dapterone
2.5K subscribers
139 photos
2 videos
11 files
51 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Рамазан айында шайтандардың кісенделуі

Имам Тиби (Алла рақым қылсын) былай айтқан: «Олардың ішіндегі мәрид атты ерекше қатігез, бұзғын жындар шынжырланады».

Мулла Әли әл-Қари (Алла рақым қылсын) бұл аспандағы періштелерден мәлімет ұрлайтын шайтандарға қатысты болуы ықтимал екенін жеткізген.

Ал өзге пікірлерге жүгінсек, «шынжырлану» деген сөз ауыспалы мағынада қолданылады. Яғни Рамазан айында адамдарға өз нәпсісін басқару оңай. Өйткені ораза адамдағы шаһуат негізі болған хайуани қуатқа балта шабады. Сөйтіп, оның орнына құлшылыққа бекінген ақыли қуаты артатыны сөзсіз. Осы себепті Рамазанда күнә азайып, ғибадат көбейеді.

📚 Дереккөз: Мулла Әли әл-Қари. Мирқат әл-Мафатих. Ораза бөлімі.
31👍7
Монтаж бітті. Алла қаласа бүгін шығу керек. Әзірге Paida Media YouTube арнамызға тіркеле беріңіз:)
24👍9🔥1🕊1🤝1🫡1
«Признайте, что каждый должен сначала быть плохим в чем-то, чтобы потом стать хорошим».

📚 365 дней самодисциплины
29👍13
Алланың қалауымен "Сынақ" атты еңбегіміз жарық көрді.

Кітапқа тапсырыс беру үшін⬇️

https://l.kaspi.kz/shop/24Jw5WxasFX9zCo
26
Эхх, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана исламтану саласында жүрген замандастарым, аға буын өкілдері тек пост жазумен шектелетін еді. Кейін ақырындап чеклистер, сосын pdf кітапшалар ұсынып бастады. Көзді ашып-жұмғанша типографиядан мың тиражбен кітап басып шығаратын дәрежеге жетті. Бұл – әрине, діни ілімді насихаттаушы ағаларымыздың да, сол контентті тұтынатын аудиторияның да өскенінің белгісі. Өте қуаныштымын!
57🔥115👍3🕊21
Кеше екі қаламгердің әңгімесіне куә болдым. Сонда бірі: «Сіздегі Рамазан қалай өтіп жатыр?», – деп сұрады. Бұл сауал өзіме өте қызық, көркем құралғандай көрінді. Шынында, бәріміз де бір Рамазан айында жүрміз ғой, бірақ әрқайсымыздағы Рамазан әртүрлі өтуде…
41👍7
Айтпақшы, біздің араб тілімен танысу дәрістерімізге тіркелсеңіз болады. Оны «Намаз тілі» деп атаған едік. Өйткені ережелерді түсіндіру барысында, мысал берер кезде намаздағы сөздерді, тіркестерді қолдануға көбірек акцент қойып жатырмыз. Нәтижесінде араб тілі әлеміне де қадам басасыз, намазыңызды да түсініп оқуға мүмкіндік аласыз.

Дәріске байланысты сұрақтар бойынша: жеке чат
14🔥3👍2
АРАБ ӘРІПТЕРІ №2.pdf
50.9 MB
Бұл жолы жаңа әріптер және оларды оңай жаттауға арналған жаңа бейнелер қосылды
13👍1
Түнгі қисса жобасының 3-шығарылымы. Қонақта - танымал географ Асфендиярқасым Ибаділда. Бұл бөлімде біз Нұх пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) есімі, дағуаты, алып кемесі, алпауыт қауымы, суға батып кеткен ұлы, тоқтаған тауы (Жуди / Арарат / Қазығұрт) туралы сөз сөйледік. Егер қызық болса, мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз: YouTube
19👍3😁2🤝1
«Намаз тілі» курсына қатысушы жандардан лебіз. Біз бұл дәрістерімізде араб тілінің бастапқы деңгейін үйретеміз. Ерекшелігі: намаздағы сөздерге акцент қоямыз. Аптасына 2 дәрістен жекеңізге жіберіліп отырады. Бір видеоның ұзақтығы – 10 минут. Бүгін Қадір түніне орай курсты 9500 теңгеге ала аласыз. Толық ақпарат үшін: сілтеме
13👍3
Алладан мынаны сұра:
1) Мені барлық қырымнан түзет;
2) Мені бүкіл ісіңе разы қыл.

