dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Мұсылманның ғұмыры неткен ғажап деп ойланып, толғана тебіреніп отырмын. Өйткені ол абсолют еркіндікке ұмтылмай, белгілі бір шектеулермен жүреді — өмір сонысымен де қызық қой. Мысалы, кез келген кафеге бара бермейсің, тек халал асхана табуға тырысасың. Адамдардың «жоғары мәдениет» деп қабылдайтын өнер түрлеріне қызықсаң да, шариғатқа қайшы тұстарына жоламайсың. Әрбір жылтыр дүниеге қызықпайсың, тек керегін аласың. Тіпті спорттың өзіне таңдап қатысасың. Яғни бірнеше нұсқаның ішінен дұрысын сұрыптап алуға уақытың мен энергияңды жұмсайсың, фокус қоясың.

Бірақ бұл арқылы «өзімнің адамгершілік құқығымды шектеп жүрмін» деп ойлама, өйткені сен жүйемен жүрсің! Алланың өзі бекіткен жүйемен! Бақыт қой, бақыт…
27👍18🔥5
Forwarded from Khankeldi Sardar
Әбу Бәкір ибн Әли ибн әс-Саррадж шәкірттеріне айтатын:
«Сөзімді түсінбей жатсаңдар да жаттап алыңдар. Жаттап алған соң міндетті түрде түсінесіңдер».

Мағынасы:
Кейде ұстаздың айтқан ілімі бастапқыда ауыр немесе түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ соны жаттап алған адам уақыт өте келе тәжірибе және қайталаумен оның мәнін аша бастайды. Бұл – ғұламалардың дәстүрлі оқыту әдісі: әуелі жаттау, кейінірек түсіну келеді.

Ұстазымыз Шейх Фаузи Кунати айтатын:
«Сені “жаттама, түсінсең болды” дейтін ұстаздан арыстаннан қашқандай қаш!
Өйткені сен жаттамайсың, “түсінсем болды” дейсің, ал сосын түсінбейсің де, жаттамайсың да».
39👍2
Сонда құлаққап тақпай еш нәрсе бітіре алмайсың ба?
29😁14👍2🔥2💯2
1010🔥2👍1
«Ендеше не істеп тұрмыз? Кеттік!» дейтін кітап:)
🔥2312😁4👍1🤔1🕊1
Өзіңе қатысы жоқ, пайдасы аз дүниеге «ғапыл» болу — кемшілік емес
376👍2🤔2🔥1
Кеше мәулітке бардым. Қойылымның орта тұсында жер сілкінісі туралы хабар келді. Көрермендердің аз бөлігі сыртқа шығып кетті. Жан-жағыма қарасам, бас мүфти, елімізге танымал ғалымдар, имамдар жүр екен. Содан: «осы жерден аттансам да жаман емес-ау», — деп отыра бердім:)
😁5428👍8👀2🤔1
«Ерлі-зайыптылар кемшіліксіз бола алмайды. Кімде-кім өзіне барлық айыптан ада жұбай іздесе, жұпсыз қалмақ. Кез келген адамның, әсіресе мүміннің әйтеуір бір мақтаулы қасиетінің болмауы мүмкін емес. Адамның сол сипаттарға назар аударып, олармен өзге кемшіліктерді жауып қоюы міндет саналады».

©️Мулла Али әл-Қари
52👍10🔥2
Күрделі кітапты түсіну – құлыптаулы қақпаны ашу секілді. Оны бір мәрте қағып қою жеткіліксіз. Ең болмағанда, бірнеше рет қайталап сілкіп көру керек. Алайда оны ашудың ең оңай жолы – «ұстаз» деген кілтті қолдану.
43👍10🔥2
Имам Әбу Ханифаның (Алла рақым етсін) шәкірті ұстазынан өз өлкесіне қайтар уақытында кеңес сұрайды. Сол кезде ғалымның айтқан бірінші кеңесі: «Киіміңді жаңарт, хош иіссу қолдануыңды көбейт».
45👍5🔥4
Бұ бір ғажап подкаст болды! Тіпті факт келтірмеген кей үзінділерінің өзінде жаттап алуға тұрарлық тіркестер қолданады екен. Діни танымының да түрлі тақырыпта көрініс табуы мені исламтанушы ретінде қуантпай қоймады. «Кездесу керек» дейтін тұлғалар тізіміне қосып қойдым:)
47🔥18👍8
«Бездельник считает, что наслаждается жизнью, но рано или поздно ему придется столкнуться с разочарованием».

