DARYN RSPC
14.1K subscribers
2.27K photos
452 videos
6 files
975 links
📢Школьникам олимпиады конкурсы игры РНПЦ "ДАРЫН"
сайт: daryn.kz
Download Telegram
Бүгін Қаскелең қаласындағы Сүлейман Демирель атындағы университеті базасында мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтары үшін «Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесі басталды.

Тамыз педкеңесінің жұмысына аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу, тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарлары және психологтары қатысуда.

Спикер ретінде Санкт-Петербург жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беру академиясының аға оқытушысы Наталья Пунченко, отбасылық коуч Асхат Абжанов, жазушы, бірнеше кітаптардың авторы Ақиқат Рас және тағы басқа қонақтар шақырылған.

Педкеңестің педагогикалық алаңдарында шеберлік сабақтар, тренингтер және мәселелерді талқылап, пленарлық отырыс өткізу жоспарлануда.

Пост на русском ⤵️
https://www.facebook.com/296189867059577/posts/pfbid02cbcPunZjSoki4mzwCLstrKG7YqPTBuWhmkgfKAdCT8aAwVAC2auRG4f7MgFC2kSxl/
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мамандандырылған мектептердің педагогтарына арналған республикалық тамыз педагогикалық кеңесі қалай өтті?

"Дарын" РҒПО медиақызметі әзірлеген бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
14-17 тамыз күндері Абай облысы, Абай ауданы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық «Абай оқуларын» өтеді.

Оған 120-дан астам дарынды оқушы 6 номинация бойынша қатыспақ:

1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.

2.«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.

4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.

5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.

6.«Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу.

Ауқымды шараның салтанатты ашылу рәсімі 15 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді.
СӘТ-САПАР, РИЗАБЕК!

Жақын күндері Физикадан халықаралық олимпиаданың (IPHO) екі дүркін күміс жүлдегері, Атырау қаласындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі Ризабек Алпамыс Корей еліне оқуға аттанбақ.

Дарынды оқушы шетелде оқуды мақсат тұтса да, ҰБТ-дан ең жоғары 132 ұпай жинап, білімінің жан-жақты екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Халықаралық жарыстарда көзге түскендіктен мені Оңтүстік Корея мен Гонконгтың ғылым және технология бағытындағы алдыңғы қатарлы университеттері оқуға шақырды. Мен – Кореядағы UNIST-ті (Ulsan National Institute of Science and Technology) таңдадым. Өйткені UNIST салыстырмалы түрде жас университет болғанымен, ғылыми репутациясы жоғары, әлемдік ТОП-200-ге кіреді. Инженерия және ғылым факультетіндегі заманауи жабдықтар студенттерге ғылыми жобаларды толыққанды жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді, – дейді Ризабек.

Толық нұсқасы⤵️
https://www.facebook.com/296189867059577/posts/pfbid0AfMSwAfV2y3GevJ5q2rM3DW79qBWFb9ut7sKuS4KCKTEWybgwudZDGdy8aJrtXZhl/
Национальная сборная команда Казахстана по информатике на хорошой ноте завершила сезон престижных международных олимпиад. В копилке - 2 серебряные и 2 бронзовые медали.

В этом году IOI проходила в период с 7 по 15 августа в г. Джокьякарта (Индонезия) и собрала 357 участников из 88 стран мира.

Знакомьтесь с призерами:
СЕРЕБРО:
Жамбыл Мақсотов, БИЛ , г. Уральск;
Мухаммадариф Сахмолдин, НИШ ФМН, г. Семей.
БРОНЗА:
Ван Ли, РФМШ, г. Алматы;
Қорғанбаев Таймас, РФМШ, г. Алматы.

Руководители:
Темірлан Сатылханов – АСМ-тренер Astana IT University, многократный призер МО;
Темірлан Байболов – студент Harbour Space University (Барселона, Испания), победитель РО и МО.

Напомним, что в 2021 году казахстанские школьники были удостоены 4 бронзовых медалей.

Таким образом, по результатам 7 международных олимпиад наши ребята завоевали рекордные 27 медалей (3 золота, 15 серебра и 9 бронзы) и 1 Почетную грамоту!

Поздравляем призеров IOI-2022, их тренеров, педагогов и родителей с блестящими результатами!
Информатикадан Қазақстанның ұлттық құрама командасы беделді ХО маусымын сәтті аяқтады. Қоржынымызда - 2 күміс және 2 қола медаль.
Биыл IOI 7-15 тамыз аралығында Джокьякарта қаласында (Индонезия) өтті және оған әлемнің 88 елінен 357 білімпаз қатысты.

