Банк Развития Казахстана
221 subscribers
1.04K photos
107 videos
329 links
Қазақстанның Даму Банкінің ресми арнасы / Официальный канал Банка Развития Казахстана / Official channel of Development Bank of Kazakhstan
Download Telegram
Банк Развития Казахстана
📣 ҚДБ Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Рудничный ГЭС-1 және ГЭС-2 құрылысына қаржы бөледі. 🔸 «ЭнергоБилдСервис» ЖШС-ның инвестициялық жобасы Қазақстан экономикасының басым бағыттарына жатады және жаңартылатын энергетиканы дамыту, сондай-ақ елдің энергетикалық…
📣 БРК финансирует строительство Рудничных ГЭС-1 и ГЭС-2 в Кербулакском районе области Жетісу.

🔸 Инвестиционный проект ТОО «ЭнергоБилдСервис» относится к приоритетным направлениям экономики Республики Казахстан и поддерживается государством в рамках развития возобновляемой энергетики и обеспечения энергетической безопасности страны.

🔸 Строительство Рудничных ГЭС позволит создать до 500 рабочих мест в год.

🔸 Прогнозная годовая расчетная выработка – 190,8 млн кВт/ч.

🔸 Гарантирован выкуп всей выработки ТОО «Расчетно-финансовый центр по поддержке возобновляемых источников электроэнергии».

🔸 Cтоимость проекта – 45 млрд тенге, из них 31,4 млрд тенге составило финансирование БРК.

🔸 Согласно плану, объект будет введен в эксплуатацию в 3 квартале 2026 года.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Батыл шешімдер уақыты – премьер-министрдің Президенттің даму бағдары туралы мақаласы

🔹 Осы тақырып аясында ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Ли 24KZ телеарнасына сұхбат берді. Негізгі назар соңғы 7 жылдағы экономикалық өсім, инвестиция тарту, өндіріс пен инфрақұрылымды жаңғырту секілді өзекті мәселелер сөз болды.

🎥 Сұхбаттың толық нұсқасын 24KZ эфирінен және арнаның ресми платформаларынан көре аласыздар.
Сапалы инвестиция – экономикалық орнықтылықтың берік негізі
⬇️
Банк Развития Казахстана
Сапалы инвестиция – экономикалық орнықтылықтың берік негізі ⬇️
🇰🇿 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Олжас Бектеновтің мақаласы – жетістіктерді тізбектеген жай шолу емес, мемлекеттің даму бағытын терең пайымдаған тұжырымды талдау. Бұл пайымның өзегінде ҚДБ Президент реформаларын нақты іске айналдыратын маңызды тетіктердің бірі ретінде көрінеді.

🔹 Ұлттық даму институты ретінде Банк үшін бұл материал – өңдеу секторын қаржыландыру мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ұстанымның дұрыстығын айқындайтын стратегиялық бағдар.

🔹 Премьер-Министр соңғы жылдардағы басты өзгерістің бірі ретінде ЖІӨ құрылымының жаңарғанын атап өтеді: өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2,5 еседен астам өсті. ҚДБ осы үрдісті қолдап, «Бәйтерек» холдингі құрамындағы индустриялық саясаттың жүйелі құралдарының бірі ретінде жұмыс істеп келеді.

🔹 Осыған сай Банк те жаңарып, жаңа талапқа бейімделіп отыр. Кредиттік портфельді әртараптандыруға бағытталған шаралар қабылданып, ірі жобалар бойынша өтінімдерді қарау мерзімі 60 күнге дейін қысқартылды. Инвестициялық жобаларға теңгемен жылдық 12,6% мөлшеріндегі бірыңғай жеңілдетілген пайыздық мөлшерлеме енгізілді.

🔹 Бұған қоса өтінім қабылдау және оның қаралуын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа іске қосылып, жасанды интеллектке негізделген көмекші құралдар енгізілді, есептіліктің ондаған нысаны автоматтандырылды. Бұл бизнестің ашықтығын арттырып қана қоймай, қаржыландыру шешімдерін жедел қабылдауға жол ашты.

🔹 Мақалада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық өскені, ең бастысы – оның сапасы өзгергені айтылған. Бүгінде қаржы энергетикаға, көлік инфрақұрылымына, агроөнеркәсіп кешеніне және өңдеу өнеркәсібінің ел үшін маңызды бағыттарына көбірек бағытталуда.

