Рамазан айына орай екі қызықты жоба дайындап жатырмын. Екеуі де араб тіліне қатысты. Бірі – тегін, екіншісі – ақылы. Алланың қалауымен барынша пайдалы болуға тырысамыз.
❤50💯8🤝3🔥2
Рамазан айы басталғанда араб әріптерін оңай үйрететін жазбалар жариялайм бұйырса. Әр күні 1 немесе 2 әріп өтеміз. Оларды қызықты, оңай, тез жатталатын стильде түсіндіруге тырысам. Мақсатым – сізді араб әріптерімен таныстыру, Рамазан барысында Құран оқып кететіндей деңгейге жеткізу. Жазбалар шағын көлемде әрі тегін ұсынылады.
❤53🤝2
«Намаз тілі» курсы Рамазан айының алғашқы күндерінде басталады. Әзірге жеңілдік бойынша тіркеліп үлгеріңіз.
❤18✍1
Жақын болашақта:
– Достар, мына кісіге байкот жариялайық. Өз ісін дұрыс атқарып жүрген жоқ, маған мінезін көрсетіп жатыр.
– Ол сенің анаң ғой.
– И че?!

💔26😢17❤7
Атеиспен диалог
– Сендердің айтып жүрген ақыреттерің болмай қалса ше?
– Боп қалса ше?
– Мақұл, болды делік. Бірақ әлемде мыңдаған дін бар. Ол жақтағы құдай сендердің құдайларың болмай қалса ше?

❤50💯5⚡2🔥2
АРАБ ӘРІПТЕРІ №1.pdf
22.6 MB
Араб әріптерін үйретем дедім де, тредске күн сайын сабақ-пост салып отырдым. Бұйырса, осылай араб әліпбиін толық түсіндіріп, Құран оқып бастауыңа себеп болсам ба деймін. Сәттілік!
❤32👍3⚡1🔥1
Forwarded from Zukhridin Al-Hanafi
Сөзбен талай уақыттан бері айтып келген “өзгеруді” осы айда іспен көрсет
❤35👍5
Рамазан айында шайтандардың кісенделуі
Имам Тиби (Алла рақым қылсын) былай айтқан: «Олардың ішіндегі мәрид атты ерекше қатігез, бұзғын жындар шынжырланады».
Мулла Әли әл-Қари (Алла рақым қылсын) бұл аспандағы періштелерден мәлімет ұрлайтын шайтандарға қатысты болуы ықтимал екенін жеткізген.
Ал өзге пікірлерге жүгінсек, «шынжырлану» деген сөз ауыспалы мағынада қолданылады. Яғни Рамазан айында адамдарға өз нәпсісін басқару оңай. Өйткені ораза адамдағы шаһуат негізі болған хайуани қуатқа балта шабады. Сөйтіп, оның орнына құлшылыққа бекінген ақыли қуаты артатыны сөзсіз. Осы себепті Рамазанда күнә азайып, ғибадат көбейеді.
📚 Дереккөз: Мулла Әли әл-Қари. Мирқат әл-Мафатих. Ораза бөлімі.

❤27👍6