dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Қазір мешіттерде тек хор қыздары туралы «ұятсыз» уағыздар айтылады» дейтіндер қандай-қандай мешіттерге барып жүр өзі?) Жалпы мешітке кіріп көріп пе екен? Әлде адамдар қиып салған инстадағы бір-екі үзік видеоны көріп, баға берді ме?
👍3914👀14💔5
ОМАР ИБН АБДУЛАЗИЗ

Омар ибн Абдулазиз (Алла рақым қылсын) Мәдина қаласының әмірі болып тағайындалғанда, жергілікті он ғалымды құзырына жинап, былай деді:

«Расында, мен сендерді сауапты амалға шақырамын. Ол іс арқылы біз хақты жеткізуде бір-бірімізге көмекші боламыз. Мен сендердің қайсыбіріңнің қатысуынсыз, ой-пікірінсіз шешім шығарғым келмейді. Егер сендер қандай да бір жанның шектен шыққанын көрсеңдер, я болмаса қайбір қызметшінің зұлымдығынан хабардар болсаңдар, маған міндетті түрде жеткізіңдер».

📚 Сияр ағлам ән-нубәлә
40👍15🕊2
Тақуа тұлға көзін төмен түсіреді. Оныменен шайтанның жұмысы болмайды, улы уәсуәсасы ұмытылады.

Тақуа тұлға өзін төмен түсіреді. Сол арқылы нәпсісіне көңілі толмайды, сауапты іске көбірек ұмтылады.
80👍8
«Независимо от вашей цели/проекта, никогда не позволяйте себе пропустить два дня подряд».

© Лео Бабаута
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
58👍14🤝8💯3
Қазір адамдардың «көзі ашық» болғаны соншалық, өзгелердің қателігіне «көз жұму» дегенді ұмытты.

📚 «Кітап сияқты кітап»
63😢22👍6🔥3🕊3
ҺИДАЯТ ПЕН ТАУФИҚ

Кезінде ұстазымыз: «Маған дұғаларыңда тек һидаят пен тауфиқ тілеп қойсаңдар жеткілікті», – деп айтатын. Сол кезде бұл өтініш маған тым қарапайым дүние боп көрінген еді. Өйткені «онсыз да Фатиха сүресінде тура жол сұраймыз, істеп жүрген нәрсеміз де – Алланың разы болатын ғылым жолы емес пе?!» деп тарөрісті пікірлерімді паш етпесем де, іштей ойлап қоятынмын. Кейін жылдар өте келе, ұстаздың бұл дұғасы қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Өйткені біз сенген, болашағынан үлкен үміт күткен таудай тұлғалардың өзі шалыс басып, исламға мүлде кереғар пікірлер білдіріп, дінге қарама-қайшы өмір салтын ұстанып кетті. Кезінде басқа шәкірттердің үстінен күліп сөйлеген достарымның біразы руханияттан өте алыс жерлерде қызмет етіп жүр. Тек діни кадр болу керек деген қатаң қағиданы қарастырмасақ та, Құдайдан алыстамау деген принципті ұстану маңызды емес пе? Сол үшін мен де өзімнің болашағымның бұлыңғыр болуынан, дүниеден рухани тас-кедей боп өтуден қорқамын. Ақырымыз қалай болатынын білмейміз. Алайда оны шамамен болжай алатын бір әдіс бар, ол — қазір не істеп жүргенімізге назар аудару. Алла берекелі, салиқалы ғұмыр нәсіп етсін! Тауфиқ пен һидаяттан айырмасын!
58🔥114💯3💔3
«Алла бір құлына жақсылық қаласа, оның жүрегіне өз-өзін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаратын «насихатшы» орнатады».

© Мұхаммад ибн Сирин
(Алла рақымына бөлесін)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
94🔥11👍3
XXI ғасырдағы ең құнды қабілет — ойыңды жан-жаққа шашыратпай, бір іске зейін қою, назарыңды бір жерге шоғырландыру.
👍5533💯13
— Маған болашаққа тілек айтшы!
— Топырағың торқа болсын 🤲🏻

📚 «Кітап сияқты кітап»
😁3624😢14👍3
«Appear weak when you are strong, and strong when you are weak».

