Egemen Qazaqstan
3.02K subscribers
3.43K photos
575 videos
9 files
16.1K links
“Egemen Qazaqstan" газетінің телеграм арнасы
Download Telegram
Алматыдан 178 км жерде жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым жерде орналасқан. Қырғызстандық сейсмологтардың мәліметінше, эпицентрдегі жер сілкінісінің күші 4 баллға жеткен.
Астанада Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтті

Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен Словенияның өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, кешегі келіссөздер барысында тараптар қос халықтың игілігі үшін экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.
«Жібек Жолы» халықаралық турнирінде бақ сынайтын боксшылар анықталды

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, 30 наурыздан бастап Қазақстан боксшылары Әзербайжан астанасында бірлескен оқу-жаттығу жиынына кіріскен.
Қазақстан мектептерінде оқу жылы қашан аяқталады?

«Мектептерде төртінші тоқсан 1 сәуірден бастап 25 мамырға дейін жалғасады. Оқу ұзақтығы 8 аптаны құрайды», деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін әлем кубогінде бес боксшы шаршы алаңға шығады

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жекпе-жектер сессиясы Қазақстан уақытымен 22: 00, 02: 00-де өтеді.
Шымкентте алып самса пісірілді

Рекорд авторы – Немат Нархожаев. «Камал ата» дәмханасының бас аспазы. Оның сөзінше мұн­дай самса пісіру оңай емес, сол үшін екі аптадай дайындалыпты. Дегенмен оның кәдімгі самсадан еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Қамыры да, ішіндегі қоспасы да бірдей. Тек көлемі ғана үлкен. Аспаз бірінші кезекте үйінде пісіріп көрген. Онысы 17 кило шыққан. Ал фес­­ти­вальда, жоғарыда ай­тыл­ған­дай 24 кило етіп пісірді.
Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Соның бірі – биыл еңбек нарығы зәру болып отырған мамандықтар бойынша 525 жұмыссыз қысқамерзімді курстардан өтеді. «Скиллс Еңбек» электронды білім порталы арқылы тегін біліктілігін арттыру сабағынан былтыр облыста 3 мың жұмыссыз өтсе, биыл 20 мыңнан аса адамды қамту межеленген.
Мемлекеттік Туды қорлаған 4 адамға сот шешімі шықты

Атырау қаласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының материалында көрсетілгендей, 4 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) айып тағылған.
Гуанчжоу мен Алматы арасында тікелей рейстер ашылды

Жаңа рейс аптасына үш рет сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Кестеге сәйкес ұшақ Гуанчжоудан таңғы сағат 06:50-де ұшып, Алматыға сағат 10:20-да келеді. Қазақстаннан рейс кешкі сағат 20:50-де жөнелтіледі және келесі күні сағат 05:45-те Гуанчжоуға қонады (барлық көрсетілген уақыттар жергілікті).
Астанада жазғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады

Жәрмеңке күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңкеде жергілікті, сондай-ақ Қазақстанның түрлі облыстарынан тауар өндірушілері жеткізген түрлі тауарлар ұсынылады.