«Не считайте свои неудачи бесполезной тратой времени и энергии. Часто неудача может открыть новые возможности или привести к важным открытиям».
📚 365 дней самодисциплины
📚 365 дней самодисциплины
❤37⚡4
Лингвистер «туу» сөзін ырықсыз етісте қолдану — орыс тілінен енген калька дейді. Сонда «туылған күн» емес, «туған күн» деп айту дұрыс.
Бірақ осы тұста мынадай сұрақ туындайды: «لم يلد ولم يولد» аятын қалай аударамыз?
Филолог Назгүл Қожабек оған мынадай аударма ұсынады: «Ол ешкімнен тумаған, Одан ешкім туған жоқ».
* «Туылды» деген нұсқаны да қолданатын филолог ғалымдар бар

👍24❤14🔥2
Мешіттегі қытай жігіт
Сағат 10:00. Жұмыс орныма жетіп қалдым. Бірақ есік құлыптаулы екен. Демалыс. Содан мешітке барып, өз істерімді атқаруды шештім. Алматы Орталық мешіті маңында әдеттегідей шетел азаматтары өріп жүр. Арасындағы батылдаулары мешіт ішіне кіріп, Алла үйін тамсана суретке түсіруде. Кейін тым батыл біреуі менің жаныма келіп, мұсылманша сәлем берді. Мен де үйреншікті халде «уағалейкум ассалам» деп жіберіппін. «Тек мұсылмандарға ғана солай айтушы еді ғой» деп өз-өзімді жей бастағаным сол еді, әлгі Қытай азаматы мұсылман болып шықты! Қатты қуандым. Жас жігіттен бірден қай қаладан екенін сұрай жөнелдім. Гуанжчоудан екен. Өзім осы жақта, діни салада жұмыс істейтінімді айттым. Ол да қуанып қалды. Кенет жақындары шақырып, шұғыл кетуге мәжбүр екенін айтты. Сөйтіп, қоштастық. Мұсылманша «Әссәләм алейкум» деп қоштастық! Бауырымның аты-жөнін, әлеуметтік желідегі аккаунтын да сұрап үлгермегеніме қапалы боп қалдым…
«Алланың үйінде қытай мен қазақ ағылшынша тілдесті» деген «құбылыстың» өзі қызық естіледі ғой иә?)

❤44🔥7👍2
Зерттеулер көрсеткендей, жаңа әдетті қалыптастыруға 18 күннен бастап, 254 күнге дейінгі уақыт аралығы керек екен. Сонда орта көрсеткіш бойынша жаңа әдеттің орнығуына 21 емес, 66 күн қажет.
📚 365 дней самодисциплины
📚 365 дней самодисциплины
❤37🔥8
«Природная лень побуждает человека избегать авторов, которые требуют постоянного напряжения ума. Поэтому первой задачей образования должен стать решительный отказ от питания ума консервированной болтовней».
©️Алистер Кроули
©️Алистер Кроули
❤24🔥8
«Бойындағы теріс әдеттерін өзгертпеген адам өзін азат санаса да, нәпсісінің тұтқыны болып қала бермек».
©️ Абдулкарим Баккар
©️ Абдулкарим Баккар
❤24👍17🔥8
Мен үшін идеал кітап адамдарды толғандыратын тақырыпта жазылуы керек. Сондай-ақ онда дәлелі бар мағлұматтар болуы ләзім. Нақты қай беттен алынғаны көрсетілсе де жөн болар еді, бірақ оны шарт деп есептемеймін. Тек соңына «Пайдаланылған әдебиеттер» бөліміне кітаптың атауын, баспасы мен жылын жазып кетсе, «нағыз кітап» деп есептеледі. Сондай-ақ құрғақ фактілерді келтіре бермей, арасында қызықты оқиғалар, қиссалар, кейс-стадилер ұсынылса, нұр үстіне нұр болады. Олардан шығатын тұжырымдар да қамтылса, автордың жеке ойын білуге мүмкіндік туар еді. Әйтпесе әртүрлі кітаптардан қазақ тіліне көшірілген аударма ғана болып қалу ықтималы бар. Сосын әр тараудың басына я соңына тақырыпқа сәйкес цитаталар берілсе, мүлде «ғажайыптар маусымы» деп бағалар едім. Кіріспе мен қорытындының өзін «жай ғана толтырылуы керек» бөлім емес, автордың шеберлігі көрсетілетін алаң деп білем.
❤24🔥4
Өзіміз 2023-тің соңында «Орамал мен қазақ» деген кітап жазып көрдік. Жоғарыдағы «шарттар» осы еңбекте сәл-пәл көрініс табатын секілді. Дегенмен әлі де толықтыруларды қажет етеді. Кей жерінде тым адуын кетіп қалғанымызды байқадық. Қосатын, жаңалайтын жерлері көп.
Ал одан кейінгі «Береке», «Таң намазына тұрудың жолдары», «Диплом жазу», «Нұрлы хат» деген еңбектерімізді «кітап» деп есептемеймін. Олар — қысқа-нұсқа жазылған гайд шығармалар. Мақсат тез арада сол тақырыптарды халыққа оңай түрде жеткізу ғана болды. Ал егер жоғарыда айтылған қағидаларды қосар болсақ, оларды әжептәуір кітап болып қалар деп үміттенеміз.

