт управления Комитета по охране прав детей Министерства просвещения РК Акмарал Макулбекова.
​​БОЛЕЕ 1 МИЛЛИОНА КАЗАХСТАНСКИХ ШКОЛЬНИКОВ ОТДЫХАЮТ В ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫХ ЛАГЕРЯХ

#Сандарды_сөйлетсек_ҚР_Оқу_ағарту_министрлігі
#цифра_дня_Министерства_просвещения_РК
​​ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ ОТЫРЫСЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

2020 жылғы 22 қазан
АЙТЫЛДЫ:

«Оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту еліміздегі орта білім беру ісінің басым бағытына айналуға тиіс. Баланың оқуға деген қызығушылығы, қоршаған ортаны кітап арқылы тануы мектеп қабырғасында қалыптасу керек. Ал кітапхана оқушының сол ынтасын оятып, оны қызықты кітап әлеміне жетелеуі қажет».

ОРЫНДАЛДЫ:

🔺 Министрлік білім беру ұйымдарының кітапханаларын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары мен «Оқуға құштар мектеп» жобасын әзірледі.

🔺 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханалары 2,2 млн-нан астам балаларға арналған көркем әдебиетпен толықты.

🔺 2021 жылдан бері қазақстандық мектептерде жаңадан 30 кітапхана мен 165 оқу залы ашылды. Оқырмандар саны 74 449 адамға көбейді.

🔺 Кітап оқуға ұжымдық қызығушылықты ынталандыру үшін «Сыныптың, топтың үздік оқырманы», «Ең көп оқитын сынып, топ», «Мектептің, колледждің жыл оқырманы» байқаулары ұйымдастырылады.
​​ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА, ДАННОЕ НА ЧЕТВЕРТОМ ЗАСЕДАНИИ НАЦИОНАЛЬНОГО СОВЕТА ОБЩЕСТВЕННОГО ДОВЕРИЯ
22 октября 2020 года

СКАЗАНО:
«Привитие высокой культуры чтения и развитие читательской грамотности должно стать одним из приоритетных направлений образовательных процессов в казахстанских школах. Интерес к чтению, познание окружающего мира через книги должны формироваться у детей со школьной скамьи. А библиотеки должны быть местом сосредоточия этого интереса, проводником в увлекательный мир книг».

СДЕЛАНО:

🔺 Министерством разработан Комплексный план развития библиотек организаций образования на 2020-2025 годы, реализуется проект «Читающая школа».

🔺 В рамках проекта «Читающая школа» школьные библиотеки пополнились свыше 2,2 млн экземпляров детской художественной литературы.

🔺 С 2021 года в казахстанских школах открыты 30 новых библиотек и 165 читальных залов. Численность читателей увеличилась на 74 449 человек.

🔺 Для стимулирования коллективного интереса к чтению организованы конкурсы «Лучший читатель класса, группы», «Самый читающий класс, группа», «Читатель года школы, колледжа».
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктемесі

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген.

Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін еске сала кетейік. Сонымен қатар талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын тіркеді. Мұның басты себебі - қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр.
Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз.

Мәселе министрліктің бақылауында тұр. Әкімдіктердің мәліметінше, төлем мәселесі бір апта ішінде шешіледі. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер білім беру саласы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбекақыны уақытылы төлеуін бақылауды жалғастырады.
Комментарий вице-министра просвещения РК Гани Бейсембаева по поводу выплаты отпускных


С начала июня акиматами педагогам своевременно перечислены отпускные на сумму в 246 миллиардов тенге. В большинстве регионов отпускные учителям выплачены полностью.

Отметим, что отпускные и заработная плата выплачиваются из местных бюджетов (акиматов). При этом в ходе анализа министерством зафиксировано несвоевременное перечисление в ряде регионов 28 млрд тенге, которое связано не с отсутствием средств, а с вопросами передвижек и процедур на местном уровне.
Эти вопросы полностью находятся в компетенции управлений образования акиматов, поэтому просим ответственно подходить к таким заявлениям и учитывать, в ведении каких госорганов находятся те или иные вопросы.

Вопрос находится на контроле министерства. По информации акиматов, вопрос с выплатами будет закрыт в течение недели. Региональные департаменты по обеспечению качества в образовании будут и дальше вести ежемесячный контроль за своевременностью выплаты заработной платы работникам сферы образования.
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Телеграмдағы арнамда білім туралы сараптамаларды бөлісіп отыруға тырысамын.
Отандық білім беру жүйесіне қатысты көптеген аңыз бен сапалы зерттеудің аздығы халықаралық тәжірибені зерделеу қажеттілігін одан сайын өзекті етеді.
Білім беруде дәлелдер мен зерттеулерге негізделген шешімдер ұғымы өте маңызды. Көптеген зерттеу тек ағылшын тілінде ғана қол жетімді. Сол себепті олардың кейбірін қазақ тіліне аударып, жариялауды жоспарлап отырмыз. Ал қазір сол кітаптағы мақаланың сілтемесін бөліскелі отырмын. Ол Польшадағы реформалардың тәжірибесіне қатысты.
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Поляк тәжірибесі ең алдымен, ортақ кеңестік мұраға қатысты болуымен, орталықтандырылған және идеологиялық білім беру жүйесімен қызықты. 1999 жылы бірнеше жылдың ішінде PISA көрсеткіштерін арттыру түрінде нәтиже бере бастаған реформалар іске қосылды. Мақалада осы реформалардың кемшін тұстары мен сын-тегеуріндері жайында да айтылған. Ең қызықтыларын атап айтатын болсам, ол - реформаны жүргізу жолындағы ауқымды жұмыстар, биліктің ата-аналар мен бүкіл қоғамға реформалардың мақсаттары мен принциптерін жеткізуі.
Алайда, PISA зерттеуіндегі ел көрсеткіштерінің күрт өсуіне, осы өзгерістердің тиімділігіне қарамастан, кезекті сайлауда билікке келген жаңа үкімет 2017 жылы ескі білім беру жүйесін қайта жаңғыртып, бұрынғы уақытқа қайта оралады. Егер ақпарат қызықты болса, толығырақ сілтемеге өтіп, оқуға болады.