🔹 Өндірісті технологиялық жаңғырту, еңбек өнімділігін кезең-кезеңімен көтеру және экспортқа бағдарланған салаларды дамыту мемлекетке адам капиталына инвестиция салуға, қоғам тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік беретін берік негіз қалыптастырады. Премьер-Министр мақаласында осы өзара сабақтастықты айқын көрсетеді.

🔹 Осылайша бәсекеге қабілетті өнеркәсіп – қазақстандықтардың өмір сапасын орнықты өсірудің тікелей тірегі. Технологиялық дербестік пен азаматтың тұрмыс деңгейі арасындағы осы ажырамас байланыс ҚДБ-ның ұзақмерзімді миссиясын айқындайды.

🔘

🇰🇿 Статья Олжаса Бектенова, вышедшая в газете «Егемен Қазақстан», – это не просто аналитический обзор достижений, а системное осмысление государственного курса, в котором БРК выступает одним из ключевых инструментов практической реализации президентских реформ.

🔹 Для Банка, как национального института развития, представленный материал служит стратегическим ориентиром, подтверждающим правильность выбранного пути по финансированию обрабатывающего сектора экономики и развитию инфраструктуры.

🔹 В частности, Премьер подчеркивает, что важнейшим изменением последних лет стала трансформация структуры ВВП, в частности, рост обрабатывающей промышленности более чем в 2,5 раза. БРК активно поддерживает этот тренд, выступая системным механизмом индустриальной политики в составе холдинга «Байтерек».

🔹 В этой связи и Банк постоянно меняется, адаптируется к новым вызовам, проходит через трансформации. Так, приняты меры для диверсификации кредитного портфеля, до 60 дней сокращен срок рассмотрения заявок по крупным проектам, по инвестиционным проектам установлена единая унифицированная льготная процентная ставка 12,6% годовых в тенге.

🔹 Кроме того, внедрены цифровая платформа подачи и отслеживания заявок и ИИ-ассистенты, автоматизированы десятки форм отчетности. Это не только дает бизнесу прозрачность и скорость без бюрократии, но и ускоряет принятие решений по финансированию стратегически важных инвестиционных проектов.

🔹 Как отмечено в статье, инвестиции в основной капитал выросли почти вдвое, при этом принципиально изменилось их качество. Сегодня вложения направляются в энергетику, транспортную инфраструктуру, АПК и другие важные для страны отрасли обрабатывающей промышленности.
Банк Развития Казахстана
Сапалы инвестиция – экономикалық орнықтылықтың берік негізі ⬇️
🔹 Технологическая модернизация производств, планомерное повышение производительности труда и развитие экспортно-ориентированных отраслей создают тот необходимый ресурсный базис, который позволяет государству инвестировать в человеческий капитал и социальную стабильность, о чем и пишет Премьер-Министр в статье.

🔹 Таким образом, конкурентоспособная промышленность становится прямой основой для устойчивого роста уровня жизни всех казахстанцев. Именно эта неразрывная связь между технологическим суверенитетом и качеством жизни граждан определяет долгосрочную миссию БРК.
📣 ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев XIII CFO Summit Kazakhstan саммитіне қатысты. Қаржы әлемінің көшбасшыларын тоғыстыратын бұл кәсіби алаңға 500-ден астам қатысушы жиналды.

🔹 Бизнес-панель барысында ҚДБ басшысы Банктің және «Бәйтерек» холдингінің инвестициялық саладағы қазіргі өзгерістерге қатысты ұстанымын, сондай-ақ қаржы институттарының экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз етудегі рөлін таныстырды.

🔹 Баяндаманың өзегіне инвестицияға проактивті “тапсырыс” қағидаты алынды. Бұл тәсіл мемлекет пен қаржы институттарының экономиканың құрылымдық жаңаруына қажет жобалар тізбесін алдын ала айқындауын көздейді.

🔹 Сондай-ақ жаңа инвестициялық үлгідегі ҚДБ-ның орны, әрі екінші деңгейлі банктермен ықпалдастықтың маңызына ерекше назар аударылды.

🔹 Сөз соңында Марат Елібаев мемлекет, қаржы институттары және бизнес күш біріктірсе, елдің ұзақмерзімді экономикалық өсіміне және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға берік негіз қаланатынын атап өтті.