❤28👍3
«Сол күні тозақ келтіріледі де әрі сол күні адамзат түсінеді. Бірақ ол түсінуден оған не пайда?»
89:23
89:23
💔32❤10👍2
Мұсылманның ғұмыры неткен ғажап деп ойланып, толғана тебіреніп отырмын. Өйткені ол абсолют еркіндікке ұмтылмай, белгілі бір шектеулермен жүреді — өмір сонысымен де қызық қой. Мысалы, кез келген кафеге бара бермейсің, тек халал асхана табуға тырысасың. Адамдардың «жоғары мәдениет» деп қабылдайтын өнер түрлеріне қызықсаң да, шариғатқа қайшы тұстарына жоламайсың. Әрбір жылтыр дүниеге қызықпайсың, тек керегін аласың. Тіпті спорттың өзіне таңдап қатысасың. Яғни бірнеше нұсқаның ішінен дұрысын сұрыптап алуға уақытың мен энергияңды жұмсайсың, фокус қоясың.
Бірақ бұл арқылы «өзімнің адамгершілік құқығымды шектеп жүрмін» деп ойлама, өйткені сен жүйемен жүрсің! Алланың өзі бекіткен жүйемен! Бақыт қой, бақыт…
Бірақ бұл арқылы «өзімнің адамгершілік құқығымды шектеп жүрмін» деп ойлама, өйткені сен жүйемен жүрсің! Алланың өзі бекіткен жүйемен! Бақыт қой, бақыт…
❤27👍18🔥5
Forwarded from Khankeldi Sardar
Әбу Бәкір ибн Әли ибн әс-Саррадж шәкірттеріне айтатын:
«Сөзімді түсінбей жатсаңдар да жаттап алыңдар. Жаттап алған соң міндетті түрде түсінесіңдер».
Мағынасы:
Кейде ұстаздың айтқан ілімі бастапқыда ауыр немесе түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ соны жаттап алған адам уақыт өте келе тәжірибе және қайталаумен оның мәнін аша бастайды. Бұл – ғұламалардың дәстүрлі оқыту әдісі: әуелі жаттау, кейінірек түсіну келеді.
Ұстазымыз Шейх Фаузи Кунати айтатын:
«Сені “жаттама, түсінсең болды” дейтін ұстаздан арыстаннан қашқандай қаш!
Өйткені сен жаттамайсың, “түсінсем болды” дейсің, ал сосын түсінбейсің де, жаттамайсың да».

❤39👍2