📚 Тәжул-арус
66👍5
Күні бойы бос нәрсемен әуре болған адам түн жарымда құлшылық етуге ояна алмайды.

📚 Тәжул-арус
56👍7
Өткенде жаңа подкаст бастадық. Елімізге белгілі діни мамандардың шәкірт шақтағы, қызметтегі жолын қамтып өттік. Сөйтіп, ойлана келе, жобаға «Тура жол» деген атау қойдық. Сонда кейін: «Тура жолға келесіз ғой иә?» - деп ұстаздарды шақырғанымызда олар: «Жоқ», - десе, қате болайын деп тұр) Сол үшін құрметті дін жолындағы ағалар, сіздерді осы подкастымызда күтеміз:)
40😁13👍7🔥41
Араб тілін намаздағы аят-дұғалар, терминдер негізінде үйрететін «Намаз тілі» дәрістері жалғасын табуда. Әр сабақ жекеңізге, аптасына 2 рет жіберіліп отырады. Білмегеніңізді сол чатқа жазып сұрай аласыз.

Ораза айтқа байланысты тағы да бір күндік жеңілдік ұсынамыз: 9500 тг (17480 тг).

Сұрағыңыз болса: сілтеме
12👍1
«Өз аузым – өзім білем» деп қай-қайдағыны айта берме. Өйткені сол аузыңнан шығатын сөздерді қабылдайтын – сенің емес, өзгенің жүрегі.
41💯51🔥1🤝1
«Долина отчаяния» – фаза в обучении, когда признаешь, что ты совершенно некомпетентен.
25
Біз күн сайын мөлшері 174 газетке тең келетін ақпарат тұтынамыз.

📚 «МИФ» кітап клубы
👍2514😢8🔥7
Әйел адам еріне бағынып, разылығын іздеуге әмір етілсе, ер адам да өзінің жұбайына ізгі мәміле қылып, оның бойынан әбес көрінетін кей қылықтарына көз жұмып, сабыр сақтауға бұйырылды. Сондай-ақ, әйеліне нәпақа, киім, жақсы қарым-қатынас тұрғысынан ақысын өтеуге әмір етілді.

📚 Китаб әл-кабаир
70👍15💯3
«Шын мәнінде ұлы ойлардың бәрі жаяу жүргенде пайда болады».

© Фридрих Ницше
75👍13👀7🤝7
«Кіріспеде авторлар бүкіл өнерін көрсетеді ғой негізі. Бірақ атына заты сай, кей кезде кітапты оқуға кірістірмей қоятын кіріспелер болады».

©️Әбілқайыр Мәдиұлы
«Тура жол» / Жақында
38💯7
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕНДІ ТҮРКИЯҒА БАРА АЛМАЙДЫ...

Иә, иә, кейбір Қазақстан азаматтарына Түркияға бару мүмкіндігі азаюда. Нақтырақ айтсақ, жақында елімізде робототехника бойынша жарыс өткен болатын. Дүбірлі додада Өскемендік жас оқушылар бас жүлдені иеленсе де, сәуір айында Түркияда өтетін әлемдік жарысқа бара алмайын деп тұр. Жолдама бар болғанымен, спонсор табылмауда дейді ата-аналар. Осындай технологиялық даму кезеңінде кішкентайларымызды әлемдік деңгейге шығару үшін қолдау көрсететін мекемелердің болмай тұрғаны қынжылтады...

Егер осы мәселе бойынша көмек көрсете алсаңыз, осында жазыңыз: сілтеме
32💔15