dapterone
2.5K subscribers
139 photos
2 videos
11 files
51 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕНДІ ТҮРКИЯҒА БАРА АЛМАЙДЫ...

Иә, иә, кейбір Қазақстан азаматтарына Түркияға бару мүмкіндігі азаюда. Нақтырақ айтсақ, жақында елімізде робототехника бойынша жарыс өткен болатын. Дүбірлі додада Өскемендік жас оқушылар бас жүлдені иеленсе де, сәуір айында Түркияда өтетін әлемдік жарысқа бара алмайын деп тұр. Жолдама бар болғанымен, спонсор табылмауда дейді ата-аналар. Осындай технологиялық даму кезеңінде кішкентайларымызды әлемдік деңгейге шығару үшін қолдау көрсететін мекемелердің болмай тұрғаны қынжылтады...

Егер осы мәселе бойынша көмек көрсете алсаңыз, осында жазыңыз: сілтеме
32💔15
Кринж — дағуатты мысқылдап жүргізу.

Қарсы тараптың көзқарасына күліп, оны бейшара санау — мұсылманға тән дүние емес. Ондай әдепсіздіктің кесірінен дағуат бағытталған топ та еш пайда алмайды, өйткені қасарысып, кек сақтап кетеді. Сенен бұрын-соңды қолдаушың болған, бірақ сана сәулесі сөнбеген адамдар да жиіркенеді. Тек артыңнан ерген тобыр ғана бәрекелді дер. Асылында, сенің мақсатың — сол екінші тараптың бетін бері қаратуға әрекет ету еді ғой. Ал сен тек өзіңнің және өз аудиторияңның эгосын көтерудесің.
2222🤔2🫡2
— Алыс сапарға көлігіңізбен шығайын деп жатырсыз. Жаныңызға әңгімесі қызық қандай 4 тұлғаны бірге алып кетер едіңіз?
— Абылай Кенжалы, Данияр Жігітбек, Дастан Құрманбаев және Ескендір Бестай.

©️Әбілқайыр Мәдиұлы
«Тура жол» / Жақында
50😁9💯3
«Если вы считаете, что образование – это дорого, попробуйте невежество».

©️ Энн Ландерс
💯24222
Көшеде өзгенің емес, өз подкастыңды тыңдап келе жатқан қызық сезім екен:)
38👍12😁7💯2
«Тура жол» подкастының 1-шығарылымы. Қонақта – Әбілқайыр Мәдиұлы. Ұстаз бұл видеода студент кездегі қызықтарын, жұмыстағы қиыншылықтарын баяндап өтті. ТОП-5 пайда алған ұстазы, ТОП-3 сүйікті кітабы деген секілді сауалдарға да жауап берді. Жалпы қызық шығарылым болған секілді:)

YOUTUBE
38👍121
«Ысылмаған ауыздан кедір-бұдыр сөз шығады».

©️ Ғабиден Мұстафин
55
«Адамның хайуанаттан артықшылығы — тілі. Ал оны орынды қолдана алмаған адам хайуаннан бетер».

©️ Сағди
51💯13
«АҚШАМ» СӨЗІНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ

Қазіргі қазақ тілінде «іңір, апақ-сапақ кез» жəне «күн батып, ымырт түскен кезде оқылатын намаз» мағыналарында қолданылатын ақшам сөзінің түп төркіні соғдының axšam сөзі болып есептеледі, орта парсы тіліндегі šam «кеш, кешкі ас», шығыс иран тілдеріндегі «кеш», «түн» мағынасындағы axšap түрінде кездеседі. Қазіргі парсы тілінде šab түрінде қолданылады.

📚 Жұбатова Б. Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер.
26👍13
Бізде ұмытылып бара жатқан жақсы қасиеттер:
1) Басқалар жайлы жақсы ойлау;
2) Адамдардан ұялу;
3) Ізгілермен кеңесу.
74👍13💔12
Далада жүгіріп жүретіндерге қызығам. Тіпті итімен бірге жүгіретіндер болады ғой. Ал менің итпен жүгіретін бір-ақ уақытым болады: егер ол ит менің артымнан қуса.
😁6018💯4
Успех – это максимальное использование способностей, которые у вас есть.

©️Зиг Зиглар
43👍7
Forwarded from Orientalist's Notes
Таңғы кофе ішіп отырмын. Келесі үстелде отқан адамға бір жас бала келеді де “Бата айтып берейін бе” дейді. Әлгі кісі ұялғаннан “Ну давай” деп келісті.

Қазақтың баласы. Бата айтып берді. Артынан каспиін айтты да, ақша аудартып алды.

Сосын маған келді “Бата айтып берейін бе?” деп. Келіспедім.

Кәсіптің түрі көп, алайда бата (қазақтың дұғасы) сатып кәсіп қылмаған дұрыс. Соған итермелеп отқан ата-анада мәселе бар.

Иә, бала ширасын, піссін деп түрлі іс жасатып көруге болады-ау, бірақ шекараларды білген дұрыс-ақ.

Далада жүгері сатсын, паркте балмұздақ ұсынсын… Тек қайыр тілемесін.

#ой_түймекке
49👍3🔥3💯32
Компьютеріңнің сен білмеген мүмкіндіктерін көргің келсе, пернетақтаны кішкентай тентек балаңа беріп көр
😁407
Біз ұмытып бара жатқан ізгі амалдардың бірі – хал сұрасу. Байқасаңыз, қазір біз «Ассалаумағалейкум» деген сөздің өзін жазуға ерінетін болдық. Сол сәлеммен қоса «Қалайсыздар?» деген тіркес жалғанған бір стикер жібере салуға құмармыз. Уақытымыз жоқ. Мүлде.
💔3122👍2
Демалыс күні. Сағат таңғы 5. Ұйықтаудың орнына сыртқа шығып, талай шақырымдарды артқа тастап, мешітке қадам басты жұрт. Бұл жерге бірінші рет кеп тұрғандардың да қарасы көп бүгін. Немересін жетелеп келген ата, досын ертіп келген жасөспірім… Діннен алыс адамның өзі жылына екі рет келетін айт намазына баруды өзіне борыш деп санайды. «Қазаққа ислам жат» деген сөзді айтып адасқан бауырларымызға осы айт намаздары жеткілікті. Айт қабыл болсын 🤲
43💯7👍1
Как Абулхаир-хан отмечал Курбан-айт.
5🔥3👍1