Мүмін қайтыс болғанда ең көп жылайтын – шайтан. Өйткені оны бұл дүниеде азғыра алмай кеткені үшін қатты қайғырады.
📚 Мәкәид әш-шайтан
📚 Мәкәид әш-шайтан
❤65👍14💯9
«Когда вас просят продемонстрировать свои знания вне вашей головы, вы понимаете, что знали гораздо меньше, чем думали».
💯30❤17👍5
Қазақ әдебиетінде «кітаби ақындар» дейтін жеке категорияда қарастырылатын тұлғалар бар. Олар басқа ақындардан діни танымының жоғары болуымен ерекшеленсе, өзге діни қызметкерлерден өлең жаза алуымен айрықша болған.
👍26❤9
В. Радлов 1860 жылдары қазақ жеріне сапар шекті. Оның айтуынша, қазақтар өзінің халық поэзиясын екі түрге бөлген: «қара сөз» және «кітап сөз».
«Қара сөз» деп қазақтар ауыздан-ауызға мұра боп қалған шығармаларды айтқан. Ал «кітап сөз» деп мұсылмандық қиссалар, аңыздар қамтылған еңбектерді атады. Оны әдетте молдалар жергілікті жұртқа ислам дінін уағыздау үшін шығарған.

❤30👍11
KITAPSHOLU S2 EP1.pdf
75.3 MB
«KITAPSHOLU» жобамыздың екінші маусымы басталды. Бірінші шығарылымда шолу жасалған кітаптар:
1) «Қара жел»
Бекежан Тілегенов
Баяндаушы: Barqytbell
2) «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев
Баяндаушы: Жаһанбике
3) «Оң қол»
Төлен Әбдік
Баяндаушы: Бүрлен
Шығарылым серіктесі:
Qasymkitap
1) «Қара жел»
Бекежан Тілегенов
Баяндаушы: Barqytbell
2) «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев
Баяндаушы: Жаһанбике
3) «Оң қол»
Төлен Әбдік
Баяндаушы: Бүрлен
Шығарылым серіктесі:
Qasymkitap
❤17⚡4👍3✍1
«Только учитель, который обладает наукой и любит её, сможет плодотворно влиять на своих учеников».
© Д.Менделеев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42👍8
«Тарихи деректерді қазіргі саясаттың мүддесіне пайдалануға болмайды деп санаймын».
© Қ.Тоқаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤36👍12👎4
Forwarded from Barqytbell
Қандай ғылым саласынан яки белгілі бір пәннен жүрексінетін болсаң одан сабақ бер.
📕Шейх Әдһам әл-Асими
📕Шейх Әдһам әл-Асими
❤61👍22
«Алла Тағала салиқалы адамдардың хикаясы арқылы құлдарының жүрегін бекем қылады».
© Әбу Ханифа
(Алла рақым қылсын)
(Алла рақым қылсын)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤63🔥12👍9
Старение – это не только негатив, связанный с тем, что вы умрете, но и позитив, связанный с осозанием своей смертности, и благодаря этому живете лучше.
© Митч Элбом
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42👍3
Жаңа жоба бастап кеттік. Алла сәтін салсын. Халыққа пайдалы еткей. Түнгі қисса.
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ILmvcHULgC0
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ILmvcHULgC0
❤29👍15⚡4🔥3💯1🤝1
РЕДАКТОР КҮНДЕЛІГІ #1
Тіл ғалымдары арасында араб есімдерін жазу мәселесінде едәуір пікір алуандығы бар. Мысалы, біреуі «Махмуд» деп жазса, бірі «Махмұд» дейді. Ал кейбірі «Махмұт» деген қазақи қолданысқа жақын нұсқаларын пайдаланады. Рабиға Сыздық секілді мәшһүр лингвистер де өзге тілден енген есімдердің әртүрлі жазылу мүмкіндігін жоққа шығармаған. Бірақ ескеру керек мәселе мынау – автор еңбегінде осылардың қай нұсқасын таңдаса, соны соңына дейін қолдану керек. Яғни есімдерде бірізділік сақтау қаламгердің ұқыптылығын білдіреді дейміз. Рашид Мұхитдинов бір сөздің өзін тоғыз түрлі жазатын кісілердің де бар екенін айтып еді.

❤28👍15
Метрода көзімді жұмып тұрсам, жанымда екі орыс әңгіме жіберіп отыр. Көзімді ашып қарасам, екеуі де қазақ екен.
Мм, иә, қазақтардың өзара орысша сөйлесуіне көз жұма беруді қашан қояды екенбіз?
Мм, иә, қазақтардың өзара орысша сөйлесуіне көз жұма беруді қашан қояды екенбіз?
❤50😢20🔥10😁9👍4💯2🤝2🕊1
Ноунеймдер билігі
Бұрын қоғам танымал тұлғаның пікіріне құлақ асатын. Бірақ ол үрдіс қазір жоқ. Өйткені мына заман ноунейм аккаунттардың билік жүргізетін дәуіріне айналды. Бұлардың артықшылығы әр нәрсеге «халық» атынан баға беруге ұмтылуында жатыр. Сол үшін қарапайым жұртшылық оларды «өз арамыздан шыққан», «әділдікті ту еткен топ» деп қабылдайды.
Алайда ол да алдын ала ойластырылған пропаганда болуы мүмкін. Эдвард Бернейс айтпақшы, «бізді біреулер басқарып жатыр: олар ой-санамызды реттеп, талғамымызды қалыптастыруда. Бірақ, өкінішке орай, біз олардың кім екенін де білмейміз».
Шынымен де, біз тредстегі хейт жазбалардың авторын да, ол толқынды бастаған құрылымды да, оның пайда болу себебін де тексермейді екенбіз.

❤31👍11✍3🤝3⚡1