dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
РАНДОМ КҮН

Әлеуметтік желілердің қауіпті тұсы — алдыңнан рандом бейнелердің шыға келуі. Яғни дәл қазір ойыңда болмаған, қаперіңе алмаған дүниелерге жолыққаныңда, негізгі фокусыңды жоғалтып аласың. Сөйтіп, жоспарыңнан тыс мәселелерге көңілің ауады: аяқ асты бір фильмнің үзіндісін көріп қалып, соның толық метрін тамашалап кетесің; жаңа тренд видеоға кезігіп, сол стильде түсірілген бейнелерді іздеуге көшесің. Сосын «ұйықтай алмай жатырмын» деп, фон ретінде қызықты подкастарды қосып қоясың. Тілегеннің бір-екі әзіліне сықылықтап күліп, ұйқың ашылып кетеді де, тыңдайм деген подкастыңды көре бастайсың. Сосын ютубтың оң жағында тұрған ұқсас видеолардың тізіміне көзің түсіп, олардың да «ақысын» бересің. Осылай күнің де, түнің де жүйесіз, жоспарсыз — кездейсоқ амалдарға толы өте шығады.
54💔23👍8🔥5
«Ізгі сөз айту – садақа»

«Садақа берген жан рухани жеңілдік сезінгені сияқты, ізгі сөзді айту да адамды қуанышқа бөлеп, теріс әсерлерден сақтайды».

© Ибн Баттал
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
57👍17
Шалыс бассаң, дұрыс бағытты көрсетуге әзір достарыңның барына қуан. Бұрыстығыңды бетіңе баспай, әдеппен әрлеп жеткізетін жақын жандарың болса, одан бетер шаттан.
64👍9🔥3
«Бұрын ізгі аналар ұйықтап жатқан сәбилерін түн ортасында оятып, сүт береді екен. Бұл балаларының түннің бір уағында тұрып, болашақта тәһәжжүд намазын оқуға дағдылануы үшін істелген».

© Шейх Яхия Родус
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
99👍18🔥8🕊64
Магия одного идеального дня

Что если бы ты мог внедрить в свою жизнь настоящую магию — когда результат всего года зависит от того, как ты проведёшь сегодняшний день. Представь, тебе говорят: «То, как ты сегодня работаешь, питаешься, тренируешься, заботишься о себе, контролируешь мысли и действия — именно это определит твой финальный результат за год». Например, ты сегодня выложился на максимум на работе — и по итогам дня получаешь работу мечты, о которой давно мечтал. Всё зависит только от того, каким был твой сегодняшний день.

Вопрос: выложился бы ты? Постарался бы на полную? Нашёл бы силы и мотивацию? Конечно же, да!

© Игорь Войтенко. «Создай один идеальный день». Арена.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
34👍5👎2🔥1
Кағб ибн Ужра — қолы шолақ сахабалардың бірі еді. Бір күні оны алғаш көрген жас жігіт әкесіне: «Ана кісінің қолы шолақ қой», – деді. Сонда әкесі: «Балам, ол кісінің қолы әлдеқашан жәннатқа кіріп қойған. Енді, Алла қаласа, өзі де қолының артынан еріп, жұмақта болады», – деп жауап берген екен. Алла ол кісіге разы болсын!

📚 Сияр ағләм ән-нубәлә
53👍7🔥6
ТЕЛЕГРАМДАҒЫ ЛАЙФХАК

Әдетте телеграмға кірсеңіз, алдыңыздан «Барлық чат» бөлімі күтіп алады. Сөйтіп, сіз мыңдаған арнаның тоғысқан жерінде тұрып қаласыз да, сол баяғы соңы жоқ скроллиңге тап боласыз. Оның шешімі: «Барлық чат» бөлімін артқа ығыстыру, өзіңізге керек папканы бірінші қою. Сонда әр кірген сайын өзіңізге маңызды дүниелер бірінші көрсетіліп, ойыңыздағыны іске асыра аласыз. Фокус қойып үйренесіз.
👍2710🕊4💔3🔥1
ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ІЛІМ АЛУЫ

«Ілім талап ету – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» деген біздің қазақ халқында қыз баланы оқытушы бек аз. Қыз баланы оқыту – зор айып сияқты білушілеріміз де бар. Кейбір оқытушылар білсе де, қыз балалары бір аз ғана оқып, намаздың ниетін, әттахият, тағы да бір-екі қысқа сүре білсе, бір-екі дұға білсе, «ойбой, намаздығын білді» деп қайтып оқытпайды. Жазу жазып, хат танып, молла болар десең, қыз балаға хат танудың керегі жоқ деп біледі. Не үшін десең, бұзылуына себеп болады дейді. Алла сақтасын! Еш оқу білмегендердің де бұзықтығы көз алдымызда.

📚 Мұхаметсәлім Кәшімов. Насихат қазақия. Қазан: Матбәға-и Каримия, 1908. – 26 б.
56👍10💔6
«Қазір мешіттерде тек хор қыздары туралы «ұятсыз» уағыздар айтылады» дейтіндер қандай-қандай мешіттерге барып жүр өзі?) Жалпы мешітке кіріп көріп пе екен? Әлде адамдар қиып салған инстадағы бір-екі үзік видеоны көріп, баға берді ме?
👍3914👀14💔5
ОМАР ИБН АБДУЛАЗИЗ

Омар ибн Абдулазиз (Алла рақым қылсын) Мәдина қаласының әмірі болып тағайындалғанда, жергілікті он ғалымды құзырына жинап, былай деді:

«Расында, мен сендерді сауапты амалға шақырамын. Ол іс арқылы біз хақты жеткізуде бір-бірімізге көмекші боламыз. Мен сендердің қайсыбіріңнің қатысуынсыз, ой-пікірінсіз шешім шығарғым келмейді. Егер сендер қандай да бір жанның шектен шыққанын көрсеңдер, я болмаса қайбір қызметшінің зұлымдығынан хабардар болсаңдар, маған міндетті түрде жеткізіңдер».