Жүлдегерлермен таныс болыңыздар:
🥈КҮМІС:
☑️Жамбыл Мақсотов, БИЛ , Орал қ.;
☑️Мухаммадариф Сахмолдин, ФМБ НЗМ, Семей қ.
🥉ҚОЛА:
☑️Ван Ли, РФММ, Алматы қ.;
☑️Қорғанбаев Таймас, РФММ, Алматы қ.

Жетекшілер:
Темірлан Сатылханов – Astana IT University АСМ-тренері, ХО бірнеше дүркін жүлдегері;
Темірлан Байболов – Harbour Space University (Барселона) студенті, информатикадан РО және ХО жеңімпазы.

Еске сала кетейік, 2021 жылы қазақстандық оқушылар 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Осылайша, 7 ХО қорытындысы бойынша біздің білімпаздар рекорды 27 медаль (3 алтын, 15 күміс, 9 қола) мен 1 Құрмет грамотасын жеңіп алды.

IOI-2022 жүлдегерлерін, олардың жаттықтырушыларын, педагогтары мен ата-аналарын керемет нәтижелерімен құттықтаймыз!
Мамандандырылған мектептердің педагогтарына арналған республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің 2-ші күні қалай өтті?

"Дарын" РҒПО медиақызметі әзірлеген бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

https://youtu.be/4eodcgUvYpo
АБАЙ ОҚУЛАРЫ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

1️⃣ күн. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ХХІІІ республикалық Абай оқуларының қатысушылары мен жетекшілерін Семей қаласы құшақ жая қарсы алды!
Байқаудың бірінші күні олар Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтің қатысуымен Семедегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ, қатысушылар мен жетекшілер Абай облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен биологиялық орталықты аралап, Семей ядролық полигон құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етті.
АБАЙ ОҚУЛАРЫ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

2️⃣ күн. Бағдарламаға сәйкес Семейден Абайға жол тартқан күн...

Абай ауданының шекарасында Абай ауданының әкімшілігі, білім беру бөлімі барлық қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Қатысушылар мен жетекшілер Бөрлідегі Абай және М.Әуезов мұражайына және Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне саяхат жасап, «Еңлік-Кебек», Шілікті кезеңдегі театрландырылған көріністерді тамашалады.

Жидебайдағы Абай мұражай үйіне де саяхат жасады.
Сонымен қатар, Қарауылдағы Мәдениет үйінде байқаудың ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Онда Абай ауданының әкімі Нұржан Абдыкаримов, Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметкалиев және ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО директор орынбасары Нұрлан Жұмагелді қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
АБАЙ ОҚУЛАРЫ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

3️⃣ күн. Абай оқуларының республикалық қорытынды кезеңіне өз облысының жеңімпазы атанған, Абай шығармаларын жетік білетін, өз мектептерінен, облыстарынан озып шыққан талантты 126 оқушы бәйгеге түсіп, бақ сынасатын күн...

Бүгін қатысушылар Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің ашық амфитеатрында, Қарауылдағы мәдениет үйінде және Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының базасында, сондай-ақ Абай мұражай үйінің алаңында 6 номинация бойынша өнерлерін көрсетпек. Сәттілік!
📢Вниманию претендентов!

Республиканский научно-практический центр «Дарын» сообщает, что 24 августа будет проведен дополнительный прием в специализированные организации образования, согласно выделенной квоте (15% от общего количества учащихся, принятых в школу в этом году).

В конкурсном отборе могут принять участие обучающиеся, соответствующие п.18-1 Приказа Министра просвещения Республики Казахстан от 5 августа 2022 года № 350 «О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 564 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования».

За дополнительной информацией можно обратиться в специализированные организации образования.

Для регистрации➡️ https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScvSZ6RFDZUcXiT4ClSouHwcoAVN0gdcCR4yg7h0ecN7WC2Qg/viewform?usp=sf_link
📢Талапкерлер назарына!

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 24 тамыз күні бөлінген квотаға сәйкес (биыл мектепке қабылданған оқушылардың жалпы санының 15% құрайды) мамандандырылған білім беру ұйымдарына қосымша қабылдау жүргізілетіндігін хабарлайды.

Конкурстық іріктеуге «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы №350 бұйрығының 18-1 пунктіне сәйкес келетін білім алушылар қатыса алады.

Қосымша ақпарат үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарына хабарласуыңызға болады.

Тіркелуге сілтеме https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScvSZ6RFDZUcXiT4ClSouHwcoAVN0gdcCR4yg7h0ecN7WC2Qg/viewform?usp=sf_link
ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР...

Жидебайда республикалық Абай оқулары мәресіне жетті. Биылғы жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 126 оқушы қатысты. Дәстүр бойынша ауқымды шара Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінің ашық амфитеатрында өтті.

Абай оқуларының қорытындысы бойынша 57 оқушы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 12 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 19 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 26 оқушы ие болды.

Құттықтаймыз!

​Жүлдегерлер туралы толық ақпарат daryn.kz сайтында