Осы кітапта келтірілген Польшаның, және басқа елдердің тәжірибесі білім беру саласындағы реформалар азаматтардың көп бөлігін қамтитын, сондай-ақ жүйелі, үздіксіз көзқарасты қажет ететін өте ұзақ процесс екенін көрсетеді.

https://link.springer.com/chapter/10.1007/978-3-030-41882-3_7
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Стараюсь через свой телеграм-канал делиться аналитикой по образованию.
Большое количество мифов и минимум качественных исследований по отечественной системе образования еще больше актуализируют необходимость изучения международного опыта.
В образовании очень важно принятие решений на основе доказательств и исследований. Большинство исследований доступно только на английском языке. Некоторые из них планируем переводить на казахский язык и выкладывать для ознакомления. А сейчас ссылка на статью из той же книги. Опыт реформ Польши.

Польский опыт интересен, прежде всего, в связи с общим советским наследием, централизованной и идеологизированной системой образования.

В 1999 году были запущены реформы, которые уже через несколько лет дали результаты в виде роста показателей PİSA. В статье указываются также недостатки и вызовы после проведения этих реформ. Интересным являются масштабная работа по продвижению реформы, попытки властей довести до родителей и всего общества цели и принципы проводимых реформ.

Однако, несмотря на результативность этих изменений, резкий рост показателей страны в исследовании PİSA, пришедшее к власти на очередных выборах новое правительство на волне популистских настроений и ностальгии по старой системе образования в 2017 году начинает ее восстановление и возврат к «старым добрым временам». Если будет интересно, более подробную информацию можно получить по ссылке.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарламаға іріктеу тәртібі мен талаптары.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Порядок и требования отбора учителей на специальную программу по
привлечению лучших педагогов в регионы с дефицитом кадров.
​​Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220247235747322/?d=n

Асхат Аймагамбетов провел отчетную встречу с населением Акмолинской области

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220247239507416/?d=n
​​Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220247235747322/?d=n

Асхат Аймагамбетов провел отчетную встречу с населением Акмолинской области

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220247239507416/?d=n
​​Асхат Аймағамбетов Ақмола облысындағы мектептер мен колледждерді аралағаны туралы

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220247572275735/?d=n

Асхат Аймагамбетов о посещении школ и колледжей Акмолинской области

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220247582956002/?d=n
​​ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА НИЕТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевтің кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында Эмин Амруллаев қазақстандық мектептердің жұмысы таң қалдырғанын айтып, тәжірибе алмасуға әзірбайжандық мұғалімдерді жіберуге ниет білдірді. Сондай-ақ Әзірбайжан Білім министрлігінің басшысы қазақстандық колледждердің сапалы жұмысына да назар аударды. Ол колледж студенттерінің халықаралық WorldSkills байқауындағы нәтижелеріне тоқталды. Білім министрлігінің басшысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің олимпиада қозғалысын Қазақстанда да, республикадан тыс жерлерде де дамыту үшін жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті.

«Біз Қазақстан ұйымдастыратын оқушылар арасындағы олимпиаданың бірде-бірін жіберіп алмағанымызды мақтанышпен айта аламыз. Әрине, көргеніміз өзіміз үшін өте қызық. Себебі сіздерде WorldSkills қозғалысы (колледж студенттері арасындағы әлем чемпионаты) ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде дамыған.

Біз елімізде STEAM фестивалін өткіземіз және оған қазақстандық мектептерді қатысуға шақырамыз. Менің ойымша, мектептермен жұмыс біз үшін ерекше тәжірибе болады. Қазан айында мұғалімдеріміз Қазақстанға келіп, әріптестерінің тәжірибесін үйренуі үшін тиісті құжаттарды жібере аламыз», - деді Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаев.

Ол сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан үшін аймақтық білім беру платформасын құру идеясы туралы айта кетті. Қазірдің өзінде Әзірбайжан, Түркия, Грузия және Беларусь елдері осы бағытта ынтымақтастық орната бастады.

Ал ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Ведомство басшысы еліміз қазақстандық балалардың STEAM фестиваліне қатысуына жағдай жасайтынын және әзірбайжандық мұғалімдер үшін таныстыру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.