📚 Сияр ағлам ән-нубәлә
40👍15🕊2
Тақуа тұлға көзін төмен түсіреді. Оныменен шайтанның жұмысы болмайды, улы уәсуәсасы ұмытылады.

Тақуа тұлға өзін төмен түсіреді. Сол арқылы нәпсісіне көңілі толмайды, сауапты іске көбірек ұмтылады.
80👍8
«Независимо от вашей цели/проекта, никогда не позволяйте себе пропустить два дня подряд».

© Лео Бабаута
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
58👍14🤝8💯3
Қазір адамдардың «көзі ашық» болғаны соншалық, өзгелердің қателігіне «көз жұму» дегенді ұмытты.

📚 «Кітап сияқты кітап»
63😢22👍6🔥3🕊3
ҺИДАЯТ ПЕН ТАУФИҚ

Кезінде ұстазымыз: «Маған дұғаларыңда тек һидаят пен тауфиқ тілеп қойсаңдар жеткілікті», – деп айтатын. Сол кезде бұл өтініш маған тым қарапайым дүние боп көрінген еді. Өйткені «онсыз да Фатиха сүресінде тура жол сұраймыз, істеп жүрген нәрсеміз де – Алланың разы болатын ғылым жолы емес пе?!» деп тарөрісті пікірлерімді паш етпесем де, іштей ойлап қоятынмын. Кейін жылдар өте келе, ұстаздың бұл дұғасы қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Өйткені біз сенген, болашағынан үлкен үміт күткен таудай тұлғалардың өзі шалыс басып, исламға мүлде кереғар пікірлер білдіріп, дінге қарама-қайшы өмір салтын ұстанып кетті. Кезінде басқа шәкірттердің үстінен күліп сөйлеген достарымның біразы руханияттан өте алыс жерлерде қызмет етіп жүр. Тек діни кадр болу керек деген қатаң қағиданы қарастырмасақ та, Құдайдан алыстамау деген принципті ұстану маңызды емес пе? Сол үшін мен де өзімнің болашағымның бұлыңғыр болуынан, дүниеден рухани тас-кедей боп өтуден қорқамын. Ақырымыз қалай болатынын білмейміз. Алайда оны шамамен болжай алатын бір әдіс бар, ол — қазір не істеп жүргенімізге назар аудару. Алла берекелі, салиқалы ғұмыр нәсіп етсін! Тауфиқ пен һидаяттан айырмасын!
58🔥114💯3💔3
«Алла бір құлына жақсылық қаласа, оның жүрегіне өз-өзін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаратын «насихатшы» орнатады».

© Мұхаммад ибн Сирин
(Алла рақымына бөлесін)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
94🔥11👍3
XXI ғасырдағы ең құнды қабілет — ойыңды жан-жаққа шашыратпай, бір іске зейін қою, назарыңды бір жерге шоғырландыру.
👍5533💯13
— Маған болашаққа тілек айтшы!
— Топырағың торқа болсын 🤲🏻

📚 «Кітап сияқты кітап»
😁3624😢14👍3
«Appear weak when you are strong, and strong when you are weak».

© Sun Tzu (The Art of War)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
30🕊5👍4💯2
ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ

«Біздің ұлттық, тілдік-дыбыстау жүйе­мізге орыс тілі мен кирилше әліпби көп зиянын тигізгенін ғалымдар да жоққа шығармайды. Ол жөнінде талай жазды. Мы­салға қазақ жіңішке, ұяң дыбыстарды көп қолданып сөйлеген. Көздерінің тірісінде классик атанған Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин «әдәбиәт, мәдәниәт» деп сөйлегендерін студент кезімізде ет құлағымызбен естідік. Сол замандағы қазақы ауылдағы қарттар да солай сөй­лейтін. Ал қазір біз орфографияның көрсеткені бойынша әдебиет, мәдениет деп жазамыз, сөйлейміз. Демек, тіл үшін орфографиямен қатар, орфоэпия да өте-мөте маңызды».

© Дағжан Белдеубай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
30🔥5👍2🕊2
Бұған мысал ретінде Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін келтірсек болады. Қазіргі кітаптарда «Және хақ жол осы деп әділетті» деген үзінді кітаптың 1909 жылы Санкт-Петербургта басылып шыққан ерте нұсқасында «әдәләтті» сөзімен жазылған. Міне, сонда ғана бұл шумақтың дыбыстық үйлесімі іске асады: «адамзатты» – «жаннат тәтті» – «әдәләтті». Ал «әділетті» деп қазіргі қолданыста оқу өлеңнің дәмін кетіріп жіберетіндей. Сіз қалай ойлайсыз?
31👍7🕊6
Жазу оңай емес. Сырттай оңай көрінуі мүмкін, бірақ пост жазудың өзі талай уақыт алады. Кейде бір цитатаның өзін бірнеше күн аударып жүресің. Ал кейде мәтін теруге ерініп, жазбаңды соңына дейін жетк
😁9521🔥6👍43😢1👀1🫡1