DARYN RSPC
15.4K subscribers
3.36K photos
637 videos
9 files
1.23K links
📢Школьникам олимпиады конкурсы игры РНПЦ "ДАРЫН"
сайт: daryn.kz
Download Telegram
👩🏻‍🏫 Қазақстанда педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылуда

🔹 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды. Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді.

📊 Қазіргі уақытта платформада «педагог-модератор» және «педагог-эксперт» біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.

📌 2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп күтілуде.
👩🏻‍🏫 В Казахстане автоматизируется процесс аттестации педагогов

🔹 С 1 января 2025 года началось поэтапное внедрение Национальной платформы непрерывного профессионального развития педагога «Ұстаз», которая позволяет автоматизировать процесс аттестации и сделать его более прозрачным.

📊 На данный момент на платформе проходит первый этап аттестации педагогов, претендующих на присвоение или подтверждение квалификационных категорий «педагог-модератор» и «педагог-эксперт».

📌 В 2025 году аттестацию через платформу пройдут около 150 тысяч казахстанских педагогов.
🏆136 оқушы химия және информатика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

📚Ақтау қаласында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және информатика пәндері бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиада дәстүрлі форматта екі тур бойынша өтті, онда қатысушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Додаға еліміздің әр өңірінен 307 оқушы қатысып, нәтижесінде 136 жеңімпаз анықталды.

🥇🥈🥉Марапаттау рәсіміне жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, республикалық және өңірлік «Дарын» орталықтарының өкілдері мен облыстық білім басқармасының басшылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 70 қола, 39 күміс және 27 алтын медаль табысталды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айгүл Каркулова олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, сөз сөйледі.

💡Естеріңізге сала кетейік, биыл 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен еліміздің жеті өңірінде өткізіледі. Олимпиада 15 пән бойынша ұйымдастырылып, оған 1670 оқушы қатысады. Келесі аптада Астанада биология және физика пәндерінен республикалық олимпиада өтеді, оған 323 оқушы қатысады, деп күтілуде.

🖇️Олимпиаданы ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» РҒПО, Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Каспий дарыны» өңірлік орталығы.
🏆 136 учащихся стали победителями республиканской олимпиады по химии и информатике

📚В Актау завершилась республиканская олимпиада естественно-математического направления по химии и информатике среди учащихся 9-11 (12) классов. Олимпиада прошла в традиционном формате и состояла из двух туров, где участники выполняли теоретические и практические задания. В интеллектуальном мероприятии приняли участие 307 школьников со всех регионов страны, и в результате было определено 136 победителей.

🥇🥈🥉 На церемонии награждения присутствовали ученые и преподаватели высших учебных заведений, представители республиканского и областных центров «Дарын», а также руководители областного управления образования. По итогам олимпиады было вручено 70 бронзовых, 39 серебряных и 27 золотых медалей.