Президент қалалық сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды.
Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.
Сенбілік барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесті
Президент қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті.

«Бірлік жүгірісі»: Астанада 2000-ға жуық әуесқой желаяқ сынға түсті
Елордадағы EXPO кешені маңында жүгіруден Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік жүгірісі» атты жарыс өтті.
Жүгіруден көктемнің басты сайыстарының бірі саналған «Бірлік жүгірісі» таңғы 7:00-де басталғанына қарамастан, бақ сынауға 2000-ға жуық адам жиналды. Жүгіру бәсекесіне қатардағы әуесқойлармен қатар, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит те арнайы қатысты.
Бұл жүгіру марафонының басты ерекшелігі – бір мезетте еліміздің 15 өңірінен 15 000-ға жуық спортшылар жүгіріп, барлығының басы бір мақсат аясында біріге алатындығын көрсетеді.
Толығырақ

Елордалық зейнеткерлер волонтерлік қызметпен де айналысады
Астанадағы зейнеткерлерге арналған орталықта 50-ге жуық волонтер ата-әжелер бар. Олар волонтерлік қызметтің 20-дан астам түрін көрсетеді.
Бүгінде еріктілердің бастамасымен «Ұрпаққа аманат», «Көркем сөз және поэзия», «Интеллектуалды ойындар» және Super Velo star, «Пэйчворк» клубтары жұмыс істейді. Клуб жетекшілері өз замандастарына ақысыз үйірме жұмыстарын жүргізеді. Қолөнермен айналысатын волонтер әжелер болса, мектеп оқушылары мен студент қыздарға кілем тоқу, құрақ құрау, кестелеуден шеберлік сабақтарын ұйымдастыруда.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буын өкілдері волонтерлікке студент жастарды баулуда. Жастардың көмегімен ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық сабақтары тегін жүргізіледі.

Атырауда 500 шақырымнан астам бөгет салынды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында айтты.
Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілді. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылды. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су тартылды.

Стали известны лучшие колледжи Астаны
Победителей определили в рамках фестиваля «JANA BELES FEST 2024».
Молодежный творческий фестиваль проводится уже второй раз. Студенты соревновались в 7 номинациях. Также три учебных заведения столицы были признаны победителями в номинации "Лучший колледж".
Организатором фестиваля выступил молодежный ресурсный центр "Астана Жастары".
I место завоевал Международный колледж имени Магжана Жумабаева, II место - Педагогический колледж Международного университета Астана , III место - ГКП на ПХВ «Высший колледж транспорта и коммуникаций» акимата города Астана.

Астанада Бірлік күні қандай мәдени іс-шаралар өтеді?
Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бірқатар мәдени іс-шараларжоспарланып отыр. Олардың арасында түрлі челлендждер, концерттер, дөңгелек үстелдер бар.
30 сәуірде Еуразиялық гуманитарлық колледжде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған тақырыптық кураторлық сағаттар, «Бар береке – бірлікте!» дөңгелек үстелі жоспарланған.

Астанадағы Сейфуллин мұражайы жайлы не білеміз?
Acтaнa тек зәулім ғимaрaттaрмен ғaнa емеc, тaрихи мaңызы бaр ныcaндaрмен ерекшеленеді. Қaлaның өткен тaрихынaн cыр шертетін ныcaнның бірі – Cәкен Cейфуллин мұрaжaйы. Қaзaқтың қaмы үшін қaжыр-қaйрaтын жұмcaғaн Aлaштың aрдaқты aзaмaтынa aрнaлғaн бұл музейдің елордaның рухaни өмірінен aлaр орны ерекше.
Бұл ғимaрaттa көзі тіріcінде қоғaм қaйрaткерінің өзі қызмет еткен. Бүгінгі тaңдa музейге айналған ғимаратта жaзушының қолдaнғaн зaттaры, шығaрмaлaрының түпнұcқaлaры және өмірінің әртүрлі кезеңінде алған cыйлықтaры орналасқан.

⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Қадірлі отандастар!
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.
Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.
Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді.
Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!

Жеңіс Қасымбек Алматы ауданы тұрғындарымен кездеседі
Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Алматы ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді. Есептік кездесу сағат 15:30-да Аманат көшесі, 5 мекенжайындағы №51 мектеп-гимназиясының ғимаратында өтеді.
Тікелей трансляция Алматы ауданы әкімі аппаратының Facebook парақшасында жүргізіледі.

Астанада экологиялық акцияға қатысушылар арасында елорда әкімдігі ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды
62 жастағы жарыстан видеосы интернетте тараған марафоншы, зейнеткер Елеусіз Пардабай мен 25 жастағы Оразбай Хабибулла және колледж студенті Эргаш Бексұлтан фитнес-клубқа абонемент иесі атанды.
Естеріңізге сала кетейік, экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс жарияланған болатын. Байқауға кез келген адам қатысуға мүмкіндік алды. Бейне жазбаны кез келген жерде, соның ішінде аула тазалау кезінде де түсіруге мүмкіндік берілді. Байқауды өткізуге көмектескені үшін «Fitnation» фитнес-клубына алғыс айтылды.

Для предпринимателей столицы снижены тарифы за свет
Снижение тарифа стало возможным после недавнего приостановления территориальными департаментами Комитета по регулированию естественных монополий действия лицензий на услуги по снабжению электрической энергии нерегулируемых энергоснабжающих организаций, передает Elorda.info со ссылкойна Комитет по регулированию естественных монополий.
В этой связи, ТОО «Астанаэнергосбыт» подало уведомление в Департамент Комитета по регулированию естественных монополий по Астане о снижении тарифа на электрическую энергию для юридических лиц на 18% с 38,35 тенге до 31,45 тенге за 1 кВт.ч. Сниженный тариф вводится в действие с 1 июня 2024 года.
Подробнее

Астанада 5 бірдей музыкалық аспапта ойнайтын күзетші тұрады
Елордадағы өнер мектептерінің бірінде жай ғана күзетші болып еңбек ететін кейіпкеріміз күнделікті жұмысын сызылтып сыбызғы тартумен бастайды. Ахмеджан Алпысбаев бұдан басқа да бес аспаптың құлағында ойнайтын өнерпаз екені белгілі болды.
Elorda.info тілшісі музыкант-күзетшімен сұхбаттасты

Елордада Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді
18 мамырда Астанадағы Триатлон паркінде Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді.
Қалалық ауқымдағы спорттық іс-шара 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтыққа жүгіруді ұнататындар үшін ұйымдастырылады.
Оған денсаулық жағдайы бойынша жоғарыда аталған қашықтықтарды еңсере алатын 12 жастан асқан Астананың кез келген тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
Жарыс 18 мамыр күні сағат 08:00-ден 11:30-ға дейін өтеді.