dapterone
2.6K subscribers
132 photos
2 videos
11 files
47 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Тарихи деректерді қазіргі саясаттың мүддесіне пайдалануға болмайды деп санаймын».

© Қ.Тоқаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
36👍12👎4
Forwarded from Barqytbell
Қандай ғылым саласынан яки белгілі бір пәннен жүрексінетін болсаң одан сабақ бер.

📕Шейх Әдһам әл-Асими
61👍22
«Алла Тағала салиқалы адамдардың хикаясы арқылы құлдарының жүрегін бекем қылады».

© Әбу Ханифа
(Алла рақым қылсын)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
63🔥12👍9
Старение – это не только негатив, связанный с тем, что вы умрете, но и позитив, связанный с осозанием своей смертности, и благодаря этому живете лучше.

© Митч Элбом
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
42👍3
Жаңа жоба бастап кеттік. Алла сәтін салсын. Халыққа пайдалы еткей. Түнгі қисса.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ILmvcHULgC0
29👍154🔥3💯1🤝1
Бұрын осындай «ш» дейтін темір әріптер жерде жиі жатушы еді. Қазір неге жоғалып кетті десем, жігіттер жаппай сөйлемдерінде қолданып жүр екен ғой.
🔥46😁3013👎5😢5👍4
РЕДАКТОР КҮНДЕЛІГІ #1

Тіл ғалымдары арасында араб есімдерін жазу мәселесінде едәуір пікір алуандығы бар. Мысалы, біреуі «Махмуд» деп жазса, бірі «Махмұд» дейді. Ал кейбірі «Махмұт» деген қазақи қолданысқа жақын нұсқаларын пайдаланады. Рабиға Сыздық секілді мәшһүр лингвистер де өзге тілден енген есімдердің әртүрлі жазылу мүмкіндігін жоққа шығармаған. Бірақ ескеру керек мәселе мынау – автор еңбегінде осылардың қай нұсқасын таңдаса, соны соңына дейін қолдану керек. Яғни есімдерде бірізділік сақтау қаламгердің ұқыптылығын білдіреді дейміз. Рашид Мұхитдинов бір сөздің өзін тоғыз түрлі жазатын кісілердің де бар екенін айтып еді.
28👍15
Алладан табысыңның артуын сұрасаң, соған жету жолындағы еңбек тығыздығына дайын бол.

#архив
54🔥12👀4
Метрода көзімді жұмып тұрсам, жанымда екі орыс әңгіме жіберіп отыр. Көзімді ашып қарасам, екеуі де қазақ екен.

Мм, иә, қазақтардың өзара орысша сөйлесуіне көз жұма беруді қашан қояды екенбіз?
50😢20🔥10😁9👍4💯2🤝2🕊1
Ноунеймдер билігі

Бұрын қоғам танымал тұлғаның пікіріне құлақ асатын. Бірақ ол үрдіс қазір жоқ. Өйткені мына заман ноунейм аккаунттардың билік жүргізетін дәуіріне айналды. Бұлардың артықшылығы әр нәрсеге «халық» атынан баға беруге ұмтылуында жатыр. Сол үшін қарапайым жұртшылық оларды «өз арамыздан шыққан», «әділдікті ту еткен топ» деп қабылдайды.

Алайда ол да алдын ала ойластырылған пропаганда болуы мүмкін. Эдвард Бернейс айтпақшы, «бізді біреулер басқарып жатыр: олар ой-санамызды реттеп, талғамымызды қалыптастыруда. Бірақ, өкінішке орай, біз олардың кім екенін де білмейміз».

Шынымен де, біз тредстегі хейт жазбалардың авторын да, ол толқынды бастаған құрылымды да, оның пайда болу себебін де тексермейді екенбіз.
31👍113🤝31
Түнгі қисса №2. Ібіліс тарихы. Қарап көріңіздер. Бұл жолы дыбысы түзелген. Қонақта – автор, сценарист Шыңғысхан Ермахан. Бұл шығарылымда біз Ібіліс сөзінің мағынасы, оның бұрынғы сәулелі ғұмыры, Адам атаны (а.с) азғыруы, жердегі патшалығы туралы деректер келтірдік. Сонымен қатар, «Ібілістің Волан-Де-Мортпен қандай ұқсастығы бар?», «Ібіліс тәубе етсе, Алла кешіре ме?», «Ібілістің премиясы не?» деген сұрақтар төңірегінде қызықты әңгіме өрбіттік.