Толығырақ
Банк Развития Казахстана
📣 ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев XIII CFO Summit Kazakhstan саммитіне қатысты. Қаржы әлемінің көшбасшыларын тоғыстыратын бұл кәсіби алаңға 500-ден астам қатысушы жиналды. 🔹 Бизнес-панель барысында ҚДБ басшысы Банктің және «Бәйтерек» холдингінің инвестициялық…
📣 Марат Елибаев принял участие в саммите XIII CFO Summit Kazakhstan – главной профплощадке для лидеров финансового мира, объединяющей более 500 участников.

🔹 Выступая в рамках бизнес-панели, Глава БРК представил видение Банка и Холдинга «Байтерек» относительно текущих преобразований в инвестиционной сфере и роли финансовых институтов в обеспечении устойчивого роста экономики.

🔹 Особое внимание в докладе было уделено внедрению проактивного формата «заказа на инвестиции», предусматривающего определение государством и фининститутами перечня проектов, необходимых для структурной трансформации экономики.

🔹 Отдельный акцент сделан на деятельности БРК как одного из ключевых элементов новой инвестиционной модели и важности взаимодействия с БВУ.

🔹 Завершая выступление, Марат Елибаев выразил уверенность в том, что консолидация усилий государства, финансовых институтов и бизнеса позволит обеспечить долгосрочный экономический рост и повышение инвестиционной привлекательности Казахстана.

Подробнее
🇰🇿 ҚДБ-да жаңа Конституция жобасы бойынша референдум мәселесі талқыланды
⬇️
Банк Развития Казахстана
🇰🇿 ҚДБ-да жаңа Конституция жобасы бойынша референдум мәселесі талқыланды ⬇️
🤝 ҚДБ-да ұжымның кеңейтілген отырысы өтіп, онда жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, алдағы республикалық референдумға қатысты мәселелер талқыланды.

🔹 Кездесу барысында Банк басшылығы мен қызметкерлері конституциялық өзгерістердің экономикалық тұрақтылыққа, даму институттарының жұмысына және елдің ұзақмерзімді инвестициялық ахуалына ықпалын сөз етті.

🔹 ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев стратегиялық инвестициялық жобалармен жұмыс істейтін қаржы институты үшін негізгі заңды жаңарту аса маңызды кезең екенін атап өтті.

🔹 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі – проректоры, PhD Индира Рыстина конституциялық реформаны әзірлеу үдерісі мен жаңа Конституция жобасының дайындалу барысына кеңінен тоқталды.

🔹 ҚДБ-ның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Қарлығаш Ахметжанова Конституцияға енгізілетін негізгі жаңашылдықтарды жан-жақты таныстырды.

🇰🇿 Кездесу қорытындысында қатысушылар алдағы референдумның, 15 наурыздағы дауыс берудің маңызын атап өтіп, ел дамуына әр азаматтың азаматтық ұстанымы айрықша ықпал ететінін айтты.

Толығырақ

🔘

🤝 В БРК состоялось расширенное заседание коллектива, посвященное разъяснению положений проекта новой Конституции и обсуждению предстоящего республиканского референдума.

🔹 В ходе встречи руководство и сотрудники Банка обсудили влияние конституционных преобразований на экономическую стабильность, институты развития и долгосрочный инвестиционный климат страны.

🔹 Выступая перед коллегами, Председатель Правления БРК Марат Елибаев подчеркнул, что для финансового института, работающего со стратегическими инвестиционными проектами, обновление Основного закона – критически важный этап.

🔹 Член правления – проректор ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, PhD Индира Рыстина подробно рассказала о процессе подготовки конституционной реформы и проекта новой Конституции РК.

🔹 Директор Департамента правового обеспечения БРК Карлыгаш Ахметжанова детально ознакомила аудиторию с основными нововведениями, вносимыми в Конституцию.

🇰🇿 По итогам встречи участники подчеркнули значимость предстоящего референдума и голосования 15 марта, а также большую роль, которую играет гражданская позиция каждого казахстанца в развитии страны.

Подробнее
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ҚДБ-да жаңа Конституция жобасы бойынша референдум мәселесі талқыланды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌷 Қазақстанның Даму Банкі барша әйелдер қауымын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!

Еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген аруларымызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке тілейміз. Мейірім мен парасат, нәзіктік пен қайрат қатар өріліп, әр күніңіз қуанышқа, әр қадамыңыз табысқа толы болсын!

🔘

🌷 Банк Развития Казахстана поздравляет всех женщин с 8 Марта — Международным женским днем!