©️Фаусто Черчиньяни
41👍93🔥2🕊2
Ыбырай Алтынсарин. Киргизская хрестоматия. – Оренбург: Типография И.И.Евфимовского-Мировицкого, 1879. - 76 с.
👍3719
Критический анализ старых источников приводит к новым фактам.
27👍5🔥2
«Вместо того чтобы использовать мечи для отсечения вражеских голов, используйте свои головы для победы над вражескими мечами».

©️ Т. Хидэёси
21🔥12🫡7👍2
Адамды асыра мақтау

Кімде-кім бір адамды бойында жоқ қасиеттерімен мақтаса, ол әлгі мақтауларды шын көріп, өз-өзіне ғажаптанып, кібірлікке бой алдыруы мүмкін. Нәтижесінде амалдарын азайтып, қосымша құлшыныстарын тоқтатуы ықтимал.

🖋 Бадруддин әл-Айни 🇧🇬
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
52👍3💔3
Адамды көзінше мақтау

«Мақтаушылардың жүзіне топырақ шашыңдар» деген хадис шектен шыққан «мақтағыштарға» қатысты айтылған. Ал адамды көзінше мақтау барысында оның бойында бар қасиеттерін айтып сипаттау айып емес.

Өйткені Алла елшісін (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хассан ибн Сабит пен Кағб ибн Зуһайр өздерінің өлеңдерінде мадақтаған кезде, оларға қарсы әрекет қылмаған.

🖋 Бадруддин әл-Айни 🇧🇬
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
39🔥6👍2
«Практически каждое действие человека в той или иной степени является выражением того, что мы думаем о себе».

© Гордон Ливингстон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
246👍3🕊2
Хадисте мысықты қамап, оған ешбір азық бермей қинаған кісінің тозаққа кіретіні туралы айтылған. Ал енді тұтас бір халықты «қамап», оларға жіберілген азық-түлік түрлерін жеткізбей қинаған «адам» ше?
😢44💔30152💯2👍1
«Я пишу только тогда, когда приходит вдохновение. К счастью, каждое утро в девять».

© Уильям Фолкнер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
26👍15
РАНДОМ КҮН

Әлеуметтік желілердің қауіпті тұсы — алдыңнан рандом бейнелердің шыға келуі. Яғни дәл қазір ойыңда болмаған, қаперіңе алмаған дүниелерге жолыққаныңда, негізгі фокусыңды жоғалтып аласың. Сөйтіп, жоспарыңнан тыс мәселелерге көңілің ауады: аяқ асты бір фильмнің үзіндісін көріп қалып, соның толық метрін тамашалап кетесің; жаңа тренд видеоға кезігіп, сол стильде түсірілген бейнелерді іздеуге көшесің. Сосын «ұйықтай алмай жатырмын» деп, фон ретінде қызықты подкастарды қосып қоясың. Тілегеннің бір-екі әзіліне сықылықтап күліп, ұйқың ашылып кетеді де, тыңдайм деген подкастыңды көре бастайсың. Сосын ютубтың оң жағында тұрған ұқсас видеолардың тізіміне көзің түсіп, олардың да «ақысын» бересің. Осылай күнің де, түнің де жүйесіз, жоспарсыз — кездейсоқ амалдарға толы өте шығады.
54💔23👍8🔥5