dapterone
2.61K subscribers
132 photos
2 videos
11 files
47 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
УАҒЫЗДЫҢ БӘРІ ЕРТЕГІ МЕ?

Әлжеліде бір кісі сағаттап «ертегі-уағыз» тыңдайтын жігіттерді сөгіпті.

Біріншіден, қазақтың дамуына ертегілердің қай тұсы зиян беруде? Ұлттық фольклордың негізгі жанларының бірі саналатын ертегі, керісінше, адамның ойлау қабілетін, шығармашылық талабын, фантазиясын шыңдамай ма? Сонда біз ертегіні менсінбеуімізбен Әлкей Марғұлан, Шоқан Уәлихановтардың қиял-ғажайып шығармаларды жинаған елеулі еңбегін жоққа шығарғанымыз ба? Қазіргі технологиялық заманда толағай табысқа жеткен тұлғалар да кезінде таңғажайып фэнтези шығармаларды оқып шабыт алмап па еді?

Ал енді діни қиссаларға назар аударайық. Кезінде қазақ зиялылары жастайынан шығыс шайырларының таңғажайып шығармасын тыңдап, керек болса жаттап өскен! Қазақ фольклоры жинақталған «Бабалар сөзі» 100 томдық сериясының 20-дан астам бөлімінде діни шығармалар кездеседі. Олар да қиял-ғажайып реңкке толы!

Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді: «Біз саған ең көркем қиссаларды баяндаймыз». Имам Мәтуриди мұндағы «ең көркем» сөзін «ең шынайы» деп тәпсірлеген. Яғни Құранда таңғажайып оқиғалардың шындыққа негізделген, ең дұрыс нұсқасы қамтылған. Сол үшін діни уағыздарда әдеттен тыс құбылыстар көп кездеседі. Ал қарапайым өмірде кезіге бермейтін дүниені жоққа шығару – әлемді тек тәжірибе жасап зерттейтіндердің тірлігі. Бақылау аясынан тыс құбылысты «болмайды» деп кесіп айту – бұлтартпас дәлел емес, негізсіз тұжырым ғана. Былайша айтқанда, ол да – «қиял-ғажайыптың» бір түрі:)
263👍2🔥2🕊1🤝1
💯103👍3
Рамазан айына орай екі қызықты жоба дайындап жатырмын. Екеуі де араб тіліне қатысты. Бірі – тегін, екіншісі – ақылы. Алланың қалауымен барынша пайдалы болуға тырысамыз.
50💯8🤝3🔥2
Рамазан айы басталғанда араб әріптерін оңай үйрететін жазбалар жариялайм бұйырса. Әр күні 1 немесе 2 әріп өтеміз. Оларды қызықты, оңай, тез жатталатын стильде түсіндіруге тырысам. Мақсатым – сізді араб әріптерімен таныстыру, Рамазан барысында Құран оқып кететіндей деңгейге жеткізу. Жазбалар шағын көлемде әрі тегін ұсынылады.
53🤝2
Ал бұл – біздің «Намаз тілі» атты жаңа курсымыз. Мұнда біз араб тілін намаз төңірегінде үйретеміз. Толығырақ суретте көрсетілген. Қосымша ақпарат үшін: сілтеме
17👍5🔥2👎1
«Намаз тілі» курсы Рамазан айының алғашқы күндерінде басталады. Әзірге жеңілдік бойынша тіркеліп үлгеріңіз.
181
Жақын болашақта:

– Достар, мына кісіге байкот жариялайық. Өз ісін дұрыс атқарып жүрген жоқ, маған мінезін көрсетіп жатыр.
– Ол сенің анаң ғой.
– И че?!
💔26😢177
Атеиспен диалог

– Сендердің айтып жүрген ақыреттерің болмай қалса ше?
– Боп қалса ше?
– Мақұл, болды делік. Бірақ әлемде мыңдаған дін бар. Ол жақтағы құдай сендердің құдайларың болмай қалса ше?
– Боп қалса ше?
50💯52🔥2
Құрметті дәріске тіркелген жандар, бірінші кіріспе сабақ бүгін жіберіледі. Тіркеліп үлгермегендер болса, жазыңыз.
8🔥2
АРАБ ӘРІПТЕРІ №1.pdf
22.6 MB
Араб әріптерін үйретем дедім де, тредске күн сайын сабақ-пост салып отырдым. Бұйырса, осылай араб әліпбиін толық түсіндіріп, Құран оқып бастауыңа себеп болсам ба деймін. Сәттілік!
32👍31🔥1
Forwarded from Zukhridin Al-Hanafi
Сөзбен талай уақыттан бері айтып келген “өзгеруді” осы айда іспен көрсет
35👍5
Жақында «Түнгі қисса» YouTube жобасының түсірілімі болды. Соны монтаждау керек енді:)
26🔥7
Рамазан айында шайтандардың кісенделуі

Имам Тиби (Алла рақым қылсын) былай айтқан: «Олардың ішіндегі мәрид атты ерекше қатігез, бұзғын жындар шынжырланады».

Мулла Әли әл-Қари (Алла рақым қылсын) бұл аспандағы періштелерден мәлімет ұрлайтын шайтандарға қатысты болуы ықтимал екенін жеткізген.

Ал өзге пікірлерге жүгінсек, «шынжырлану» деген сөз ауыспалы мағынада қолданылады. Яғни Рамазан айында адамдарға өз нәпсісін басқару оңай. Өйткені ораза адамдағы шаһуат негізі болған хайуани қуатқа балта шабады. Сөйтіп, оның орнына құлшылыққа бекінген ақыли қуаты артатыны сөзсіз. Осы себепті Рамазанда күнә азайып, ғибадат көбейеді.

📚 Дереккөз: Мулла Әли әл-Қари. Мирқат әл-Мафатих. Ораза бөлімі.
27👍6