Жолым ашылсын десең
«Кім Алладан қорықса, оған тығырықтан шығатын жол ашып береді» (Талақ сүресі).

❤69⚡2👍1
«Кім Алладан қорықса» – яғни ризық іздеуде тақуалық танытса, Алла оған күмәнді және харам табыстан құтылар жол көрсетеді.
📚 Тәфсир әл-Мәтуриди
📚 Тәфсир әл-Мәтуриди
❤63👍9💔4
ДҰҒАДА ДҮНИЕ СҰРАУ
«Мал-мүлік сұрағанда: «осы дүниеде Сені ұмыттырмайтын, ақыретте есеп-сұрақ, жаза болмайтын жеңіл ризық бер» деп дұға ету керек. Осылай дұға жасаған кісі нәпсі қалауларынан аман болады».
📚 Тәжул-арус

❤61👍9
Метрода оқитын кітабым
Мартин Медоуздың бұл кітабы қызық концепцияға ие: кішігірім мотивация беретін сөздер, кейстер, әртүрлі танымал еңбектерден алынған үзінділер – жылдың әр күніне бөлініп берілген. Менің біршама уақыт медиааскетизмге бет бұруыма, жаңа проектілерді бастауыма себеп болған кітап осы. Аз-аздан оқып, бірден амал етуге тұрарлық туынды деп білем.

❤34👍10🔥6
УАҒЫЗДЫҢ БӘРІ ЕРТЕГІ МЕ?
Әлжеліде бір кісі сағаттап «ертегі-уағыз» тыңдайтын жігіттерді сөгіпті.
Біріншіден, қазақтың дамуына ертегілердің қай тұсы зиян беруде? Ұлттық фольклордың негізгі жанларының бірі саналатын ертегі, керісінше, адамның ойлау қабілетін, шығармашылық талабын, фантазиясын шыңдамай ма? Сонда біз ертегіні менсінбеуімізбен Әлкей Марғұлан, Шоқан Уәлихановтардың қиял-ғажайып шығармаларды жинаған елеулі еңбегін жоққа шығарғанымыз ба? Қазіргі технологиялық заманда толағай табысқа жеткен тұлғалар да кезінде таңғажайып фэнтези шығармаларды оқып шабыт алмап па еді?
Ал енді діни қиссаларға назар аударайық. Кезінде қазақ зиялылары жастайынан шығыс шайырларының таңғажайып шығармасын тыңдап, керек болса жаттап өскен! Қазақ фольклоры жинақталған «Бабалар сөзі» 100 томдық сериясының 20-дан астам бөлімінде діни шығармалар кездеседі. Олар да қиял-ғажайып реңкке толы!
Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді: «Біз саған ең көркем қиссаларды баяндаймыз». Имам Мәтуриди мұндағы «ең көркем» сөзін «ең шынайы» деп тәпсірлеген. Яғни Құранда таңғажайып оқиғалардың шындыққа негізделген, ең дұрыс нұсқасы қамтылған. Сол үшін діни уағыздарда әдеттен тыс құбылыстар көп кездеседі. Ал қарапайым өмірде кезіге бермейтін дүниені жоққа шығару – әлемді тек тәжірибе жасап зерттейтіндердің тірлігі. Бақылау аясынан тыс құбылысты «болмайды» деп кесіп айту – бұлтартпас дәлел емес, негізсіз тұжырым ғана. Былайша айтқанда, ол да – «қиял-ғажайыптың» бір түрі:)

❤26✍3👍2🔥2🕊1🤝1
Рамазан айына орай екі қызықты жоба дайындап жатырмын. Екеуі де араб тіліне қатысты. Бірі – тегін, екіншісі – ақылы. Алланың қалауымен барынша пайдалы болуға тырысамыз.
❤50💯8🤝3🔥2
Рамазан айы басталғанда араб әріптерін оңай үйрететін жазбалар жариялайм бұйырса. Әр күні 1 немесе 2 әріп өтеміз. Оларды қызықты, оңай, тез жатталатын стильде түсіндіруге тырысам. Мақсатым – сізді араб әріптерімен таныстыру, Рамазан барысында Құран оқып кететіндей деңгейге жеткізу. Жазбалар шағын көлемде әрі тегін ұсынылады.
❤53🤝2
«Намаз тілі» курсы Рамазан айының алғашқы күндерінде басталады. Әзірге жеңілдік бойынша тіркеліп үлгеріңіз.
❤18✍1
Жақын болашақта:
– Достар, мына кісіге байкот жариялайық. Өз ісін дұрыс атқарып жүрген жоқ, маған мінезін көрсетіп жатыр.
– Ол сенің анаң ғой.
– И че?!

💔26😢17❤7
Атеиспен диалог
– Сендердің айтып жүрген ақыреттерің болмай қалса ше?
– Боп қалса ше?
– Мақұл, болды делік. Бірақ әлемде мыңдаған дін бар. Ол жақтағы құдай сендердің құдайларың болмай қалса ше?

❤50💯5⚡2🔥2