Сілтеме: YouTube
23👍5🔥31🕊1🤝1
«Мен саған осы жылы:
аз ақпарат,
аз тамақ,
аз ойын-сауық,
аз қарым-қатынас,
аз сыртқы стимул тілеймін.

Өйткені мұның бәрі сенде онсыз да жеткілікті. Ал бұл нәрселердің көп болуы сенің тыныштығыңа, денсаулығыңа, ұйқың мен шығармашылығыңа кедергі келтіреді».

© Павел Дуров
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
58🔥19👍8
Forwarded from Кітаптар
Нұр-Мүбарак университетінің “Исламтану” ғылыми еңбектер мұрағаты

Каналда университет оқытушыларының ғылыми мақалалары, монографиялары және оқу-әдістемелік еңбектері тұрақты түрде жарияланып отырады.

https://t.me/NMUislamtanu

Ал бөлісіңіздер НМУ-лықтар!
19🔥5👀2👍1
«Бір күніңді ешбір жанға зұлымдық қылмай өткізсең – бақыттысың».

© Ибн Атаилла әс-Сакандари
(Алла рақым қылсын)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
64💯8🔥5👍21
Бұл – менің қалтадан ақша шығарып, команда жинап, «серъезно» кіріскен алғашқы жобам. Сырттай оңай көрінгенімен («әшейін әзілдеп отырып әңгіме айтасыңдар ғой»), біраз қажырлы еңбекті талап етеді екен. Өйткені аяқ асты келем деген қонағың келмей қалады, техникалық ақаулар пайда болады, түсіріп біткен соң көңілің толмайды — жалпы айта берсең проблема көп қой. Бірақ не де болса, тәуекел деп бастап кеттік. Тәй-тәй басқан жас жобамызға қолдау көрсеткен барша жанға алғыс білдіремін. Алда бізді бірнеше қызықты шығарылым, жаңа проектілер күтіп тұр. Егер араларыңызда арнамыздың дамуына атсалысам дейтін (түсірілім / техника / локация / интеграция, т.б.) кісілер болса, хабарласыңыздар (жеке чатқа өту). «Түнгі қисса» подкастын көрмеген жандар болса, Paida Media YouTube арнасын қосып көріңіздер. Рақмет:)
64🔥104👍1
Жолым ашылсын десең

«Кім Алладан қорықса, оған тығырықтан шығатын жол ашып береді» (Талақ сүресі).
692👍1
Бір ай бұрын дәл осы кітаптың дизайнын істеп едік. Ал міне, екінші басылымының редакциясына да атсалысып үлгердік (қолдан келгенше).

Өте-өте пайдалы еңбек енді. Қайталап оқып отыру ләзім деп білем. Кітапты қазақ тіліне аударып, біздің қызметімізге сенім артқан Әскен ұстазға рақмет айтамыз.
👍3123🔥8
«Кім Алладан қорықса» – яғни ризық іздеуде тақуалық танытса, Алла оған күмәнді және харам табыстан құтылар жол көрсетеді.

📚 Тәфсир әл-Мәтуриди
63👍9💔4
ДҰҒАДА ДҮНИЕ СҰРАУ

«Мал-мүлік сұрағанда: «осы дүниеде Сені ұмыттырмайтын, ақыретте есеп-сұрақ, жаза болмайтын жеңіл ризық бер» деп дұға ету керек. Осылай дұға жасаған кісі нәпсі қалауларынан аман болады».

📚 Тәжул-арус
61👍9
Метрода оқитын кітабым

Мартин Медоуздың бұл кітабы қызық концепцияға ие: кішігірім мотивация беретін сөздер, кейстер, әртүрлі танымал еңбектерден алынған үзінділер – жылдың әр күніне бөлініп берілген. Менің біршама уақыт медиааскетизмге бет бұруыма, жаңа проектілерді бастауыма себеп болған кітап осы. Аз-аздан оқып, бірден амал етуге тұрарлық туынды деп білем.
34👍10🔥6