«Намаз тілі» курсы Рамазан айының алғашқы күндерінде басталады. Әзірге жеңілдік бойынша тіркеліп үлгеріңіз.
❤18✍1
Жақын болашақта:
– Достар, мына кісіге байкот жариялайық. Өз ісін дұрыс атқарып жүрген жоқ, маған мінезін көрсетіп жатыр.
– Ол сенің анаң ғой.
– И че?!
– Достар, мына кісіге байкот жариялайық. Өз ісін дұрыс атқарып жүрген жоқ, маған мінезін көрсетіп жатыр.
– Ол сенің анаң ғой.
– И че?!
💔26😢17❤7
Атеиспен диалог
– Сендердің айтып жүрген ақыреттерің болмай қалса ше?
– Боп қалса ше?
– Мақұл, болды делік. Бірақ әлемде мыңдаған дін бар. Ол жақтағы құдай сендердің құдайларың болмай қалса ше?

❤50💯5⚡2🔥2
АРАБ ӘРІПТЕРІ №1.pdf
22.6 MB
Араб әріптерін үйретем дедім де, тредске күн сайын сабақ-пост салып отырдым. Бұйырса, осылай араб әліпбиін толық түсіндіріп, Құран оқып бастауыңа себеп болсам ба деймін. Сәттілік!
❤32👍3⚡1🔥1
Forwarded from Zukhridin Al-Hanafi
Сөзбен талай уақыттан бері айтып келген “өзгеруді” осы айда іспен көрсет
❤35👍5
Рамазан айында шайтандардың кісенделуі
Имам Тиби (Алла рақым қылсын) былай айтқан: «Олардың ішіндегі мәрид атты ерекше қатігез, бұзғын жындар шынжырланады».
Мулла Әли әл-Қари (Алла рақым қылсын) бұл аспандағы періштелерден мәлімет ұрлайтын шайтандарға қатысты болуы ықтимал екенін жеткізген.
Ал өзге пікірлерге жүгінсек, «шынжырлану» деген сөз ауыспалы мағынада қолданылады. Яғни Рамазан айында адамдарға өз нәпсісін басқару оңай. Өйткені ораза адамдағы шаһуат негізі болған хайуани қуатқа балта шабады. Сөйтіп, оның орнына құлшылыққа бекінген ақыли қуаты артатыны сөзсіз. Осы себепті Рамазанда күнә азайып, ғибадат көбейеді.
📚 Дереккөз: Мулла Әли әл-Қари. Мирқат әл-Мафатих. Ораза бөлімі.

❤27👍6
«Признайте, что каждый должен сначала быть плохим в чем-то, чтобы потом стать хорошим».
📚 365 дней самодисциплины
📚 365 дней самодисциплины
❤23👍12
Forwarded from Ержан Бақытжанов
Алланың қалауымен "Сынақ" атты еңбегіміз жарық көрді.
Кітапқа тапсырыс беру үшін⬇️
https://l.kaspi.kz/shop/24Jw5WxasFX9zCo
Кітапқа тапсырыс беру үшін⬇️
https://l.kaspi.kz/shop/24Jw5WxasFX9zCo
❤22
Эхх, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана исламтану саласында жүрген замандастарым, аға буын өкілдері тек пост жазумен шектелетін еді. Кейін ақырындап чеклистер, сосын pdf кітапшалар ұсынып бастады. Көзді ашып-жұмғанша типографиядан мың тиражбен кітап басып шығаратын дәрежеге жетті. Бұл – әрине, діни ілімді насихаттаушы ағаларымыздың да, сол контентті тұтынатын аудиторияның да өскенінің белгісі. Өте қуаныштымын!
❤48🔥10✍4👍3🕊2⚡1
Кеше екі қаламгердің әңгімесіне куә болдым. Сонда бірі: «Сіздегі Рамазан қалай өтіп жатыр?», – деп сұрады. Бұл сауал өзіме өте қызық, көркем құралғандай көрінді. Шынында, бәріміз де бір Рамазан айында жүрміз ғой, бірақ әрқайсымыздағы Рамазан әртүрлі өтуде…
❤32👍6
Айтпақшы, біздің араб тілімен танысу дәрістерімізге тіркелсеңіз болады. Оны «Намаз тілі» деп атаған едік. Өйткені ережелерді түсіндіру барысында, мысал берер кезде намаздағы сөздерді, тіркестерді қолдануға көбірек акцент қойып жатырмыз. Нәтижесінде араб тілі әлеміне де қадам басасыз, намазыңызды да түсініп оқуға мүмкіндік аласыз.
Дәріске байланысты сұрақтар бойынша: жеке чат
Дәріске байланысты сұрақтар бойынша: жеке чат
❤11🔥3👍2
АРАБ ӘРІПТЕРІ №2.pdf
50.9 MB
Бұл жолы жаңа әріптер және оларды оңай жаттауға арналған жаңа бейнелер қосылды
❤11👍1
Түнгі қисса жобасының 3-шығарылымы. Қонақта - танымал географ Асфендиярқасым Ибаділда. Бұл бөлімде біз Нұх пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) есімі, дағуаты, алып кемесі, алпауыт қауымы, суға батып кеткен ұлы, тоқтаған тауы (Жуди / Арарат / Қазығұрт) туралы сөз сөйледік. Егер қызық болса, мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз: YouTube
❤15👍2😁2