© Sun Tzu (The Art of War)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
30🕊5👍4💯2
ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ

«Біздің ұлттық, тілдік-дыбыстау жүйе­мізге орыс тілі мен кирилше әліпби көп зиянын тигізгенін ғалымдар да жоққа шығармайды. Ол жөнінде талай жазды. Мы­салға қазақ жіңішке, ұяң дыбыстарды көп қолданып сөйлеген. Көздерінің тірісінде классик атанған Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин «әдәбиәт, мәдәниәт» деп сөйлегендерін студент кезімізде ет құлағымызбен естідік. Сол замандағы қазақы ауылдағы қарттар да солай сөй­лейтін. Ал қазір біз орфографияның көрсеткені бойынша әдебиет, мәдениет деп жазамыз, сөйлейміз. Демек, тіл үшін орфографиямен қатар, орфоэпия да өте-мөте маңызды».

© Дағжан Белдеубай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
30🔥5👍2🕊2
Бұған мысал ретінде Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін келтірсек болады. Қазіргі кітаптарда «Және хақ жол осы деп әділетті» деген үзінді кітаптың 1909 жылы Санкт-Петербургта басылып шыққан ерте нұсқасында «әдәләтті» сөзімен жазылған. Міне, сонда ғана бұл шумақтың дыбыстық үйлесімі іске асады: «адамзатты» – «жаннат тәтті» – «әдәләтті». Ал «әділетті» деп қазіргі қолданыста оқу өлеңнің дәмін кетіріп жіберетіндей. Сіз қалай ойлайсыз?
31👍7🕊6
Жазу оңай емес. Сырттай оңай көрінуі мүмкін, бірақ пост жазудың өзі талай уақыт алады. Кейде бір цитатаның өзін бірнеше күн аударып жүресің. Ал кейде мәтін теруге ерініп, жазбаңды соңына дейін жетк
😁9521🔥6👍43😢1👀1🫡1
Үндемей жүріп, бәрін бітіретін таныстарың бар шығар? Сен де сондай бол.
👍6329🔥6💯3
Міне, осы жүйені ұстану керек:
1) ғылыми айналымға енгізетін академиялық еңбек жазу;
2) қарапайым халыққа арналған қызықты шығарма ұсыну.
27👍5
«Істің басы — ретін танымақтық».

© Абай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
499👍5
Pew Research Center ұсынған әртүрлі буын өкілдерінің схемасы
21👍2
Кей жақындарыңның саған қатысты сыны аяқтан шалу үшін емес, керісінше, аяққа нық тұруың үшін айтылады.
👍3124
Жаңа мешіттердің ашылғанын көргенде: «Одан да аурухана салмайсыңдар ма?» дей беретін кісілерге шынымен де жеке бір аурухана салып беру керек секілді...

📚 «Кітап сияқты кітап»
57😁13👍11👎1
ҚАБЫЛ МЕН ӘБІЛ

Қабыл бауыры — Әбілді өзінің бір құрсақтан шыққан қарындасын қызғанғаны үшін ғана өлтірген жоқ. Оның бұл әрекетінің себебі тереңде жатыр. Ғалымдардың айтуынша, ондағы мотивтердің бірі — Қабылдың өз туған жерін жоғары санап, сонымен тәкаппарлық қылуы еді. Өйткені бір көзқарас бойынша, Қабыл мен оның егіз қарындасы жәннатта дүниеге келген. Ал Әбіл мен оның сыңары жерге түскен соң туған. Сондықтан Қабыл жұмақ пен жер тумасының жұп болуын ар санады.
👀2413👍7🔥7🤔1
«Расында, мен жанымды көңіл көтерумен демалдырамын. Сол арқылы ақиқат жолына күш жинаймын».

© Әбу Дарда (Алла разы болсын)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
45👍14