​Искренне желаем крепкого здоровья, семейного благополучия и процветания нашим прекрасным дамам, которые своим созидательным трудом вносят неоценимый вклад в развитие нашей страны.
Пусть в вашей душе гармонично переплетаются доброта и мудрость, нежность и внутренняя сила. Пусть каждый ваш день будет озарен радостью, а каждый шаг ведет к новым успехам!
ҚДБ аймақтағы алғашқы юаньдық облигацияны орналастырып, FinanceAsia Achievement Awards 2025 жүлдесіне ие болды
⬇️
Банк Развития Казахстана
ҚДБ аймақтағы алғашқы юаньдық облигацияны орналастырып, FinanceAsia Achievement Awards 2025 жүлдесіне ие болды ⬇️
📣 ҚДБ 2025 жылы Орталық Азиядағы эмитенттер (бағалы қағаз шығарушылар) арасында қытай юанімен алғашқы еурооблигацияларды табысты орналастырып, FinanceAsia басылымының «оффшорлық қытай юані нарығындағы үздік облигациялық мәміле» (Best Bond Deal — China Offshore) санатында жоғары бағасына ие болды.

🔹 Шығарылым көлемі – 2 млрд юань, айналым мерзімі – 3 жыл. Бұл мәміле ТМД кеңістігіндегі юаньмен ең ірі орналастыру ретінде, сондай-ақ Қытайдан тыс BBB рейтингі бар эмитенттер арасындағы ең ауқымды келісім ретінде атап өтілді.

🔹 Кірістілік деңгейі соңғы 15 жылда Қытайдан тыс BBB рейтингі бар шығарылымдар ішінде ең төмен көрсеткішке түсті. Бұл халықаралық инвесторлар тарапынан сұраныстың жоғары екенін және Банктің несиелік беделіне сенім нығайғанын аңғартады.

🔹 Айта кетейік, FinanceAsia – Азия–Тынық мұхиты өңіріндегі капитал нарықтары, инвестициялар және корпоративтік қаржы саласын кеңінен қамтитын беделді халықаралық басылым.

🔹 Achievement Awards сыйлығы жыл сайын өңір қаржы нарығындағы ең маңызды әрі жаңашыл мәмілелерді, сондай-ақ жетекші қатысушылардың елеулі жетістіктерін айрықша атап өтеді.

Толығырақ

🔘

📣 БРК отмечен в категории «Лучшая облигационная сделка на рынке оффшорного китайского юаня» (Best Bond Deal — China Offshore) за успешное размещение в 2025 году первых еврооблигаций в китайских юанях среди эмитентов Центральной Азии.

🔹 Общий объем выпуска составил 2 млрд юаней, срок обращения - 3 года. Выпуск стал крупнейшим размещением в юанях среди стран СНГ, а также крупнейшей сделкой среди эмитентов с рейтингом BBB за пределами Китая.

🔹 Доходность облигаций стала минимальной среди выпусков с рейтингом BBB вне Китая за последние 15 лет, что подтверждает высокий спрос со стороны международных инвесторов и доверие к кредитному профилю Банка.

🔹 Отметим, FinanceAsia - авторитетное международное издание, которое специализируется на рынках капитала, инвестициях и корпоративных финансах в Азиатско-Тихоокенском регионе.

🔹 Ежегодная премия Achievement Awards отмечает наиболее значимые и инновационные сделки, а также достижения ведущих участников финансовых рынков региона.

Подробнее
📣 ҚДБ орта және ірі бизнес өкілдерін «Экспорттық қаржыландыруды қалай алуға болады: бизнеске арналған ҚДБ қаржы құралдары» тақырыбындағы онлайн вебинарға қатысуға шақырады.

🔹 Кездесу барысында кәсіпкерлер, компания басшылары мен қаржы директорлары экспорттық жеткізілімдерді қолдауға арналған қандай шешімдер бар екенін және қаржыландыру алу үдерісінен қалай өтетінін біле алады.

🔹 Вебинарда не туралы айтылады?

✔️ Экспорттық қаржыландыру құралдары
Экспорттық келісімшарттарды қолдауға арналған қолжетімді шешімдер мен қаржыландыру тетіктерін қарастырамыз.

✔️ Шарттар мен негізгі талаптар
Қаржыландыру берудің негізгі талаптары, мерзімдері мен басты шарттары талқыланады.

✔️ Қадам-қадамымен түсіндіру
Алғашқы өтінім беруден бастап құжаттарды дайындау және шешім қабылдау кезеңіне дейінгі негізгі сатылар көрсетіледі.

📅 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 27 наурыз, 17:00
💻 Форматы: онлайн
🔗 Тіркелу