dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Природная лень побуждает человека избегать авторов, которые требуют постоянного напряжения ума. Поэтому первой задачей образования должен стать решительный отказ от питания ума консервированной болтовней».

©️Алистер Кроули
24🔥8
«Бойындағы теріс әдеттерін өзгертпеген адам өзін азат санаса да, нәпсісінің тұтқыны болып қала бермек».

©️ Абдулкарим Баккар
24👍17🔥8
Мен үшін идеал кітап адамдарды толғандыратын тақырыпта жазылуы керек. Сондай-ақ онда дәлелі бар мағлұматтар болуы ләзім. Нақты қай беттен алынғаны көрсетілсе де жөн болар еді, бірақ оны шарт деп есептемеймін. Тек соңына «Пайдаланылған әдебиеттер» бөліміне кітаптың атауын, баспасы мен жылын жазып кетсе, «нағыз кітап» деп есептеледі. Сондай-ақ құрғақ фактілерді келтіре бермей, арасында қызықты оқиғалар, қиссалар, кейс-стадилер ұсынылса, нұр үстіне нұр болады. Олардан шығатын тұжырымдар да қамтылса, автордың жеке ойын білуге мүмкіндік туар еді. Әйтпесе әртүрлі кітаптардан қазақ тіліне көшірілген аударма ғана болып қалу ықтималы бар. Сосын әр тараудың басына я соңына тақырыпқа сәйкес цитаталар берілсе, мүлде «ғажайыптар маусымы» деп бағалар едім. Кіріспе мен қорытындының өзін «жай ғана толтырылуы керек» бөлім емес, автордың шеберлігі көрсетілетін алаң деп білем.
24🔥4
Өзіміз 2023-тің соңында «Орамал мен қазақ» деген кітап жазып көрдік. Жоғарыдағы «шарттар» осы еңбекте сәл-пәл көрініс табатын секілді. Дегенмен әлі де толықтыруларды қажет етеді. Кей жерінде тым адуын кетіп қалғанымызды байқадық. Қосатын, жаңалайтын жерлері көп.

Ал одан кейінгі «Береке», «Таң намазына тұрудың жолдары», «Диплом жазу», «Нұрлы хат» деген еңбектерімізді «кітап» деп есептемеймін. Олар — қысқа-нұсқа жазылған гайд шығармалар. Мақсат тез арада сол тақырыптарды халыққа оңай түрде жеткізу ғана болды. Ал егер жоғарыда айтылған қағидаларды қосар болсақ, оларды әжептәуір кітап болып қалар деп үміттенеміз.
28👍3
«Сол күні тозақ келтіріледі де әрі сол күні адамзат түсінеді. Бірақ ол түсінуден оған не пайда?»

89:23
💔3210👍2
Forwarded from Orientalist's Notes
6👍4🔥1
Арсен Шәди ағамыздың кезекті кітабы. Алла берекелі, пайдалы етсін!
74👍3💔2
Мұсылманның ғұмыры неткен ғажап деп ойланып, толғана тебіреніп отырмын. Өйткені ол абсолют еркіндікке ұмтылмай, белгілі бір шектеулермен жүреді — өмір сонысымен де қызық қой. Мысалы, кез келген кафеге бара бермейсің, тек халал асхана табуға тырысасың. Адамдардың «жоғары мәдениет» деп қабылдайтын өнер түрлеріне қызықсаң да, шариғатқа қайшы тұстарына жоламайсың. Әрбір жылтыр дүниеге қызықпайсың, тек керегін аласың. Тіпті спорттың өзіне таңдап қатысасың. Яғни бірнеше нұсқаның ішінен дұрысын сұрыптап алуға уақытың мен энергияңды жұмсайсың, фокус қоясың.

Бірақ бұл арқылы «өзімнің адамгершілік құқығымды шектеп жүрмін» деп ойлама, өйткені сен жүйемен жүрсің! Алланың өзі бекіткен жүйемен! Бақыт қой, бақыт…
27👍18🔥5
Forwarded from Khankeldi Sardar
Әбу Бәкір ибн Әли ибн әс-Саррадж шәкірттеріне айтатын:
«Сөзімді түсінбей жатсаңдар да жаттап алыңдар. Жаттап алған соң міндетті түрде түсінесіңдер».

Мағынасы:
Кейде ұстаздың айтқан ілімі бастапқыда ауыр немесе түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ соны жаттап алған адам уақыт өте келе тәжірибе және қайталаумен оның мәнін аша бастайды. Бұл – ғұламалардың дәстүрлі оқыту әдісі: әуелі жаттау, кейінірек түсіну келеді.

Ұстазымыз Шейх Фаузи Кунати айтатын:
«Сені “жаттама, түсінсең болды” дейтін ұстаздан арыстаннан қашқандай қаш!
Өйткені сен жаттамайсың, “түсінсем болды” дейсің, ал сосын түсінбейсің де, жаттамайсың да».
39👍2
Сонда құлаққап тақпай еш нәрсе бітіре алмайсың ба?
29😁14👍2🔥2💯2
1010🔥2👍1
«Ендеше не істеп тұрмыз? Кеттік!» дейтін кітап:)
🔥2312😁4👍1🤔1🕊1
Өзіңе қатысы жоқ, пайдасы аз дүниеге «ғапыл» болу — кемшілік емес
376👍2🤔2🔥1
Кеше мәулітке бардым. Қойылымның орта тұсында жер сілкінісі туралы хабар келді. Көрермендердің аз бөлігі сыртқа шығып кетті. Жан-жағыма қарасам, бас мүфти, елімізге танымал ғалымдар, имамдар жүр екен. Содан: «осы жерден аттансам да жаман емес-ау», — деп отыра бердім:)
😁5428👍8👀2🤔1
«Ерлі-зайыптылар кемшіліксіз бола алмайды. Кімде-кім өзіне барлық айыптан ада жұбай іздесе, жұпсыз қалмақ. Кез келген адамның, әсіресе мүміннің әйтеуір бір мақтаулы қасиетінің болмауы мүмкін емес. Адамның сол сипаттарға назар аударып, олармен өзге кемшіліктерді жауып қоюы міндет саналады».

©️Мулла Али әл-Қари
52👍10🔥2
Күрделі кітапты түсіну – құлыптаулы қақпаны ашу секілді. Оны бір мәрте қағып қою жеткіліксіз. Ең болмағанда, бірнеше рет қайталап сілкіп көру керек. Алайда оны ашудың ең оңай жолы – «ұстаз» деген кілтті қолдану.
43👍10🔥2
Имам Әбу Ханифаның (Алла рақым етсін) шәкірті ұстазынан өз өлкесіне қайтар уақытында кеңес сұрайды. Сол кезде ғалымның айтқан бірінші кеңесі: «Киіміңді жаңарт, хош иіссу қолдануыңды көбейт».
45👍5🔥4